Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
447.49 Кб
Скачать

Дәрістік сабақтардың конспекті

1 Тақырып. Өндірістік және техникалық процестер

Өндірістік процесс деп, шикізаттың машинаға айналу үшін барлық кезеңдер жиынтығын айтады. Өндірістік процеске мыналар кіреді: машина бөлшектерінің дайындамасын жасау, оның әр түрлі өңдеу әдістері (механикалық, техникалық, химиялық және т.б.), сапаны басқару, керек жерге жеткізу, сақтау, жинау және тораптарды тексеру.

Өндірістік процестен технологиялық процесс бөлінеді: технологиялық процесс болып, өндіріс объектінің көлемін, өлшемін, физикалық қасиетін өзгертуімен және бөлек бөлшектер арасындағы қатынасының өзгеруі мен байланысты процесті атайды. Негізінде технологияның процестері бөлшек немесе өнімге қатысты қарастырады, ал өндірістік процесс- цех немесе оның жер көлеміне қатысты қарастырады. Келешекте оңай болу үшін механикалық өңдеу мен жинаудың технологиялық процестерін қарастырамыз.

Бөлшектердің өңдеудің технологиялық процестердің оны орнату мен шешу жатады. Өңделініп жатқан бөлшектің пішімі мен өлшемдері өзгермесе де, бұл бөлшектер өнімнің пішімі мен өлшемінің өзгеруіне тұра әсеріне тигізеді.

Өнімді станоктан көтеріп – тасымалдау машинасы арқылы алу- технологиялық процеске жатады, бірақ өнімді көтеріп тасымалдау машинасы мен цех ішінде тасымалдау технологиялық процесс саналмайды, өндірістік процестің саналса да.

Бұл бөліну , станоктан өнімді алып, не орнатқанда станок технологиялық процесс орындай алмайтындықтан пайда болды, ал цех ішінде тасығанда, бұл процесті станок орындай алады.

Структуралық процесс құрылымы

Бөлшектің механикалық өңдеуінің ең мол қолайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін, оны бөлек құрылымдық бөлшектеріне бөледі: операциялар, орындар, өтпелер, әдістер, әдіс элементі.

Операция деп, бір жұмысшы мен немесе жұмыс тобы мен бір жұмыс орнында, бір уақыт аралығында, орындалатын бір немесе бірнеше технологиялық процестің бөлігін атайды. Егер, мысалы, белгілі бір доңғалақтарды станокта екі жағынан өткірлеу керек болса, онда бұл процестерді бір немесе екі операцияда орындауға болады. Бірінші жағдайда доңғалақтардың екі жағынан кезекпен, бірінен соң бірін өңдейді. Ал екінші жағдайда доңғалақтарды бір уақытта екі жағыда өңделеді.

Операция бөлшектердің өңдеумен машинаның тораптарын жинау технологиялық процесс кезіндегі анықтау, жобалау және есептеу кезіндегі негізгі элемент саналады.

Механикалық өңдеу процесінің технологиялық процестеріне қатысты «заңдылық» және орын сөздері жиі қолданылады.

Заңдылық деп, бөлшекті станокта бір орнатқан кездегі (бір немесе бірнеше бөллшекті ), операциның элементін атайды.

Жоғарыда көрсеткен мысалды қайта алатын болсақ доңғалақтардың өңдеу екі операцияда орындалады; бірінші операцияда доңғалақтың бірінші жағы,

екінші операцияда доңғалақтың екінші жағы өңделеді.

Орын деп, бөлшектің станокқа қатысты жұмыс кезіндегі орналасқан орны аталады.

Операция өтпелерге бөлінеді: өтпе деп, өңделген беттің кесу аспабы мен станоктың жұмыс режимін өзгермегендігін сипаттайтын операция бөлігі.

Бір бөлшекті бірнеше бетін уақыт ішінде бірнеше аспаптар мен орындалса, ол бір өтпе деп аталады. Аталған элементтерінің (өңделетін беттер аспап немесе жұмыс режимі) біреуі болса да өзгерсе, ол жаңа өтпені анықтайды.

Өтпелер жолдарға бөлінеді

Жол деп, аспаптың беріліс бағыты бойынша бір өзгерту кезіндегі өтпелердің бөлігі: бір жол кезінде заттың тұрақты немесе тұрақсыз бір қабаты шешіледі.

Жұмысшымен орындалатын еңбектік процестер әдіс пен элементтерге бөлшектенеді.

Әдіс деп, операция орындау кезінде (мысалы станокты іске келтіру, берілісті қосу және т.б) жұмысшымен орындалатын бір атқарылған жұмыс аталады. Әдіс элементі деп, әдістің ең аз атқарылған, уақытын санауға болатын, бөлігін атайды (мысалы станокты қосу бірнеше элементтерге бөлінеді: қосқышты алу; берілісті қосу, қосқышты жылжыту оған орын беру)

Құрамында білгілі бір өтпелер саны бар қарапайым операциялардан тұратын бөлшекті өңдеудің технологиядық процессі – деференцияланған технологиялық процесс деп аталады. Егер өтпелер саны көп болатын болса, процесс – концентрленген технологиялық процесс деп аталады.

Егер опреацияның көптеген өтпелер белгілі бір заңдылықпен орындалса, онда ол заңдатылған – концентрленген ал егер өтпелердің барлығын бір уақытта орындалса, онда оларды параллельді – концентрленген деп атайды.

Бөлнемесе машинаны жинағанда мамандандырылған жұмысшының белгілі бір еңбегі жұмсалады.

Еңбек шығыны сол жұмысты орындаған уақыт мерзімі мен анықталады. Технологиялық процеске кеткен уақытты еңбек сиымдылығы деп атайды.

Технологиялық процеске кеткен уақытты еңбек сиымдылығы деп атайды.

Еңбек сиымдылығы нақты және есептік деп бөлінеді. Нақты еңбек сиымдылығы (төленетін уақыт) есептік сиымдылыққа тең немесе одан көп. Екінші жағдайда нақтылы еңбек сиымдылығы жұмысшылардың аяқталмаған жұмысына артық. Еңбек сиымдылығы есептеу бірлігі – адам – сағат.

Әдебиет: 1нег.[3-9], 2нег.[6-16]

Бақылау сұрақтары:

1. Өндірістік процеске не кіреді?

2. Өнімділікпен операция деп не аталады?

3. Бірлік сериялы және жаппай өндірісті сипаттандар.