Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pediatria_sabak-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.02 Кб
Скачать

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Бала 2 жас 10 ай. Физикалық даму бойынша – I дәрежелі салмақ жетіспеушілік, жүйке психикалық даму бойынша – III даму тобы, I дәреже. Жедел аурулар бір жыл бойына болмаған, гемоглобин 85 г\л. Қай денсаулық тобына жатады?

  1. Бірінші;

  2. Екінші;

  3. Үшінші;

  4. Төртінші;

  5. Бесінші.

2. ЖТД балаларда денсаулығын кешенді бағалауда денсаулықты сипаттайтын өлшемдерді таңдау қажет (2 дұрыс жауап):

  1. онтогенезде бұзылыстың болуы, дамудың туа пайда болған ақауларының бары не жоғын;

  2. физикалық және жүйке-психикалық даму, онтогенезде бұзылыстың болуы

  3. ағза резистенттілігінің , функциональды жағдайдың мәліметі

  4. функциональды жағдайдың мәліметі, генетикалық анамнез мәліметі

  5. дамудың туа пайда болған аномалияларының болуы, жанұлық анамнез мәліметі

  6. ағза резистенттілігінің, жанұялық анамнез мәліметі

  7. жанұялық анамнез, функциональды жағдайдың мәліметі,

  8. физикалық және жүйке-психикалық дамуы, дамудың туа пайда болған ақауларының бары не жоғы.

3. Алдын ала қарауда бір жастағы бала. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сай. ЖРВИ дан кейінгі реконвалесцент. Церебралды ишемия II дәрежелі, жедел кезең диагнозымен невропатологта «Д» есепте тұрады. Екпелерін уақытында алған. Бала қандай денсаулық тобына жатады:

  1. I денсаулық тобы

  2. II денсаулық тобы

  3. III денсаулық тобы

  4. IV денсаулық тобы

  5. V денсаулық тобы

4. Денсаулық жағдайын кешенді бағалауда бала ағзасының резистенттілігін (реактивтілігін) бағалаңыз (2 дұрыс жауап):

  1. жоғары, орташа, төтенше;

  2. жақсы, нашар;

  3. қанағаттанарлық, қанағатаннарлық емес;

  4. жоғары, орташа, аздап төмен;

  5. жоғары, орташа;

  6. жоғары, орташа, төменгіліу;

  7. жоғары, қанағаттанарлық, төмен;

  8. төмен, өте төмен.

5. Созылмалы ауруы жоқ, бірақ жиі ауыратын, физикалық және жүйке психикалық дауында бастапқы өзгерістері бар, функционалды ауытқулары бар балалар қандай денсаулық тобына жатады:

  1. I денсаулық тобы

  2. II денсаулық тобы

  3. III денсаулық тобы

  4. IV денсаулық тобы

  5. V денсаулық тобы

6 Бала 2ж.3 ай. Балабақшаға бармайды, анамнезі қолайлы, физикалық және жүйке психикалық дамуы жасына сай, соңғы жылда 3 рет ЖРИ мен ауырған; қарағанда соматикалық дені сау. Денсаулық тобын анықтаңыз:

  1. I денсаулық тобы

  2. II денсаулық тобы

  3. III денсаулық тобы

  4. IV денсаулық тобы

  5. V денсаулық тобы

7. Балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау кезінде, денсаулықты негіздеуші критерииді таңдаңыз:

  1. онтогенездегі ауытқу туралы мәліметтер;

  2. физикалық және нервтік-психикалық даму;

  3. организмнің резистенттілігі туралы мәлімет;

  4. функциональді жағдайы туралы мәлімет;

  5. туа болған ақаулар бар немесе жоқ

8. Қабылдауда анасы үш айлық баласының белсенді уілдеуінің жоқтығына шағымданады. Бұл факттің дұрыс түсініктемесін табыңыз:

  1. 3 айға дейін белсенді уілдеудің болмауы қалыпты жағдай болып саналады;

  2. Балада есту төмендеген, генетик, сурдолог кеңесіне жіберу керек;

  3. ОЖЖ патологиясына байланысты балада психомоторлы дамуында қалыс қалған;

  4. Дамуында қалыс қалу соматикалық әлсіз балада болуы мүмкін;

  5. Дамуда қалыс қалу балада дамып келе жатқан аутизмнің салдарынан.

9. Өмірінің 1 айлығында балалардың психометриясында ПДН (НПР) көрсеткішін бағалаңыз (3 дұрыс жауап):

  1. ұзақ өлеңдетіп гуілдейді (Ра), қолында ойыншықты ұстайды (Др);

  2. қимылдағы затты баяу бақылайды, ересектің дауысына мән береді (Аз, Ас)

  3. білегіне сүйеніп ішімен жатады (До), ойыншықты алады (Др);

  4. әңгімеге жауап ретінде бөлек дыбыстар шығарады (Ра);

  5. сыбырлаудың бастамасы (Э), ілініп тұрған ойыншықтармен ойнайды (И);

  6. заттарды ажыратады (С), қасықпен тамақтанады (Н);

  7. ішімен жатқанда, басын көтеруге тырысады (До), сұрағанға жауап бергенде бірінші рет күлуі(Э)

  8. қатты күледі (Э), емізгенде анасының кеудесін демейді (Н).

10. 2,5-жасар бала, мәліметтер: ФД – гипосомия, I дәрежелі салмақ жетіспеушілік; ЖПД – III топ, I дәрежелі; гемоглобин деңгейі – 85 г/л; анамнезінде ремиссия сатысындағы нейродермит. Қай денсаулық тобына жатқызасыз:

  1. бірінші

  2. екінші

  3. үшінші

  4. төртінші

  5. бесінші

Тақырып № 4: Әр жастағы балалардың денсаулық жағдайын және дамуын бақылау. Диспансерлік мониторингтың ерекшелігі. Әртүрлі мүше мен жүйелер патологиясының ерекшеліктері және қалпына келтіру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]