Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТиОСП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.61 Кб
Скачать

  1. Электр доғасын айнымалы токпен нәрлендіру көздері. Пісіру трансформаторлары. Негізгі тораптары.

Электрдоғасын айнымалы токпен нәрлендіргенде, ток жиілігіне f сәйкес әр электрод секундына f рет кезекпен анод пен катод болады. Әр период сайын ток екі мәрте нөлге тең болып, доға екі мәрте сөнеді де, ток шамасы қайталап өскенде доға қайта жалынданады. Тәжірибе мен теориялық есептеулер корсеткендей, доға өте қысқа уақытқа сөнгеннің өзінде де доға бағанасының газы салқындап, деионизацияланатындықтан, доғаның әрі қайта жалындануы үшін электродтарда кернеудің қысқа уақытқа өсуі қажет. Нәтижесінде әр жарты периодтың бастапқы кезінде кернеу сипаттамасында биік сызық қалыптасады, мұны шың дейді де, соған сәйкес оны кернеуді жалындату шыңы дейді

Пісіру трансформаторлары электр желісінен алынатын кернеу мәнін доғаны тұтандыруға және жалындатып жандыруға қажетті шамаға дейін төмендетіп беруге арналған. Трансформаторлар фазалылығы жағынан бір және үш фазалы, сыртқы сипаттамасы жағынан күрт құламалы, көлбеу құламалы және қатаң болып келеді. Пісіру орындарының (постыларының) санына қарай бір және көп орынды болып жіктеледі.

Құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты доғалы пісіруге арналған пісіру трансформаторлары негізгі екі топқа бөлінеді:

- магнит ағыны қалыпты (нормальды) таралған;

- магнит ағыны шашыраңқы таралған.

Негізінен магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформаторлар кеңінен таралған.

Трансформатордың жалпы жұмыстық теңдеуі қарапайымдатылған эквиваленттік баламалық сұлба мен векторлық үшбұрыштан шығарылады (10-сурет).

  1. Доғаны тұрақты токпен нәрлендіру көздері. Пісіру генераторлары. Сипаттамасы мен жұмыс істеу принципі.

Доғаны тұрақты токпен нәрлендіру көздеріне пісіру түрлендіргіштері мен пісіру агрегаттары және айнымалы токты тұрақты токқа түзетіп нәрлендіретін пісіру түзеткіштері жатады

Пісіру генераторлары пісіру орнының санына байланысты бір және көп орынды, сыртқы сипаттамасына байланысты күрт құламалы, көлбеу құламалы, қатаң және өрленген болып бөлінеді

Пісіру генераторлары магниттік полюстері бар статордан және орамалары мен коллекторы бар якорьдан тұрады. Генератордың жұмыс істеу барысында статор полюстері тудыратын магнит өрісінде якорь айналдырылады. Якорь орамалары генератор полюстерінің магнитті күштік сызықтарымен қиылысқанда оның орамдарында айнымалы ток пайда болып, ол ары қарай коллектор көмегімен тұрақты токқа түрлендіріледі. Коллекторға көмір щеткалары қыспақталған, олар арқылы тұрақты ток сыртқа шығарылған клеммаларға беріледі. Клеммаларға пісіру сымдары жалғанып, электрод пен пісірілетін бұйымға беріледі.

  1. Пісіру түрлендіргіштері мен агрегаттары. Олардың жұмыс істеу ерекшеліктері. Псо-300 түрлендіргішінің негізгі тораптары мен жұмысы.

Пісіру түрлендіргіштері тұрақты ток өндіретін генератор мен жетекші электрқозғалтқыштан, ал пісіру агрегаты генератор мен жетекші іштен жану қозғалтқышынан тұрады. Екеуінің айырмашылғы тұрақты ток өндіретін жетектерінің түріне байланысты. Екі жағдайда да қозғалтқыштың механикалық энергиясы электр энергиясына айналдырылады. Пісіру түрлендіргіштері әдетте асинхронды электрқозғалтқышпен жабдықталады. Олардың стационарлы және жылжымалы (жүріс дөңгелектері бар) түрлері болады.

Пісіру агрегаттары электр желісі жоқ орындарда және кейбір жағдайда электржелісінің кернеуі қатты құбылмалы болғанда қолданылады. Генератор мен іштен жану қозғалтқышы ортақ қаңқаға дөңгелексіз, дөңгелекпен және кейде автомашина кузовына немесе тракторға орнықтырылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]