Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447.49 Кб
Скачать

2 Тақырып. Өндірістік түрлері мен әдістері

Машина жасауда өндірістің 3 типі анықталады: бірліктік, сериялы және жаппай басқа машина жасау зауыттарында сияқты, автомобиль және трактор зауыттарында өндіріс типтерінің барлық түрі кездеседі. Сондықтан зауыт өндірісін сипаттау үшін, оның көп қолданылатын технолгиялық процестерге сүйену тиіс.

Бірліктік «индивидуалды» өндіріс деп, бөлшек пен дайындаманың тек бір дана мен, әр түрлі пішінде шығаралатын өндірісті атайды. Бұл жағдайда шығарылатын бөлшекпен дайындаманың қайталануы жоспарланбаған.

Бірліктік өндірісте кең номенклатуралы бөлшектер салыстырмалы аз данада шығарылады сондықтан бұл өндірістің түрі әр түрлі тапсырмаларды орындауға ыңғайлатуға тиіс. Бұл үшін зауыттар, кең номенклатура өнімдер жасай алатын, әмбебап аспаптар мен қамтамасыз етіледі соны мен қатар әмбебап құралдар мен кесу құралдар мен қамтамасыз етілуі тиіс.

Бірліктік өндірісте негізінде заңдылықты – концентрленген технологиялық процесс қолданылады: бір станокта көптеген өтпелер саны орындалады одан кейін бөлшектің толық өңделуі орындалады.

Бірліктік өндіріске мыналар жатады машиналардың эксперименттелу мысалдары күшті гидротурбиналарды жасау, электрогенераторлы және т.б.

Сериялы өндіріс деп, бір бөлшектің қайталап шығаруын атайды. өндірістің бұл кезеңінде станоктар, бөлшектің аяқталуын жаболанып болғаннан кейін қайта жөнделеді.

Сериялы өндірісте технологиялық процесс белгілі бір станоктарға бекітілген операцияларға бөлінген. әр түрлі станоктар қолданылады: әмбебап, мамандырылған, автомамандырылған.

Станоктардың мамандырылғаны соншалық олар бір өндірістік сериядан одан құрылымдық жағынан бір өндірістік сериядан, одан құрылымдық жағынан өзгеше болатын басқа өндірістік серияға өтуіне болады.

Мысалға әмбебап станоктарды қолданғанда мамандырылған және арнайы аспаптар мен кесу құралдарын қолдануға болады, сонымен қатар шығын мен күшімен экономикалық пайданы есептеу тиіс. Сериялы өндіріс біріліктік өндіріске қарағанда едәуір үнемді, өйтекні бұл процесте мол өнімді аспаптар мен құралдар пайдаланылады. Жұмысшылардың мамандалуына байланысты еңбек өнімділігі жоғарылайды.

Бір жыл ішінде сериядаөнімдердің санына,олардың сиымдылығына, қайталануына байланысты аз орта және көп сериялы болып бөлінеді. Аз сериялы өндіріс ұйымдастырылуы жағынан бірліктік жақын, ал көп сериялы өндіріс жаппай өндіріске жақын.

Өндірістің сериялық түріне санок жасау және т.б. жатады.

Жаппай өндіріс болып, бір типті өнімдер бөлшектер және дайындамалар үздіксіз ұзақ уақыт бойы жасалатын өндірісті айтады. Жаппай өндірістің сипаттық белгісі болып барлық жұмыс орындағы үздіксіз қайталанатын жұмыс саналады. өндірістің бұл түріне машина, трактор жасау кіреді.

Машина жасауда дайындама мен бөлшек өндірудің және машина жинаудың 2 түрі бар: ағымдық және ағымдық емес. Егер әр операциялар бөлшектер партияларымен жасалса, бұл әдісті ағымдық емес деп атайды. өңделетін бөлшектер белгілі бір жұмыс орнына немесе аспапқа бекітілмейді, ал бұл аспаптар технологиялық процестің заңдылық тәртібі бойынша орналасқан.

