Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makhatma_Gandi.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Мохандас Карамчанд Ганди адамзат тарихында бұрын соңды болып көрмеген, азаматтық үшін күрес тәжірибелерінде мүлдем қолданылмаған жаңа күресу тактикасы – күшқолданбай қарсыласу (пацифизм) әдісін ойлап тапты.Гандидің ілімі – жаңа әлемдегі Үндістанның саяси мәдениетінде айрықша орынды алады.Махатманың жүз жылдық мерейтойында радио,теледидар арқылы Үндеу жолдаған сол кездегі Үндістанның премьер-министрі Индира Ганди былай деді: «Үнді халқы Махатма Гандиді пайғамбар және революционер ретінде мәңгі жадында сақтайды.Қазір, жарты ғасырды артқа тастап біз Гандидің жеке тұлғалық қасиеттері мен ілімінің (гандизм) қадірін жете түсініп тұрмыз.Тағы да он жыл өткеннен кейін Үндістан үшін Махатма Гандидің өте жоғары дәрежеде бағаланатындығына мен кәміл сенімдімін.Оның жасаған ізгі қызметтері тек үнді халқы үшін ғана жасалды деу қателік болар, оның шындық пен күшқолданбау принциптері жер шарындағы әрбір жеке адамның өмірін бағалауға, оны қорғауға бағытталғандығына қазір көзіміз жетіп отыр».

Үндістан тәуелсіздігін жеңіп алғаннан кейін бұл жерде Гандидің бастамасымен көптеген әлеуметтік және саяси қозғалыстар жүзеге асырылды.Ол қозғалыстардың негізгі ұрнадары – сарводайя (өзгелердің мүдделерін де ойлау) және күшқолданбаушылық (пацифизм) болды.

50 жылдары бұл саяси қозғалыстарды Махатма Гандидің ең жақын жақтастарының бірі – В.Бхаве жүргізді.Ол касталарға, әртүрлі таптық бөліністерге, коммунизмге қарсы компанияға басшылық жасап, меншігі жоқ шаруаларға жер беру туралы ұрандарды көтерді.

Ал,70жылдардың ортасынан бастап, сарводайя және күшқолданбаушылық қозғалылстарына – Дж.Нараян басшылық етті.Нараян гандизм мен социализмді біріктіру мәселесін қозғап, күшқолданбаушылық ұранына негізделген «тотальды революция» лозунгын ұсынды.Гуджарат және Бихар штаттарындағы Нараянның басшылығындағы қозғалыстарға билік Ганди ілімі мен әрекетін бұрмалағаны үшін сынға алуына түрткі болды.Өйткені, көзі ашық, көкірегі ояу кейбір үнділіктер гандизмнің социализммен жақындасуын жақтамады.

80 жылдары Үндістанда гандизм лозунгын ту ететін қозғалыстар табылмай қалды.Осы уақытта ел ішіндегі билік үшін күрескен Раджив Ганди (Индира Гандидің ұлы) мен басқа да Үндістан Ұлттық Конгресінің мүшелері Гандидің күшқолданбаушылық ұранының нағыз мұрагерлері өздері екенін мәлімдеп, сайлауалды ұпай жинауға күрескен болатын.

Қазіргі таңда күшқолданбау,пацифистік раволюциялар туралы және саясатта, халықаралық,мемлекетаралық,әлеуметтік қатынастарда осы идеяның шығу тарихы жөнінде сөз бола қалса,өзге саяси қайраткерлер мен публицист ғалымдардың есімдері аталады.Бір таңқаларлық жәйт бұл жерде Махатма Гандидің ардақты есімі еске де алынбайды.Мүмкін біздің Ганди ілімі мен өміріне қатысты білім қорымыздың аздығы мен жете назар аударылмауынан да болар.

Үндістан Ұлттық Конгресінің жүз жылдық мерейтойында Ганди ілімі мен қызметі еске алынып, сол жерде үнді ойшылы, саяси қайраткер, Үндістанның президенттерінің бірі – С.Радхаркишнан былай деді: «Ганди біздің халқымыздың қайта өрлеуінің яғни, үнді ренессансының бастаушысы болды, ол өмірден өткелі бір ұрпақ ауысса да, оның ұлттық тәуелсіздікті, Үндістанның егемендігін қалыптастырудағы ауыз толтырып айтарлық үлестері бәріміздің жүрегімізде мәңгі сақталып тұрғаны анық».Радхаркришнанның ойы бойынша Махатма Гандидің пацифистік көзқарастары жалпыадамзаттық ең басты құндылығы болып табылады.

Бір айта кететін жәйт, М.Ганди көзі тірісінде-ақ халық тарапынан аса үлкен құрметке ие болды, оған үнділіктер «Махатма» («Ұлы рух иесі») деген атақ та бергені белгілі.Сол кезден әлі күнге дейін көпшілік үнді қауымдары Гандидің жоғарыдағы Құдай тарапынан Үндістанға тәуелсіздік алып беру үшін келген деген сенімдері өз маңызын жойған емес, кім біледі, Махатма Ганди де байырғы заманда езгідегі халықтарды азат етуге көктен жіберілген – Сидһартһа Гаутама (Будда); Иисус Христос, Мұхаммед Абдуллаұлы секілді «азат етушілердің» келесі бір өкілі емес екендігіне кім кепіл? Әйтсе де тарихи көзқарас тұрғысынан баға берер болсақ, Махатма Ганди өз ғұмырын қантөгістерді тоқтау, езгідегі халқын азат ету сияқты «ұлы миссияға» арнады.Мохандас Карамчанд Гандидің адамзат баласы жүрегіне «ізгілік ұрығының дәнін сепкен игі істері тек үнді халқының ғана емес әлем жұртшылығының жадында мәңгілікке сақталмақ»!

«Бұл әлемде қан мен сүйектен жаратылған Махатма Ганди сияқты ұлы адамның өмір сүргеніне келешек ұрпақ сенбейтін шығар»!

Альберт Эйнштейн

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]