Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТиОСП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.61 Кб
Скачать
  1. Көп орынды түзеткштер (вдм типті) жұмысы және қолданылу аумағы. Сыртқы сипаттамалары.

Көпорынды түзеткіштерде асқын жүктеуге арналған қорғаныстық құрылғыларға баса назар аударылады. Қаптамалы электродпен пісіруде ВКСМ-1000, ВДМ-1601, ВДМ-6302, ВДМ-6303С, ВДМ-1202С (8-кесте) типті түзеткіштер РБ-306, РБ-500 балласты реостаттарымен қолданылады. Оқшаулаушы газ ортасында пісіру үшін ВМГ-5000 түзеткіші РБГ-502 реостатымен қолданылады. Сонымен қатар доғалы пісіруде көпорынды пісіру трансформаторлары мен генераторлары да қолданылады

  1. Доғаны импульсті қоздырғыш құрылғылар. Құрылымы мен жұмыс істеу принципі.

Доғаны импульсті қоздырғыштар доғаны тұтандырып жандыруды жеңілдету үшін және оның орнықты жануы үшін, легірленген болаттар мен түсті металды оқшаулаушы газ ортасында балқымалы электродпен пісіру кезінде балқыған электрод металының пісіру ваннасына тамшыланып қосылу процесін жақсарт үшін қолданылады.

Конденсатор С жоғарылатқыш Т1 трансформаторынан диод VD арқылы заряд алады. Арнайы синхрондағыш құрылғы токтың нөлдік нүкте арқылы өтуі кезінде сөндіргішті SА тұйықтайды, сол кезде конденсатор С жоғары кернеулі (200 – 300 В) қысқа мерзімдік импульсті ток ретінде доғалы аралық арқылы разрядталады.импульсті ток күші 1,5 – 2 А құрайды және бұл кезде импульс полярлығы сол мезеттегі доға кернеуінің полярлығымен сәйкес келеді. Конденсатор разрядталған соң синхрондаушы құрылғы сөндіргішті ажыратады, ал конденсатор келесі импульсті беру үшін қайтадан зарядталады.

  1. Нәрлендіргіштерді сыртқы сипаттамасына қарай ажыратылуы және соған байланысты қолданылуы.

Нәрлендіргіштің сыртқы сипаттамасы деп оның сыртқы клеммаларындағы кернеу мәнінің пісіру тогына тәуелділігін айтады (Uн =f(Iн)). Пісіру процесінде нәрлендіру көздерінің мынадай сыртқы сипаттамалары болады:

а) Күрт құламалы;

ә) Көлбеу құламалы;

б) Қатаң (түзу сызықты);

в) Өрлемелі (өспелі).

Күрт құламалы сипатты нәрлендіргіштер негізінен доғалы қолмен пісіруде, көлбеу құламалы – флюс астында автоматты және жартылай автоматты пісіруде, қатаң немесе өрлемелі – қорғаныстық газ ортасында пісіруде қолданылады.

  1. Пісіру аппараттарының жұмыс режімдері. Үздіксіз және қысқа мерзімді режім. Қосылу ұзақтығының (құ) анықталуы .

Жүктеменің уақыт бірлігінде өзгеру сипаты бойынша пісіру жабдықтарының мынадай жұмыс режімдері болады: үздіксіз, қысқа мерзімді және қайталамалы-қысқа мерзімді.

Үздіксіз жұмыс режімінде температура өзінің орнықты мәніне дейін көтеріледі, бірақ шекті мәннен аспайды. Қысқа мерзімді жұмыс режімде температура жұмыс барысында орнықты режімге жетпіп үлгермейді, ал үзіліс кезінде температура қоршаған орта температурасына дейін салқындайды. Пісіру процесінде жиі кездесетін режім қайталамалы-қысқа мерзімді режім, бұл кезде температура орнықты режімге дейін көтеріліп үлгермейді, ал үзіліс кезінде қоршаған орта температурасына дейін салқындап үлгермейді. Қайталамалы-қысқа мерзімді жұмыс режімін салыстырмалы қосылу ұзақтығы (ҚҰ) деп сипаттауға болады.

ҚҰ төмендегі формуламен анықталады:

ҚҰ =

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]