Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Java_ulzhan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
820.1 Кб
Скачать

1.2 Басқа тілдерден артықшылығы

Java шынында да желілік ортада құнды құрал болып табылады. Бірақ ол тек онымен шектеліп қалмайды. Java тілі әртүрлі бағдарлама жасау үшін қолданылатын универсалды тіл. Оған қоса Java платформаға тәуелсіз проектер жасау үшін қолданылады. Бағдарлаудың қарапайымдылығы және қауіпсіздік амалдары тез және түсінікті код жазуға мүмкіндік береді. Басқа бағдарлау тілдерінде кеңінен тараған қателер Java бағдарламаларында болмайды. Десекте, барлық ішкі әдіс-амалдарына қарамастан Java бағдарлау тілі қарапайым, үйренуге оңай тіл.

Артықшылықтары:

- Архитектураға тәуелсіз

- Интернет бағдарламалар үшін мінсіз

- Бір рет жазылған код басқа жерлерде орындалады

- Көп ағымды

- Бағдарламалар желі арқылы тапсырманы орындай алады

- Динамикалы

- Код қажет болған жағдайда ғана қолданылады

- ООП-ның бар болуы

Java бағдарлау тілі қазіргі ООП негізіне сәйкес бағдарламалар жазу үшін қолданылады

- Жад басқарылмалы

- Жад автоматты түрде бөлінеді

- “Garbage collector” қолданылмайтын жадты өшіріп отырады

- Сенімді

- Қатты типтелген

- Көрсеткіштер жоқ

- Қарапайым

- Бір-бірімен өте жақсы қиысқан тілдің элементтері оның қолданысын жеңілдетеді.

Java бағдарлау тілі – ол JDK (Java Development Kit). Яғни, бағдарлау тілі бір-бірімен топтасқан көптеген кішкентай бөлшектерден, класстардан, тұрады. Демек, Java-да жазылған бағдарламалар, негізінде, осы класстардың жиынтығын, пакеттерді, қолданады.

Сонымен, Java-да бағдарлау кезінде қолданылады:

- Java-ның страндартты пакеттеріндегі класстар

- Өзіміз жаңадан жазған класстар

- Басқалардың көпшілік үшін жазған класстары

Java-да бағдарламаның жазу процессі:

Жазу: .java файлын жазу арқылы өзіміздің классты анықтаймыз.

Компиляция: жазылған .java файлды Java компиляторына жіберіп .class файлды аламыз.

Орындау: пайда болған .class файлды Java интерпретаторына кодты орындау үшін жібереміз.

Java компиляторы – жазылған кодты орындау үшін дайындайды және байт-коды бар .class файлды шығарады. Егер компиляция кезінде қателер болса, онда кодтағы қателерді түзетіп қайтадан компиляциядан өткізу керек.

Байт-код – Java виртуалды машинасында орындалатын оңтайландырылған нұсқаулардың жиынтығы. Яғни, JVM байт-кодтың интерпретаторы. Бұл әдіс басында әдеттегіден тыс болып көрінуі мүмкін, өйткені қазіргі кездегі бағдарлау тілдерінің компиляторлары байт-кодты шығармай бірден орындалатын кодты шығарады (.exe). Бірақ бұндай әдістің өзіндік артықшылықтары бар және жылдамдық ерекшеліктері зор емес.

Java интерпретаторы (JVM – Java Virtual Machine) – .class файлды оқып оны компьютерге түсінікті тілге аударады, яғни бағдарламаны орындайды.

1.3 Жұмыс орнын дайындау

Java-да бағдарлауды бастамастан бұрын жұмыс орнын дайындау қажет. Жазылған кодты компиляциядан өткізіп, оны орындау үшін компьютеріңізге JDK (Java Development Kit) орнату керек. Бұл сабақты жазу барысында Java Standard Edition-ның JDK 7 пакеті қолданылды. Оны келесі сілтеме арқылы жүктей аласыз (мұқиат болыңыз, өзіңіздің ОС-ға сәйкес нұсқаны көшіріңіз).

JDK-дің көптеген бағдарламаларының ішінен бізге қажетті деген екі бағдарламалар бар. Олар javac.exe, Java компиляторын орындайды, және java.exe, Java интерпретаторы. Байқасаңыз JDK-ға кіретін бағдарламалар терезелі емес, яғни олармен жұмыс істеу үшін командалық жол қолданылады.

Salem, Alem!

Төмендегі қарапайым бағдарламаны орындап көріңіз.

/*

Бұл Java-да жазылған бағдарламаның мысалы.

Example.java файлына келесі кодты жазыңыз.