Егер барлық жұмыс орындарындағы операцияларының уақыт ұзақтығы бір – біріне тең немесе еселі болса, онда жұмыс ерте орнатылған жиілік бойынша үздіксіз ағыммен атқарылады.

Жиілік деп, белгілі машиналардың шығарылатын уақыт аралығын атайды.Жиіліктің есептік саны мына формула мен анықталады:

τ =F/N мин/дана,

мұндағы: F – минут мөлшеріндегі уақыт (жылдық немесе сағат ішінде)

N – сол уақыт ішіндегі өнімнің, бөлшектің немесе дайындаманың шығарылған саны.

Егер ағымдық өндіріс кезінде операцияларының орындалу уақыты жиілікке теңде еселі де болмаса, онда жұмыс өз бетімен орындалады. Бұл жағдайда операциялардың еңбек сиымдылықтары әр түрлі болғандықтан өңдеудегі станоктар түрлі ауырлықпен қызмет атқарады, мұндай кезде бұйымдардың қозғалу жылдамдықтары әр түрлі болады.

Егер уақыт арасында ағымдық өндірісті құрылымдық жағынан ұқсас бұйымдар шыңдалатын болса, ол үзілісті ағымдық деп атайды.

Үзілісті ағымдық өндіріс ұзақ уақыт жұмсалатын операциялары бар ірі сериялы өндірісте қолданылады. өз беті мен орындалатын линиялар кез – келген еңбек сиымдылығы бар ірі сериялы және жаппай өндірісте қолданылады.

Ағымдық өндірістің экономикалық тиімділігі қысқа өндірістік циклдермен, минималды еңбек сиымдылығымен және өндірілген бұйымның өз құнымен анықталады.

Цикл деп технологиялық немесе өндірістік қайталанатын процестің басынан бастап, процестің аяғына дейін уақыт аралығын атаймыз.

Әдебиет: 1нег.[5-9], 2нег.[10-16]

Бақылау сұрақтары:

1.Такт дегеніміз не?

2.Дайындамаларды дайындау әдістерін ата.

3.Дара,сериялы және жаппай өндірістерді сипаттап бер.

3 Тақырып. Дайындамалардың түрлері мен оларды алудың негізгі әдістері.

Машина бөлшектер үшін дайындамалардың негізгі түрлері:құймалар,қалыптаулар,сорғылмалар, илем, пластмасса мен метал ұнтақтарынан дайындалған және пісіріліп қалыпталған дайындамалар. Алыну әдістеріне байланысты дайындамалардың сапалы сипаттамалары.Бөлшек материялы мен құрылымының дайындаманы алу әдісінің таңдауына әсері мен құрылымының дайындаманы алу әдісінің таңдауына әсері.Дайындаманың жолымен металдарды рационалды және үнемі пайдалану міндеттері.Еңбек шартының,қоршаған ортаны қорғау мәселелері.Қалдықсыз технология.

Транспортты өнеркәсіпте келесі негізгі дайындамалар қолданылады:

а)шойын,болат және түрлі түсті металдар құймалары;

б)болат және кейбір түсті металдар соғылмалары мен қалыптаулары;

в)болат және түсті металдар илемдері;

г)илемді болат және басқа да металдар пісіріп-қалыптаулары;

д)пластмасса құймалары мен қалыптаулары;

е)қышты метал(ұнтақты металлургия).

Тетіктің құны дайындамалар құны мен оны өңдеуге кетек құн қосындыларынан тұрады, сондықтан дайындама алумен оны өңдеу процессін ескере отырып, тетік процессін комплексті түрде қарастыру керек. өндірістің берілген талаптарына сай дайындама алудың ең қолайлы және арзан әдісін таңдау керек. Мысалы, жаппай өндіріс кезінде пішімі бойынша дайын өнімге ең жақындалған тетікті өндіру экономикалық жағынан ақталады.

Дайындаманың технологиялық сипаттамасы үшін (тетіктің геометриялық пішімі мен өлшем дұрыстығы мен металдың физикалық қасиетін бағалауын санамағанда) металл алу коэффициенті қолданылады.

