Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПММ лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.06 Mб
Скачать

Техникалық тапсырманы жасау тәртібі ( мест 15.001-73 бойынша )

Негізгі тараулар

Қаралатын сұрақтардың тізбесі

Өнімнің аты және қолданылу облысы, ауқыны

Өнімнің аты және шартты белгісі. Қолданылу облысының қысқаша сипаттамасы. Өнім қолданылатын объектің жалпы сипаттамасы. Өнімді экспортқа шығару мүмкіншілігі.

Өнімнің жобасын дайындауға негіздеме

Өнімнің жобасын дайындауға негіз болған құжаттың толық аты,оны бекіткен мекеменің аты және бекітілу уақыты. Теманың аты және шартты белгісі.

Дайындама мақсаты

Өнімнің эксплуатациялық міндеті және мақсаты.

Дайындаманың

түп нұсқасы

ҒЗЖ –ның және басқа жұмыстардың тізімі. Тәжірибелік үлгілердің, макеттердің тізімі.

Техникалық талаптар

Өнімнің конструкциясына қойылатын талаптар және оның құрамы. Мақсат көрсеткіштері. Сенімділік көрсеткіштері. Стандарттау және бірыңғайлау деңгейі. Қауіпсіздік талаптары. Эстетикалық және эргономикалық талаптар. Патенттік тазалық талаптары. Өнімнің құрама бөліктеріне,шикізатына, эксплуатациясына,материалдарға және басқаларға қойылатын талаптар.

Пайдалану жағдайлары.Қосымша талаптар.Белгі соғу және буып-түю талаптары. Тасымалдау және сақтау талаптары. Арнайы талаптар.

Экономикалық көрсеткіштер

Болжамды экономикалық тиімділігі. Шығындардың қайту мерзімі. Бағасы. Жылдық мұқтаждық. Аналогтармен салыстырғандағы экономикалық артықшылықтары.

Дайындама стадиялары,этаптары

Дайындама стадиялары,жұмыс этаптары,істелу мерзімдері. Жасаушы кәсіпорын. Экспертизаға жіберілетін құжаттардың тізімі,экспертиза өткізілетін стадиялар және оның өткізілетін орны.

Бақылау және қабылдау

тәртібі

Келісілуге және бекітілуге тиісті КҚ-дың және құжаттар келісілетін мекемелердің тізімі. Жұмыстарды қабылдауға қойылатын талаптар. Жасалатын тәжірибелік үлгілер саны.

ТТ-ға қосымша құжаттар

Дайындама жасауға негіз болған ҒЗЖ ның тізімі. Жұмыстақолдануға керекті сызбалар, схемалар, негіздер, есептер.

Өнімді шығаруға қажет жаңа технологиялық жабдықтар тізімі.

Техникалық ұсыныс.

МСТ 2.103-68-ге сәйкес: техникалық ұсыныс (ТҰ)-техникалық тапсырма-ны далдаудың негізінде жаңа және бұрынан шығарылып келе жатқан өнімдердің конструкциялық және эксплуатациялық еркшеліктерін ескере отырып, бұйымның түрлі варианттарының мүмкін шешімдерін салыстыру негізінде жасалған өнімнің құжаттарын жасаудың орындылығын көрсететін техникалық және техника-экономикалық негіздемелер кіретін конструкторлық құжаттардың жинағы.

Техникалық ұсыныс қабылданған тәртіп бойынша келісілгеннен және бекітілгеннен кейін эскиздік жоба - ЭЖ, техникалық жұмыс - (ТЖ) дайындауға негіз болады. Технологиялық ұсыныс жобалаудың батапқы стадиясы болып табылады және техникалық тапсырмада оны жасау ескерілген жағдайда жасалады. Техникалық ұсыныста қабылданған вариант теориялық есептерді және практикалық тәжірибені пайдаланумен өте ұқыпты түрде негізделеді. Бұл ұсынылған варианттың техникалық деңгейі мен сапасының дайындалып жатқан өнімнің барлық негізгі сипаттамаларына және жұмыс барысына тигізетін үлкен әсеріне байланысты.