Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447.49 Кб
Скачать

9 Тақырып. Құрылымдардың технологиясы

Қазіргі замандағы бұйымдарды құрастыру жоғары пайдаланулық сипаттамаларға және олардың төмен құндылығына негізделген. Мұндай құрастыру құрылымның технологиялық принциптің сақтағанда қамтамасыз етіледі. Технологияланған құрылым – жоғары пайдалану сапасын, өз еңбек сиымдылығын және материал сиымдылығын және төмен құндылығын қамтамасыз ету тиіс. Бұдан басқа құрылымның технологиялықтығы сериялы өндірісті тең игеруіне себепші болады.

Бұйымдарды технологиялықтығына өңдеу үздіксіз процесс болып келеді. Ол құрастыру бірінші кезеңдерінен басталып сериялы және жаппай өндірістің дайындалуында жалғасады. Бұйымдарды технологиялықтығына өңдеу тек қана өнім щығару тоқтатылғанда ғана аяқталады. Жаппай өндіріске арналған бұйымды құрастырған кезде екі негізгі мәселе шешіледі: 1)бұйымды жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық талаптарды орындау; 2) өндірістең технологиясының талаптарын орындау. Құрылымды технологиялықтығына өңделуі: 1) құрастырылуы; 2) технологиялы және 3)пайдаланулы болуы мүмкін.

Конструкторлы өңдеуге кіреді:

1) бұйымды жинаудың жеңілденуі;

2) бұйымды жинау мен қадағалау ыңғайлығы үшін бұйым жиынтығын бөлшектеу

3) бұйымның бөлек жинақ бөлшектерін параллельді жинау мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

4) бұйымға кіретін бөлшектер атының санын азайту;

5) қарапайым пішімі бар бөлшектерді пайдалану;

6) пайдаланылған материалды, бұйымды жұмысының қауіпсіздігін ескертіп және бұйым дайындамаларының технологиялықтығын пайдалана отырып, жаңарту;

7) конструкторлық базаны таңдау және бұйым жасау технологиясын ескере отырып өлшем өзгеруін тоқтату;

8) өңделетін бұйымдарды керекті тазалығын орнату, қажетті қарым – қатынасты қамтамасыз еткізетін өлшемнің өзгеруін орнату;

9) бұйымның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін құрылымдық аралықтарды орнату;

10) бөлшекпен элементтердің жинақтық бірліктің; приборлардың упификациясы.

Технологиялық өңдеуге кіреді:

1) бұйымдардың упификациялығын жиынтықтылығын жиынтық бірлігін сақтау;

2) қазіргі замандыұ жоғарыөндірістік, автоматтандырылған және жығары технологияланған өңдеу процестерін пайдалану;

3) берілген дәлдік пен бұйым жасау материалдар мен қамтамасыз ету;

4) бұйым жасауға минималды шикізат пайдалану;

5) бұйымның дәлдігі мен сапасын бақылайтын аспаптар мен әдістерді қолдану.

Пайдаланулық өңдеуге кіреді:

1) бұйымның пайдалану қауіпсіздігі мен төзімділігі;

2) пайдалану кезіндегі ыңғайлығы;

3) жөндеудің ыңғайлығы мен қарапайымдылығы;

4) өнімнің минималды салмағы машина құрылымының.

Механизмнің жиынтық бірліктің немесе тетіктің технологиялықтығын жоғарылату жұмысын жасауда, келесі негізгі заңдылықтарды сақтау керек.

1. Тетік құрылымының технологиялықтығын жасағанда, жинау мен өңдеудің жоғары өндірулік және экономика жағынан анықталған технологиялық процестерін қолдануға әсерін тигізу керек. Бұл технологиялық процестерді қолдану өндірістің көлемі мен пішімі мен анықтауы мүмкін. Бұл процестерді қолдану үлкен шығынға ұшыратады, сондықтан өнімді тек көп мөлшерде шығарғанда экономика жағынан ақталуы мүмкін.

