Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447.49 Кб
Скачать

15 Тақырып. Құрастырудың технологиялық процесін жобалау

Бұйымды құрастыру – шығарылатын өнімнің сапасын қамтамассыз етудің маңызды бөлімі.Жобалау мәселелері.Бастапқы мәліметтер. Құрастырудың ағынды және ағынды емес формаларын ұйымдастыру. Құрастырудың маршруттық және графиктік нобайы. Құрастыру принциптері:толық немесе жартылай өзара ауысымдық, топтық өзара ауысымдық,компенсация. Құрастыру өндірісінің экономикалық көрсеткіштерін есептеу.

Құрастыру процестері

Бөлшектерді құрастыру кезіндегі біріктіру қозғалмалы және қозғалыссыз болуы мүмкін. Осы екі біріктіруде ажырамалы және ажырамайтын болып жасалынады. Ажырамалы біріктіруде бөлшектерді зақымсыз және оңай ажыратады. Ақыры сыймайтын біріктіру керісінше біріккен элементтердің бірлесу орындарының немесе бекіту бөлшектерінің зақымдануысыз ажыратылмайды.

Қозғалыссыз ажыраманы біріктіру. Осы біріктірулерге жататындар: ауыспалы орнықтыру мен жалғанған резбалы, шпонкалы шлицелі жәек біріктірулер және де конусты орнықтыру, бар біріктірулер резбалы біріктірулер көбінесе шпилькалар, бұрандалар, винттар қолданылады. Шпилькаларды түзу беттерде біріктіргенде негізгі базалық бөлшекке кидіру негізінде қолданады. Шпилькаларды кидіру үшін механикаландырылған шпилька бұрағыштарды қолдану жұмыс өнімділігін бірнеше рет арттырады. Бұрандалар біріктіленетін бөлшектердегі саңылаулар өтпелі болған кезде қолданылады. Винттармен біріктіру қолдану процесінде винттік біріктірулер жиі ажырату қажет болған жағдайларда қолданады. Сондықтан винттік біріктірулердің тістері шпилькалы – резбалы біріктірулерге қарағанда жиі жасалынады.

Бұрандалық және винттік біріктірулер жүргізу үшін тасымалы электро – пневмогайкабұрағыштар кеңінен қолданылады. Бұрандалық және винттік бірлесуді жүргізгенде механикаландыруды қолдану, құрастыру кезінде жұмыс өнімділігін едәір арттырады және бірғалыпты бұралу салдарынан резбалық біріктірудің саласы артады.

Шпонкалы біріктірулерінде сапалы призмалық және сегментті шпонкалар қолданылады. Сапалы шпонканың біріктіру кезінде біріктірілетін бөлшектің осі білік осіне салыстырмалы ауытқиды. Бұл ауытқу саңлаудың маманымен байланысты және біріктірілетін бөлшектің радиалды соғылуына себепші болады және де шпонка еңісімен біріктірілетін бөлшектің ұясында ауытқулар болады, бұл біріктірілетін бөлшектердің ауытқуларға әкеліп соғады. Призмалық немесе сегментті шпонкалармен біріктіруде шпонканы біліктің біріктіруі күштеу арқылы жүргізіледі. Шпонканы білікпен біріктіру үшін ол біліктің ұясына пресстің көмегімен отырғызылады. Шпонкалы біріктірулерде призмалық және сегменттік шпонкаларды қолданғанда шпонканың үстіңгі бетімен біріктірілетін бөлшек ұяшығы арасында саңлау болу қажет. Бұл біріктірілетін бөлшектің білік ұшымен центрлендіруіне байланысты.

Жылжымайтын шлицелі біріктірулер центрлендіретін элементтерді әр түрлі орналастырумен орындалады және қиын-жеңілажырылатын болып бөлінеді. Қиып ажыратылатып шлицелі біріктірілетін бөлшекті 80-1200С дейін қыздыру арқылы орындалады. Тығындалғаннан біріктірілетін бөлшек соққымен тексеріледі. Біріктірілетін бөлшекті қыздыру тығындауға қажетті күштеуді азайтады, ол өз алдына дұрыс орналасуды қамтамасыздандырады. Біріктірілетін бөлшек бөлікке арнайы құрылғыда отырғызылады. Оңай ажыратылатын шлицелі біріктірулерде жинағанда тығындауға аз күш әсер етеді.

