- •1 Тақырып. Өндірістік және техникалық процестер
- •2 Тақырып. Өндірістік түрлері мен әдістері
- •4 Тақырып. База және орнықтандыру қателіктер
- •5 Тақырып. Жүйенің қаттылығын анықтау әдістері
- •6 Тақырып. Механикалық өңдеу дәлдігі
- •7 Тақырып. Беттің сапалылығы
- •8 Тақырып. Механикалық өңдеудегі әдіптер
- •9 Тақырып. Құрылымдардың технологиясы
- •10 Тақырып. Аспапты материалдар және аспаптардың құрылымдары
- •12 Тақырып. Механикалық өңдеудің технологиялық процесін жобалау
- •13 Тақырып. Машинаны техникасындағы тетіктерінің жіктелуі және технологиялық процестерді типтендіру.
- •14 Тақырып. Автомобильдер мен тракторлардың шанақтары мен кабиналарын өндірудің технологиясы
- •15 Тақырып. Құрастырудың технологиялық процесін жобалау
- •Өткен курс бойынша емтихандық сұрақтар тізімі
- •54. Қателіктер түрлері
- •58. Құрылымның технологиялылығын бағалау әдістемесі
- •Глоссарий
Глоссарий
База – бір немесе бірнеше бөлшектер беті, қарап отырған беттің түзу немесе жанама шарттарының дұрыс бұйымның функциясы жағдайы анықталады.
Базалау - дайындамаға немесе бұйымға координаттар жүйесінен салыстырмалы таңдап алынған қажетті орналасуын беру.
Машиналарды диагностикалау – олардың техникалық жағдайын белгілі дәлділікпен анықтау процесі.
Тозу – бұл тетіктің өлшемдері мен материал құрамының өзгеруі түрінде болатын желіну нәтежиесі.
Машиналардың дұрыс жұмыс істеуі – машинаның бекітілген нормативті - техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттамалар талаптарына сәйкес жағдайы.
Машина сапасы - қойылған талаптарға сәйкес өзінің функциясын орындай алу қабілеті.
Позиция – операцияның керекті бір бөлігін жасау үшін дайындаманы және құрылым бірлігін қондырғыға орнатып, оларды аспаптың белгілі бір орнына мықтап бекітіп тастау.
Сенімділік – бұйымның қажетті уақыт аралығында қолданушылық қасиеттерін жоғалтпай, берілген функцияны орындау қабілеті.
Бұзылу – машинаның қойылған талаптардың біреуіне болмасын сәйкес келмеу жағдайы.
Операция - бір жұмыс орнында бір немесе бірнеше жұмысшы бір мезгілде бір немесе бірнеше үздіксіз өңделіп жатқан объектілердің технологиялық процесінің бөлімі.
Қайтарым – машинаның (тетіктің, бөлшектердің және т.б.). жұмыс істеу қабілетінің бұзылуы.
Ауысым - өңделетін беттің, кесуші аспаптың және білдектің жұмыс режимінің тұрақтылығымен сипатталатын операция бөлімі.
Әдіп – дайындамадан дайын тетік жасау процесінде алынатын материал қабаты.
Фасондық беттер деп, формасы жазықтықтан, цилиндрден және конустан өзгеше беттерді атайды.
Орнату – операцияның бөлігі, бір бекіткенде орнатылатын бөлшек (немесе бір уақытта өңделген бірнеше бөлшектер).
Өту – операцияның бөлігі, сыртқы бетінің өзгертпей өңдейтін, кесетін құрал және жұмыс станогының режимі.
Қабылдау – жұмысшының процесстегі орындаған операциясының белгілі аяқталған әрекеті (мысалы: аспапты қосу, беру т.б.).
