Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vmm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

23 Суықтай деформация кезіндегі беріктендіру.

Суықтай түрөзгерту металқалыптары жоғары айнымалы жүктемелер жағдайында жұмыс iстейдi, мортты қираудың, аз айналымды қажу мен қысылу үлесiнен (созымды түрөзгерудiң) пошымы мен өлшемдерiнiң өзгеруiнiң және тозудың салдарынан iстен шығады. Сондықтан әдеттегі температураларда металды созымды түрөзгертетiн металқалыптарды жасау үшiн пайдаланылатын болаттар жоғары қаттылыққа, тозу берiктiгiне және жеткiлiктi тұтқырлығымен үйлескен берiктiкке ие болуы тиiс. Үлкен жылдамдықпен түрөзгерту iсамалында металқалыптар 200-350 С дейiн қызады, сондықтан бұл сыныптың болаттары жылуға төзiмдi болуы тиiс. Iрi металқалыптар үшiн жоғары қыздырылғыштық пен аздаған көлемдiк өзгерулердi шынықтыруда қамтамасыз ету қажет. Егер жылумен өңдеу iсамалында металқалыптың күрделi пiшiндемесi бұрмаланатын болса, онда қажеттi өлшемдерiне дейiн металқалыпты жеткiзу қажет, бұл әрдайым iске аспайды.

Молибден мен ванадий Х12Ф1 және Х12М болаттарында ұсақ түйiрдi сақтауға мүмкiндiк бередi. Екi болат та салқындатылған аустениттiң жоғары тұрақтылығына ие, демек, жақсы қыздырылғыштыққа. Х12Ф1 болаты 150-180 мм дейiн қыздырылады, ал Х12М болаты- майда суытқанда 200мм дейiн. Жоғары хромды болаттардың кемшiлiгi жасытылған күйжайында (207-269НВ) кесумен өңделуiнiң қиындығында және бiрден карбидтiк бiртектi емес (карбидтерiнiң iрi жиналуы, карбидтiк тор, карбидтiк жолақтық) бiлiнгенде механикалыќ қасиеттерiнiң төмендеуiнде. Х6ВФ болаты аз карбидтiк бiртектi емеске ие, ол жоғары механикалыќ берiктiгiмен және тозуға қарсыластығымен аспаптар үшiн пайдаланылады (домалататын бұрандаойғыштар, тiстi доңғалақтарды суықтай домалататын домалатқыштар, т.б.). Х6ВФ болаттың қыздырылғыштығы аз, 70-80 мм аспайды.

24. Никельмен қосындыланған ферритті болаттар.

Құрамында ванадидің, молибденннің, кремнидің және басқа да элементтердің белгілі деңгейінен жоғары болса барлық темепратураларда барлық күй α – күйде болады

Мұндай құймалар феррит деп аталады. Басқа құймаларға қарағанда темір негізінде аустенитті және ферритті құймалар қыздырғанда және суытқанда өзгеріске ұшырыамайды. Кейбір темір қалпының легірлеу элементінің реалды диаграммаларын қарастырайық.

1-сурет. Fe - Ni жүйесінің күй – жай кесте сызбасы.

Никель – темір жүйесі (1-сурет). Никель жақты орталандырылған параметрлі торға ие, ол Feγ жақын болады. Ол Feγ мен никель арасындағы қатты қоспалардың үздіксіз қатарын түзуге мүмкіндік береді. Никель A4 нүктесін ұлғайтады және 1512 ºC – де L+S <–>γ тепе – теңдікке келеді. Никель A3 нүктесін төиендетеді және қыздыру мен салқындату температуралары әр түрлі болады, ол практикада диаграмманы қолдануға жеке температуралық интервалды көрсетуге мүмкіндік береді, салқындатқанда (γ→а) және қыздырғанда (а→γ). Сондықтан, мысалы 20% Ni – 300 º- 400ºC құймасын алсақ, оны салқындатқанда ол тұрақты γ –фазасына ие болады. Дәл сол температурада Лабораториялық тұрақта а- фазасын да аламыз. Никель A3 нүктесін күрт төмендететіндіктен 10% Ni – де және одан да үлкен температурада өзгеру 500 ºC – ге дейін және одан да төмен болуы мүмкін. Мұндай температураларда никельдің диффузиясы қатты тежеледі және α → γ қайта ауысуы мартенситті (диффузиясыз)механизммен жүреді.

Никельге бай құймаларда Ni3 Fe – бар реттелген қатты қоспа түзілуі мүмкін. Реттелу температурасы (Курнаков нүктесі) Ni3 Fe (78%Ni ) құймаға қатынас нүктесі 503 ºC-ге тең.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]