Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447.49 Кб
Скачать

6 Тақырып. Механикалық өңдеу дәлдігі

Бөлшек беттерінің өзара орналасуы мен пішін және өлшем дәлдігі туралы түсініктер. Дәлдіктің өндірістің техника экономикалық көрсеткіштерге және автотракторларға техниканың пайдаланымына әсері. Оптималды дәлдіктің негізі.

Берілген дәлдікке қол жеткізудің әдістері. Қателіктер түрлері: Жүйелік және кездейсоқ, дәлдікті бағалаудың статистикалық әдістері. Барлық қателіктерді есептеу. Барлық қателіктерді анықтайтын факторлар.

Өңдеу қателіктерін қосу қателік түріне (жүйелік және кездейсоқ) байланысты жүзеге асырылады. Жүйелік қателіктербелгілеріне байланысты қосылады. (Алгебралық қосу) мысалы, жоңқаны алу процесінде қыздыру есебінен кескіштің тозуы мен темнературалық деформациясын сәйкестендіруге болады. Бұл қателіктер бірін бірі өзара жабуы мүмкін. Жүйелік және кездейсоқ қателіктер арифметикалық түрде қосылады. Барлық қателіктерді қосу кезінде жүйелік және кездейсоқ қателіктер тиімділігі аз нұсқауларесебінен қосылады, яғни жүйелік және кездейсоқ қателіктердің бір белгісі болғанда. Тәуелсіз кездейсоқ қателіктер қалыпты үлестіру заңына бағынады.

Білдектерді өлшемге қондыру әдісі металл кескіш білдектерде өңдеудің дәлдігін келесі әдістермен қамтамасыз етуге болады: 1) сыналатын кіреберіс және өлшемдері; 2) айла бұйым және бір қірқалыпты аспаптардың қолданылуы мен білдектерді алдын ала қондыру; 3) аспаптың дайындалуы (білдектегі және автоматты бақылау)

Бірінші әліс кезінде жұмысшы әрбір кіреберіс кезінде аспапты өлшемі қондырылады, тетіктің үлкен емес аймағын өңдеп, алынған өлшемді әмбебап аспаптың көмегімен өлшейді, аспаптың орналасуын түзетеді, содан кейін барлық бетін өңдейді. Бірнеше сыналатын кіреберістен кейін дәл жұмыс кезіндегі аспапты өлшемге қондырады.

Болып өткен кіреберістердің қатесін келесі кіреберісте түзету арқылы өңдеудің жоғарғы дәлдігін қамтамасыз етуге болады. Алайда кескіш қалыңдығы аз болатын жоңқаны ала алмайды. Әдеттегі жағдайда жаңадан қайралған кескіштің кескіш жиегі 0,01-0,02 мм радиус бойынша мақауланады және де жұмыс кезінде мақаулану 0,1-0,15 мм-ге дейін ұлғаяды соның әсерінен жоңқаның шеткі қалыңдығы демде ұллғаяды, қажақты аспап қалыңдығы бірнешеге дейін аз жоңқаларды алыптастай алады. Ажарлау кезінде шарықтас қалыңдығы 1 мкм-ге дейін металдың қабатын алып тастайды,ал практикада жұқа қажақтың түйіршіктерімен қабат қалыңдығы оданда кіші. Айтылғандардың бәрін ескере отырып,жоғары дәлдікті өңдеу кезінде бұл әдіс қымбатқа түсетіндігін түсінүге болады.

Екінші әдіс алдын-ала өңдеудің дәлдігіне негізделіп, тетіктің ақауларын болдырмай, аспап пен айлабұйымды қондыру. Алайда бұл әдіс кезінде білдекті реттеу үшін уақытымен тоқтату керек. Реттемен білдектерде жумыс істеу массалық және коп сериалы өндірісте қолданылады.

Реттемен білдектерде жұмыс істеу келесі артықшылық қатарынан тұрады:

  1. Сыналатын кіреберіс және олшемдер үшін жұмыс шығынын болдырмау

  2. Ақаулардың алу қателігі төмендегендіктен, көптеген жұмыстардың мысалдарын орындауға жылдамдатуы

  3. Бір уақытта бірнеше аспаптармен жұмыс істеу үшін, бір уақытта бірнеше тетіктерді өңдеу үшін қолайлы шарттың жасалуы.