Кg = g1-g2 / g1

мұнда, g1 – дайындама салмағы;

g2 – тетік салмағы.

Дайындаманы құю әдісімен алу

Дайындаманы бір реттік, жартылай үнемі және қолданылатын қалыптарға құюға болады.

Бір реттік қалыптарға құю. Бұл әдіс өлшемдері мен салмағы әртүрлі қара және түсті металдардан дайындамаларды алу кезінде қолданылады. Құю бір реттік ылғалды немесе құрғақ құмды қалыптарды, қабықшалы (қауызды) қалыптарда және түзету модельдері (прецизионды) бойынша жүргізіледі.

Құмды қалыптар құрамжәшікте немесе құрамжәшіксіз орындалады. Құрамжәшіксіз орындалған қалыптар қолмен дайындалады, ал құрамжәшікте – қолмен және машинамен.

Құрғақ (өзекшелі) қалыптар конфигурациясы (қозғалтқыш цилиндрі, гидротурбинаның жұмыс доңғалақтары және т.б.) күрделі маңызды құймаларды алу үшін қолданылады. Қалыпты өзекшелерден қимаүлгі мен кезеулеткіш бойынша жинайды; ол дәлдігі жоғары дайындаманың алынуын қамтамасыз етеді. Қабықшалы қалыптарға құю арқылы алынатын, құмды-шайыр қоспадан дайындалатын дайындамалардың, қарапайым қалыптарға құйылып, алынатын құймаларға қарағанда, өлшемдері мен пішінінің дәлдігі әлде қайда жоғары және беті таза болады. Қабықшалы қалыптарда сұры және жоғары берік шойындардан, болат және түсті қорытпалардан құймалар дайындалады. Осы әдіспен әдетте салмағы 100 кг-ға дейін баратын бөлшектердің күрделі және маңызды дайындамалары дайындалады. Қабықшалы қалыптардың, 92-95 % кварц құмы мен 8-5 % термореактивті шайыр (фенолфармальдегид шайыры бакелит типі және т.б.) қоспасынан тұратын қалыңдығы 5-8 мм берік жіңішке қабырғалары бар. Сонымен қатар сұйық шыны, бетонды және т.б. тез қатайғыш қоспалар қолданылады.

Қабықшалы қалыптарға құю әдісі, құйылу жерінің пайдалануын 10 есе қысқаотады, еңбек өнімділігін 10-15 есе жоғарлатады, құю цехіндегі жұмыс шартын әлде қайда жақсартады. Бұл әдіс әсіресе бөлшектердің ірі сериялы және жаппай шығарылуында тиімді. Ол қабырғасының қалыңдығы 3 мм болат құймаларын және қабырға қалыңдығы 1 мм алюминий қорытпаларын алуға мүмкіндік береді. Құйма дәлдігі 4-5 – дәлдік класына, ал бет тазалығы 3-4 класқа сәйкес келеді.

Балқытылатын үлгі бойынша құю, күрделі пішінді дайын бөлшекке соншалық жақын, тіпті жеке жағдайларда, бөлшектеп немесе толықтай механикалық өңдеуді қажет етпейтін дайындамаларды алуға мүмкігдік береді. Балқытылатын үлгілері бойынша аз ғана (3 кг-ға дейін) құймаларды дайындауды, бірақ жеке жағдайларда олар аса көп салмақты болып мүмкін. Шойын құймасы қабырғасының ең кіші қалыңдығы 0,15 мм, ал аллюминий қорытпаларынікі – 0,8 мм. Тісті доңғалақтар дайындамаларын тістерімен, оймакілтекті белдіктерді шлицтермен және т.б. құюға болады. Құймада металдың жоғары тығыздығын алу үшін центрден тепкіш немесе вакуумды – центрден тепкіш әдісін қолданылады. Құю процесінің өнімділігін жоғарлату үшін бір қалыпқа балқытылатын үлгі бойынша дайындама тобын құйған дұрыс. Бұл жағдайда дәлдік класы 4-5 бет тазалығының 3-4 – класқа жататын құймалар алынады.

