Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pediatria_sabak-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.02 Кб
Скачать

5. Балаға бронхиальды ұстамасы кезінде жедел көмек көрсетуде ең мақсаттысы?

А. Сальметерол 50мкг х 2 тәулігіне 2 рет дозасында

В. Сальбутамол 100 мкг ингаляцияға

С. Будесонид 100мкг х 2-4 рет

D. Фликсотид 125 мкг х 2 рет

Е. Бекламетазон 40мкг х 2 рет

6. 8 жасар баланы үйде қарауға шақырды. Қиындаған тыныс шығарумен жүретін тұншығу ұстамалары және қиын бөлінетін қақырықты жөтел мазалайды. Анамнезінен ерте жасынан бастап жиі бронхиттермен ауырады, көктем-күз кезінде асқынулары болады. Соңғы 3 жыл бойы тыныс шығару қиындауымен, түнгі уақытта және күнделікті тұншығу ұстамалары сальбутамол ингаляцияларымен басылады. Қабынуға қарсы базисті терапия жүргізілмеген. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, алыстан естілетін ысқырық сырылдар, ТАЖ – минутына 32 рет. Өкпе үстінде қорап дыбыс, тынысы қатқыл ұзарған тыныс шығарумен, өкпенің барлық алаңында құрғақ ысқырық сырылдар естіледі. Қандай препараттарды тағайындаған дұрыс?

A. Муколитикалық препараттар

B. Антигистаминді препараттар

C. Ингаляциялық глюкокортикостероидтар

D. Антибактериальды препараттар

E.Бронхолитикалық препараттар

7. Клиникалық тәжірибиеде ингаляциялық глюкокортикостероидтардың ең жиі кездесетін жағымсыз әсері?

A. Остеопороз

B. Ауыз қуысының кандидозы

C. Бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігінің қызметінің бұзылысы

D. Гипергликемия

E. Иценко-Кушинг синдромы

8. Айқын қабынуға қарсы белсенділігіне байланысты бронхиальді астма кезінде қабынуға қарсы базисті терапияға енетін фармакологиялық топ препараттарын көрсет (Екі дұрыс жауап тандаңыз).

A. Қысқа әсерлі β-2 агонисттер

B. Ингаляциялық кортикостероидтар

C. Жүйелі кортикостероидтар

D. Ұзақ әсерлі металксантиндер

E. Ұзақ әсерлі β-2 агонисттер

F. Фибринолиздің ингибиторлары

G. Циклооксигеназа 2 ингибиторлары (ЦОГ-2)

H. М-холинолитиктер

9. Балаға 1жас 7 ай. Кенеттен жөтелу, 15 минуттан кейін жойылған ентігуге шағымданады. Қарағанда: дене температурасы қалыпты, бала белсенді. Аускультацияда: сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде тыныс шығарған кезде ысқырыл сырыл естіледі; перкуторлы – қорап дыбысы. Ең мүмкін диагноз?

A. Бронхиальді астма

B. Обструктивті бронхит

C. Бронхтың бөгде денесі

D. Бронхиолит

E. Көкжөтел

Тақырып: № 15 «Бала жасындағы ЖРИ ауруларды интегралды (БЖАИЖ) жүргізу».

  1. Жедел респираторлы ауру белгілерімен ЖТД қабылдауында 2 айлық бала. Анасының айтуы бойынша жедел катаральді белгілермен басталған. Төменде көрсетілген жауаптарға байланысты 2 айға дейінгі балалардың интеграциялық жүргізудің қайсысы арқылы баланың жағдайына біріншілік баға беруге болады?

A. Антенатальды анамнез

B. Интранатальді анамнез

C. Тәбетінің төмендеуі

D. Тамақтандырудың сипаты

E. Нәжісінің сипаты

  1. Жедел респираторлық ауру белгілерімен ЖТД қабылдауына 2 жасар бала келді. Төменде көрсетілген жауаптарға байланысты 2 ай мен 5 жасқа дейінгі балалардың интеграциялық жүргізудің қайсысы арқылы баланың жағдайына біріншілік баға беруге болады?

A. Антенатальді анамнез

B. Интранатальді анамнез

C. Тамақтану сипаты

D. Сұйықтық қабыллдау мүмкіндігі

E. Жөтел сипаты

  1. Балаларды интеграциялық жүргізу бойынша төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы өте ауыр ауру ретінде қарастырылмайды?

A. Сұйықтық қабылдай алмау

B. Конвульсия жағдайлары

C. Тыныш күйде стридор

D. Қатты шөлдеу

E. Жоғары ұйқышылдық

  1. ЖТД қабылдауында 5 жасар бала. Шағымдары: жөтел, интоксикация белгілері. Анамнезінен жедел катаральді белгілермен басталған. Үй жағдайында симптоматикалық терапия жасалған. Пневмония диагнозын қою үшін қандай диагностикалық критерий аса маңызды? (Үш дұрыс жауап тандаңыз).

A. Аймақтық физикальді симптоматика

B. Экспираторлы ентікпе

C. Фебрильді температура

D. Интоксикация белгілері

E. Қатты жөтел

F. Мұрын қуысынан бөліністер

G. Мұрын бітелуі

H. Құлақтан бөліністер

  1. ЖТД қабылдауында 3 жасар бала. Шағымдары: катаральді белгілерге, температура жоғарылауына. Анамнезінен: дене температурасының субфебрильді дәрежеге дейін жедел көтерілуі. Объективті: ентігу - кеуде қусының ішке кіруінсіз. Баланың жалпы жағдайын бағалап және БЖАИЖ бойынша жүргізу ерекшеліктері?

A. Пневмония, госпитализация

B. Пневмония, антибитик тағайындалады, үйде емделу

C. Пневмония жоқ, ұсыныстармен үй жағдайында қалдырылады

D. ЖРИ, антибитик тағайындау

E. Астмоидты тыныс, емдеу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]