- •1. Java бағдарламалау тілінің теориялық негіздері. Java бағдарламалау тіліне кіріспе
- •1.2 Басқа тілдерден артықшылығы
- •1.3 Жұмыс орнын дайындау
- •1.4 Мәліметтер типі
- •2. Java виртуалды машинасының қолдану әмбебаптылығын және Java-дағы басқарушы құрылымдарды қолдану
- •2.1 Виртуалды Java - машина, байт - код , jit - компиляциясы
- •2.2 Java тілінің алфавиті. Алгоритмдеу және Java-дағы басқарушы құрылымдарды қолдану.
- •3. Компонентті қолдана отырып қосымша құру
- •3.1 Java.Awt пакетін қолданып қосымша құру және өңдеу.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1. Java бағдарламалау тілінің теориялық негіздері. Java бағдарламалау тіліне кіріспе 4
1.2 Басқа тілдерден артықшылығы 6
1.3 Жұмыс орнын дайындау 7
1.4 Мәліметтер типі 9
2. Java виртуалды машинасының қолдану әмбебаптылығын және Java-дағы басқарушы құрылымдарды қолдану 12
2.1 Виртуалды Java - машина, байт - код , JIT - компиляциясы 12
2.2 Java тілінің алфавиті. Алгоритмдеу және Java-дағы басқарушы құрылымдарды қолдану. 14
3. КОМПОНЕНТТІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ҚОСЫМША ҚҰРУ 17
3.1 Java.awt пакетін қолданып қосымша құру және өңдеу. 17
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 23
КІРІСПЕ
Компьютер жұмыс істеу үшін оған керекті програмаларды програмалаушы адам жасайды.
Программалаушы мамандығы дүние жүзіндегі ең бір тапшы мамандықтардың бірі. Программалау мамандығын таңдаған адам өмір бойы үйренеді. Оқып шығып бірден программалаушы бола салатын ешқандай оқу құралы жоқ.
Программалаушының дайындығы негізгі ұғымдарды оқып үйренуден және қарапайым прграммалау тәсілдерін меңгеруден басталады. Компьютер командаларға бағынып жұмыс істейді. Біздер бұл командаларды пернетақтаның көмегімен жазу машинкасында жазу жазғандай теріп ендіреміз.
Бірінші команданы ендірдік, компьютер оны қалай орындайды, қарап шықтық, екінші команданы ендірдік, нәтижесін бағаладық, үшінші команданы ендірдік. Осылайша, ендірілетін командалар көп әрі біртектес болған сайын оларды ендіру адамның шыдамын тауысып жалықтырып жібереді. Төрт-бес команданы есте сақтай отырып ендіруге, ал он команданы ендіру үшін қағазға жазып алуға болады.Жүзден астам командаларды ендіру үшін өте жоғары шыдамдалық қажет.
Ал егер жиі қайталанатын командалар тізбегін компьютерде файл түрінде қатаң немесе иілгіш магниттік дискіге жазып сақтап қойып, командаларды біздің пернетақтадан ендіруімізді күтпей-ақ сол дискідегі файлдан енгізуді компьютердің өзіне жүктесек, қалай болған болар еді? Әрине, қолмен қайта-қайта теріп отырғаннан горі ыңғайлы болар еді. Программаларды жасау осылайша басталады, жоғарыда айтылғандай дискіге жазылған командалардан тұратын файл нағыз прграмманың өзі болып табылады. Сонымен, прграмма дегеніміз командалардың реттелген тізімі. Программа үшін оған қандай командалардың кіретіндігі ғана емес, сонымен бірге олардың қандай ретпен берілетіндігі де маңызды.
Жүздеген программалау тілдері және олардың әрқайсының бірнеше нұсқасы бар. Программалаушы адам программаны өзіне ыңғайлы тілде жазады. Барлық жағдайда жарамды әмбебап программалау тілі жоқ.
Бірақ барлық программалау тілдерінің бір ортақ қасиеті бар. Олар програмалаушыларға түсінікті, бірақ процессорға түсініксіз. Процессор тек сандармен ғана жұмыс істей алады, сондықтан тек машиналық кодта жазылған программаларды ғана түсінеді, сондықтан кез-келген тілде жазылған программа алдымен процессор тіліне аударылады, яғни машиналық кодқа айналады. Бұл аудару жұмысын арнайы аудармашы программа орындайды.
Java – бағдарламашылардың (программистердің) арасында кең таралған, танымал ОБ (объектіге бағытталған) бағдарламалау тілдердің бірі. Sun Microsystems 1995 жылы шығарған Java 1.0 версиясы бағдарламалауда жаңа стандарттар орнатып, революция жасады. Нәтижесінде Web нағыз интерактивті ортаға айналды. Әрине ғаламдық тордың дамуы есептеуіш жүйелердің қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Web пайда болмаған кезде көпшілік қолданушыларда бір-бірімен байланыспаған дербес компьтерлер болған. Ал қазіргі кезде компьтерлердің барлығына жуығы Интернетке қосылған, ал ол, өз кезегінде есептеуіш жүйелердің жаңадан қалыптасуына және ақпатарты бірлесіп қолдануға мүмкіндік береді. Сол жаңа жүйелердің қалыптасуы мен Интернеттің дамуы бағдарламалауда Java-ға негізделген жаңа көз-қарас, шешім алып келді. Бұл тіл тек қана Web-бағдарламалауды жеңілдеткен жоқ, оған қоса желілік бағдарламалаудағы жаңа типке, аплетке, жол ашты.