Жартылай тұрақты қалыптарға құю. Бұл қалыптарға гипстен, цементтен, кірпіштен және тастан дайындалады. Гипсті қалыптар салмағы 1 кг-ға дейін баратын шойын және түсті металдар қорытпаларын дайындау үшін қолданылады.

Типті қалыптардағы құймалардың қабырғаларының қалыңдығы 1-1,5мм, ал аллюминий қорытпаларының вакуумның әсерімен – 0,2мм бола алады.

Бұл әдіспен тісті доңғалақтардың,оймакілтекті белдіктердің,турбина қалақтарының құймалары дайындалады.Цемент және кірпіш қалыптары автотрантар өнеркәсібінде қолданылмайды.

Тастың қалыптары бетінің тазалығы 6-класқа жататын және беткі қабаттың ағартуын қажет етпейтін шойын мен қола құймаларының алынуын қамтамассыз етеді.Талькоктинолит-хлоридті сланецтен жасалған қалыптарды жаппай өндірістегі кокильдердің орнына қолданылады.

Тұрақты қалыптарға құю. Метал қалып-кокильдарға құю кең қолданылады. Құюдың бұл әдісі дәлдік классы 4-7және бетінің тазалығы 3-4-класқа жататын құймаларды алуға мүмкіндік береді.Метал қалыптарға болат,шойын және түсті металдардың салмағы бірнеше грамнан бірнеше тоннаға жететін дайындамаларын құюға болады.

Метал қалыптарының шыдамдылығын арттыру үшін оларды сумен салқындатады. Бұл әдісті сериялы және жаппай өндірісте қолданған тиімді. Ол құмды қалыптарға құюмен салыстырғанда,еңбек өнімділігің 2есе және одан жоғары,өндіріс аймағын 4 есе және қалып материялына жұмсалатын шырынды 2есе азайтуға мүмкіндік береді.

Қысыммен құю әдісі негізінен тұрақты қалыптарда жүргізіледі және жазықтықтары терең күрделі жұқа қабырғалы құймаларды дайындау үшін қолданылады. Құймалардың құрылымынын үсақ түйіршіктілігі метал беріктігін құмды қалыптарда алынатын құймалар беріктігімен салыстырғанда 1,5есе жоғарылатылады.

Қысыммен құюға арналған қалыптардың өзіндік бағасы жоғары,сондықтан мұндай әдіс ірі сериялы және жаппай өндірістерінде қолданылады.

Төлке, сақина, құбыр және басқа да айналу бөлшектерін құю үшін центрден тепкіш машиналарында центрден тепкіш құю әдісі қолданылады.

Бұл процестің ерекшелігіне көпқабатты құймаларды алу мүмкіндігі мен өзекшені қолданусыз ішкі құыстың пайда болуы жатады. Металдан жасалған сауытқорамға металды құю, футерленген сауытқорамен салыстырғанда аса сапалы құйма алуға мұмкіндік береді, бірақ та соңғысының қызмет ету мерзімі, қыздыруы аз болғандықтан, ұзағырақ. Центрден тепкіш құюмен алынған болат және шойын құймаларының дәлдігі 6-8-класқа, ал бетінің тазалығы 3-класқа сәйкес келеді.

Қысымен өндеу арқылы дайындама алу

Металды қысыммен өндеу процессі жоғары өнімділігімен салыстырмалы аз еңбек сыйымдылығымен ерекшеленеді, металдың тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді және металдың механикалық қасиеттерінің жақсаруына ықпалын тигізеді.

Дайындамалар соғу, ыстықтай қалыптау, салқындай көлемді қалыптау және салқындай беттік қалыптау әдістерімен алынуы мүмкін.

