Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pediatria_sabak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.65 Кб
Скачать

Бастапқы деңгейге арналған бақылау сұрақтары

Тақырып №12: «Әртүрлі жастағы балалардың тыныс алу мүшелерінің аурулары. Бронхиттер. Диагностика критерийлері. Дифференциальді диагностикасы. Рациональді фармакотерпия. Алдын алу мен динамикалық диспансерлік мониторинг және қалпына келтірудің негізгі принциптері».

1. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауына 3 жастағы бала қиын бөлінетін қақырыққа, тыныс алудың жиілеуіне шағымданып келді. Анамнезінен: ауру катаральді белгілермен басталған. Объективті: қараған кезде бала жағдайы тыныс жетіспеушілігіне байланысты орташа ауырлық дәрежесінде. Қабырғааралықтардың ішке кіруі, тыныс алуға іш бұлшықеттері қатысуы байқалады. Осы клиникалық көрініске тән жедел бронхиальді обструкцияның патогенетикалық тізбек компоненттерін көрсетіңіз? (2)

A. жедел бронхоспазм

B. кілегей қабатының ісінуі

C.бронхиальды бездердің атрофиясы

D. эозинофильді инфильтрация

E.бронхильды секреттің гиперсекрециясы

2. Әлсіздік, құрғақ жөтелге шағымданып келген науқаста экспираторлы ентікпе, жайылмалы ысқырық сырылдар, кеуде клеткасының эмфизематозды үрілуі анықталды. Клинико-рентгенологиялық зерттеуде: өкпе суретінің күшеюі, қабырғааралықтардың ұлғаюы, қабырғалардың горизонтальды орналасуы. Рентгенологиялық көрініс қандай ауруларға сәйкес келеді? (3)

  1. Фиброздаушы альвеолит

  2. Обструктивті бронхит

  3. Бронхиальды астма

  4. Жедел бронхит

  5. E.Эпиглоттит

3. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауына 14 жастағы бала ылғал жөтелге, жалпы әлсіздікке, мазасыздануға шағымданып келді. Температуралық реакция жоқ. Анамнезінен: бұл симтоматика соңғы 3 жыл бойы жылына 2-3 рет жиілігімен 2-3 аптаға созылып байқалады. Осы белгілерге байланысты 1 жыл бойына симптоматикалық терапия жүргізілді. Қарау кезінде науқас жағдайы орташа ауырлықта. Аускультативті: тынысы қатқыл, барлық өкпе алаңында ылғал сырылдар. Дәрігер «Созылмалы бронхит» диагнозын қойды. Қосымша қандай зерттеу әдісі осы клиникалық жағдайда ақпаратты болып табылады?

  1. Ішкі тынысты зерттеу

  2. Кеуде клеткасы мүшелерінің рентгенографиясы

  3. Қанның клиникалық анализі

  4. Қақырықты бактериологиялық зерттеу

  5. E.Бронхоскопиялық зерттеу

4. Балалардың алғашқы 6 айындағы жедел респираторлы-вирусты инфекцияның ең ауыр клиникалық формасы?

  1. Ларингит

  2. Бронхит

  3. Фарингит

  4. Бронхиолит

  5. Трахеит

5. Балалардағы обструктивті бронхитті амбулаторлы-емханалық жағдайда ең мақсатты емдеудің түрі?

  1. Пенициллин, лобелин

  2. Сальбутамол, сілтілік ингаляция

  3. Линкомицин, бронхолитин, супрастин

  4. Эуфиллин, теофиллин

  5. Иммуноглобулин енгізу

6. Қайталамалы бронхиттің рентгенологиялық суретіне қай сипаттама көбірек сәйкес келеді?

  1. Өкпе суретінің күшеюі, ошақтық көлеңкелер

  2. Өкпе суретінің күшеюі, буллалардың болуы

  3. Өкпе суретінің күшеюі, пневмосклероз

  4. Өкпе суретінің күшеюі, өкпе түбірінің кеңеюі

  5. Өкпе суретінің күшеюі, бөліктік қараю

7. 7 айлық балада ЖРВИ фонында 4 күні жағдайы нашарлады: температурасы 37,8*С жоғарылаған, экспираторлы сипаттағы ентікпе, оральды сырылдар пайда болған. Аускультацияда: ұзарған тыныс алу, екі жақтық әр түрлі калибрлі ылғал сырыладар. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  1. Бронхиолит

