- •1 Тақырып. Өндірістік және техникалық процестер
- •2 Тақырып. Өндірістік түрлері мен әдістері
- •4 Тақырып. База және орнықтандыру қателіктер
- •5 Тақырып. Жүйенің қаттылығын анықтау әдістері
- •6 Тақырып. Механикалық өңдеу дәлдігі
- •7 Тақырып. Беттің сапалылығы
- •8 Тақырып. Механикалық өңдеудегі әдіптер
- •9 Тақырып. Құрылымдардың технологиясы
- •10 Тақырып. Аспапты материалдар және аспаптардың құрылымдары
- •12 Тақырып. Механикалық өңдеудің технологиялық процесін жобалау
- •13 Тақырып. Машинаны техникасындағы тетіктерінің жіктелуі және технологиялық процестерді типтендіру.
- •14 Тақырып. Автомобильдер мен тракторлардың шанақтары мен кабиналарын өндірудің технологиясы
- •15 Тақырып. Құрастырудың технологиялық процесін жобалау
- •Өткен курс бойынша емтихандық сұрақтар тізімі
- •54. Қателіктер түрлері
- •58. Құрылымның технологиялылығын бағалау әдістемесі
- •Глоссарий
8 Тақырып. Механикалық өңдеудегі әдіптер
Әдіп туралы түсінік. Есептеу тәсілі: тәжірибелі-статикалық және есеп –аналитикалық. Материалдарды пайдалану коэффициенті әдіптердің техника-экономикалық мәндері: материал шығыны, бөлшектерді өңдеу бағалылығы.
Әдіп дегеніміз материал қабатын, өңдеу процесі кезінде дайын бөлшек дайындамасынан алып тастайды.
Машина бөлшектерінің дайындамасын металл кескіш білдектерде өңдеу кезінде, 60% салмаққа дейін жоңқа қалдығына айналады. Тек қана жеке машина жасау заводтарында, мысалға автокөлікті, тракторлы және т.б. –да, металл қалдықтары 20-30% жоңқаны құрайды.
Сондықтан да машина бөлшектерінің дайындамасының өңделуі ауылшаруашылық тапсырма ретінде қарастырылады, ғылыми негізделген әдіп, өндірісте кең қолданыс тапты. Өңдеу кезінде алынатын материал, дайындаушы зауыт үшін түгелдей жоғалған болып саналады, өйткені жоңқаның бағасы жаңа материал бағасынан айтарлықтай арзан. Металлдың артық қабаттарын жою. Білдекте дайындаманы өңдеудің қосымша уақытын, кесу аспабының шығынын өсуін, электроэнергияны және т.б. қажет етеді. Өңдеу әдібін азайту үшін, өндірістің прогрессивті технологиясын қолданылады: мысалы, көлік қозғалтқышының иінді бөлігінің қалыпталған дайындамасының орнына, толықтай дерлік токарлы өңдеуді қажкт етпейтін, арнайы шойын құймаларын пайдаланылады. Бұл дайын бөлшек бағасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Аз әдіптердің де қажеті жоқ, өйткені бұл жағдайда механикалық өңдеу кезінде беткі қабаттардың ақауын толықтай жою мүмкін еместігінен ақаудың пайда болу қаупі өседі.
Өзіндік бағасы төмен, бірақ сапасы жоғары өнімді шығару кезінде цехтың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әдіптер дұрыс болып саналады. Қазіргі кезде машина жасауда өңдеу әдібін анықтау үшін тәжірибелі статистикалық тәсіл әлі де кең қолданылады. Бұл тәсіл бойынша машинаның ұқсас бөлшектерінің дайындамаларын өңдеу жүзеге асырылатын нақты әдіптер жөнінде тәжірибелік берілгендерге негізделіп, бетті механикалық өңдеудің барлық технологиялық процестеріне жалпы әдіп орнатылады.