Штифтік біріктіру коническалық және цилиндрлік штифтың көмегімен орындалады. Біріктірулерден бөлек штифтер құрастырылатын бөлшектердің арасындағы бір-біріне байланысты орналасуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Бөлшектерді байланысатын коническалық беттері арқылы жинаған кезде штифті орналастыратын қуыс біріктірілетін бөлшекпен бірге өңделеді. Біріктірілетін бөлшектегі штифке арналған қуыс құрастырудан бұрын өңделуі мүмкін.

Қозғалмайтын ажыратылмайтын біріктірулер. Бұл біріктірулерге белгілі күштеумен, вольсовкалау, клепкалау, дәнекерлеу, пісіру, жабыстыру және суық штамповкалау біріктірулері жатады.

Белгілі күштеумен біріктірулер құрастырылатын бөлшектерге прецті орналастырған немесе жылу мен әсер ету арқылы жүргізіледі.

Прецті орнықтыруы бар бөлшектер прец қысым көмегімен жүргізіледі. Бұл жағдайда біріктірілетін бөлшек өзінің қуысы арқылы білікке отырғызылады немесе керісінше біріктірілетін бөлшектің қуысына тығындалады (мысал қозғалтқыштағы поршен қуысына втулканы тығындау). Бөлшектерді осындай біріктірулер салдарынан олардың бірігу беттерінде бірқалыпты қысым пайда болады.

Тығындау негізінде біріктірілетін құрылғыларды дұрыс орналастыруды және ауытқуды болдырмайтын арнайы құрылғылар қолданылады. Қозғалмайтын (стационарлы) қозғалмалы прецтер, данкраттар, струпцын және әр түрлі скобалар қолданылады.

Валькілеу бөлшектерді тығыз және саңылаусыз біріктіру қажет болған жағдайда қолданылады. Валькілеу арнайы жабдықпен жүргізіледі – біріктірілетін бөлшектердің біреуінің пластикалық деформация арқылы. Сондықтан бөлшектердің материалдарын дұрыс таңдау өте қажет, осыған біріктірудің сапасы тікелей байланысты. Валькілеу тесетін станоктарда және арнайы құрылғыларда жүргізіледі. Автокөлік өндірісінде валькілеу тежегіне жүйесіндегі құбырларда және қозғалтқышты майлауда қолданылады.

Клепканы біріктірулер жоғарғы температура және коррозия әсер ететін және де соққымен дірілді күштер әсері ықпал ететін конструкцияларда қолданылады. Клепканың алдында біріктірілетін бөлшектер алдын ала біріктірілетін, яғни оларды бірге өңдеу және бір-бірімен жинақтаушы бұрандалармен түзеткіштер қуысты бұрғылау немесе тесу. Клепкалы процесі механикаландырылған: пневмо және электроклепкалайтын балғалар, жартылай автоматты және автоматты престер қолданылады. Жартылай автоматты клепкалау кезінде қалаушы құрылғымен орналастырады. Автоматты кезінде барлық процесс автоматты орындалады: қуысты, заклепканы орналастыру және де екі жағын жалпитады.

Пісірмелі біріктірулер көліктер узелдерін жинау кезінде кең қолданысқа ие болуда, заклепкалы біріктірудің қолдануын азаюына ықпал етеді. Пісіруді қолдану материалды үнемдейді және дайындауға кететін еңбек сыйымдылығын азайтады.

Контактілі стыкты пісіру әр түрлі материалдардан жасалынған бөлшектерден біріктіргенде қолданылады: мысалы, ыстыққа төзімді және арнайы (іштен жағу қозғалтқыштағы шығару клапандары), шектелген контуры бөлшегі үшін (мысалы, тісті дөңгелектің венуысы).

Контактілі нүктелі пісіру штампты пісіру узелдерді жасағанда және түрлі түсті және болаттан жасалынған профилдермен местерді үсті-үстіне пісіргенде қолданылады.

Контактілі релефті пісіру аз көмтекті болаттардан жасалынған ұсақ бөлшектерді біріктіруде қолданылады.

