Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vmm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать
  1. Қосынды жақсартылған болаттардың ентаңбасы және олардың қасиеттері. Хром-марганецті болаттар.

Жақсартылатын болаттар. Термиялық жақсартуға болатын болаттар – шынықтыру және жоғары босату, босатылған сорбит құрылымын алуды қамтамасыз етеді, күрделі кернеулер кезінде жұмыс істейтін тетікбөлшектерді жасау үшін кеңінен қолданылады (ауыспалы және динамикалы жүктемелер кезінде жұмыс істейтін тетіктер). Бұл болаттарға морт сынғыштыққа қарсы тұру маңызды орын алады. Олар өте жоғары конструкциялық беріктікке ие болуы керек. Жақсартылатын болаттар – орташа көміртекті. Легірленген жақсартылатын болаттарды ірі және ауыр жүктелген жауапты тетікбөлшектерді жасау үшін қолданады (40Х, З0ХГСА, 40ХН, З0ХНЗА, 40ХН2МА, 36Х2Н2МФА).

Хроммарганецті болаттардың беріктік және шынығуға қабілеттілігі жоғары және қыздыруға сезімталдығы салыстырмалы түрде төмен. Егерде хроммарганецті болаттардың құрамында азот болмаса, бұл болаттардың жемірілуге төзімділігі төмендеп кетеді. Хроммарганецті болаттардың технологиялық қасиеттері жақсы және төменгі температуралар кезінде созымдылық қасиетін сақтап тұрады. Сол себепті бұл болаттарды төмен жебірлі орталарда қолдануға мүмкіндік туды (хромникельді болаттың орнына, себебі хромникельді болаттар қымбат). 0,06% титан қосқан кезде, болаттың қыздыруға сезімталдығы төмендейді. Молибден болса, болаттың тұтқырлығын жоғарылатады.

Маркалады:18ХГ, 18ХГТ, 20ХГР, 25ХГТ, 25ХГМ, 27ХГР, З0ХГТ. Хроммарганецті болаттарды біріктіріліп пісірілетін негізгі қосылыстар мен тозуға төзімді машина бөлшектерін жасауда қолданады. Ауыр жүктеме кезінде жұмыс жасайтын тетікбөлшектер жасалынады.

3

  1. Қосынды элементтердің сыныпталуы. Γ-аймақты жіңішкертетін қосынды элементтер.

Болатқа белгiлi бiр мөлшерде оның құрылымы мен қасиеттерiн өзгерту мақсатымен арнайы енгiзiлетiн элементтер қосындылау элементтерi деп аталады (грек тiлiнен “лега”-күрделi). Қосынды элементтердiң жиын мөлшерi 2,5% аспаған болаттар аз қосындыға, 2,5-10%-қосындыға және 10% көбiрегi-көп қосындыға (Fe-ң мөлшерi 45% көбiрегi) жатады.

Қосынды болат төрт нышаны бойынша сыныпталады: тепе-теңдiк құрылымы бойынша, ауада суынғаннан кейiнгi құрылымы бойынша, құрамы мен тағайындалуы бойынша.

Тепе- теңдiк құрылымы бойынша:

1. Эвтектоидқа дейiнгi болат, құрылымында басы артық феррит бар.

2. Эвтектоидты болат, перлит құрылымы бар.

3. Құрылымында басы артық (екiншi) карбидi бар эвтектоидтан кейiнгi болаттар.

4. Құрылымында сұйық болаттан бөлiнiп шыққан бiрiншi карбидтерi бар ледебурит болаты. Құйылған күйiнде басы артық карбидтер аустенитпен бiрге эвтектиканы ледебуриттi түзедi, ол соғу мен қақтауда жекеленген карбид пен аустенитке бөлiнедi.

Ауада суынғаннан кейiнгi құрылымы бойынша: перлиттi, мартенситтi, аустениттi негiзгi үш сыныпқа бөлуге болады.

Перлит сыныбының болаттары қосынды элементтердiң салыстырмалы аз мөлшерімен, мартенсит – едәуiр көбiрек, аустенит – көп мөлшерiмен сипатталады.

Құрамы бойынша сыныпталуы. Қосынды болат құрамына байланысты никельдi, хромды, хромникельдi, хромникельмолибдендi т.с.с. болып сыныптала-ды. Сыныпталу нышаны - болатта қосынды элементтердiң бар болуы.

Тағайындалуы бойынша сыныпталуы: конструкциялық болат, мәшине тетiкбөлшектерiн жасауға жұмсалады. Аспаптық болат, кескiш, өлшеуiш, металқалып және басқа аспап жасауға қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]