Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Java_ulzhan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
820.1 Кб
Скачать

2.2 Java тілінің алфавиті. Алгоритмдеу және Java-дағы басқарушы құрылымдарды қолдану.

Java тілінің алфавиті әріптерден, ондық цифрлардан және арнайы символдардан тұрады. Әріптер ретінде латын әріптері (ASCII стандартында кодталады), ұлттық алфавиттер әріптері (Unicode стандартында кодталады, UTF-16 кодтауы), сонымен қатар, оларға сәйкес келетін басқарушы жүйеліліктермен кодталғандар символдар алынады (олар туралы сәл кейінірек айтылатын болады).

Әріптер мен цифрларды программалау тілінің айнымалыларының, әдістерінің және басқа да элементтерінің идентификаторлары (яғни, аттары) ретінде қолдануға болады. Бірақ идентификаторларда ұлттық алфавиттерді қолдану кезінде кейбір жағдайларда мәселелер тууы мүмкін. Ондай кезде бұл символдар сұрақ белгісі ретінде көрсетілуі мүмкін.

Әріптер ретінде ұлттық алфавиттің кейбір символ бөліктері ғана қолданылады. Ұлттық алфавиттердің басқа символдары – бұл арнайы символдар болып табылады. Олар Java тілінің бөлгіштері және операторлары ретінде қолданылады және идентификаторлар құрамына кіре алмайды. 

ASCII латын әріптері ABCD...XYZ – бас әріптер, abcd...xyz – кіші әріптер.

ASCII қосымша «әріптері» _ – астын сызу белгісі, $ – доллар белгісі.

Ұлттық әріптер орыс алфавиті мысалы ретінде көрсетеміз. АБВГ…ЭЮЯ - бас әріптер, абвг…эюя – кіші әріптер.

Ондық цифрлар 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Ондық және он алтылық цифрлар және бүтін сандар. Бүтін сандық тұрақтылар Java негізгі кодында (литерлік тұрақтылар деп аталады) ондық және он алтылық бола алады. Олар ASCII символдарымен немесе Unicode символдарымен келесіде көрсетілген түрде жазылады.

Ондық тұрақтылар қарапайым түрде жазылады. Мысалы, -137. Он алтылық тұрақтылар 0x немесе 0X символдарынан (0 цифры, одан кейін латын әріпі X жазылады) басталады, содан кейін он алтылық нотацияда санның өзі жазылады. Мысалы, 0x10 1016=16 түріне сәйкес келеді; 0x2F 2F16=47 түріне сәйкес келеді, және т.т. Он алтылық нотация жөнінде төменіректе айтылған. Бұрынырақта, кей кездерде сегіздік сандар да C/C++ тілдерінде, Java тілінің ескі түрлерінде қолданылатын болған. Оларды 0 цифрынан басталатындай етіп жазған. Яғни, 010 саны 108=8 санын береді. Қазіргі кезде сегіздік сандар программалауда қолданылмайды. Ал басқаратын 0-ді орынсыз қолдану арқасында программадағы логикалық қателерге әкеліп соғуы мүмкін.

Бүтін тұрақтылар әдеттегі жазылуларда int типінде болады. Егер тұрақтыдан кейін L әріпін қосатын болсақ (немесе l-ді қоссақ, мәтінде дұрыс көрсетілмей тұрған жері өңдеу барысында түспен белгіленеді), ол int типіне қарағанда кеңірек қолдану аясы бар long типіне ие болады. Енді сандарды жазудың он алтылық нотация деген не және ол не үшін қажет екенін қарастырып өтейік. Ақпарат компьютерде екілік, яғни биттердің тізбектілігі ретінде көрсетіледі. Бит – ақпараттың ең кішкентай минималды бөлігі, ол нөл мен бір сақталатын ұяшықтар түрінде көрсетіле алады. Бірақ бит өте кішкентай бірлік, сондықтан да ақпарат компьютерде сақталынады, кодталады және 8 биттік байттық бөліктер түрінде беріледі.