  2. Обструктивті бронхит

  3. Қайталамалы бронхит

  4. Пневмония

  5. Плеврит

8. Жалпы тәжирибиелік дәрігердің қабылдауында 2 айлық бала. Анасының сөзінен: өмірінің алғашқы апталарынан бастап аздаған қақырықпен үнемі жөтеледі. Тамақтануы қанағаттанарлық. Физикалық дамуының айқын қалыс қалуы байқалады. Өкпесі бойынша: перкуссияда – қорап дыбысы, аускультацияда – диффузды әртүрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек жұмысы қанағаттанарлық. Нәжісі көп мөлшердеғ сасық иіспен, қоймалжың, майлы және қорытылмаған тамақ бөлшектерімен араласқан, күніне 6 рет жиілігімен. Клинико-анамнездің мағлұматтар қай ауруға көбірек сәйкес келеді?

  1. Муковисцидоз

  2. Обструктивті бронхит

  3. Жедел бронхит

  4. Жедел пневмония

  5. Қайталамалы бронхит

9. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауында 5 жасар бала бронхиттің жиі, қайталамалы /жылына 5-6рет / жағдайларына шағымданып келді. Анамнезінен: осы шағымдар өмірінің алғашқы жылдарынан бастап пайда болған. Қайталамалы бронхит факті бойынша симтоматикалық терапия жүргізілген, Кейде антибактериальді дәрі-дәрмектер қолданылған. Ұзаққа созылған және қайталамалы ағымды бронхиттер кезінде қандай тактика мақсатты?

  1. Бронхоскопия, иммунограмма, спирография

  2. Протеинограмма, тері хлоридтері, өкпе томографиясы

  3. Бронхография, жасушалық иммунитет зерттеу, спирометрия

  4. Иммуноглобулиндерді анықтау, туберкулинді сынама, протеинограмма

  5. Т және В-лимфоидты жүйе көрсеткіштерін анықтау, өкпе томографиясы, серологиялық сынамалар, бронхография

10. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауына 3 жастағы бала айқын тыныс жетіспеушілігімен, экпираторлы ентікпемен, субфебриьді қызбамен келген. Перкуссияда: қорап дыбысы естіледі. Аускультацияда: әр жерден құрғақ және әр түрлі калибрлі ылғал сырылдар естіледі. Осы клиникалық симптоматика қай нозологиялық формаға сәйкес келеді? (3)

  1. Жедел бронхиолит

  2. Фиброздаушы альвеолит

  3. Жедел бронхит

  4. Бронхиальді астма

  5. Обструктивті бронхит

Тақырып: № 13 « Балалардағы пневмония. Әр жастағы балаларда клиникалық ағым ерекшелігі. Ажырату диагностикасы. Тиімді фармакотерапия».

  1. Респираторлы шағымдармен, интоксикациямен және фебрильді қызбамен шағымданған науқастағы қандай физикальды өзгерістер / объективті зерттеу кезінде / қай пневмониялық процеске тән? (2)

A. Крепитация көріністері

B. Барлық алаң бойынша тимпаникалық дыбыс

C. Өкпе дыбысының локальды тынықталуы

D. Барлық өкпе алаңы бойынша қорап дыбысы

E. Тыныстың локальды әлсіреуі

2. Үй жағдайында 1 жастағы бала айқын токсикоз, аралас сипаттағы ентікпе, 38°С температура жоғарылауы. Перкуссияда: қораптық тыныс. Аускультацияда: әр жерден сырылдар естіледі, оң жақтан жауырын астында – тұрақты кішкентай көпіршікті сырылдар, рентгенограммада – оң жақтан жауырын астында – ошақтық инфильтрация. Осы ауру кезінде мақсатты алғашқы терапия қандай?

A. Сальбутамол

B. Фенобарбитал

C. Лазикс

D. Аугментин

E. Преднизолон

3. Мектеп жасындағы және жасөспірімдердегі атипиялық пневмонияның жиі қоздырғышы? (2)

A. Легионелла

B. Пневмоциста

C. Хламидия

D. Токсоплазма

E. Микоплазма

4. Ауруханадан тыс пневмония диагнозымен 2 апта бойы антибактериальді терапия жүргізілген балада оң клинико-рентгенологиялық әсер болған жоқ. Манту 2 ТБ туберкулинді сынамасы – реакция алғашқы оң мәнді болғаны болжам диагноз қоюға мүмкіндік берді: Өкпенің оң жақтық инфильтрация фазасындағы біріншілік туберкулездік комплексі, БК-. Қосымша зерттеу үшін ең ақпаратты рентгенолоиялық әдіс?

