Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
esip_emtixan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.8 Mб
Скачать

69. Синхронды генераторлардың тәуелсіз қоздыру жүйесі.

Синхронды генераторларда барлық   қоздыру  жүйелері  екі  топқа  бөлінеді: тәуелсіз  қоздыру және өздік  қозу (тәуелді  қоздыру).

3.2.1 Тұрақты тоқ генераторы арқылы қоздыру жүйесі

 СГ қоздырылуы электр  торап  тәртібінен тәуелсіз  және  неғұрлым  сенімді болып  табылады. Неғұрлым сенімді  және қарапайым  қоздырғыш  ретінде 3.2  суретінде  көрсетілген СГ  білігімен қосылған тұрақты  тоқ  генераторы болып  есептеледі.

3.2 Сурет - Генератордың электромашиналық  тәуелсіз  қоздырылуының принциптік  сұлбасы

 Қоздырғының өзінің қоздырылуы өздік қоздырылу сұлбасы  бойынша (қоздыру орамы LGE  қоздырғыштың өзінің якорынан  қоректенеді) іске  асырылады. Қоздырғыштың қозуын  реттеу қолмен  немесе орамында  орнатылған LGE шунтты реостатпен RR немесе  автоматты – қоздыру  реттегіші РАҚ (резервті  автоматты қосу (АРВ))  арқылы   іске  асырылады.

Мұндай қоздыру жүйесінің кемшіліктеріне: қоздыру  арту жылдамдығының  аздығы; тұрақты тоқ  генераторының  діріл әсерінен және  коллектор мен щетканың (коммутациялар шарттары) қиын  жұмыс  шартынан сенімділігінің төмендеуі болып  табылады. Қуаты 165 МВт-тан  жоғары турбогенераторларда қажетті қуатта  айналу  жиілігі 3000 айн/минтұрақты  тоқ  генераторын,  коммутация  шарттары  бойынша  дайындау  күрделі  болып  табылады.  

70. Синхронды компенсаторлар.

Синхронды компенсатор ­­­­- синхронды машинаның бір түрі. Ол қозғалтқыш режимінде жұмыс жұмыс істеген мезгілде оның білігінде (валында) ешқандай жүктеме жоқ, ал қоздыру тогы өзгеріп отырады.

Синхронды компенсаторлар қоздыру тогының өзгеру деңгейіне байланысты электр торабына реактивтік қуатты не береді, не ол қуатты пайдаланады.

Синхронды компенсатордың статоры құралымы жағынан турбогенераторларға ұқсас. Ал оның роторы айқын полюсті.

Синхронды компенсатордың негізгі көрсеткіштері: 1. Номинал қуаты; 2. Номинал кернеуі; 3. Статордың номинал тогы; 4. Ротордың номинал тогы; 5. Активтік қуаттың номинал режимдегі шығыны­ ­- шамамен 1,5÷2,5%

Синхронды компенсаторлардың статор және ротор орамаларын салқындатудың екі әдісі бар: 1. Ауамен жанама тұйық жүйеде салқындатылады (КС-типті); 2. Сутегімен жанама тұйық жүйеде салқындатылады (КСВ-типті).

КС және КСВ типті синхронды компенсаторларда B және F оқшауламалары қолданылады.

Синхронды компенсаторлар қосалқы станцияларда орналастырып, электр жүктемелеріндегі кернеудің деңгейін реттеуге пайдаланылады. Сонымен қатар, параллель жұмыс жасайтын бірнеше электростанциялардың жұмысының орнықтылығын арттырады.

Синхронды компенсатор асқын қоздыру режимінде жұмыс істесе ­- реактивтік қуатын электр торабына береді, ал қоздырылмаған режимінде жұмыс істесе, онда электр торабынан реактивтік қуатты пайдаланады.

71. Су электр станциялардың өзіндік мұқтаждығын электрмен жабдықтау сұлбасы.

СЭС-да неғұрлым  жауапты   жұмысшы машиналары: гидро­турбиналарды майлау және реттеу жүйесіндегі сорғылар, техникалық  сужабдықтау сорғылары, сорғылар және желдеткіштер жүйелері, генераторларды және трансформа­торларды салқындату  желдеткіштері және  сорғыларыжәне  басқа  өнімділікті  реттеуді  қажет  етпейтін  машиналар. Жетек  үшін оларға  қ.т. роторлы   380/220 В торапқа  қосылатын асинхронды электрқозғалтқыштарды  қолданады. Тәуелсіз  энергия  көздері  ретінде аккумуляторлық  батареяларды  қарастырады.

Өзiндiк мұқтаждықтар жүйесі үшiн қуат көздерi генератор және энергетикалық жүйе болып табылатынына қарамастан, су электр станцияларының өзіндік мұқтаждығының сұлбасы жылу электр станциялардың өзіндік мұқтаждығының сұлбасынан елеулi айырмашылығы болады. Бұл айырмашылықтар СЭС-лары өзiндiк мұқтаждық механизмі тұтынатын қуаттың айтарлықтай аз бөлігінде және 6 кВ қуатты электр қозғалтқыштар болмаған жағдайда байқалады. Өзіндік мұқтаждықтардың сұлбасын құрастыру кезінде көптеген СЭС-лары тәулік ішінде бірнеше іске қосу және тежеумен жүйе графигінің максимал немесе жартылай максимал бөлікте жұмыс істейтіні ескерілуі керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]