Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ_ФИН_АНАЛИЗ_КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.23 Кб
Скачать

Тақырып 10. Экономиканы мемлекеттiк қаржылық реттеу.

Сабақтың мақсаты - экономиканы мемлекеттiк қаржылық реттеуді терендетіп түсіну.

Сұрақтар:

1. Экономиканы реттеп отыру әдетте екi нысаны.

2. Қаржылық реттеудің мәні.

3. Валюталық-қаржылық реттеу.

Экономикалық процестердiң мемлекет тарапынан реттелуi кез-келген қоғамдық жүйенiң басқару элементi болып табылады. Мемлекеттiң экономикаға раласу дәрежесi қоғам дамуының әрбiр нақты тарихи кезеңiнде шешетің мiндеттерiне және мақсаттарына байланысты: реттеудiң формалары мен әдiстерi де осылар арқылы анықталады.

Экономиканы реттеп отыру әдетте екi нысанда - өзiн-өзi реттеу мен мемлекеттiк реттеу нысаныңда жүргiзiледi. Бiрiншiсi, қоғамдық өндiрiстiң түрлi буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өздерi жасап, пайдаланатын әдiстерiмен сипатталады. Екiншi нысан қоғамдық өндiрiстiң даму процесiне мемлекеттiң саналуан экономикалық инструменттерi, соның iшiнде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейдi.

Экономиканы мемлекеттiк реттеуде қаржы жүйесiнiң барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіңе қаржы жүйесiнiң әр буыны ықпалының өзгешелiктерi болады.

Қаржылық реттеу деп экономикалық жүйе шеңберiнде қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделiктi процесiн қамтамасыз ету шараларының кешенiн айтады. Мемлекет субсидия беру, тауарлар мен қызметтердi сатып алу, несиелеу, салықтар сияқты түрлi қаржы әдiстерiн пайдалана отырып, экономиканы реттеп отыру үшiн қаржы ресурстарын тартады. Қаржылық реттеудiң көмегiмен мемлекет халықтың төлем қабiлеттiлiгiнiң сұранымына, қорланудың қарқыныңа, тауарлар мен қызметтердi өткiзуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етедi.

Сонымен бiрге қаржы тұтқаларының көмегiмен мынадай негiзгi мәселелер шешiледi:

  • материалдық өндiрiс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарының жалпы деңгейiн реттеу;

  • өндiрiстiк сферадағы монополиялық қызметтi экономикалық шектеу;

  • кәсiпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметің реттеу, олардың құқықтық және келiсiм-шарт тәртiбiн қамтамасыз ету;

  • кәсiпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндiрiстi дамытуды материалдық жағынан көтермелеп отыру;

  • кәсiпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын болудiң iшкi өндiрiстiк арақатынасын реттеу;

  • ел, аймақ, сала, кәсiпорын, ұйым, фирма көлемiнде инвестициялық және инновациялық процестердi реттеп отыру.

Қаржылық реттеудiң басты мазмұны тиiстi фискалдық саясатты мемлекеттiң шығындары мен салық саясатын жүргiзудi қамтамасыз етуде затталады. Тiкелей қаржылық реттеудiң процесiн жүргiзе отырып, ұлттық табыстарға кәсiпорындардың, аймақтардың үлесiн көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттiк қаржыға аса зерек өндiрiстiк емес сфераның жәй-күйi де осындай тәртiппен реттеледi.

Әдетте, реттеу процесi объективтi және субъективтi факторлардың экономиканың жұмыс iстеу шарттарының саналуандығымен, әр түрлi категориларды, олардың элементтерiн пайдаланумен сипатталады.

Сондықтан осы негiздер бойынша мемлекеттiк реттеудiң жүйесiн шектеу типтерге, түрлерге, нысандарға және әдiстерге сыныптау өте қажет.

Реттеудiң екi типi бар: ол экономикалық (қаржылық, қаржылы, бағалық, несиелiк, валюталық және басқа реттеу) және әкiмшiлiк реттеу.