Пайкілеу көлік жасауда табылған аққаулары жөндеуде қолданылады. (мысалға, радиатор құбырларында сұйықтың ағуы).

Қозғалмалы ажыралатын және ажырамайтын біріктірулер. Біріктірілетін бөлшектерді қозғалмалы бірігуін алу үшін біріктемелердің қозғалысын қамтамасыз әсер ететін орнықтылу саңылаулар арқылы дайындайды. Мұндай орнықтыруларға: сырғу, қозғалу, жылжу, аз жылжыйтын және кеңінен жылжыйтын орнықтырулар жатады.

Біріктірілетіндегі саңылаудың шамасы узелді жобалау кезінде конструктормен белгіленеді. Технолог конструктормен белгіленген өлшемдерге, түрлерге және кеңістіктегі ауытқуларды орындауға қажетті технологиялық процесті ұйымдастыруға міндетті.

Көп жағдайларда қозғалмалы біріктірулер ажырамалы болып табылады

Құрастыруды ұйымдастыру түрлері.

Машина жасауда узелдер мен машиналарды жинаудың келесі ұйымдастырылған түрлері қолданылады: стационарлы, жинау процесі операцияларының жіктемей жүргізілетін және қозғалмайтын біріктірілетін объектілерде және ағынды, қозғалмай жиналатын және де жиналатын объектілерді қозғаумен жүргізілетін технологиялық процестерді операцияға жіктеулерді сипаттайды. Көлік және трактор өндірісінде узелді және жалпылай біріктіру жинақталатын объектіні ағымды қозғалту әдісімен жүргізіледі.

Ағымды жинақтау кезінде құрастырылатын объект жинақтаудың бір орнынан келесі орнына қозғалысы тасымалдаушы көмегімен жүргізіледі. Бұл кезде тасымалдаушы құрылғы құрастырылатын объектіні бір операциялық аралық тасымалдау үшін қолданылады.

Құрастырылатын узел немесе машинаны құрастыру периодты қозғалатын конвейрді қолданған кезде осы конвейр тоқтаған құрастыру орнына қозғалысы кезінде соңғы жерде құрастырылған бұйым конвейрден шығады.

Тоқтамай қозғалатын конвейрін жинақтау кезінде құрастырылатын объект жинақтаудың бір орнынан екінші орнына белгілі бір жылдамдықпен қозғалады. Жинақтаудың әр орнында жинақтау операциясын жүргізуге мүмкіндік береді.

Ағымды құрастыру жинақтаудың бірқалыптылығын сипаттайды, ол құрастырылған бұйымды шығару уақытын реттейді.

Құрастырудың технологиялық процесінің тиімділігін жасау және бағалау

Машина жасау зауыты өндірісінің соңғы өнімі болып бұйым саналады. Ал бұйымдар қатарынан тек машиналар ғана жатпайды (мысалы, автокөлік, трактор).

Бұйым негізінен бөлшектер тұрады, олар жинақталған бірліктер деп аталады. Бұйымның құрастырылатын бұйымы дегеніміз өз алдына бөлек жжиналатын бұйымның бір бөлігі. Бірақ барлық механизмдер бөлек жинала бермейді, технологиялық тұрғыда қарағанда жинақ бірілігі болып табылмайды.

Құрастыруды технологиялық процесін жасау кезінде жинақтау бірліктерін токтарға және топшаларға ажырату қажет.

Күрделігіне байланысты құрастырылатын бірлік бірнеше қарапайым жинақталатын бірліктерден тұруы мүмкін кемісе бөлек бөлшектерден тұруы мүмкін.Бұйымның құрамына кіретін басқа жинақтау бірлігінің құрамына кіретін біріктіру бірлігін бірінші ретті топша деп атайды,бірінші ретті топшаның кіретін құрастыру кіретін екінші ретті топша деп атайды және т.с.с.

Жинақтаудың технологиялық процесін жасау үшін технологқа келесі белгілі шарттар берілуі қажет: а) бұйымның түсініктемелері және техникалық шарттары; б) бұйымның және құрастыру сызбалары және құрастыру бірліктерінің; в) бұйымның жылдық шығарылу көрсеткіштері.