Тәжірибелік-статискалық әдіптер әдетте жоғарыланып беріледі, себебі олар технологиялық процестің орындалу ерекшелігін ескереді және үлкен әдіп қажет болғандағы шартқа сәйкес келеді. әдіптің нормативті кестелері мен сериялы және дара өндірісте әдіпті тағайындау кезінде қолдануға болады. Ал жаппай және ірі сериялы өндірістерде тек цехтар мен зауыттарды жобалау кезінде ғана қолданады: ал қалған жағдайларда аналитикалық жолмен анықтау керек. Бөлшекті механикалық өңдеудің технологиялық процесін ойластыру кезінде аралық және жалпы өңдеу әдіптерін ескеру қажет.
Аралық әдіп дегеніміз механикалық өңдеудің берілген технологиялық әрекетін орындау кезінде жойылатын материал қабаты. Бұл әдіп орындалып жатқан және орындалатын әрекеттен кейін алынған дайындама өлшемдерінің әртүрлілігіне тең. Әдіп өңделген бетке нормал бойынша өлшенеді және ережеге сәйкес, бір жаққа есептеледі. Тек цилиндрлі, конусты және бөлшек бетінің пішіні бойынша жақын, сонымен қатар әдіптері бірдей дайындаманың қарама-қарсы жатқан беттерін бір мезгілде өңдеу кезінде әр бетке берілген әдіпті екі жаққа тиісті деп санайды. Яғни диаметрге және қалдығына.
Бөлшекті өңдеудің технологиялық процесі барысында оның бір беті әдетте бірнеше рет өңделеді, бұл жағдайда жалпы әдіп бірнеше операциялар мен әрекеттер кезінде жойылады.
Жалпы әдіп дегеніміз дайындаманың қарастырып отырған аймағынан оның ақырғы өңделген түрде алу үшін жойылатын материал қабаты. Жалпы әдіп дайындаманың қарастырылған аймағының өлшемі мен дайын бөлшектегі сол аймақтың өлшемі арасындағы айырмашылық пен анықталады.
Әдіптер дәл берілуі мүмкін емес, сондықтан оларға міндетті түрде шақтама белгілеу қажет. Бұл кезде жалпы әдіп шақтамасы дайындаманың сәйкес өлшемінің де шақтамасы болып табылады. Аралық әдіп шақтамасы әдіптің жіберілетін ауытқулары мен өңделетін дайындаманың операциялық өлшемін анықтайды.
Операциялық өлщемге шақтама таңдау, әдіпті таңдау маңызды пара-пар. Операциялық өлшемнің кіші шақтамалары өңдеуді қабаттаттырады және бөлшек бетінде ақаулы қабатты қалдыруға байланысты ақаудың пайда болуы мүмкіндігін жоғарылатады. Операциялық өлшемнің үлкен шақтамалары білдекті бап кіндігін жоғарылатады. Операциялық өлшемнің үлкен шақтамалары білдекті баптауды қиындатады. Бқл жағдайда өңделетін партиядағы әр дайындаманың кесу тереңдігі өзгереді.
Әдіптердің аналитикалық әдіспен анықталуы
Дайындамаларды өңделген әдіпті анықтау үшін В.Н.Кован әдісі бойынша шығарылады. Осы әдіс бойынша әрбір өту кезінде алдыңғы өту кезіндегі немесе дайындаманың қателіктерін және де өтеуде орындалатын өңделетін дайындаманы қондыру қателіктерін жойын отыру керек. Айтылған қателіктер дайындаманың өңдеуінің өтуінде орындалатын аралық әдіппен компенсациялануы керек.
Өтудің алдыңғы ауысу кезінле алынатын қателіктерге мыналар жатады:
а)өлшемдердің ауытқуы
б) пішіннің қателіктері
в) бет қыртысының биіктігі
г) өңделетін бет қателігінің орналасуы базалық бетке қатысты
Өлшемдердің ауытқулары мен пішіннің қателіктері әдіп өрісінің шамасында орналасу керек.