*/

class Example {

// Java-да кез-келген бағдарлама

// main() методынан (функциясынан) басталады.

public static void main(String args[]) {

 

System.out.println("Salem, Alem!");

}

}

 

Естеріңізде болса Java-да бағдарламаны жазу процессі 3 кезеңнен тұрады:

1. Код жазу

2. Оны компиляциядан өткізу

3. Бағдарламаны орындау

Егер кодты жазсаңыз оны компиляциядан өткізейік. Ол үшін коммандалық жолда біз білетін javac-ты орындайық.

C:\>javac Example.java

Айтқандай javac компиляторы ішінде байт-коды бар Example.class файлын шығарды. Байт-код бірден орындалмайтындықтан (.exe сияқты) біз JDK-дің Java интерпретаторын қолданамыз. Параметр ретінде оған Example классын береміз.

C:\>java Example

Бағдарламаны орындау кезінде экранда төмендегі жол шығады:

Salem, Alem!

Бағдарламаның өте қарапайым болғанына қарамай оның әр бөлігін қарастырып шығайық.

Бастапқы код келесі жолдардан басталады:

/*

Бұл Java-да жазылған бағдарламаның мысалы.

Example.java файлына келесі кодты жазыңыз.

*/

Бұл – комментарии деп аталады. Басқа тілдердегідей Java-да комментариилер жазуға болады. Оларды компилятор елемейді, яғни олардың кодқа еш әсері жоқ. Комментариилер жазылған кодты сипаттайды. Соның арқасында бастапқы код қабылдауға жеңіл, түсінікті болады. Бұл жерде /* және */ арасындағы барлық жазулар комментарии болып саналады.

Келесі жол төмендегідей:

class Example {

Бұл жерде жаңа классты анықтайтын кілт сөз class жазылған. Алдында айтылғандай класс Java тілінің негізгі конструкциясы. Example болса класстың аты. Класстың сипатталуы фигуралық жақшаның ({) ашылуымен басталады. Ал оның ішіндегі заттар сол класстың элементтері болады.

Бағдарламаның келесі жолы – комментарии. Комментариидің бұл түрі тек бір жолды. Демек // символынан кейінгі барлық жол комментарии болып есептеледі. Және оларды компилятор елемейді.

Келесі жолда жазылған код:

public static void main(String args[]) {

Жоғарыдағы комментарииде жазылғандай кез-келген бағдарламалар main методынан басталады. Сол себепті бұл жолдың болуы шарт.

Кезекті жол main() методының ішінде орналасқан.

System.out.println("Salem, Alem!");

Бұл код экранға “Salem, Alem!” жолын шығарады. Код System.out-пен басталады (оның мәні басында түсініксіз болып көрінуі мүмкін). System – Java-ның страндартты пакеттеріндегі нақты бір класс. Ал out болса консольмен байланысқан шығатын ағым. println() болса ішіне берілген праметрді out арқылы консольға шығарады. Назар салыңыз, println()-нан кейін үтір нүкте тұр. Бұл символмен Java-да барлық командалар аяқталады.

Бірінші жабылатын фигуралық жақша main() методын аяқтаса, екіншісі Example классының сипатталуын аяқтайды.

Тағы бір айтатын жайт Java символдардың регистріне сезімтал. Мысалы, main орнына Main немесе MAIN, ал println орнына PrintLn десек бағдарлама коды қате болып есептеледі. Бұның салдарынан компиляция кезінде (compile-time error) немесе орындау кезінде (run-time error) қате шығуы мүмкін.

Көріп тұрғаныңыздай Java бағдарламалар жәй мәтінді файлдар. Демек олар кезкелген мәтін өңдейтін бағдарламаларда жазылуы мүмкін. Мысалы, NotePad-та (блакнот) жазып, оны командалық жол арқылы компиляциядан өткізіп, орындауымызға болады. Десекте, бұл жалықтыратын және уақыт алатын жұмыс (егер бағдарламамызда 100-ден(!!!) аса класстар болса). Сондықтан қосымша бағдарлама қолданған жөн. Олар IDE (Integrated Development Environment) деп аталады. Олардың тиімді жақтары:

Түрлі-түсті код жазуға болады

Компиляция мен орындау тез жүзеге асады

Қосымша басқа Java технологияларды қолдануға болады (Java Beans, EJB’s, Servlet-тер, т.б.)

IDE-лардың кейбір түрлері:

JCreator LE (Windows) - www.jcreator.com

Eclipse (Windows, Mac OS X, Linux) - www.eclipse.org

Dr. Java (Windows, Mac OS X) - drjava.sourceforge.net

NetBeans (Windows, Mac OS X, Linux, Solaris) – netbeans.org

Сабақ барысында Eclipse Indigo IDE-сі пайдаланылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]