«жад ұяшықтары» ретінде ақпараттарды сақтау үшін программаның бөлген үзіліссіз жад аймағын (тізбектелген адрестері бар) аламыз. Суреттерде біз ұяшықтарды ішінде сақталынатын мәліметтері бар тіктөртбұрыш ретінде көрсетеміз. Егер ұяшықтың өз аты болатын болса, онда ол осы тіктөртбұрыштың жанына жазылады. Біз сандармен жұмыс істеу барысында оларды өзімізге белгілі ондық санау жүйесінде жазуға дағдыланғанбыз. Онда 10 цифр (0-ден 9-ға дейін), ал санда ондық разрядтар бар. Солдан бастап әрбір разряд алдыңғысымен салыстырғанда 10 салмағы бар, яғни сәйкес келетін цифрдың белгілі бір разрядтағы санның мәнін алу үшін онда тұрған цифрды сәйкес келетін дәрежесі бар 10-ға көбейту керек. Яғни, 52=5∙10+2, 137=1∙102+3∙101+7, және т.б. Программалау кезінде ондық санау жүйесін қолдану әрқашан да ыңғайлы емес. Себебі, компьютерде ақпарат бит, байт және одан да үлкен бөліктер түрінде ұйымдастырылған. Адамға мәліметтерді нөлдер мен бірліктердің ұзын тізбектілігімен жұмыс істеу қиын. Қазіргі кезде программалауда сандарды жазудың стандартты он алтылық санау жүйесі қолданылады. Мысалы, оның көмегі арқылы түс кодталынады, жекелеген сандар биттерінің мәндері белгіленеді, ақпаратты шифрлеу және дешифрлеу жасалынады және тағы да басқа. Бұл санау жүйесінде барлығы да ондық санау жүйесіне өте ұқсас, бірақ мұнда 10 цифр емес, 16 цифр және разряд салмағы да 10 емес, 16. Алдыңғы 10 цифр ретінде әдеттегі ондық цифрлар қолданылады, ал қалған жетпеген цифрларды, 9-дан үлкендері үшін, үлкен латын әріптері A, B, C, D, E, F: 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 A B C D E F ол яғни A=10, B=11, C=12, D=13, E=14, F=15 қолданылады.

Айта кетер болсақ он алтылық санау жүйесінде де 0-ден 9-ға дейінгі сандар бірдей де, одан үлкендерінде айырмашылықтар бар. 10-нан 15-ке дейінгі сандар үшін санау жүйесінде A-дан F-қа дейінгі әріптер пайдаланылады. Осылардан кейін кейінгі он алтылық разрядтарды қолдану жүзеге асады. 16 ондық саны он алтылық санау жүйесінде 10 түрінде жазылады. Әртүрлі санау жүйесінде жазылған сандарды шатастырмау үшін, олардың оң жақ жанынан санау жүйесінің негізін көрсететін индекс жазылады. Ондық санау жүйесі үшін бұл 10, ал он алтылық санау жүйесі үшін 16. Ондық санау жүйесі үшін егер шатастыруға әкеліп соқпайтындай болса, негізі көбінесе көрсетілмейді. Сол секілді техникалық әдебиеттерде де егер жазба кезінде «қарапайым» 0- ден 9-ға дейінгі цифрлардан басқа, «әріптік» A-дан F-қа дейінгі цифрлар қолданылса санның негізін көрсетпесе болады. Негізі бас әріптерді қолданылады, бірақ кейде кіші әріптерді де қолдануға болады.

Мысалдарды қарастырайық:

0x10 = 1016 =16 ;

0x100 = 10016 =16 ∙16=256;

0x1000 = 100016 =(16)3=4096;

0x20 = 2016 =2∙16 =32;

0x21 = 2116 =2∙16 +1=33;

0xF = F16 =15 ;

0x1F = 1F16 =1∙16 +15=31 ;

0x2F = 2F16 =2∙16 +15=47 ;

0xFF = FF16 =15 ∙16+15=255;

Компьютерде сандарды көрсету жөнінде жеке бөлімде айтылады. 

Java тілінің резервтелген сөздері. Бұл тілдің синтаксистикалық құрылымына арнап кейінге сақталған сөздер. Олардың мүмкінділігі бағдарлама ішінде қайта анықталмайды.

Олардың идентификаторлар ретінде қолдануға болмайды (айнымалылардың аты, ішкі бағдарламаларда және т.б.), бірақ жолдық өрнек ретінде қолдануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]