Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makhatma_Gandi.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74 Кб
Скачать
☆

2.3. Гандидің жеңісі мен трагедиясы

Екінші дүниежүзілік соғыс басталған тұста, Ганди өзінің күшқолданбау туралы іліміне сүйене отырып Англияның соғыста күшеюін қаламады, алайда, фашизмге түбегейлі түрде қарсы болды.1942 жылы Ганди Үндістанның толық тәуелсіздігі үшін шешуші уақыт келіп жеткенін мәлімдеді.Ол: «Мен Үндістанның Англия құрсауынан ақыры азат болатынына таңданудамын.Британияның түпкілікті түрде Үндістаннан шыға бастауы ақыры шындыққа айналды.Мен отаршыл үстемдіктің қантөгіссіз аяқталып, жаңа дәуірдің басталуын талап етемін» деді.

Осы тұста Ганди Үндістан Ұлттық Конгресімен бірге жұмысшылар комитетінде жасаған «Үндістаннан тайып тұр» лозунгын жариялады.1942 жылы тамызда бүкіл үнділік комитет (Үндістан Ұлттық Комитетінің палаталарының бірі) Үндістанға тәуелсіздігін беру жөніндегі төтенше резолюцияны мақұлдап,Гандидің «ынтымақтаспау» компаниясын негізгі ұран етіп жариялады. Үндістан Ұлттық Конгресінің бүкіл үнділік комитеті қабылдаған Үндістанның тәуелсіздігін талап еті жөніндегі резолюциясына байланысты М.Ганди: «Әрекет жаса әлде құрбан бол» деген тарихи сөзін айтты.

Конгресс заңнан тыс жарияланды, жаппай наразылық толқуларын тоқтату мүмкін емес болып қалды.Бүкіл ел революциялық жалынмен шерулерге шықты.Ганди есімі тәуелсіздік жолындағы құрбандық пен өжеттіліктің символына айналды.Алайда, көп жерлерде революциялық күрестер сатьяграха мен күшқолданбаушылық ұрандарымен жүрмеді, бірақ Ганди жаппай бұқарамен байланысын үзбеді.Ол 1946 жылы ақпандағы теңізшілердің көтерілісін қолдаумен шектеліп қоймай, баскөтерушілер мен ағылшын үкіметі арасындағы арағайындыққа түсті.

Үндістанның тәуелсіздігін жариялауға дайындық кезінде конгресс мүшелері мен Пакистанды жақтаушылар арасындағы дау-дамайлар шырқау шегіне жетті.

Ганди барлық күшін үнді-мұсылман бауырластарының бірін-бірі қыру әрекеттерін тоқтатуға жұмылдырды.1946 жылы тамызда ол қанды қасап төрт күнге созылған Калькутта қаласына келді.Өз басын бәйгеге тігіп, шеткі аймақтар мен Бихар ауылдарына бітімгершілік саясатын жасады, өйткені, мұнда да үнді-мұсылман қырғыны орын алып жатқан еді.Ганди соғысты бар күш-жігерін сала отырып тоқтата білді, бірақ мұсылмандардың басым бөлігін өзіне қарата алмады, олар Джиннің соңынан еріп кетіп қалды, тіпті олар Пакистан үшін жандарын беруге әзір топтар болатын.

Ганди үшін оның үнді-мұсылман бірлігі идеясының күйрегені көрініс бергендей болды.Үндістанның жаңдан сайланған вице-королі Лорд Маунтбэттеннің ұсынысымен Дели қаласына Үндістанның тәуелсіздігі жайындағы мәселеге орай Ганди осы қалада біраз тұрақтады.Келіссөздер барысында Ганди мемлекеттің бөлінуіне түбегейлі түрде қарсы болғанына қарамастан, жағдайды қайта қалпына келтіру мүмкін емес болатын.

Гандидің саяси реализімі Үндістанның тұтастығы туралы мәселеде ерекше көрінді.Конгрестің бүкілүнділік сессиясында ол көпшілік конгресшілерге қосылуға мәжбүр болды, осылайша, Маунтбэтеннің жоспарымен жасалған тәуелсіз екі мемлекет құру бағдарламасы қабылданды.Үндістанның Солтүстігінде тәуелсіз Пакистан ислам республикасы жарияланды.

Үндістанның алғашқы үкіметін Гандидің көмегімен, Джавахарлал Неру басқарды.Үндістан Ұлттық Конгессінің сол кездегі төрағасы Ачарма Крипалани Гандиді «біздің ұлтымыздың әкесі» деп, ал Джавахарлал Неруді «ұлтқа жіберілген елші» деп атады.

Ол 1947 жылы 15 тамызда Үндістанның тәуелсіздігі жарияланған кезінде Ганди туралы: «Біз бұл күні ең алдымен азаттықтың құрушысы (архитекторы) және Ежелгі Үндістанның рухын жамылған ұлтымыздың әкесіне қарадық.Ол бостандық алауын көтеріп, біздің айналамызды қоршаған қараңғы әлемді жарық нұрға бөледі.Біз кейде оның өсиеттерін жиі бұзып, сенбедік те.Бірақ, енді келешек ұрпақ Үндістанның ардақты ұлы Гандидің өсиеттерін өздерінің жүрегінде мәңгі сақтайды, біз ендігі жерде ол жағып берген бостандық алауын қандай алай-дүлей желдер мен борандар соқса да өшірмейміз.

Ганди 1947 жылы 15 тамызда Калькутта қаласында болып,тәуелсіздіктің жариялануына орай дұға жасап, Үндістанның бөлшектенгеніне, құрбан болғандардың қайғысына өкініш білдірді.