Берілген шарттардың талаптарына сай жалпы құрастыру бірліктерін құрастырудың технологиялық сызбалары дайындалады.Егер үлгі болған жағдайда, құрастырудың сызбасын дайындау бірталай жеңілденеді.Бөлшектелмей тұрып ажыратылатын элементтер құрастырудың технологиялық құрастыру бірліктері болып саналады,бұларға құрастыруды технологиялық сызбасы дайындалады.

Құрастырудың технологиялық сызбалары құрастыру технологиялық роцесінің негізі болып табылады.

Берілген шарттар үшін ағынды құрастырудың технологиялық процесін жасау тиімді болуы қажет. Оның тиімділігін бағалау мына көрсеткіштер арқылы жүргізіледі. Ағынды тізбектегі жұмыс орындарын толтыру проценті құрастыру тізбегінің толтырудың орташа коэффиценті, құрастыру процентінің жұмыс сыйымдылық коэффиценеті.

Құрастыру проценттерінің технологиялық құжаттары: құрастыру сызбалары, бұйымды және құрастырылатын бірліктері құрастыратын технологиялық сызбалар, құрастырудың операциялық және инструменталдыкарталары.

Құрастырудың технологиялық процесінің операцияларының жалпы жоспары және процестерді жүргізудегі қажетті шарттар құрастырудың операциялық картасына енгізіледі.

Құрастырудың инструкторлық карталары күрделі құрастыру операциялары жасалынады. Инструкторлық картада операциялар туралы мағлұматтар және жұмыстың әртүрлеріне байланысты уақыт нормалары көрсетіледі.

Құрастыру жұмыстарының өнімділігін артыру құрастыру процесін диферциялдау, құрастыруды механизациялау және құрастыру процесін автоматтандыру арқылы жүргізіледі.

Құрастыру роцестерін диференциялдау құқрастыруды параллель жүргізу және өнімділігі жоғары құрастыру құрылғыларын қолдану бұл құрастыру ұзақтығын қысқартады және жұмыс өнімділігін артырады.

Құрастыру жұмыстарын механизациялау, пневматикалық электірлі гидровинтті гайка бұрағыштар, шпилькаларды механикалық бұрауға арналған бұйымдар, қалдық, электрлік және пневматикалық тескіш машиналары, жұмсақ білігі бар әмбебап қозғалатын электроқұрылғылары, қалдық шлифтеу машинасы, электроегеулер т.с.с. құрастырудың негізгі және қосымша уақытын азайтады.

Құрастырудың ағымды әдістерімен құрастыру процесін автоматизациялауды қолдану жұмыс өнімділігін артырудың тиімді шарттары болып табылады.

Ағынды құрастырудың жасалған технологиялық процесі берілген жағдай үшін тиімді болуы керек.

1. Ағынды линияның жұмыс орнының жүктелу коэффициенті

мұнда құрастыру операциясының даналық уақыты, мин.

В-құрастыру орнындағы жұмысшылар саны.

2. құрастыру линиясының орташа жүктелу коэффициенті

3. Құрастыру процесінің еңбек сиымдылық коэффициенті

мұнда құрастыру процесінің еңбек сиымдылығы

бұйымға немесе құрастыру бірлігіне кіретін тетікті жасаудың технологиялық процесінің суммарлы еңбек сиымдылығы.

Бұл көрсеткіш өте маңызды, ол бұйымды жасаудың немесе құрастыру бірлігін түгел сипаттайды. Әдетте ол 0,1–0,4 тең.

Құрастырудың технологиялық процесінің құжаттары болып құрастыру сызулары, бұйымның немесе құрастыру бірлігінің технологиялық нобайлары, операциялық немесе инструменталды карталар саналады.

Ағынды құрастыру әдісін және құрастыру процесін автоматтандыру еңбек өнімділігін жоғарлатудың ең тиімді құралы болып саналады.

Әдебиеттер: 1нег. [303-315], 2нег. [477-489]

Бақылау сұрақтары:

1. Бұйымды құрайтын бөлшектерде қандай құрастырулары болады?

2. Құрастыруды ұйымдастыру түрлері.

3. Құрастырудың технологиялық процесінің тиімділін есептеу.