Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТиОСП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.61 Кб
Скачать
  1. Әмбебап генераторлардың құрылымдық ерекшеліктері. Қолдану аясы.

  2. Жартылай өткізгішті тиристорлардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі.

Басқарылымды тиристорлар негізінен диодтарға тән көрсеткіштермен сипатталады, бірақ олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар: қайта қосылыстыру кернеуі Uқ ; қосу тогының минимальды мәні Іб (немесе басқару тогы Іб –нің мәні iа).

Тиристорларда тура бағытта керне төмендеуінің шамасы жоғарылау болып келеді. Сондықтан жүктемелік токтың шекті мәні бұларда сәйкес диодтармен салыстырғанда төмен. Тиристорлардың шекті қызу температурасы 100-110 0 С. Асқын жүктемелікке сезімталдығы кремнийлі диодтармен бірдей.

  1. Пісіру түрлендіргішінің пісіру тогын реттеу тәсілдері.

  1. Осциллятор – доғаны тұтандырып жандыруды жеңілдететін құрылғы. Жұмыс принципі. Негізгі элементері.

Осциллятор өндірістік жиіліктегі ток пен төмен кернеуді жоғары жиілікті токқа (100 – 300 кГц) және жоғары керенуге (2000 – 6000 В) түрлендіретін құрылғы болып табылады. Жоғары кернеу импульсін бергенкезде пісірілетін металл мен электрод аралығы ұшқынданып бос электрондар пайда болады. Қысқа мерзімдік ұшқындық разряд доғаға ұласып, доғаның тұтанып жанып және орнықты жалындауына жағдай жасайды.

Осцилляторларды (11-кесте) доғаны түйістірусіз тұтандыру үшін қолданады, бұл әсіресе оқшаулаушы газ ортасында балқымайтын вольфрам электродымен пісіру кезінде маңызды. Доғаны түйістіріп тұтандыру вольфрам электродымен жұмыс істегенде зиянды, өйткені элеткрод шығыны көбейіп кетеді.

  1. Электрдоғалы пісіру процесінің шығу тарихы. Даму болашағы.

1802 жылы профессор В.В.Петров (Санкт-Петербург) жоғары қуатты гальваникалық элементті қолданып, екі көміртек электродтар аралығында (электродтар өзара түйіспеген) электртогының тиянақты өткізілу құбылысын ашты. Бүл — температурасы аса жоғары (көз каратпайтьш) жалын, оның сырт пішіні доғаша иіліп қалыптасқан екен. Осыған орай ашылған жаңа физикалық құбылысты В.В.Петров — электр доғасы деп атапты. Әдетте электртогы ауада өтпейтіндіктен, бұл оте үлкен жаңалық болды. В.В.Петров электрдоғасының температурасының аса жоғарылығы мен оның жылу энергиясын ең баяу балқитын металдарды балқытуға пайдалануға болатынын айтты. Екі электрод аралығындағы электртогының ауадағы ағымының энергиясын пайдаланып металдарды балқытып, кристалдандыру арқылы біртұтас жалғас қальштастыру — электрдоғалы пісіру тәсілі болып аталады. Алайда, бұл мәселе өзінің техникалық, шешімін табуы үшін арада ондаған жылдар өтті.

  1. Күштік трансформаторлар. Қолданылу аясы. Жұмыс принципі.

Күштік трансформаторлар. Түзеткіштерде үш фазалы күштік трансформаторларды қолданудың тиімділігі басым екені анықталды. Сондықтан пісіру түзеткіштерін нәрлендіру үшін үш фазалы ток трансформаторлары кеңінен қолданылады. Түзеткіштің сыртқы вольт-амперлік сипаттамасы трансформатордың сыртқы сипаттамсымен анықталады. Сыртқы вольт-амперлік сипаттамасы қатаң түзеткіштерде магнит ағыны қалыпты таралған трансформаторлар қолданылады. Үш фазалы трансформаторлардың жұмыс істеу принципі бір фазалы трансформаторға ұқсас. Түзеткіштің сыртқы вольт-амперлік сипаттамасының қалыптасуына түзеткіш блоктың да әсері болуы ықтимал. Түзеткіште күрт құламалы сипаттама трансформатордың индуктивтігі арқылы қалыптастырлады. Осы мақсатта үш фазалы орамалары бір-біріне қатынасты жылжымалы, жылжымалы шунтты және басқарылымды шунтты трансформаторлар қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]