Еркін соғу. Ол соғу балғаларымен жүзеге асырылады. Трактор мен көлік бөлшектерінің фасонды дайындамаларын алу үшін пневматикалық балғалар қолданылады. Еркін соғуды тек қана дара өндірісте қолданған дұрыс. Астаулы қалыптауларды қолдану арқылы соғу өнімділігін 5-6 рет жоғарылатуға болады. Соғудың бұл түрі ұсақ сериалы өндірісте қолданылады. Қалыптау алдында, еркін соғу арқылы дайындамаға, берілген паковка пішініне ұқсас пішін береді. Астаулы қалыптауларда алынатын қалыптаулар мөлшеріне берілетін шақтама, еркін соғу кезіндегі шақтамаға қарағанда, шамамен 2-3 есе кіші. Ұсақ сериалы өндірісте ақпаратпен басқарылатын радиалды-соғу машиналарындағы соғу қолданылады. Бұл машина, оның ақпараттық қондырғысына салынған, берілген ақпарат бойынша жұмыс істейтін, тізбектелген екі не одан да көп байқалардың жылдам соғуыларының көмегімен, шыбықты немесе құбырлы дайындамалардың устаптары бойынша созуды және қысуды периодты түрде жүзеге асырады. Радиалды-соғу машиналарында ыстықтай және салқындай соғуды жасауға болады. Салқындай соғу кезіндегі өлшемдердің дәлдігі +0.02-+0.2мм аралығында болып, бетінің тазалығы 7-9-класқа сәйкес келеді, ал ыстықтай соғу кезіндегі дәлдік +0.05-0.3мм және бетінің тазалығы 1-3-класқа жатады.

Ыстықтай көлемді қалыптау. Ыстықтай көлемді қалыптау балғаларда, көлбеу-соғу машиналарында (КСМ), қалыптау пресстерінде және соғу иілкіштерінде жүзеге асырылады. Балғалармен қалылыптау сериялы және жаппай шығару өндірісіне қолданылады. Белгілі бір құрама пішіні талап етілетін дайындама, бір қалыптаумен орындалған, бірнеше ағында тізбектеліп өндеу жолымен алынады.

КСМ-де қалыптаумен салмағы 0.1-100кг дайындама дайындалады, КСМ-де, материал талшықтарының қолайлы бағытта орналасу, соғылманың жоғары сапасын қамтамасыз етуге болады. Пішіна бойынша қарапайым дайындамаларды КСМ-де дайындау кезінде кенеріксіз алуға болады, ал пішіна күрделі дайындамаларды - өзінің салмағының 1% - нан аспайтын кенерікпен алуға болады. КСМ-де тесігі өтпелі және терең тұйық қалыпталған дайындамалар алынады. Қалыпталған дайындамаларды дәлдігі жоғары шыбықтар мен құбырлардан алуға болады.

Автотрактор өнеркәсібінде гидравликалық, үйкелестік және қосиінді баспақтарда қалыптау кең қолданыс тапты. Гидравликалық баспақта қалыптауды женіл және пластикалық қасиеті нашар қарытпалардан, аз ғана деформация жылдамдығын қажет ететін дайындамаларды алу үшін қолданады. Жайжұрістігіне байланысты, гидравликалық баспақтардың төмен өнімділігі, қалыпталған дайындамаларының өзімдік бағасын, басқа түрлерінің баспақтарында алынатын қалыпталған дайындамалардық өзіндік бағасынын салыстырғанда жоғарлатады.

Үйкелістік баспақтарда қалыптау ұсақ сериялы және сериялы өндірістерде, бір ағысты қалыптауларда болат дайындамаларын алу үшін және екі ағыста не одан да көп ағыста кесу үшін, сонымен қатар түсті қорытпадан кұрделі дайындамаларды дәл қалыптау үшін қолданылады.

Транспорт өнеркәсібінде кең қалыптау. Бұл баспақтарда салмағы 100 кг-ға дейінгі дайындамаларды ыстықтай қалыптаудыңбарлық түрлері жасалады.Деформациялану режімінің қайталануы қалыпталған дайындамалардың механикалық қасиеттері мен өлшем тұрақтылығың қамтамасыз етеді.Үйкелістік және қосиінді баспақтардың өнімділігі балғалардың өнімділігінен 2-3 есе жоғары. Баспақтарда дайындаманы сығып шығару арқылы қалыптауға болады, бұл кезде металдың механикалық қасиеттері жоғарылайды және пішіні мен өлшемінің дәлдігі қамтамассыз етіледі.