2. Жиынтықты технологиялықтығы жағынан өндіргенде өнімді барық жағынан қарастыру керек, өйткені бөлек тетіктердің технологиялықтығын жоғарылатқаны мен, ол қажетті нәтижеге әкелмейді.

Жиынтықты технологиялықтығын бағалау әдісі

Жиынтықты технологиялықтығына өнімді өңдеуді, екі немесе одан да көп жиынтық варианттарын өңдеуге дейін және кейін күйлерін салыстырып және жүзеге асыруға болады. Жиынтықты технологиялықтығы бағалаудың ең нақты әдісі болып оған кеткен шығыннын анықтау болып келеді. өйткені басқа әдістер қажетті нәтижеге әкелмейді.

Өнімнің өндіру бағасы С келесі тәуелділкпен анықталады:

С = М+З+Н,

Мұндағы: М – материалдар құны

З – негізгі жал ақы

Н – шығымдар, оған кіретін аспаптын құнан кетек пайыздар, технологиялық цямтеля құны, көмекті қызмет көрсетуші, техникалық және басқару аппартының жалақысы.

Негізгі жалақы өңделетін өнімнің еңбек сиымдылықтық жүиесі болғандықтан, өнімнің еңбек сиымдылығы және материалдар құны мен бірге жиынтық технологиялықтығының негізгі көрсеткіші болып есептеледі, әр тетіктің өндірудің толық еңбек сиымдылығы дайындаманың өндіру еңбек сиымдылығынан; механикалық термикалық беттерді өңдеу қосындысынан шығады. өнімді өсірудің толық құнына әр тетікті өндіру еңбек сиымдылығы, жинау еңбек сиымдылығы және дайын өнімді тексеру қызметтері кіреді. Механикалық өңдеу мен жинау бір типті өнімдерден тұрақты тәуелді болып келеді және өзара қатынаста болады.

Жинау жағынан жиынтықтың технологиялықтығы – тараптар жиынтығының элементтерінің дұрыс таңдалуы мен сипатталады.

Механикалық өңдеу жағынан қарағандығы жиынтықтың технологиялықтығы

Егер тетік механикалық өңдеуден өткеннен кейін өңдеуге минималды өтпелді шешуін қанағаттандырса, оның жиынтығы технологиялы деп саналады. Яғни технологиялық жиынтық дұрыс дұрыс дайындаманы таңдауын қамтамасыз ету керек, ал оның пішімі мен өлшемі дайын өнімнің өлшемі мен пішімі жақын болуы тиіс. өнімді өңдегенде қиын конструкциялы арнайы құралдар мен арнайы процестерді өндіру мен үшін, өнім пішімі қарапайым болуы тиіс.

Технологиялық жиынтық - өнімдердің, қатынастарды және өңдеу тазалығының белгілерін анықтау керек. Ол өнімнің минималды еңбексиымдылығын алу керек. Көрсетілген тараптардан басқа, тетіктің минималды және жоғары сапалы өңдеуін, материалдықжақсы өңделуін қамтамасыз ету керек. Мәселен, төмен көміртекті болатты (С 0,3 % дейін) беттің жоғары тазалығымен өңдеу мүмкін емес олардың олардың тазалығы 6 – класс деңгейінде болады. Егер тетік берілген материалдан жасалса, тезірек өңделеді. Құрамында орташа көлемді көміртегі бар болат, жоғары температуралы термикалық өңдеуде өте жоғары таза күймен өтеді. Құрамында көміртегісі жоғары (y 10, y12) болат, жанған күйінде жақсы тазалықпен жақсы өңдеулікті қамтамасыз етеді.

