Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс 15 (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

Кәсіпорынды сауықтыру жағдай және түрлері.

Кәсіпорынды сауықтыру келесі 3 жағдайда жүргізіледі:

1)кредиторлар банкроттық туралы іс қозғағанға дейін жүргізіледі.

2)кәсіпорынның өзі арбритаждық сотқа банкроттық жөнінде өтініш жасай отырып санация жүргізуге ұсыныс білдіреді;

3) борышкер – кәсіпорын мен кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін арбитраждық сот санация туралы шешім шығарған кезде.

Кәсіпорындағы дағдарыстың тереңдігі мен оған көрсетілетін сыртқы көмектің шарттарына байланысты кәсіпорынды сауықтырудың екі түрі бар:

1)қарызды қайта құруға бағытталған сауықтыру немесе оңалту шарасы. Ол төлемқабілетсіздікті болдырмау көмектесу үшін жүзеге асырылады және дағдарысты жағдай уақытша деп танылған кезде қарастырылады.

2)сауықтыру жүргізілетін кәсіпорынның мәртебесін өзгерте отырып оңалту шарасын қолдану. Мұндай сауықтыру кәсіпорынның тереі дағдарысты жағдайы кезінде жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге арналған негізгі іс-шараларды 2 топқа бөлуге болады:

1.кәсіпорынның ішкі резервтерін жұмылдыру;

2.қаржыландырудың сыртқы көздерін іздеу.

Кәсіпорынның ішкі резервтеріне келесілер жатады:

  • Дебиторлық берешекті қысқарту;

  • Табыстылығы төмен қызмет түрлерін тоқтату;

  • Бейіні басқа (профильдік емес) активтерді сату;

  • Капиталдың айналымдылығын ұлғайту;

  • Тұрақты және айнымалы шығындарды қысқарту;

  • Бағасы арзандау ресурстарды іздеу;

  • Кәсіпорынның баға саясатын қайта құру;

  • Өткізудің жаңа нарықтарын іздеу т.б.;

Қаржыландырудың сыртқы көздері ретінде келесілерді қарастыруға болады:

  • Кәсіпорынның меншік иелерінің,құрылтайшыларының жеке қаражатын тарту;

  • Несиелер мен займдар тарту;

  • Жаңа әріптестер тарту;

  • Стратегиялық инвесторға кәсіпорынның бір бөлігін сату;

Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы.

Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы мынадай жағдайлармен байланысты болып келеді:

  • Кәсіпкердің кінәсінен емес,ойламаған міндеттемелердің туындауымен немесе төтенше жағдайлардың (апатты жағдайлар,әскери іс-әрекеттер,саяси тұрақсыздық,елдегі дағдарыс т.б.) орын алуымен байланысты «бақытсыз» жағдайлармен;

  • Кредиторларға қарыздарды төлеуден қашу мақсатымен өз мүлкін саналы түрде жасыру нәтижесінде орын алатын «жалған» жағдайлармен;

  • Кәсіпкерлік қызметте тәуелді операцияларды жүзеге асыру кезінде жасалған жұмыстардың тиімсіздігі салдарынан орын алатын «абайсыз (епсіз)» жағдайлармен;

Кәсіпорынның әдейі немесе жалған банкроттыққа ұшырауы қандай іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде орын алады.

  • Мүлікті және ол туралы мәліметтерді немесе мүліктік міндеттемелерді жасыру;

  • Борышкердің нақты алуға болатын дебиторлық берешектерді жасыру;

  • Айтарлықтай өтімді активтерді үшінші тұлғалардың иелігіне немесе меншігіне,сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына заңсыз негізде қайтарымды немесе қайтарымсыз беру;

  • Бухгалтерлік және басқа да есептік құжаттарды бұрмалау немесе жою;

  • Кәсіпорын үшін тиімсіз шарттар жасау;

  • Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін жоғарылату үшін барлық пассивтерді топтастыру;

  • Дебиторлық берешекте өз уақытында талап етпеу немесе кеіру т.б.;