A. Рентгеноскопия

B. Латерография

C. Бронхография

D. Томография

E. Ангиопульмонография

5. Балаға 2 ай. Тәбеті төмендеген, емуден бас тартады. Қарағанда: кеуде клеткасының ішке кіруі, қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы байқалады. Ентікпе. Осы клиникалық жағдай БЖАИЖ жіктелуі бойынша ұандай диагнозға сәйкес келеді?

A. Жедел респираторлы вирусты инфекция

B. Пневмония жоқ. Жөтел немесе тұмау

C.Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс

D. Ауыр пневмония / өте ауыр ауру

E. Өте ауыр фебрильді ауру

6. 2 жастағы балада 5 күн бойы фебрильді қызба. Осы фонда интоксикация, гипертермиялық синдром әсерінен жағдайы ауыр. Ылғалды жөтел, мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы, мұрын қанаттарының керілуі, көз астарында көлеңке байқалады. Өкпеде оң жақта жауырын бұрышының астында өкпе дыбысының локальді қысқаруы, сол жерде әлсіреген тыныс фонында ылғалды кіші көпіршікті сырылдар естіледі. Осы жағдай қай болжам диагнозды негіздейді?

A. Жедел пневмония

B. Обструктивті бронхит

C. Острый бронхиолит

D. Острый бронхит

E. Плеврит

7. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауына 12 жастағы науқас фебрильді қызбаға, «тат» түсті қақырықпен болатын ылғал жөтелге, ентікпеге шағымданып келді. Анамнезінен: ауру дене температурасының фебрильді көрсеткіштерге көтерілуімен жедел басталған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Объективті зерттегенде:бронхиальды тыныс, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, оң жақ өкпенің төменгі бөліктерінде крепитациялаушы сырылдар анықталды. Сипатталған клиникалық жағдай қандай диагнозға сәйкес келеді?

A. Жедел бронхит

B. Обструктивті бронхит

C. Бронхоэктатикалық ауру

D. Крупозды пневмония

E. Эксудативті плеврит

8. Бала төртінші жүктіліктен, 2ші босанудан, гестацияның 27 аптасында туылған. Жүктілік 2-ші жартысындағы токсикоз, токсоплазмоз тасымалдаушылық, ұрықтық плацентарлық жетіспеушілік, жеңіл дәрежелі анемия фонында өткен. Туылған кездегі салмағы 1050грамм, бойы 32 см. Туылған кезде қойылған диагноз: «РДС ІІ дәреже». Өмірінің 14 күні әлсіздік, бұлшықеттік гипотония, туа біткен автоматизм, құсу рефлекстері төмендеген, дене массасының динамикасы жоқ екені байқалады. Тері жамылғысы құрғақ, сарғыш. Өкпеде тыныс барлық өкпе алаңы бойынша әлсірегне, сырыл жоқ. ТАЖ-70. Тахикардияға бейімділік, дұрыс ритмді. Іші жұмсақ, аздап үрленген, перистальтикасы белсенді. Осы клиникалық жағдай қандай болжам диагнозға сәйкес?

A. Адаптация кезеңі. Шала туылғандық 27 апта

B. Респираторлы дистресс-синдром. Шала туылғандық 27 апта

C. Неонатальды сарғаю. Шала туылғандық 27 апта

D. Екі жақты пневмония. Неонатальды сарғаю

E. Туа біткен токсоплазмоз

9. Қабылдауда 4 жастағы бала. 20 күн бойына субфебрильді дәрежеге дейін температура жоғарылауына, тұрақты жөтел, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Үй жағдайында пенициллин препараттарымен антибактериальды терапия жүргізілген. Объективті: аздаған ентікпе, тері қабаты «мәрмәр суретпен» бозғылт, периоральды цианоз; өкпеде:екі жақтан да төменгі бөлікте орта және кіші көпіршікті сырылдар естіледі. Кеуде қуысының рентгенограммасында: өкпе алаңының біртекті емес инфильтрациясы –«қарлы боран», интерстициальды және тамырлық компонент есебінен өкпе суретінің айқын күшеюі. ЖҚА – лейкоцитоз, аздаған нейтрофилез, эозинофилия, ЭТЖ жоғарылауы, І дәрежелі анемия. Осы клиникалық жағдайда қай қоздырғыш этиологиялық маңызды болып табылады?(2)