Ол тәуелсіздік мерекесінің ресми түрде өтетін салтанатты жиынына қатыса алмайтындығын мәлімдейді.Себебі, Ганди мұнда әлі жалғасып жатқан үнді-мұсылман қырқысына тоқтау салу үшін Калькуттада қалуға мәжбүр болған еді.Бұл Ганди үшін жеңіл миссия болмады.Ол тәуелсіз Үндістанның тәуелсіздігінің алғашқы кезеңінде екі халық арасындағы қырғын-соғысқа орай жоғарыда айтып өткеніміздей 15 күндік аштық жариялады.Ол бұл акциясын тек екі жақ келісімге келіп, ант қабылдасқаннан кейін ғана тоқтатты.Шынында да осы күннен бастап Бенгалияда көп айға дейін тыныштық орнап, Пенджабта да дәл осындай мамыражай уақыт орнап, жергілікті жерлерде үнді-мұсылман жерлеу рәсімдері өтіп жатты.

Калькуттада тыныштық орнаған соң М.Ганди 1947 жылы қыркүйекте Дели қаласы діни соғыстардың ошағына айналды деген ақпаратты естіп, сонда жол тартып кетті.

Алайда, Ганди мұнда келгенде халықтар арасындағы әбден ушыққан шиеленісті тоқтата алмайтындығына әбден көзі жеткен соң, қайтадан аштық жариялау акциясына оралды.Оның бесінші күнінде, Ганди өміріне қауіп төне бастағаны байқалды.Үнді,сикх,мұсылман,христиан,иудей қауымдары, сондай-ақ, үндінің шовенистік Раштрия Севак Сангх ұйымы және де Үндістанның тұрақты жиналысының төрағасы – Прасад, үкімет басшысы – Джавахарлал Неру, Үнді Ұлттық Конгесіндегі мұсылман жетекшісі – Абул Калам Азад аштықтан әбден әлсіреген М.Гандиге келіп, ант берісті.Ол ант бойынша үнділерге мұсылмандардан тартып алынған мешіттер қайтарылып берілетін болды.Ганди де аштық жариялауын тоқтатты.Алайда, бұл Үндістанда жік салушылардың жағдайды қайта ушықтыруға бағытталған әрекеттерінен қайта көрінді.Бөлінушіліктер үнді тарихында терең із қалдырды.Ганди билігі оларға қауқарсыз екенін көрсетті.Осыған қарамастан, адамдар Гандидің үйіне жиналып, өздерінің ұстаздарының өсиеттері мен кеңестіктерін тыңдады.Ал ол болса оларға өмір мен тіршілік үшін, әсіресе, Үндістан үшін ең алдымен саналы ақыл-ой жеңуі керек.Тәуелсіз Үндістан бірін-бірі жек көретін, біріншісі екіншісінен қанға қан ұранымен кек алу сияқты діни қайшылықтардан сонда ғана тазарады» деді.Бұл терең ойлармен безендірілген пайғамбарлық идеялар секілді болатын.Оның идеялары ХХI ғасырға дейін жетті, алайда, Ганди бұл күнге дейін жете алмады.

Мемлекет үшін қиын кезде Ганди 1947 жылдың соңы мен 1948 жылдың басында көптеген қатерлі қауіптерге ұрына бастады.Ганди 1948 жылы 30 қаңтарда әдеттегідей, кешкі дұға оқу рәсіміне аттанды.Оны мұнда 500 сиынушылар күтіп алды.Ол әрқашан осы жерге келгенде отыратын кішкене үстеліне тізе бүгіп, дұға оқып болып күліп отырды.Дәл осы кезде Рамтрия атты террористік ұйымның мүшесі Натурам Годсе тап беріп, оған үш рет тапаншамен оқ атты.Бет-жүзіндегі күлкісі сейіліп, «О, құдай» деген сөзімен құлай берді.Гандиді салтанатты түрде жерлеу рәсімі Делиге жақын мыңдаған Раджгат қаласындағы қасиетті Джамна өзенінің жағасында өтті.Оны жерлеу кезінде миллионнан астам адам қатысып, оның басының солтүстікке қаратылып қойған өлі бейнесіне куә болды.

Сағат 16/ 40 та түстен кейін М.Гандидің баласы – Рамдас мәйітті өртейтін алауды жақты.Аз ғана уақыт ішінде Гандидің денесі күлге айналды.Бұл оның Үндістанның тәуелсіздігі мен бостандығы үшін альтарға жасаған соңғы құрбандығы еді.

Гандидің өлімі туралы ақпарат бүкіл әлемде зор сілкініс тудырды.Ол өз отанының барлық марапаттарынан, титулдарынан,ресми орындарынан өз еркімен бас тартқан қайратты ұлы болатын.Соған қарамастан, барлық мемлекеттердің басшылары (Сталиндік КСРО-ға ғана жоқ), рим папасы,

Кентерберий архипескопы, Тибет далай-ламасы т.б. жүздеген діни және саяси қайраткерлер өздерінің көңіл айту хабарларын жолдады.Оның есімі БҰҰ-да еске алынып, БҰҰ-ң жалаулары түсірілді.

Гандидің денесінің күлі Раджкоттағы мемориалда сақтаулы.Жыл сайын оның туған күніне орай 2 қазанда мемориал алаңына мыңдаған оның отандастары, соның ішінде – Үнді Ұлттық Конгресінің мүшелері, ескі достары, жастар,ресми тұлғалар, президент, примьер-министр т.с.с. қайраткерлер жиналып, Махатма Гандиді еске алады.

Гандидің өмірі оның ұлы жеңісі мен яғни Үндістанның егемендігін жеңіп алумен және оның қайғылы қазасымен аяқталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]