Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pediatria_sabak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.65 Кб
Скачать

Алғашқы деңгейге арналған бақылау сұрақтары

Тақырып №11: «Балалардағы жедел респираторлық вирустық инфекциялар. Эпидемиологиясы. Клиникалық ағымының ерекшеліктері. Рациональды диагностика мен емінің негізгі принциптері. Алдын алу мен қалпына келтірудің негізгі принциптері.

1.Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары кезінде эпидемиологиялық тұрғыдан инфекция көзі болып табылады:

A. қоршаған орта

B. жануарлар

C. құстар

D. масалар

E. адам

2. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауында 14 жастағы бала. Шағымдары: әлсіздік, мазасыздық, құрғақ жөтел. Анамнезінен ауру жедел, катаральді көрініспен басталғаны белгілі. Субфебрильді қызба, өте аз физикальды симтоматика байқалады. Дәрігердің алғашқы болжам диагнозы: «ЖРВИ. Аденовирусты инфекция», бірақ атипиялық этиологиялы бронхитпен дифференциальды диагностика жүргізу қажеттігі туды. Үй жағдайында симптоматикалық терапия жүргізілді. Келтірілген клиникалық көріністердің қайсысы аденовирусты инфекцияға тән?

A. фарингит

B. хореретинит

C. конъюктивит

D.спленомегалия

E.артралгия

F. эпиглоттит

G.лимфаденит

H. синусит

3. Дәрігер қабылдауында тамақтың ауырсынуы мен сұйықтық қабылдау алмауына шағымданып келген бала. Анамнезінен ауру симптоматикасы жедел, катаральды көріністер фонында дамығаны белгілі. Осы клиникалық симптоматика БЖАИЖ бойынша қай жағдайға сәйкес?

A. стрептококкты емес фарингит

B.стрептококкты фарингит

C. аран дифтериясы

D.лакунарлы ангина

E. жұтқыншақ абсцес

4. БЖАИЖ-дың негізгі принциптері бойынша ең қауіпті белгі:

A. температура жоғарылауы

B.баланың мазасыздығы

C. бала летаргиялық жағдайда немесе ес-түссіз

D. астмоидты немесе стридорозды тыныс

E. қиындаған тыныс

5. Бала 3 жаста, жедел ауырған, дене температурасы 38*С, тұмауратудан, құрғақ сирек жөтелмен басталған. Анамнезінен бала жағдайы түнде күрт нашарлаған, дауыс қарлығуы, дөрекі үрмелі жөтел, алыстан естілетін шулы тыныс пайда болған. Қарағанда: тері жамылғысы бозғылт, мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы, жұмсақ жерлерінің үшке кіруі. Патогенетикалық және жедел терапия бағдарламасына тағы қандай терапиялық бағыт қосу керек?

A. антибактериальды терапия

B. қабынуға қарсы терапия

C. антигистаминді терапия

D. қақырық түсіруге арналған терапия

E.глюкокортикостероидты

F. жөтелге қарсы

G. қызуға қарсы

H.алдау терапиясы

6. 1 жастағы бала жедел ауырды, 39,8°С температура көтерілуі, инспираторлы ентігу, жиі үрмелі жөтел, минутына 60 ретке дейінгі тахипноэ. Болжам диагноз?

A. ЖРВИ, ларинготрахеит, жұтқыншақ стенозы ІІ дәреже

B.Обструктивті бронхит, ТЖ І дәреже

C. ЖРВИ, бронхопневмония, ТЖ ІІ дәреже

D. ЖРВИ, ларинготрахеит, жұтқыншақ стенозы І дәреже

E. жоғарғы тыныс жолының бөгде денесі

7. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауында 1 жастағы бала. Жоспарлы вакцинация алу үшін келген, шағымдары: фебрильді көрсеткіштерге дейінгі температура жоғарылауы, тәбетінің төмендеуі, жөтел.Анамнезінен табиғи тамақтануда, физикалық және жүйке – психикалық дамуы қалыс қалмағаны туралы белгілі. Алғашқы диагнозын негіздеп, вакцинация тактиксын анықтаңыз.

A. Гипертермия, 3-6 күнге шегіндіру

B. Катаральді ангина, 1-2 аптаға шегіндіру

C. ЖРА, жеңіл дәрежесі, 2-3 аптаға шегіндіру

D. ЖРА, орташа дәрежесі, 2-4 аптаға шегіндіру

E. ЖРА, ауыр дәрежесі, 1 айға шегіндіру

8. 1 жастағы балада тыныс алу жүйесінің көріністерімен қатар дене температурасы фебрильді дәрежеге дейін көтерілген кезде мазасыздық пен тонико-клоникалық құрысу эпизоды болған. Анамнезінен бала перинатальді энцефалопатия бойынша диспансерлік есепте тұрғаны белгілі. Бұрын фебрильді құрысу жағдайлары болған. Шұғыл терапия құрамында қандай бағыттар болуы тиіс?

A. вирусқа қарсы терапия

B. антибактериальді терапия

C. муколитикалық теарпия

D. қызуды түсіруге бағытталған терапия

E. құрусыға қарсы бағытталған терапия

F. қабынуға қарсы терапия

G. жөтелге қарсы терапия

H. иммуномодуляциялық терапия

9. Қайсы респираторлы-вирусты инфекцияға фарингоконъюктивиальды қызба тән?

A. Риновирусты инфекция

B.Респираторлы-синцитиальді инфекция

C. Аденовирусты инфекция

D. Герпетикалық инфекция

E. Паротит инфекция

10. Жалпы тәжірибиелік дәрігер қабылдауында 3 жасар бала. Анамнезінен: бала 3 күннен бері ауырады, ауру температура жоғарылауы, жөтел , тұмаумен жедел басталған. Түнде жағдайы нашарлаған, мазасыздық, дауыс қарлығуы, жөтелдің үрмелі түрге айналуы пайда болған. Тынысы шулы, тынысты алуы алыстан естіледі, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, бозарған, жұтқыншықтың кілегейі қызарған, дәнді бөртпелер бар. Жұмсақ жерлерінің ішке кіруі байқалады, сырылдар естілмейді, пульс минутына 120 рет. Осы клиникалық симптоматика қай клиникалық жағдайға тән?

A. бронхопневмония

B. обструктивті бронхит

C.бронхиальді астма

D.бронхтардың бөгде денесі

E. ларинготрахеит

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]