Қаржылық реттеудiң түрлерi: салықтық, бюджеттiк, мемлекеттiк-несиелiк, кедендiк-тарифтiк, валюталық-қаржылық iшкi шаруашылық реттеудi қамтиды. Қаржылық реттеудiң осы түрлерiне сәйкес оның мынандай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетте – қаржыландыру, салықта – тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда – сыртқы инвестициялау, сыртқы заемдар, сыртқы борыш; бұлар қаржылық реттеудiң негiзгi нысандары болып келедi. Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады. Нарықтық экономика кезiнде экономикалық, соның iшiнде қаржылық нысандар мен әдiстер арқылы жанама реттеме iс-әрекет етедi.

Жалпы, реттеушiлер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссиясының көлемi, валюталық бағам), несие (несие үшiн сыйақылар (мүдделер), есеп ставкасы мен ұлттық банктердiң резервтiк талаптары, ашық рыногтағы ұлттық банк операцияларының ауқымы), баға (реттемелi бағалардың деңгейi, еркiн және тiркелген бағалардың деңгейi, еркiн және тiркелген бағалардың арақатынасы, рентабельдiлiктiң шектi деңгейi) реттеуiштерiмен толықтырылады.

Мемлекеттiк қаржылық реттеу тұтқаларының iшiнде салықтарға аса маңызды орын берiледi. Салықпен реттеу кәсiпорындар мен халықтың экономикалық белсендiлiктегi ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегiмен рентабнльдiлiктiң деңгейi мен кәсiпорындардың қарамағында қалатын ақша жиналымдарының көлемi реттелiп отырылады. Бұған салық салу ставкаларының мөлшерi арқылы қол жетедi. Салықпен реттеуде салықтардың ставкалары факторымен қатар, салық жеңiлдiктерi жүйесiнiң зор маңызы бар.

Қаржылық реттеуде салық арқылы реттеудiң маңызы зор. Нарық экономикасында салықтар түбегейлi қайта құрушы рөлiн атқарады. Олар барлық деңгейдегi бюджеттi қалыптастырудың басты көзi, әлеуметтiк кепiлдiктердi қамтамасыз ету құралы, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қаржылық негiзi болып қана қоймай сонымен бiрге мемлекеттiң шаруашылық субъектiлерiмен халықтың қаржылық мүмкiндiктерi мүдделерiн теңестiру қызметің де атқарады.

Мемлекеттiк қаржылық реттеу проблемасының екiншi жағы бюджеттiк қаржыландыруды пайдалану тиiмдiлiгiнiң дәрежесi болып табылады.

Валюталық-қаржылық реттеудегi негiзгi әдiстер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық ставкалары, халықаралық төлем құралдары мен бағалы қағаздардың бағамы, валюталық тәуекелдерi сақтандырудың әр түрлi әдiстерi. Сонымен бiрге экономика мемлекеттiк қаржылық ықпал жасап отырудың бәрiн тегiс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеудi және экономиканы реттеудiң қосымша нысандары мен әдiстерiн қажет етедi.

Әдебиеттер:

  1. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. /оқулық/. РМК «АӨА экономикасы және ААД ҒЗИ» баспаханасы Алматы 2007.

  2. Ібрішев И.И., Үркүмбаева Ә.Р. Банктік тәуекелдер. /оқу құралы/. Қазақ көлік және Коммуникациялар академиясының баспасы. Алматы 2009.

  3. Әділов Ж.М., Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Инвестиция менеджменті. /оқу құралы/.ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

  4. Тінәсілов М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. /оқулық/. ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

  5. Тінәсілов М.Д. Сақтандыру ісінің қаржылық негіздері. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2011.

  6. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Қаржы негіздері: теориясы, тәжірибелер мен есептеулер. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2016.

Тақырып 11. Қаржы рыногы.

Сабақтың мақсаты - қаржы рыноғы терендетіп түсіну.

Сұрақтар:

  1. Қаржы рыногының экономикалық мәні.

