Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПММ лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.06 Mб
Скачать

Техникалық ұсыныс сатысында істелетін жұмыстар (мест 2.118-73)

Жұмыс

Жұмыстың мазмұны

Техникалық тапсырманы дәлдеу

Қойылған шарттар мен талаптарды анықтау. Қосымша түсіндемелер мен информациялардың қажеттігін анықтау.

Техникалық тапсырманы талдау

Тапсырманың негізгі мақсатының тұжырымын зерттеу сынау және талдау.

Материалдар жинау

Бұрыннан шығарылып келген бір мақсатты үлгілерді шолу.

Варианттарды анықтау

Варианттардың ерекшеліктерін анықтау ,құрамына кіретін бөлшектердің орналасуы бойынша және т.б. Салыстыруға мүмкіншілік болу үшін варианттардың конструкциясын жасау.

Варианттарды тексеру

Варианттардың патенттік тарлығын,бәсекеге шыдамдылығын тексеру. Патенттік материалдарды дайындау.Варианттардың қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария талаптарына сәйкестігін тексеру.

Варианттарды бағалау

Варианттарды салыстыра талдау, олардың артықшы-лықтарын анықтау.

Ең ұтымды вариантты таңдау

Таңдауды негіздеу. Өнімнің техника экономикалық сипаттамаларын анықтау.

Жобаны қарау және бекіту

Техникалық ұсынысты қабылданған тәртіп бойынша қарау және бекіту.

Техникалық ұсыныстың конструкциялық құжаттарын жасауға қойылатын талаптар

Құжаттар

Қойылатын талаптар

Жалпы көрініс сызбалары

Стандарттар бойынша рұқсат етілетін жеңілдетулерді ескере жасалады.Варианттардың кескіні және оларды салыстыруға қажетті текстік (мәтіндік) материалдар, керекті белгімелер, өлшемдер және техникалық сипаттамалар көрсетіледі.Өнімнің құрамына кіретін бөліктердін аттары белгілері шығарылма полкаларда немесе таблицада көрсетіледі

Габариттік сызба схемалар

МЕСТ 2.701-84бойынша

Техникалық

ұсыныс ведомості

МЕСТ 2.106-68 қабылданған тәртіппен барлық Техникалық ұсыныс құжаттары көрсетіледі.

Түсіндірме хат[кесте] Таблицалар. Жоба есептарі

МЕСТ 2.106-68, 2.118-73 бойынша

Патенттік формуляр

МЕСТ 15.012-84 бойынша

Техникалық деңгей және өнім сапа картасы

МЕСТ 2.116-84 бойынша

Әдебиет

1негіз. [бет. 50-57]

Бақылау сұрақтары

1) Техникалық тапсырма нені анықтайды.

2) Техникалық тапсырманың негізгі тараулары.

3) Конструкторлық құжаттар, қандай талаптар.

4) Техникалық ұсыныс құру кезінде, қандай жұмыстар жүргізіледі.

Дәріс № 4. Эскиздік жоба

Эскиздік жоба егер оны жасау техникалық тапсырмада немесе техникалық ұсынысты қарау хаттамасында қарастырылған жағдайда істеледі. Эскиздік жоба сатысында ең ұтымды варианттың конструкциясы өнімнің жұмыс принципә мен құрылымы туралы негізгі түсінік беретін деңгейге дейін істеледі.

Эскиздік жоба дегеніміз өнімнің құрылымы мен жұмыс принципі туралы негізгі түсінік беретін және оның мақсатын негізгі параметрлерін,габарит өлшемдерін анықтайтын конструкциялық құжаттардың жинағы.

Бұл сатыда конструкторлық жұмыстардың негізінде өнімнің және техника-экономикалық сипаттамалары дәлелденеді, иптік, стандартталған және бірың-ғайланған бөліктердің пайдаланылу негіздері қаланады. Бұрын жасалған және практикада сынақтан қткен механизмдер мен бөлшектердің қолданылуына үлкен көңіл бөлінеді.

Түсіндірме хатта конструкторлық жұмыстардың нәтижелері көрсетіледі (мысалы, өнімнің жұмыс принципі, ТЭ. Параметрлері, әрі қарай істелетін конструкторлық және тәжірибелік жұмыстар бойынша ұсыныстар).

Эскиздік жоба қабылданған тәртіп бойынша қаралғаннан және қабылдан-ғаннан кейін техникалық жұмыс (ЖКҚ) жасауға негіз болады.

Жұмыс мөлшері МСТ 2.119-73 бойынша.