Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТиОСП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.61 Кб
Скачать
  1. Вольт-амперлік сипаттамасы күрт құламалы түзеткіштер. Пісіру тогын реттеу.

Вольт-амперлік сипаттамасы күрт құламалы түзеткіштер. Сыртқы сипаттамасы күрт құламалы түзеткіштер негізінен элеткрдоғалы пісірудің әртүрлі тәсілдерімен: қаптамалы элеткродпен қолмен пісір, вольфрам электродымен оқшаулашы газ ортасында және пісірдің басқа да тәсілдерінде қолданылады. Бұл түзеткіштерде бос жүріс кезінде кернеу шамасы елеулі өзгермейді, ал ток мәнін кең ауқымды аралықта реттеу, өзгерту талабына сай келеді. Күрт құламалы вольт-амперлік сипаттамасы трансформатордың өзінде және басқарылымды транзисторлармен немесе түзеткіш тирситорлық блоктармен қалыптастырлатын түзеткіштер де бар.

Қолмен доғалы пісіруге арналған түзеткіштер жұмыстық кернеуі 25-тен 40 В дейін болғанда пісіру тогының 125-тен 500 А дейінгі номинальды мәніне арналып жасалады. Механикаландырылған және автоматты доғалы пісіруге арналған түзеткіштер жұмыстық кернеуі 46-дан 76 В дейін болғанда пісіру тогының 500-ден 2000 А дейінгі номинальды мәніне арналып жасалады.

  1. Полюстері ажыратылған генератордың құрылымдық ерекшеліктері.

Полюстері ажыратылған (расщепленные) генераторда тізбекті қосылған орама болмайды (22-сурет), полюстерінің орналасуы әдеттегі генераторлардың полюстерінен өзгеше.

Магниттік полюстері кезектеліп (оңтүстік – солтүстік – оңтүстік және т.с.с.) орналаспайды, аттас полюстер қатар орналастырлады (екі солтүстік, ек оңтүстік); горизонталь орналасқан полюстер – басты полюстер (Nг), ал вертикаль орналасқан – көлденең (Nп) полюстер деп аталады.

Басты полюстерде (Nг) ойықтар салынған, олар полюстердің көлденең қимасын кішірейтіп, бос жүріс кезінде магнит ағындарымен толық қанығуын қамтамасыз етеді. Көлденең полюстер барлық жұмыс режімдерінде магнит ағындарымен толық қанықпаған жағдайда жұмыс істейді.

Якорь орамасына жүктеме берілгенде онда ток пайда болып, басты полюстерді магнитендіретін және көлденең полюстерді магнитсіздендіретін магнит ағындарын туғызады. Пісіру тогы өскен сайын якорьдағы магнит ағыны өседі де көлденең полюстердегі магнитсіздендірігіш әрекетті арттырады. Бұл генератордың жұмыстық кернеуін азайтып, құламалы сыртқы сипаттаманы қалыптастырады.

  1. Балласты реостат. Электрлік сұлбасы. Тағайындалған мақсаты.

Балласты реостаттар көп орынды нәрлендіру көздерін пайдаланғанда пісіру постының әрқайсысындағы пісіру тогын реттеуге және құламалы сипаттама қалыптастыру үшін қолданылады (43-сурет). Реостаттарды блок болып жинақталған резисторлар мен ажыратқыштардан құрастырады, ажыратқыштарды тізбекке қосу пісіру тогын едәуір кең аралықта сатылы реттеуге мүмкіндік береді

  1. Транзисторлы пісіру түзеткіштері. Құрылымы мен жұмыс принципі.

Транзисторлы пісіру түзеткіштері. АП (АП-4, АП-5, АП-6) типті жартылай өткізгішті пісіру аппараттарында пісіру тогын реттеу пісіру желісіне тізбектей қосылған транзисторлар арқылы іске асырылады.

Пісіру тогы транзисторларды басқар тогын өзгерту арқылы реттеледі; ток инерциясыз жатық реттеледі және сыртқы желідегі кернеудің толқуы мен доға тогының өзгеруіне тәуелді емес. Транзисторлы түзеткіштер балқымайтын электродпен, тұрақты немесе импульсті токпен пісіру тгының аз мәнінде қолданыла алады. Әсіресе жұқа қалыңдықты металдарды вольфрам электродымен аргонды-доғалы пісіруде кеңінен қолданылады.

Пісіру түзеткіштерінің басқа түрлеріне қарағанда транзисторлы түзеткіштермен жұмыс істеу қауіпсіз, өйткені олардың бос жүріс кернеуі 40 В аспайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]