  2. Қаржы рыногының жұмыс істеу шарттары.

  3. Қаржы рыногының маңызы.

Қаржы рыногы- бұл, ен алдымен дербес экономикалық категория ретіңде багалы кағаздарды сату мен қайта сату жөніндегi операцияларды жүзеге асыруды жолымен кәсіпорындардың,фирмалардың , банктердiн жинактаушы зейнетакы қорларының сақтық институттарының ,мемлекеттің ж-е халықтын уакытша бос ақшасын жұмылдыруды қайта болудi қамтамассыз етедi.Шаруашылық жүргізудiн казргi жағдайында қаржы рыногы қаржы ресурстарын уздiксiз қалыптасып отырудың оларды негурлым тимдi пайдаланудың ұлыттық шаруашылықта ақша қозғалысысын ұтымды ұйымдастырудың айрыкша болып табылады.Қаржы рыногонда сатып алу-сатудың объектлер айрыкшалықты тауарлар-ақша және багалы (ақшалай) кағаздар болып табылады.

Экономикалық әдебиеттерде және шарушылық практикада қаржы рыноғы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келгентүрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

Ақша рыногы дегеніміз өолма-қол ақша ғана емес, қолма-өолсыз төлем қараджаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногы.

Кредит рыногы несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.

Ақша мен кредит рыноктары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Капитал рыногында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.

Қаржы рыногында сатып алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар – ақша және бағалы қағаздар болап табылады.

Қаржы рыногында багалы кағаздардың қозғалысысымен ортактастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын багалы кағаздар рыногы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының-багалы кағаздар мен туынды багалы кағаздардың айналысымен байланысты болғандыктан оны қор рыногы деп те атайды.”Қор рыногы” терминi бастапкыда багалы кағаздармен мэмiле жасалынатын және ресiмделетің мекеменiн-қор биржасының атымен байланысты.

Рыноктың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногының жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады.

  1. реттелінген тауар рыногының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі.

  2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма – қол және қолма – қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады.

  3. кредит рыногының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін рыноққа орналастыру.

Қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

  1. бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі.

  2. қаржы ресурстарын қайта болудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың , қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта болудің азаюы.

  3. шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі.

  4. бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

Қаржы рыногының маңызы бос ақша каражаттарын алу және оларды қайта болу есебiнен удайы өндіріс процесiне ыкпал етуiмен ғана айкындалып коймайды.

Оның жумыс iстеу экiмшiл-эмiршiл экономикаға тән “сатылас”әдісiн орныңа “денгейлес”қозғалысыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндiк бередi . Денгейлес қозгалыс кезнiде шаруашылық жүргізушi субъектлер арасында қаржы ресурстарын өтеусiз қайта болу турiнде тоте байланыстар iс-эрекет етед . Бұл каражаттарды маңызды сфералар мен объектлерге жедел аудару есебiнен кәсіпорындардың, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

Қаржы рыногының жандануы қорпоративтік бағалы қағаздарды –экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногының бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.

Әдебиеттер:

  1. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. /оқулық/. РМК «АӨА экономикасы және ААД ҒЗИ» баспаханасы Алматы 2007.

  2. Ібрішев И.И., Үркүмбаева Ә.Р. Банктік тәуекелдер. /оқу құралы/. Қазақ көлік және Коммуникациялар академиясының баспасы. Алматы 2009.

  3. Әділов Ж.М., Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Инвестиция менеджменті. /оқу құралы/.ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

  4. Тінәсілов М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. /оқулық/. ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

Тақырып 12. Сырткы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы.

Сабақтың мақсаты - сырткы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы дамуын түсіну.

Сұрақтар:

  1. Сырткы экономикалық сферасы қызметінің мәні.

  2. Сырткы экономикалық байланыстарға не жатады.

  3. Инвестициялардың түрлері.

Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінгің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.

