Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
esip_emtixan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

41)Қысқа тұйықталу тоғын есептеудің керектігі және оны орындаудың тәртібі.

Қысқа тұйықталу тоғын есептеу электрлік жабдықтардың термилялық және динамикалық қабілеттіктеріне, релелік қорғанысты жөнге келтіру мен жерлегіш құрылғыларды проектілеуге керек. Қысқа тұйықталу тоқтарын дәл есептеу оның тұтас белгілі мақсатқа байланысты. Электрлік аппараттарды таңдаған кезде релелік қорғанысты қарағанда үлкен ауытқулар болатыны бәріне белгілі.

ҚТ токтарын есептеу кезінде келесі ұйғарымдар қабылданады

- қарастырылатын ҚТ нүктесінің қорегіндегі барлық көздер бір уақытта және номиналды жүктемемен жұмыс істейді;

- электрмен жабдықтау сұлбасының әр сатысындағы есептік кернеу номиналды мәннен 5 % жоғары алынады;

- ҚТ соққы тогы үлкен мәнге ие болған кездегі уақыт моментінде қысқа тұйықталу пайда болады;

- ҚТ орнындағы кедергі нөлге тең деп алынады;

- есептік сұлбаға кіретін әр түрлі қорек көздерінің ЭҚК фазасы бойынша қозғалыс ескерілмейді;

- сыйымдылық есекерілмейді, яғни әуе және кабель желісіндегі сыйымдылық тогы да ескерілмейді;

- трансформатордың магниттелу тогы ескерілмейді;

- қорек көздеріндегі кернеу өзгермейді.

42 Қысқа тұйықталу тогын шектеудің тәсілдері

Генератордың қуаты, электростанцияның қуатының өсуі, ірі энерго- бірігулердің құрылуы, біріншіден электрмен қамтамасыз етуге сенімділіктің көбеюіне, екіншіден ҚТ тогының айтарлықтай жоғарылауына әкеліп соғады. 35 кВ және одан жоғары торапқа ҚТ тогының максимальді деңгейі энеогожүйенің тұрақтылығына шектеледіжәне электр аппараты мен өткізгіштің параметрлерімен, ал жеке қажет торапқа және 6-20 кВ тарату торабында электр аппараттарының параметрімен, ток өткізгішпен, кабельдің термиялық тұрақтылығымен, двигательдің жүктемесиінің тұрақтылығымен. Қысқа тұйықталу тогын шектеуге шаралар қолдану экономикалық жагынан тиімді, егер қосымша шығындардың орны өтелу үшін жеңіл қондыргылар мен ток өткізгіш бөлікті қолданатын болса және ол тұтынушының электрмен қамтамасыз ету сенімділігін жоғарылатады. Электростанция және энергожүйенің торабында қысқа тұйықталу тогын шектеу үшін келесі әдістерді қолданады: – құрылым мен тораптың параметрін оңайландыру әдісі; – ток шектеуші құрылғыларды шектеу ; – электрлік тораптың нейтральді элементін жерлендіруді оңайландыру; Қысқа тұйықталу тогын шектеуге амал ретінде қолдануға болады және қолданады: – торапты автоматты түрде тарату құрылғысы; – ток шектеуші реакторлар (басқарылмайтын және басқарылатын, сызықты байланыспен немесе сызықты емес мінездемемен) ; – трансформаторлар және төменгі кернеулі жарықтақты оралымды автотрансформаторлар; – жоғарғы кернеудегі Қысқа тұйықталу тогындағы трансформаторлар ; – әр түрлі түрдегі инерциясыз ток шектеуші құрылғылар(резонансты, реактор вентильді, жоғарғы өткізгішті элементпен және т.б.) ; – ток шектеуші коммутациялы құрылғылар; – ток шектеуші резисторлар; – тұрақты токты қосу; – өнеркәсіптік емес жиіліктегі айнымалы токты қосу; – үштік оралымсыз дұрыс жасалған, үшбұрышқа қосылған автотрансформаторлар ; – трансформатордың нейтральді бөлігін жерленсіздіру; 12 – трансформатордың нейтральді бөлігін жерлендіру және автотрансформаторды реакторлар арқылы, резисторлар мен ток шектеуші құрылғылар; – әртүрлі кернеудегі таратушы құрылғылардың торабында автотрансформаторларды трансформаторға ауыстыру; – үштік орамдағы автотрансформаторлардың авариялық режиміндегі автоматты түрде ажырауы; – арнайы сұлбамен трансформаторлардың жалғануы; Қазіргі кезде отандық энергожүйеде ҚТ тогын шектеуге көбінесе қолданатындар: стационарлы және автоматты бөлу, ток шектеуші реакторлар мен құрылғылар , төменгі кернеулі жарықтақты оралымды трансформаторлар жәнеде күштік трансформаторлардың нейтральді бөлігін жерленсіздіру, оларды реакторлармен резисторлар арқылы жердендіру. Қысқа тұйықталу тогын шектеудің басқа әдістері мен амалдары зерттеу үстінде, тәжірибелік- құрастырымдық талдамада және жобада.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]