Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ_ФИН_АНАЛИЗ_КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.23 Кб
Скачать

1Слайд

1 - Тақырып. Экономика саласындағы қаржының мәні,

Функциялары және рөлі.

Сабақтың мақсаты – қаржының мәнін, функцияларын және рөлін түсіну.

Сұрақтар:

1. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні.

2. Қаржының функциялары.

3. Қаржының экономикалық рөлiнін бағыттары.

  1. Сұрақ. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні.

«Қаржы» курсы қаржы саласындағы мамандарды дайындау жүйесiндегi негiзгi пән болып табылады, онда экономикалық ғылымды құрайтындардың аса маңыздыларының бiрi – қаржы туралы ғылым зерделенедi.

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Осыған орай қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, экономиканы ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржыны неғұрлым толық пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.

«Қаржы» ұғымы қоғамдық өнiмдi ақша түрiнде бөлуге байланысты экономикалық қатынастардың ауқымды саласын қамтиды.

Ежелгi Римде “Қаржы” терминi латын тiлiнен аударғанда “finis” – соңы, финиш, төлем соңы, экономикалық қатынастар субъектiлерi арасындағы есеп-айырысу деген мағынаны бiлдiрiп келген.

“Қаржы” ұғымы туралы ең алғашқы еңбектi атақты грек ойшылы Ксенофонт (б.э.д.430-365жж.) енгiзген. (“Афин республикасының табыстары туралы”).

Қаржы дегенiмiз қоғамдық өнiм құның жоспарлы түрде болу және қайта болу процесiнде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастар жүйесi, соның нәтижесiнде алуан түрлi қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн ұдайы өндiрiске қатысушыларда ақшалай табыстар, жинақтар мен қорлар құрылады және пайдаланылады.

Қаржының объектiсi болып қаржы ресурстары, яғни ақшалай табыстардың көздерi, жинақтар мен қорлар.

Ал, қаржының субъектiсi болып шаруашылық, коммерциялық, мемлекеттiк, қоғамдық және басқа да ұйымдар, мекемелер, үй шаруашылығы.

Қаржының мәнiн түсiну үшiн алғашқы жағдайда жалпы алғанда ұдайы өндiрiс процесiнде немесе жеке кәсiпорынның өндiрiстiк қорларының жеке-дара айналымында құнды болу және дайындалған өнiмдi өткiзу барысындағы ақшалай форманың бiршама дербес қозғалысының басталу сәтің есеп нүктесi ретіңде қабылдауға болады. Өндiрiстiң алдың-ала көзделген шарттылық сипаты жағдайында “с”, “v”, “m”-ге сайма-сай өткiзiлетің өнiмдi тиiстi элементтерге болу пропорциялары қалыптасады, соларға сәйкес ақшалай қаражат қорлары немесе осы қаражаттардың жиынтығы құрылады.

ЖҚӨ - P=C+V+M

мұндағы, C - өндiрiстiк-материалдық шығындар;

V – қажеттi өнiм құны;

M – қосымша өнiм құны.

ЖҰӨ=C+Ig+G+Xn

мұндағы, C – бүкiл халықтың, үй шаруашылығының тұтыну шығындарының көлемi;

Ig – жалпы жеке iшкi инвестициялар;

G тауарлар мен қызметтердiң үкiметтiк сатып алынулары;

Xn таза экспорт.

Мемлекеттiк өкiметтi қамтамасыз ету үшiн қоғамның барлық мүшелерi есебiнен құралатын ақшалай қаражаттың арнайы қоры қажет.

Салықтар, мемлекеттiк несие, ақша эмиссиялары арқылы мемлекет үкiмет аппаратын, армияны ұстауға, өз қызметің орындауға қажеттi ақшалай қаражатты жинап, пайдаланады. Мемлекет әрқашанда қаржы қатынастарының мiндеттi субъектiсi болып табылады. Осыған байланысты қоғамдық өндiрiстiң мемлекеттен тыс барлық басқа субъектiлерi қаржы шаруашылығын емес, тек жай ғана ақша шаруашылығын жүргiзедi.

Қаржының табиғаты мен қажеттiгi тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Бiрақ, экономиканың нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын реттеуге шамалы ғана қатысады, негiзгi реттеуiштер тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң сұранымы мен ұсынымы болып табылады.

Қаржының табиғаты тауар-ақша қатынастарының болуы мен құн заңының әрекет етуiнен келiп шығады.