Минималды аралық әдіп бет қыртысының биіктігі мен, беттік қабаттық ақауының тереңдігі мен және өңделетін бет қателігімен,орналасуы базалық бетке қатысумен анықталады.
Дайындаманың қалыңдығындай ақаулы бетті қабат механикалық қасиеті бойынша оның негізгі массасынан құрылымы мен қалған кернеудің бар болғанымен өзгешеленеді.
Қажақтың аспап пен өңдеу кезінде берілген қабатты алып тпстауды талап етпейді. Көптеген машина тетіктерін, мысалы көлік қозғалтқышының бөлгіш бөлігі, оның төзімділігін арттыру үшін ағартылған беттік қабат пен құяды. Сондықтан бөлгіш білікте өңдеу процесінде бұл қабатты сақтау керек. Болатты созылмалар мен қалыпталған дайындамаларда көміртектендірілмеген беттік қабаты болады. Бұл қабат металдың шыдамдылық шегін төмендетеді.Сондықтан оны механикалық өңдеу кезінде жойып тастау керек.
Өңдеуді кесу салдарынан беттік қабатта металдың қақталмасы пайда болады, келесі өңдеу кезінде металл қабатының барлық қақталмаған жерін жоймау керек, тек құрылым бұзылған аумағын яғни үстіңгі жағын жою керек. Сол кезде егер тетік ары қарай термиялық өңделмесе, онда тетіктің тозуға төзімділігі артады, ал егер тетік термиялық өңделсе, онда бұзылмаған құрылымды қабат бастапқы күйіне оралады.
Беттік шынықтырудан кейін беттік қабатты сақтап қалу керек, өйткені алынатын әдіптің өсуімен оның механикалық қасиеті төмендейді.
Ақаулы қабаттың тереңдігін жоғарыда қарастырылған жағдайларда қарастырып, анықтамадағы таблицадан алуға болады. Минималды аралық әдіптерді анықтау дайындаманың өлшемдерін барлық техникалық өтулері дайын, тетіктен бастап дайындаманы қара өңдеуге дейін орнатып шығарылады. Дайындаманың тегіс бетіне арналған аралық әдіптің мөлшері:
(1)
Айналу денесіне (сыртқы, ішкі) типтегі беттер үшін
(2)
мұнда RZ – алдыңғы технологиялық өтуде орындау кезінде қалған беттің микорқыртыстық биіктігі; мкм; Т – алдыңғы технологиялық өтуді орындау кезінде қалған ақаулы беттік қабаттың тереңдігі; мкм; 0=алдыңғы технологиялық өту кезінде пайда болған орналасудың қосынды ауытқуы,мкм, еу- – технологиялық өтулерде орындалатын қателіктер мөлшерінің орнатылуы (Rz+T) әдіптің элементтерін дайындама бетін өңдеу әдісі бойынша кестеден тағайындалады.
Әдіптің құрастырылған мөлшері септелген формулаларда технологиялық анықтамамен келтіріледі. Аралық әдіптерді есептеу негізінде барлық тхникалық өтүлер, дайын тетіктен бастап, дайындаманың бітуіне дейін, бойынша дайындамалардың шекті өлшемдері анықталады.
Дайындама партиясын өңдеу кезінде өлшемді автоматты алу әдісінде дайындаманың ең аз шекті өлшемі кезінде өңдеуден кейін де ең аз шекті өлшемді дайындама алынады және керісінше, ең көп шекті өлшем кезінде өңдеуден кейін ең көп шекті өлшемді дайындама алынады. Бұл кіші мөлшерлі дайындамаларды қысу салдарынан болады.