Қызметтің сырткы экономикалық сферасы мемлекеттің ,оның жеке және заны тұлғаларының уксас шетелдiк катысушыларымен және халық-аралық қаржы-кредит институттрымен сауда,кредит трансферт және өзге де операциялар кезiнде катысумен байланысты қатынастардың кен шенберiн камтиды.

Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді.

  • қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру.

  • Халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу.

  • Халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.

Дамудың қазігі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:

1.сыртқы сауда.

2.шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік , соның ішінде заңы тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу.

  1. концессиялар – елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әр түрлі объектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау.

  2. Қазақстан республикасының халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді.

  3. ғылым, техника, мәдениет,туризм салаларындағы ынтымақтастық.

  4. шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.

Арнаулы экономикалық аумактарды-айрыкша құқықтык және экономикалық режимi бар арнайлы бөлінген аумактарды қалыптастыру қызметтің ерекше турi болып табылады.

Аталған сырткы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың шетелдермен валюта-қаржы,есеп-кисап және кредит қатынастарының негзiне койылған

Сырткы сауда экспорт камтиды.Өндірістын казыргi қалыптасып отырған курылымына байланысты Казакстан экспортның едэуiр улес эзiрше шикi затка ,тустi металдарга,фабрикаттарга тиiп отыр.

Макро экономикалық теорияга сәйкес экспорттын иасып тусуi таза экспорт таза ұлыттық өнімiн көлемін оны мультипликациялық эсерiне байланысты ұлыттық экономиканы дамытудың қолайлы факторы деп есептелiндi.

Инвестициялардың ек туры болады:тура және портфелдк .Тура инвестициялар дегенмз шетелдк капиталды оның егiснiн оз тэуекелдгiмен пайда алу үшін басқа елдiн экономикасында жумсауы.

Портфелдiк инвестициалар-каражаттарды жалған капиталга-басқа елдiн зани және жеке тұлғаларды шыгаратын багалы кағаздарга жумсау.Сырткы экономикалық қызметтi дамытудың негiзi коптеген шаруашылық зандарында каланған .бұл қызметтi кенейту озара байланыста және орталықсыздандыру койылған.

Сырткы экономикалық қызмет калыпты жүзеге асыруы ушн дамыған сырткы экономикалық инфракурылым қажет.Осы мақсатпен Укiметтің Кржы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiн Ұлыттық банктің курылымында сырткы байланыстарды басқарудың орғандары курылған.Валюталық реттеу-нормативтiк-құқықтык актiлердi эзiрлеу мен бекiту акпарат жинау ,валюта заннамасының сакталуын бакылау және зандарды көзделген санкцияларды қолдану.

Әдебиеттер:

  1. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. /оқулық/. РМК «АӨА экономикасы және ААД ҒЗИ» баспаханасы Алматы 2007.

  2. Ібрішев И.И., Үркүмбаева Ә.Р. Банктік тәуекелдер. /оқу құралы/. Қазақ көлік және Коммуникациялар академиясының баспасы. Алматы 2009.

  3. Әділов Ж.М., Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Инвестиция менеджменті. /оқу құралы/.ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

  4. Тінәсілов М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. /оқулық/. ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

  5. Тінәсілов М.Д. Сақтандыру ісінің қаржылық негіздері. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2011.

  6. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Қаржы негіздері: теориясы, тәжірибелер мен есептеулер. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2016.

Тақырып 13. Қаржы және инфляция.

Сабақтың мақсаты - қаржы және инфляцияны терендетіп түсіну.

Сұрақтар:

  1. Инфляцияның экономикалық мәні.

  2. Қаржы мен инфляцияның байланысы.

  3. Инфляцияның факторлары.

«Инфляция» терминi (латынның inflatio сөзінен шыккан-кебiну iсiну ақша айналысына катысты. XІX гасырдың орта iшенiнде пайда болды және АКШ-тын Азамат согысы жылдары. (1861-1865) кағаз долларының кисапсыз коп шыгарылуымен байланысты болды.

