Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vmm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

42 Сұрақ. Жалпы тағайындалуымен серіппе болаттар

Рессорлы – серіппелі болаттары. Өндірісте кеңінен кремнийлі рессорлы, серіппелі болаттары –55С2, 60С2А, 65Г, 65С2Н2А, 70С3А және т.б. қолданылады. Олардан рессорлар, серіппелер және т.б. жасалады. Олар жоғары серпімділік, ағу шектеріне және илемділігі жеткілікті болған жағдайда қажуға қарсыласуға ие болу керек. Аталған қасиеттерге ие болу үшін болаттарға 0,5% көміртегі және бір, немесе бірнеше легірлеуші элементтер (1,5...2,8% кремний; 0,6...1,2% марганец; 0,2...1,2% хром; 0,1...0,25% ванадий; 0,8...1,2% вольфрам; 1,4...1,7% никель) енгізіледі. Бұл элементтер қажетті шынығу қабілеті мен шынықтырылғыштықты қамтамасыз етеді және серпімділік шегін жоғарылатады.

Арнайы қолданылатын легірленген болаттар рессорлар, серіппелер, шарикті мойынтіректер, құбырлар жасауда қолданылады. Бұл болаттардың термиялық өңдеуден кейін аққыштық, серпімділік және төзімділік шегі жоғары, ал тұтқырлығыжеткілікті болуы керек.

Рессорлы-серіппелі болаттар құрамына кіретін негізгі элементтерге кремний, марганец, хром және ванадий жатады. Рессорлы-серіппелі болаттардың ентаңбалары: 55ГС, 55С2, 50ХГС, 50ХФА, 55Х және т.б.

60С2, 60С2А

Қалыңдығы 3-16 мм жолақты болаттын жасалған рессорлар үшін қалыңдығы 0,08-3 мм жолақ лентадан жасалған серіппелер үшін, диаметрі 3-16 мм сымнан жасалған есілген серіппелер үшін. Кесу арқылы өңделуі нашар. Максимал қолданыс температурасы 250 °С.

70СЗА

Маңызды жағдайда қолданылатын ауыр күш әсеріне арналған серіппелер үшін. Болат графитацияға бейім.

50ХГ, 50ХГА

Ені 3 – 18 мм болат жолақтан жасалған рессора үшін. Кесу арқылы өңделуі нашар.

50ХФА, 50ХГФА

Жоғары температуралы жағдайда (300 °С дейін) жұмыс жасайтын маңызды серіппелер мен рессорлар үшін, өзгермелі ауырлыққа төзімді серіппелер үшін.

60C2XA

Көлемді ауыр салмаққа арналған серіппелер мен маңызды қолданыстағы рессорлар үшін.

60C2H2A, 65C2BA

Калибрленген болаттан және серіппелі лентадан жасалған көлемді ауыр салмаққа арналған серіппелер мен маңызды қолданыстағы рессорлар үшін.

Болаттың механикалық қасиеттеріне шамалы карбид түзетін элементтердің

болғаны дұрыс, өйткені карбид түзетін элементтер болаттың

графиттелуіне кедергі жасап карбидтік фазаны беріктендіреді. Сондықтан

рессорлы-серіппелі болатқа 0,6¸0,8% Mn және 0,3¸0,4% Cr қосады.

Серіппелі болаттар

Ауыспалы жүктеуге ұшыратылатын материалдардың пайдалану сенімділігін қамтамасыз етуші негізгі талап – шыдамдылық шегі болып табылады, бұл ұсақ түйірді алу арқылы, өңдеудің жоғары сапасы мен бұйым (серіппелер, рессорлар) бетінің беріктігі жоғары болғанда қол жеткізіледі. Ұсақ түйірлілік магистральды жарықтар мен морт қираудың дамуына кедергі болады. Бұйым беті сапасының жоғары болуы кернеулер концентраторларының жергіліктену орындарының туу мүмкіндігін жояды. Бетті беріктендіру болашақ жарықтардың туындауын бөгейді, олар ауыспалы жүктеу кезінде материал бетінде туындап, тереңірек бойлайды.

Осыған байланысты, материалды жоғары шыдамдылыққа өңдеу технологиясы жасалып жатыр. Болаттар үшін ол келесідей:

1) ұсақ түйір алу үшін термиялық өңдеу – шынықтыру, жоғарғы босату; мұның нәтижесінде босату сорбиті немесе трооститті құрылым түзіледі, мұндай құрылымның серпімділігі төмендетпестен, беріктігі жоғары болады. Нәтижесінде дислокациялардың қозғалысы үшін бөгет болатын артық дисперсті фазалардың бөлінуі жүреді.

2) бетін ажарлау немесе жылтырату, серіппе өлшеміне қарай тазалық классы 7-10.

3) беттік беріктену, нәтижесінде дислокациялар тығыздығы артады. Бұл олардың жылжуын қиындатады, серпімді деформацияның дамуын бөгейді және серпімді деформациясын қоздырады.

3.1) бетінің қасиеті жақсаратынғ ал қызмет ету мерзімі 5-8 есе жоғарылайтын ұнтатқыш өңдеу түріндегі қақтау.

3.2) патенттелген аспалы У7,У8,У9, У10 болаттарын көп ретті суықтай созу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]