1. Java бағдарламалау тілінің теориялық негіздері. Java бағдарламалау тіліне кіріспе
Java бағдарламалау тілі бұл Internet желісінде жұмыс істейтінJava тілі объектілі-бағытталған, платформалы – тәуелсіз, желі ішінде жұмыс істейтін тармақталған қосымшалардың өңдеуіне қолданылатын программалау тілі. Java жобасы 1995 жылы Sun Microsystems бірлестігінің арқасында көрсетілген болатын. Java бағдарламалау жүйесі кішкене интерактивті қолданбалы программалар - апплеттерді таратуға World Wide Web (WWW) жүйесін қолдануға мүмкіндік береді. Олар Internet серверлерінде орналасып, таратылады, клиентке желі арқылы тасымалданады, автоматты түрде орнатылады және WWW құжатының бөлігі ретінде орнында орындалуға жіберіледі. Апплетке клиент компьютері қорларына қолжетімділігіне шек қойылған, сондықтан да ол жанама мультимедиялық интерфейсті бере алады және дисқіде сақталған мәліметтерге ешқандай ақау келтірместен күрделі есептеулерді жүргізе алады. Бағдарламалардың басқа түрі ретінде Java қосымшаларын алуға болады. Олар кез келген компьютерде, тіпті оның архитектурасына қарамастан орындалатын тасымалдана алатын кодтарды көрсетеді. Осы кезде генерацияланатын виртуалды код виртуалды Java - машинадағы (JVM – Java Virtual Machine) виртуалды код интерпретаторында орындалатын нұсқаулардың жиынтығы болып табылады. Клиенттерге сервердегі қосымшаларға және деректер базасына қолжетімділікке мүмкіндік беретін JSP ( Java Server Pages ) және сервлеттер өте кең ауқымда таралуға мүмкіндік алды.
Java тілі С++ тілінің синтаксисын қолданады, бірақ объектілік үлгі Smalltalk тілінен алынған. Осыдан Java тілінің С++ тілімен ұқсастықтары тек қана сыртқы түрде екенін көруге болады. Басқа программалау тілдерімен салыстырып қарағандағы негізгі айырмашылығы - программалар мөлшерінің азаюын қажет етуі мен желіде жұмыс істейтін тасымалданатын қосымшалардың қауіпсіздігі шарттарының ұлғаюы. Java көрсеткіштерді (С++, Pascal және тағы да басқа тілдердің ең қауіпті құралы) қолдамайды, себебі, жадтың жанама адрестерімен типі көрсетілмеген көрсеткіштер арқылы жұмыс істеу мүмкіндігі жадтың қорғанышын елемеуге рұқсат береді. Java тілінде айнымалы арифметикамен есептеудің тәсілдері өзгерген, сондықтан да тіл түрлерінің арасында аралық код шыдамдылығын қамтамасыздандыру үшін strictfp кілттік сөзі енгізілді. Ол компиляторға айнымалы үтірі бар сандар үшін арифметикалық әрекеттерді алдыңғы түрдегі есептеулерге сәйкес орындау керек екендігін көрсетіп, жаздырады.
Тіл кластарының жүйелік кітапханасы кластар және пакеттерден тұрады, олар тілдің әртүрлі базалық мүмкіншіліктерін жүзеге асырады. Бұл кітапханаларға қосылған кластардың әдістері JVM-нан Java – бағдарламаның интерпретациясы кезінде шақырылады. Java-да бағдарламаның барлық объектілері динамикалық жадта орналасқан (heap) және стектерде сақталынатын объекті сілтемелер арқылы қолжетімді. Бұл шешім жадқа тікелей қолжетімсіздікке мүмкіндік берді, бірақ массив элементтерімен жұмыс істеуді қиындатып жіберді. Java тіліндегі объектілі сілтемелер өздері бағытталып тұрған объектілердің класы туралы хабардан тұрады. Сондықтан да объектілі сілтемелер дегеніміз, көрсеткіштер емес, олар объектілердің дескрипторлары. Дескрипторлардың болуы JVM-ге код интерпретациясы фазасында типтердің сәйкес келуін тексеруге мүмкіндік береді. Java-да жадты динамикалық бөлу концепциясы да қайта қарастырылған: динамикалық бөлінген жадты босату тәсілдері жоқ болады. Оның орнына new (қоқыс жинаушысы) операторының көмегі арқылы көрсетілген жадты автоматты түрде босату жүйесі іске асырылған. Java - бағдарламаларда класс спецификациясы мен оның жүзеге асырылуы әрқашан да тек қана бір файлда болады.Java тілі операторларды қайта жүктеуді және typedef, белгісіз бүтіндерді (егер ол ретінде char- ды есептемесек) қолдамайды. Java-да көптік мұрагерлік жоқ, тек құрастырушылар бар, бірақ деструкторлар жоқ (қоқысты автоматты түрде жинастыру қолданылады), тілдің кейінге сақталған сөздері бола тұрса да, goto операторы және const сөзі қолданылмайды.
Java тілінде пайда болған маңызды мүмкіндіктер интерфейстер мен кең ағымдылық (бағдарлама бөлімдерінің бір уақытта орындалу мүмкіншілігі).