Қаттылығы HRC 45 – ке дейін болатын металл және металдық балқытпалардан жасалған тетіктер қазіргі заманғы кескішті құралмен өңделуі тиіс, ал қатаңдығы HRC 45 – тен жоғары тетіктер кескішті құралмен өңделмейді, олар абразивті құралмен өңделеді. Дайындаманың технологиялықтығын өңделетін беттердің санын азайту арқылы жоғарылатуға болады. Бірнеше тетікті бір құйылған дайындамаға алмастыра отырып жиынтықтың технологиялықтығын жоғарылатуға болады. Тетіктерді прокатта құрастыра отырып тетіктің жауапсыз беттері өңделмей қалдыруға тырысу керек. Құйылған және ыстық өңделген тетіктердің де жауапсыз беттерін өңделмей қалдыруға тырысу керек. Егер де фасонды бет дайындаманы механикалық өңдеусіз алынатын болса, фасонды беті бар тетік технологиялы деп есептеледі. Кейбір жағдайларда құрылымды кішкене өзгертсек тетікті профильді прокатпен алуға болады, соның арқасында өңдеудің металл сиымдылығын және жұмыс сиымдылығын азайтуға болады. Құбыр формалы тетіктерді жобалағанда тігістері жоқ құбырларды пайдалану керек. Соның арасында олардың пайдасын жоғарылатуға болады. Қысым арқылы құю арқылы өндірілген тетіктер жоғары өңдеуді талап етпейді және металды пайдаланудың жоғары коэффициентімен ажыратылады. Дайындаманың бұл түрі жоғары технологиялыққа ие.

Тетіктің пішімінің технологиялығына қойылатын талаптар механикалық өңдеудің өндірістік әдісін қолдануын ескеру керек. Тетік пішімінің технологиялығына қойылатын талаптар: 1) механикалық өңдеуге ұшырайтын тетіктердің пішімін қарапайым жасау; 2) тетік беті элементтерін ерекшелендіру; 3) жалпақ беттерді механикалық өңдеу үшін ыңғайылақ орналасуы; 4)өңделетін беттердің пішімі мен өлшемдері өңдейтін құрал – саймандармен икемділігі. 5) тетіктің барлық беттерін өңдеу мен өлшеудің мүмкіншілігі және құралдардың шығуға мүмкіндігі мен тетіктерді өтуге өңдеу; 6) тетіктің беріктігін қамтамасыз ету; 7) тетік элементтерінің станокта өңдеу ерекшеліктеріне байланысты орналасуы; 8) технологиялық базаның дұрыстығын қамтамасыз ету; 9) жоғары жылдамдықта тетікті өңдеген кезде тербелістер болмас үшін, тетік массасын бірдей барлық жаққа тарату.

Құйылған дайындамалардың құрылысының технологиялықтығы

Құю рационалды әдіс болып саналады, өйткені бұл әдіс кезінде тетіктің ең қиын конструктивті пішімдерін орындау мүмкін, қажетті сипаттамасы материалдарды жинап тетіктің минималды салмағын қамтамасыз етуге болады.

Құйылған тетіктің технологиялығына өңдеуге кіреді: 1) құю әдісінің пайдалы әдісін қолдану; 2) деталь бетіндегі кедір – бұдырлық ескере отырып модульдың ығысу бетін анықтау; 3) мехагикалық өңдеуге арналған механикалық базаларды ескере отырып беттің базасын таңдау; 4) бөлшектердің, олардың құрылымы мен өлшемінің санын анықтау; 5) қабырғадағы өлшем өзгеру мен металл жиналған орындарды жоқ қылу; 6) қаралы өлшемдерге жеткізулерді алып тастау және басқа тапсырмаларды шешу. Құйылған металлдар жоғары сұйық ағымдық қасиетке ие болу керек, ол пішімді жақсылап толтыруға әсер етеді және тетіктің керекті физико –механикалық қасиеттерін қамтамасыз етеді.

