Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТиОСП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.61 Кб
Скачать
  1. Доғаны импульсті жалындататын нәрлендіргіштер. Құрылымы мен жұмыс принципі.

Доғаны импульсті қоздырғыштар доғаны тұтандырып жандыруды жеңілдету үшін және оның орнықты жануы үшін, легірленген болаттар мен түсті металды оқшаулаушы газ ортасында балқымалы электродпен пісіру кезінде балқыған электрод металының пісіру ваннасына тамшыланып қосылу процесін жақсарт үшін қолданылады.

Конденсатор С жоғарылатқыш Т1 трансформаторынан диод VD арқылы заряд алады. Арнайы синхрондағыш құрылғы токтың нөлдік нүкте арқылы өтуі кезінде сөндіргішті SА тұйықтайды, сол кезде конденсатор С жоғары кернеулі (200 – 300 В) қысқа мерзімдік импульсті ток ретінде доғалы аралық арқылы разрядталады.импульсті ток күші 1,5 – 2 А құрайды және бұл кезде импульс полярлығы сол мезеттегі доға кернеуінің полярлығымен сәйкес келеді. Конденсатор разрядталған соң синхрондаушы құрылғы сөндіргішті ажыратады, ал конденсатор келесі импульсті беру үшін қайтадан зарядталады.

Осцилляторлармен салыстырғанда импульсті қоздырғыштар мынадай артықшылықтары бар: радиобөгеттер тудырмайды және доғаны қайтадан тұтандырып жандырғанда сенімді жұмыс істейді.

  1. Сыртқы сипаттамаларына қарай генераторлардың жіктелуі. Әмбебап генераторлардың ерекшеліктері.

Пісіру генераторлары пісіру орнының санына байланысты бір және көп орынды, сыртқы сипаттамасына байланысты күрт құламалы, көлбеу құламалы, қатаң және өрленген болып бөлінеді. Егер генератор күрт құламалы сипаттамамен бірге көлбеу құламалы сипаттамаға келтірілетін болса, онда мұндай генераторларды әмбебеап генератор деп атайды.

  1. Магнит ағыны тәуелсіз және өздігінен қоздырылатын генераторлардың жұмыс ерекшеліктері. Электрлік сұлбалары.

Тәуелсіз қоздырылушы орамаға реостат РТ жалғанған. Тізбекті орама қимасы үлкен шинадан жасалған, өйткені бұл орама арқылы доға тогының күшіне тең өте үлкен мәнді ток өтеді. Бұл орама секияларға бөлінген. Жұмыс барысында ораманың барлық орамдарын қосуға немесе бір бөлігін қосуға болады, осының нәтижесінде пісіру тогын сатылы реттеуге мүмкіндік туады. Тізбекті ораманың тудыратын магнит ағыны тәуелсіз қоздырылатын ораманың магнит ағынына қарама-қарсы бағытталған. Осы екі ағынның өзара әрекеттесуі нәтижесінде нәтижелі ағын қалыптастырылады. Бос жүріс кезінде генератордың тізбекті орамасынан пісіру тогы өтпейді. Бос жүріс кернеуі генератордың қоздырушы орамасындағы токпен анықталады, оны реостат РТ арқылы реттеуге болады.

Өздігінен қоздырылушы генератордың негізгі полюсінде ек орамасы бар: магниттендіруші Н және магнитсіздендіруші С. Магниттендіруші орамадағы ток генератордың өзімен туғызылады, ол үшін коллекторға негізгі а және б щеткаларының аралығына қосымша С щеткасы орналасқан. Жоғарыда айтылғандай, пісіру тогы мұнда да реостат (РТ) пен сатылы ауыстырып қосқыш арқылы жүргізіледі.

  1. Магнит ағыны қалыпты таралған трансформаторлар. Жұмыс принципі. Электрлік сұлбасы.

Бұл трансформаторларда бірінші және екінші реттік орамалар w1, w2 трансформатор өзегінде концентрлі етіп орналастырылады. Осыған орай магнит ағынының таралуы бәсең болып келеді, км1-2 ⋲ км2-1 ⋲ 1. Магнит ағынының таралу қарқынының төмен болуына байланысты трансформатордың индуктивтігі де төмен (ХТ = 0). Доға желісінде қажетті индуктивтілікті қалыптастыру үшін екінші реттік орамаға қосымша реактивті орама (катушка) wр тізбектей жалғатырылады. Осы реактивті катушканың орналастырылуына байланысты трансформаторлар қосақты реактивті орамалы және дербес реактивті орамалы болып бөлінеді, яғни трансформатор конструкциясы жеке орналасқан екі аппараттан немесе біртұтас тұрқыда орналасқан болып жасалады.

Магнит ағыны қалыпты таралған трансформатор жиынтығына трансформатор мен дроссель (рективті катушка) кіреді. Қазіргі кезде мұндай трансформатордың дросселі трансформатормен бір тұғырда орналасады. Әдетте бұл трансформаторлардың қуаттылығы жоғары, сондықтан олар автоматты және жартылай автоматты флюс қабатының астында пісіруге қолданылады. Мұндағы дроссельдің негізгі міндеті жылжымалы пакеті арқылы ауалы саңылау шамасын өзгерту. Ауалы саңылау өзгергенде магнитөткізгіштің кедергісі өзгеріп, магнит ағынының шамасына әсер етеді, соның арқасында индуктивтілік өзгеріп пісіру тогының шамасын реттеуге мүмкіндік туады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]