Процестің жоғары өнімділігі мен көлік және дайындаманың басқа да ұқсас түрлерінің жарты өстері, көпсатылы белдікті дайындамалардың дәлдігі көлденең-бұрамалы илеммен және иілтұмен қамтамасыз етіледі.

Дайындамаларды сонымен қатар иілту әдісімен алуға болады. Иілтұ дегеніміз дайындаманың деформациялануы айналатын қалыптау-секторларында болатын металды қыссымен өндеу процесі.

Иілту, көлденең-бұрама илемдеу сияқты, басқа қондырғыда қалыптау алдындағы дайындық операциясы ретінде және илемдеуден кейін берілген дәлдікпен дайындама алудың соңғы операциясы ретінде де қолданылады.

Автотрактор өнеркәсібінде айналу-соғу машиналарында дайындаманың шыбықтардан немесе құбырлардан тұратын жеке бөліктерін жаншыма есебінен ыстықтай және салқындай кермелеу арқылы дайындама алынады. Айналу-соғу машиналарының 2 түрі қолданылады: айналатын айналдырық (айналатын аспап) және айналатын шығып (аспап айналмайды).

Көлемді суықтай қалыптау. Бекітпе дайындамасын және басқа да ұсақ бөлшектерді алу, экономды технологиялардың бірі болыптабылады(бұрама, бұрандама, аунақшы, шарик, шакан итерушілер және тағы басқа) көбінесе суықтай қалыптау (бөлігін шөгу) арнайы суықтай-бөлігін шөгу престі-автоматта болады. Автоматтық өнімділігі – 400 шт/мин. дейін.

Бұрандаманы жасау үшін бастапқы полуфабрикат дода сымы диаметрі оңдық бөлшек ретінде 10-15 мм немесе шөмшерленісы шыбық диаметрі 8мм байт табылады.

Суықтай табақша қалыптау. Автотракторлы өнеркәсіпте суықтай табақша қалыптаумен көлік шанағының негізгі бөлшектері, картерлер, қақпақтар, қалпақтар, табақшалар және басқа да бөлшектер алынады. Негіз материал ретінде металдық жұқа беттері мен таспалар алынады.

Суықтай қалыптау операциясын екі топқа бөлуге болады:

1.Бөлгіш операциялар, олардың көмегімен материалдың бір бөлігі толықтай немесе бөлшекпен бір-бірінен ажыратылады: кесіп алу, қазып алу, тесіп шығу, тіліп алу, бұтақтау, шырлу, тазарту және мөлшерлеу.

2.Пішін өзгергіш операциялар, олардың көмегімен тегіс және кеңістікті дайындама берілген пішіні мен өлшеміне кеңістікті бөлшекке айналады: қию, кермелеу.

Көлемді пішінді сымдау. Көлемді сымдаумен кіші жағдайда қималы дайындалғаны алады, әдетте 25-30мм диаметрден кем емес. Осы әдіспен ұсақ сериялар тісті дөңгелектер, қырылдақ дөңгелектер, бұрамалар және әртүрлі қиып пішінді бөлшектер алады.

Дайындаманың маңдайына қимасы өлшемінің ауытқуы 4-класс дәлдігіне, ал беттің тазалығы 6-классдәлдігіне жатады.Қат-қабатты сымдауда мандайна қимасының өлшемі мен пішін дәлдігі 2-класқа дейін, ал беттің тазалығы 8-кластарға кіреді. Осы әдісті қолдану кезінде, оның өндірілістін механикалық өңдеу арқылы дайындама алуға көмектеседі.

Әдебиет: 1 нег [11-21], 1 нег [92-10], 2 нег [91-10]

Бақылау сұрақтары:

1. Құйманың қандай тәсілдері бар?

2. Дайындаманы қысым арқылы өңдегенде қандай түрлері болады?

3. Металл алу коэффициенті не үшін қажет?