Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pediatria_sabak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.65 Кб
Скачать

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

  1. 06.03.2015ж. №190 ДСМ және СЗ ҚР бұйрығына сәйкес тірі оральды полиомиелит вакцинасына полиомиелитке қарсы жоспарлы арнамалы алдын-алудың қарсы көрсетпелерін көрсетіңіз? Мұндай жағдайда вакцинация инактивтендірілген полиомиелит вакцинасымен өткізілуге болады (2 дұрыс жауап).

  1. Дене температурасының жоғарылауымен, катаральды белгілермен жедел инфекция болуы (жөтел,салқын тию,ентікпе);

  2. Компенсация сатысындағы туа пайда болған ақау;

  3. Декомпенсация сатысындағы туа пайда болған ақау;

  4. ОПВ екпесін алғаннан 30 күн өткен соң парез немесе салданудың (параличтің) дамуы;

  5. ОПВ екпесін алғаннан 2 күн өткен соң парез немесе салданудың (параличтің) дамуы;

  6. Иммуножетіспеушілігі бар адаммен тұрмыстық қатынаста болуы ;

  7. Созылмалы аурулардың жоғары температурамен асқынуы;

  8. ОПВ екпесін алғаннан 50 күн өткен соң парез немесе салданудың (параличтің) дамуы.

2. Күні жетпей туылған, дене салмағы 1000 г нәрестеге босану үйінде төмендегілердің қайсысы жасалуы мүмкін ?

  1. Кесте бойынша вакцинация: ВГВ, БЦЖ, ОПВ0;

  2. Кесте бойынша вакцинация : ВГВ, БЦЖ;

  3. Бұл кезеңде вакцинация жасауға болмайды;

  4. Кесте бойынша вакцинация: ВГВ, ОПВ0, БЦЖ;

  5. 2-апта бойына вакцинация жасауға болмайды.

3. 06.03.2015ж №190 ДСМ және СЗ ҚР бұйрығына сәйкес барлық вакцина түрлеріне тұрақты түрде қарсы көрсеткіш болып табылатын нұсқаны таңдаңыз (3 дұрыс жауап):

  1. Жоғары температурамен созылмалы аурулардың асқынуы;

  2. Дене температурасының жоғарылауымен, катаральды белгілермен жедел инфекцияның болуы (жөтел, салқын тию, ентікпе);

  3. Вакцинаны алғаннан соң 48 сағат ішінде күшті реакцияның болуы (дене температурасының 40° Цельси және оданда жоғары болуы, үш сағат және оданда ұзақ уақытқа жылауы, фебрильді және афебрильді құрысу, гипотониялық-гипореактивті синдром);

  4. Диспепсия көрінісімен созылмалы аурулардың асқынуы (қыжыл, ұйқы безі аймағында ауырсыну, нәжістің бұзылуы);

  5. Алдыңғы алған вакцинаның асқынуы-екпе алғаннан 24 сағат өткен соң жедел түрде аллергиялық реакцияның сонымен қатар анафилактикалық шоктың пайда болуы;

  6. Еңгізгеннен 7 күн өткен соң энцефалит немесе энцефалопатияның дамуы;

  7. Компенсация сатысындағы туа пайда болған ақау;

  8. Жүктілік.

4. 06.03.2015Ж №190 дсм және сз қр бұйрығына сәйкес кез келген вакцинациядан кейін бала емханада қанша уақыт медициналық қызметкердің бақылауында болуы тиіс?

  1. 10 минут

  2. 20 минут

  3. 30 минут

  4. 40 минут

  5. 50 минут

5. Бала 4 айда. Босану үйінде бцж салынбаған. Дәрігер тактикасы:

  1. дереу балаға екпе жасау керек;

  2. клиникалық тексеруден кейін екпе жасау керек;

  3. 6-жасқа дейін екпені кейінге шегеру;

  4. АбКДС, ОПВ, ВГВ, Hib-вакцинадан кейін егу.

  5. теріс Манту сынамасынан соң, клиникалық тексеруден кейін егу

6. 06.03.2015Ж. №190 дсм және сз қр бұйрығына сәйкес тірі вакцина түрлеріне тұрақты түрде қарсы көрсеткіш болып табылатын нұсқаны таңдаңыз (3 дұрыс жауап):

  1. Жоғары температурамен созылмалы аурулардың асқынуы;

  2. ВИЧ-инфекциясымен қоса тұрақты иммуножетіспеушілік жағдайы;

  3. Дене температурасының жоғарылауымен, катаральды белгілермен жедел инфекцияның болуы (жөтел, салқын тию, ентікпе);

  4. Диспепсия көрінісімен созылмалы аурулардың асқынуы (қыжыл, ұйқы безі аймағында ауырсыну, нәжістің бұзылуы);

  5. Интоксикация симптомдарымен жедел инфекцияның көрінісі (температураның жоғарылауы, бас ауруы,әлсіздік);

  6. Компенсация сатысындағы туа пайда болған ақау;

  7. Қатерлі жаңа түзіліс сонымен қоса қатерлі қан аурулары;

  8. Жүктілк.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]