1 суреттен көріп отырғандай, минималды аралық әдіп:
Максималды әдіп
Әдіпті дайындаманың бір өлшемге қабылдануы, алдыңғы өтуде алынған, δа=ға тең, онда былай жазуға болады:
немесе
А
ралық
әдіптердің орналасуын, дайындаманың
шекті өлшемдерін және өңдеудің әртүрлі
кезеңдегі өріс әдібінің орналасуын
графикалық, сұлба түрінде кескіндеу
қолайлы, 2 суретте көрсетілген.
Берілген мысалды сыртқы цилиндрлік бет келесі технологиялық бағдар бойынша өңделеді: қара, таза және жұқалап жону
Дайындаманың барлық жүйелері бір кіреберіс кезінде өңделеді. Сұлбаны тұрғызу кезінде, әдіпті есептеу кезіндегідей, тетіктің соңғы өлшемі d3minтен, d3туі болып табылады.
Дайын тетіктің минималды шекті өлшемімен жуқа жону жүйесін минималды әдіп қалдырып отырамыз және таза жонудан кейін d2мм дайындаманың ең кіші шекті өлшемін алмыз, қарадай жонудан кейін дайындаманың ең кіші шекті өлшемін табамыз.
Дайындаманың ең кіші d0мен шекті өлшемі di мен минималды әдіп өлшемін Zlмен қара жонуында қосылуымен пайда болады. Дайындаманың ең үлкен шекті өлшемдері d0max, d1max, d2maxәрбір жүйеден кейін дайындаманың ең кіші шекті өлшемдеріне d0min, d1min, d2min, δ0, δ1, δ2 әдіптеріне қосылып отырады. Өңдеуден минималды жалпы әдіп Z0мен минималды аралық әдіптердің арифметикалық қосындысына тең:
Z0min= Z1min+ Z2min+ Z3min
Z0max=өңдеуге кеткен максималды аралық әдіп аралық максималды әдіптердің арифметикалық қосындысына тең:
Z0min= Z1min+ Z2min+ Z3min= Z0min+ δ0/2- δ3/2
Берілген-өлшемге жүйелілік жақындау әдісі бойынша көп өтпелі өңдеуде, өңдеудің кейінгі өтулерге әсер ететін, аз күштер әсерінен технологиялық жүйенің кірімділік қысу элементтері болмайды.
Осы өңдеу процестеріне минииалды әдіпті дайын тетіктің d2max ең үлкен өлшеміне қосып от ыру керек және 5.1 суретте көрсетілген барлық графикті дайын тетіктің әдіп мөлшеріне жылжыту керек.
Қарастырылған әдіптерді есептеу арқылы анықталған әдіс тетік өңдеудің автоматты өлшем алатын тәсіліне қатысты, бірақ ол дайындаманы өңдеу үшін жеке өлшемдерді алу тәсіліне қолданылуы мүмкін.
Бұл жағайларды жоғарыда көрсетілген формулаларда әдіпті анықтаудағы қателікті орнату Bb, дайындаманың дәлдеу қателіігі мен Гв, ауыстырылады. Бұны анықтамадан алуға болады .
Машинаның бір-бірлеп немесе бірден жиналған түзілімді өңдеу кезінде (бұлақтың бастиегін, бәсеңдеткіш тұрқысының үлкен тесігін кәулей жонуында) әдіпті есептеу жоғарыда көрсетілген формуламен есептеледі, бірақ қателіктің орналасуын жиналған тетіктердің бір-біріне қатысты орнынан алынуын ескере отырып қабылдау керек.
Егер дайындама штампау және құю еңісімен жобаланса, онда әдіптер үлкейтілүі тиіс.
әдебиеттер: 1 негізгі [11-21], 1 негізгі [92-101], 2 негізгі [91-102].
Бақылау сұрақтары:
1.Дайындаманың тегіс беті үшін әдіпті қалай есептеу керек?
2.Айналу денелерінің бетері үшін әдіпті қалай есептеу керек?
3.Арлық және жалпы әдіп дегеніміз не?