Дәлдікті реттеу үшін процестің барлық факторына әсер ететін тұрақтылық көрсеткіші әсер етеді: өңделетін материалдың біртектілігі, жүйелік және барлық әдістерді бақылау, орнықтылық беттердің тазалығы мен дұрыстылық, қысу жігері, аспаптың тозуы.

Үшінші тәсіл берілген өңдеудің дәлдігін автоматты түрде алуын қарастырады. Бұлтетікті автоматты бақылауын және тетіктердің берілген шекарасынан өлшемнің шығу кезіндегі өңдеу процесіндегі тетіктің жонделуін қамтамасыз ету.

Қателік пайда болатын автоматты түзетулердің әртүрлі сұлбалары бар: бір тетік бойынша, бірнеше тетіктердің өлшемдерін орташа арифметикалық мәні бойынша, қиғаштық әдісі.

Тетіктің орташа олшемі бойынша жөндеу жүргізілген кезден, статикалық бақылауды талап ететін, автоматты реттелетін құрылғы кең қолданылады.

Білдекті реттеу кезіндегі аспапты олшеме орнату, қозғалмайтын білдектерді статикалық реттеу кезінде оңдеудің жоғарғы дәлдігін қамтамасыз етпейді, өйткені кесу күші және басқа да күштер әсерінен СПИД-тің барлық жүйесінде деформация пайда болады және жүйенің температуралық жүйесі өзгереді, соның салдарынан олшемдер олшеу процесінде пайда болатын, өлшемдермен сәйкес келмейді.

Өлшемдік аспаптармен жұмыс істейтін кезде, және де әртүрлі кесу қырының әсерінен пайда болатын, кесу жігері кезінде, статикалық реттеу нәтижесіндегі сәйкестік өңдеу нәтижесімен сәйкестенеді, бірақ мұндада әр түрлі қателіктерге әсер етеді.

Өлшемдік емес аспаптармен жұмыс істеген кезде жөнделетін олшемді реттеу қондырманың қажетті болімі болып саналады.

Өлшеме реттеу процесі серпілү өрісінің ортасы мен мақтама өрісі ортасының сәйкестенуін қамтамасыз етеді. Аспапты қозғалтып немесе таянышты реттеу арқылы берілген систематикалық қателіктердің орнын толтырып отырады.

Реттеу процесінде өлшемді реттеудің бірнеше түрлері бар:

Солардың кейбіреуін қарастырамыз.

1) Жұмысты калибр бойынша реттеу. Бұл әдіс кең қолданыс тапқанымен қанағаттандырыман деп саналмайды. Реттеуді бір-бірлеп саналатын тетіктерді реттеуге болмайды. Қолайсыз жағдайларда, ол әдіп өрісінің шекарасымен сәйкестенетін олшемге ие бола алады, сол кезде қалған тетіктердің тобы кіші немесе сыналған тетіктің үлкен размеріне ие болады. Егер бір рет сыналған тетіктің орнынан бірнешеуін алсақ, онда реттеудің дәлдігі жоғарылайды.

өлшемнің дәлдік қорының коэффициенті деп атаймыз.

= 1 болғанда () ақаусыз жұмыс сынылған тетіктің санына қарамастан нөлге тең. Бұл түсінікті болады, егер берілген жағдайда ақаусыз жұмыс істеу тек қисықтық орналасуы әдіптің өрісіне қатысты симметрия орналасқан кезде мүмкін бола алады, яғни реттеу қателігі нөлге тең болған жағдайда.

> 1 болғанда жұмыс ақаусыз болуы мүмкін. Мұндай жұмыс дәлдік қорының коэффициентіне және сынақталған тетік санына байланысты болады.

2)Тарылтылған шақтама калибрі бойынша реттеу, бұл жағдайда сынақталған тетіктер санын азайтуға болады, өйткені шақтаманың калибрі берілген тетіктің шақтамасына қарағанда түгел. Бір ретті сынақталған тетікті реттеу кезіндегі ақаудан толық құтылу үшін > 2, яғни > 12 тең болуы керек.

3)Әмбебапты өлшегіш аспаптың көмегімен реттеу.

