Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vmm.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать
  1. Жақсартылған қосынды болаттар. Қосындылаудың болаттар шынығу қабілеттілігіне (прокаливаемость) ықпалы.

Жақсартылатын болаттар. Термиялық жақсартуға болатын болаттар – шынықтыру және жоғары босату, босатылған сорбит құрылымын алуды қамтамасыз етеді, күрделі кернеулер кезінде жұмыс істейтін тетікбөлшектерді жасау үшін кеңінен қолданылады (ауыспалы және динамикалы жүктемелер кезінде жұмыс істейтін тетіктер). Бұл болаттарға морт сынғыштыққа қарсы тұру маңызды орын алады. Олар өте жоғары конструкциялық беріктікке ие болуы керек. Жақсартылатын болаттар – орташа көміртекті. Легірленген жақсартылатын болаттарды ірі және ауыр жүктелген жауапты тетікбөлшектерді жасау үшін қолданады (40Х, З0ХГСА, 40ХН, З0ХНЗА, 40ХН2МА, 36Х2Н2МФА).

2

  1. Қосынды элементтердің сыныпталуы. Γ-аймақты кеңейетін қосынды элементтер. Болатқа белгiлi бiр мөлшерде оның құрылымы мен қасиеттерiн өзгерту мақсатымен арнайы енгiзiлетiн элементтер қосындылау элементтерi деп аталады (грек тiлiнен “лега”-күрделi). Қосынды элементтердiң жиын мөлшерi 2,5% аспаған болаттар аз қосындыға, 2,5-10%-қосындыға және 10% көбiрегi-көп қосындыға (Fe-ң мөлшерi 45% көбiрегi) жатады.

Қосынды болат төрт нышаны бойынша сыныпталады: тепе-теңдiк құрылымы бойынша, ауада суынғаннан кейiнгi құрылымы бойынша, құрамы мен тағайындалуы бойынша.

Тепе- теңдiк құрылымы бойынша:

1. Эвтектоидқа дейiнгi болат, құрылымында басы артық феррит бар.

2. Эвтектоидты болат, перлит құрылымы бар.

3. Құрылымында басы артық (екiншi) карбидi бар эвтектоидтан кейiнгi болаттар.

4. Құрылымында сұйық болаттан бөлiнiп шыққан бiрiншi карбидтерi бар ледебурит болаты. Құйылған күйiнде басы артық карбидтер аустенитпен бiрге эвтектиканы ледебуриттi түзедi, ол соғу мен қақтауда жекеленген карбид пен аустенитке бөлiнедi.

Ауада суынғаннан кейiнгi құрылымы бойынша: перлиттi, мартенситтi, аустениттi негiзгi үш сыныпқа бөлуге болады.

Перлит сыныбының болаттары қосынды элементтердiң салыстырмалы аз мөлшерімен, мартенсит – едәуiр көбiрек, аустенит – көп мөлшерiмен сипатталады.

Құрамы бойынша сыныпталуы. Қосынды болат құрамына байланысты никельдi, хромды, хромникельдi, хромникельмолибдендi т.с.с. болып сыныптала-ды. Сыныпталу нышаны - болатта қосынды элементтердiң бар болуы.

Тағайындалуы бойынша сыныпталуы: конструкциялық болат, мәшине тетiкбөлшектерiн жасауға жұмсалады. Аспаптық болат, кескiш, өлшеуiш, металқалып және басқа аспап жасауға қолданылады.

  1. Аз перлитті болаттар.

Аз перлитті болаттардың құрамында көміртегі мөлшері аз (0,10% дейін) болады, нәтижесінде бұл болаттардың құрамында перлиттің мөлшері азаяды. Ол болаттың соққы тұтқырлығының жоғарлауына, суықтай сынғыштық шегінің төмендеуіне ,және пісірілгіштіктің жақсаруын тудырады (мысалы, 12Х1МФ, 09ГФБ болаты құрамында 0,09 % С). Аз перлитті болаттардың құрамында міндетті түрде хром болады. Сол себепті аз перлитті болаттар ыстыққа төзімді болады.

12Х1МФ болатының жылжыпсырғуға қарсыласуы жоғары және 570-585 °С дейін беріктігі жоғары болады. 960 - 980oC температуралар интервалында қалыптандырады және 740 - 760oC температура интервалында босату жүргізіледі. Қалыптандырудан кейінгі қаттылығы 123 - 179   Мпа-ға тең болады.

Бұл болаттан құбыр жылытқыштарын, құбыр желісін және жоғары қысымда жұмыс жасайтын коллекторлы жабдықтарды жасайды.Соынмен қатар, газ турбиналарының цилиндрлі бөлшектерін және 540-580 °С температурада жұмыс істейтін тетікбөлшектерді жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]