Инфляцияның дэстурлi ен жалпы анықтамасы-тауар айналымның қажеттiлгiмен салыстырғанда айналыс сферасының артык ақша айналымы массасымен лықа толып кету ,оның күнсыздануы және соның нэтежиесiнде-тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуіне,ақшаны сатып алуга жарамдылыгының томендеп кету .

Инфляция-ақша жүйеснiн дагдарысты жай куй .Ақшаның күнсыздануына мына факторлар себепшi болады.

Iшкi факторлар арасында ақшага жатпайтын және ақшалай-монетарлық факторларды бөлуге болады.Ақшага жатпайтындарды-бұл шаруашылық сәйкестiгiнiн бузылуы экономикалық цикiлдың дамуы ,онрстын монополизациясы болып табылады.

Нарыктык экономика кезiнде қаржы инфляциялық процеске бiрқатар факторлар аркылы айтарлықтай эсер етедi ..

Бiрiншi фактор-мемлекет шығыстарының өсуі бұл ерекше төлеуалушылық сурануының артуына жеткiзедi,сойтiп тiкелей

Екiншi фактор-табыска салынатын салықтын кобеюi.Салықтын едэуiр бөлігi бага механизмi аркылы тұтынушыга ауысады және рыноктағы бағаның котерлуiнiн басты себебi болады.

Үшіншi фактор-бюджеттердың ұзақ уакытты тапшылықтары.

Инфляция қаржы қатынастарын да өзгертуге ушыратады.Инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуін жандандырады.

Инфляция процесс мемлекеттiк берешегi проблемалары шиеленiстiредi.Сойтiп, қаржы мен инфляция озара тэуелдi болып келед.Томен инфляция оның болмауы ұлыттық шаруашылықтын турлi денгейiн қаржылық көрсеткiштерiн жаксартатыны секiлдi уксас жағдайда қаржы қатынастарының он бағытталыгы инфляция денгейiн томендетедi.

Нарыктык экономиканың механизмi-бэсеке мен тиiмсiз кәсіпорындардың банкроттығы жеткiлiксiз қалыптасканда,ал өндірістын жеке салаларында ол жок болғанда инфляция дамиды.Еркiн бэсеке жағдайында ,мемлекет шығыстарын немесе кредиттердi кыскарту жөнінде шаралармен туындайтын суранымның томендеу кезiнде кәсіп орын не өндірістің көлемін кыскартуга,не оның шығындарын томендеуге мэжбур болады.

Қаржы қатынастары мен инфляциялық процесстердің бір бағыты келеңсіз сипаты, бірін – бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы.

Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады:

  • бағалар өсуінің қарқыны бойынша;

  • бауя – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;

  • өршімелі – баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі;

  • әсіреинфляция – баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;

  • бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша;

  • теңдестірілген және теңдестірімеген инфляция; теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бірбіріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген инфляция кезінде – олардың бір-біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;

  • болжаулық дәрежесіне қарай;

  • күтілген, болжамды және күтілмеген;

  • шығу немесе пайда болу орныңа қарай;

  • импортталынған және экспортталынған.

Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы және шығындар инфляциясы.

Бірінші жағдайда ол заңы және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады.

Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге , кредиттер бойынша пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетугетарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады.

Әдебиеттер:

  1. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. /оқулық/. РМК «АӨА экономикасы және ААД ҒЗИ» баспаханасы Алматы 2007.

  2. Ібрішев И.И., Үркүмбаева Ә.Р. Банктік тәуекелдер. /оқу құралы/. Қазақ көлік және Коммуникациялар академиясының баспасы. Алматы 2009.

  3. Әділов Ж.М., Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Инвестиция менеджменті. /оқу құралы/.ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

  4. Тінәсілов М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. /оқулық/. ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.

  5. Тінәсілов М.Д. Сақтандыру ісінің қаржылық негіздері. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2011.

  6. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Қаржы негіздері: теориясы, тәжірибелер мен есептеулер. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2016.

32