Реттеуді өлшемге жеңілдетуге арналған құрылғы. Дәл өлшемдерді алу үшін реттелген білдектерді міндетті түрде қамтамасыз ету керек:

  1. өңделетін тетіктің білдекке қатысты бөлігі қашықтыққа орналасуы

  2. аспаптың білдекке қатысты берілген күйі

  3. білдекке қатысты аспаптың орналасуын жектейтін, құрылғының дұрыс іс-әрекеті. Бірінші есеп қондырылатын айла бұйымның жолымен және тетіктің тиісті орнатуымен есептеледі. Екінші және үшінші есептер білдекті реттеу процесінде есептелінеді. Алғашқы аспапты орнату үшін калибрлер немесе осы білдекте өңделген тетікті қолданады. Осыдан басқа, әмбебапты қондырылатын айла бұйымдар, қондырылатын қима үлгі, реттелетін қондырғысы бар кескіш ұстағыштар және т.б. қолданылады.

Өңдеудің экономикалық дәлдігі.

Өңдеу дәлдігіне әсер ететін түрлі факторларды қарастыра отырып. Қорытуға болады, яғни осы және басқа әдістерді барлық шарттардың есбінсіз дәлдігі туралы айтуға болмайды. Өңдеу дәлдігі өндірістен және озіндік бағадан кері тәелділікте болады. Бұл тәуелділік қасиеті әр әдістер үшін әр түрлі. Мысалы, жоғарғы талаптарды талап етпегендегі жонғылап оңдеу дәлдігінде машина уақыты қысқарады. Алайда осындай қысқарту, кесу режимін жоғарылату есебінде кейбір белгі шамадан артып кетуі мумкін емес, себебі режимдер оңдеу дәлдігімен лимиттенбейді, сонымен қатар қуаттылығымен және білдектің беріктігімен, болшектердің сенімді бекітілуімен және т.б.

Кейбір машина уақытының минималды мәндері бар,шарттарда ешқандай төмен болмауы керек, егерде өңдеу әдісін өзгертпесе.

Алайда қандай да бір өңдеу әдісін ауыстырғанда дөрекілеу (мысалы, ысқылап ажарлаумен ауыстыру) бул машина уақытының минималды мәнін төмендетуі мүмкін. Анығында,көмекші уақыттар және басқа да өңдеу уақытын құрайтындар шексіз төмендей алмайды.

Жалпы келтірілген пайымдарды, оларды басқада өңдеу түрлеріне келтіруге болады. Келесі толық уақыт бойынша өңделген дәлдік тәелділігін қабылдауға болады.

мұндағы: Та - өңдеу, шамасына берілген әдіс үшін тұрақты, сәйкесінше минималды уақыт жиынтығына;

А және к – тұрақты шама;

в -қосынды қателік, жүктемеге байланысты (әдетте даминириттейтін Ао қателігі екен, шартты серпімді қысумен)

Міндетті түрде ескеру керек, сонымен қатар кей тұрақты қателіктерді, берілген өөңдеу әдіс сипатында, ешқандай уақыт шығыны етілмеуі керек.

Егерде осы қателіктер қосындысын ∆ = ∆а + ∆в Осы айтылғандарды қорыта келе, дәлдік бойынша өңдеу уақыт тәуелділігін қиғаш түрде шамалауға болады.

Экономикалық дәлдік, түрлі өңдеу әдісіне сәйкес. Дәлдік тобы

Дәлдік тобы

Өңдеу әдісі

Орташа экономикалық дәлдік

Ауытқу шегі

Жұқа жқну және кеулеу жону

Жұқа қалыптау

Таза ұңғылау

Тарта жонуды таза өңдеу

Жұқалап ажарлау

Ысқалау

2

3

2

2

1

1

1-2а

2а 4

1-2a

1-2

1 - 2

1 - 2

Оптималды өңдеу дәлдігін таңдау техника – экономикалық қиын тапсырма болып табылады. Осы тапсырманы шешу кезінде механикалық өңдеудің бағалығын есептеп қана қоймай, сонымен қатар өңдеу дәлдігін жоғарылатқан кезде төмендейтін құрастыру бағасында ескеру керек. Сол сияқты, міндетті түрде дәлдікке эксплуатациялық сипаттағы әсерін ескерү қажет.

Әдебиет: 1 нег [40-55], 1 нег [25-40], 2 нег [46-62].

Бақылау сұрақтары:

1.Өңдеу дәлдігіне әсер ететін фоктарларды ата.

2.Серпімді СПИД жүйесінің қаттылығы.