Құйылған тетіктердің көбісі болатпен шойыннан құйылады. Жоғары физико –механикалық талаптар қойылатын тетіктерді құю үшін арнайы болат пен шойын қолданады. Құйылған тетіктерді технологиялығына өңделгенде қымбат арнайы болат пен шойынды, мыс пен мыс құймаларын қолданудан бас тарту керек, бұлардың орнына арзанырақ материал қолданған жөн. Түсті металлдарын құймасынан жасалған тетіктер жоғары тат басуға қарсылық қасиетіне ие, бірақ көптеген жағдайларда балқытпалардың қасиетін өзгертпей бұл материалды арзанырақ материал мен алмастыруға болады. Алюминийлігі құймадан жасалған тетіктер, авияциялы, тетік жасау, автотракторлы және басқа өндірістерде кеңінен қолданылады. Алюминийлік балқытпа қара металдармен салыстарғанда төмен меншікті салмаққа, жоғары сұйық ағымдыққа ие, мұның барлығы қиын пішімді жеңіл тетіктерді алуға әсерін тигізеді. Магниттілік балқытпа да осындай таралған, өйткені олардың магнитті салмағы төмен және тат басуға жоғары қарсылық қасиетіне ие. Автомобиль мен тракторлардың арматурасын, аспаптардың тетіктерін құйғанда мырыш балқытпалары жоғары технологиялық қасиетін қамтамазыз етеді. Құйылған тетіктерге материал таңдағанда тексерілген құйылатын балқытпаларды қолданған жөн.

Ыстық өндірілген дайындамалардың құрылысының технологиясы

Өндіріс кезінде бос қалау әдісі қолданылады, ал ірі сиялы және жаппай өндіріс кезінде ыстық өндіру әдісі қолданылады. Ыстық өндірілген дайындамалар жоғары сапа бетінің тазалығы қасиеттеріне ие және пішімі мен өлшемдерінің дәлдігі өте жоғары болады. Ыстық өндіру арнайы технологияланған қамтамалар пайдалану арқылы жүзеге асырылады, сондықтан ол жоғары өндірісті болып саналады. Ыстық өндірілген тетікті технологиялыққа өндіргенде өндірілген дайындамалардың штампта жзықтық ішінде орын ауыстаруын ескеру керек. Ыстық өндеу кезінде мүмкіндігінше беттерді максималды түрде механикалық өңдеусіз дайын күйде алу керек. Оң немесе сол тетіктерді жинақтағанда оларды бір материалдан алу керек. Айналмалы дана пішімді тетіктерде штамптың ажырау жазықтығы оське перпендикуляр болуы тиіс, тек дайындама ұзын болған жағдайда ғана жазықтық ось арқылы өтуі мүмкін. Қабырғаларды ажырау жазықтығында орналастырған дұрыс.

Суықтай өндірілген дайындамлардың құрылысының технологиялықтығы

Суықтай өндіру – дайындаманың жоғары сапасын қамтамасын ететін жоғары өндірістік процесс. Ол тек ірі сиялы және жаппай өндірісте ғана өз пайдасын тигізеді, өйткені қымбат штамптардың қолданылуын талап етеді. Аз сериялы аспаптарда орындауға болады. Суық өндірілген тетіктер төмен ағымдық шегі бар, үлкен ұзаруы мен аз беріктігі бар шикізаттан жасалады. Суық өндірілген тетіктер шабу мен ұру,майыстыру, созу, суық қысу және т.б. әдістер арқылы жасалады. Суық өндірілген тетіктер табу мен ұру, майыстыру, созу, суық қысу және т.б. әдістер арқылы жасалады. Созу арқылы жасалатын тетіктер дәлдігі3 – класқа дейін барады. Суық өндірілген тетіктерді жеңілдету үшін тетікті мүмкіндігінше икемді пішіммен қамтамасыз ету; металл шығынын төмендету; өндірудің бағасы мен еңбексиымдылығын төмендету; өндірудің бағасы мен еңбексиымдылығын төмендету; 2) физико – механикалық қасиеті мен өлшемі бойынша тетік материалын таңдау; 3) технологиялық базаларды ескере отырып сызбаға өлшемдерді түсіру.

Әдебиеттер: 1нег.[101-120], 2 нег [30-36]

Бақылау сұрақтары:

  1. Технологиялық құрылыдылық көрсеткіштерін белгілеңдер.

  2. Бөлшектердің технологиялық пішіміне қойылған негізгі талаптарды атаңдар.

  3. Технологиялық құрылыдылығын жетілдірудің қандай түрлері болады.