A. Микоплазма

B. Көк ірің таяқшасы

C. Стафилококк

D. Хламидия

E. Пневмококк

10. Жедел пневмонияны басынан өткізген және стационар жағдайында ем алған бала қанша уақыт диспансерлік бақылауда болады?

A. 1 жыл

B. 2 жыл

C. 3 жыл

D. 4 жыл

E. 5 жыл

Тақырып № 14: «Балалардағы бронхиалды астма. Әр жастағы балаларда клиникалық ағым ерекшелігі. Ажырату диагностикасы. Фармакотерапия, алдын алу және қалпына келтіру негізгі принциптері».

  1. 5 жастан жоғары балаларда 1 секунд ішіндегі форсирленген тыныс шығару көлемі(FEV), форсирленген өмірлік сыйымдылық (FCV) және тыныс шығарудың максимальді жылдамдығы (PEF) респираторлы жүйенің қандай сипаттамасын анықтайды? (Екі дұрыс жауап тандаңыз).

A. Ағза аллергизациясының дәрежесі

B. Ішкі тыныс қызметі

C. Ағзаның иммундық жүйесінің жағдайы

D. Бронхобструкция дәрежесін

E. Ентігу дәрежесі

F. Өкпелердің сурфактант жүйесінің жағдайы

G. Мукоцилиарлы клиренстің жағдайы

H. Бронхтардың жергіліктік иммунитеттің жағдайы

  1. Бала 10 жаста, тыныс алудың қиындауымен жүретін кезеңді ұстамаларға шағымданады. Анамнезінен: тыныс қиындауымен жүретін ұстамалар соңғы 1,5 жылда мазалайды, жылына 3-4 рет, өз бетімен қояды, түнгі ұстамалар жоқ. Анамнезінде атопиялық дерматит бар. Объективті қарағанда және рентгенологиялық зерттегенде кеуде қуысы мүшелерінде патология анықталған жоқ. Пикфлоуметрия мәліметтері бойынша СТП-85% қалыпты көрсеткіштен. Шағымдардың кешені мен клинико-анамнестикалық және инструментальды зерттеулер сипаттамалары қандай диагнозды негіздейді?

A. Интермитирлеуші бронхиальді астма. Жеңіл дәрежесі

B. Интермиттирлеуші бронхиальді астма. Орташа ауыр дәрежесі

C. Персистерлеуші бронхиальді астма. Жеңіл дәрежесі

D. Персистерлеуші бронхиальді астма. Орташа ауыр дәрежесі

E. Персистерлеуші бронхиальді астма. Ауыр дәрежесі

  1. Егер науқаста бронхиальді астма симптомдары күнделікті байқалса және 1 секунд ішіндегі форсирленген тыныс шығару көлемі (ФТК1 ) қалыптыдан 57% тең болса, заманауи классификация бойынша аурудың қандай клиникалық формасына сәйкес?

A. Жеңіл интермиттирлеуші

B. Жеңіл персистирлеуші

C. Орташа ауырлықтағы персистирлеуші

D. Ауыр персистирлеуші

E. Астматикалық статус

  1. Ауруханаға 13 жасар қыз бала қыста тұмауратқаннан кейін пайда болған ұзақ уақыт жөтелуге / 3ай бойы / шағымданып келді. Түнгі уақытта жөтелден оянып кетіп, ысқырық сырылдарды өзі естиді, сонымен қатар жөтеліп тоқтап қалады және ысқырық сырылдар пайда болады. Мұрны жиі бітеліп қалады. Дене температурасы қалыпты, тұмау. Анасы поллинозбен ауырады. Дәрігердің ақпаратты тексерісі. (Үш дұрыс жауап тандаңыз).

A. Спирометрия

B. Пикфлоуметрия

C. Бронхография

D. Бронхоскопия

E. Бронхолитикпен сынама

F. Терлік сынама

G. Ашнера сынамасы

H. Пульсоксиметрия

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]