- •Диаграмма 1- Шағын кәсіпорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері
- •Диаграмма 2 - Экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын кәсіпорындардың саны
- •Диаграмма 3- Облыс аудандары бойынша шағын кәсіпорындар саны
- •2.2 Шағын және орта бизнесте экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылғандар
- •Диаграмма 4- Экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметкерлердің тізімдік саны
- •Диаграмма 5- Аудандар бойынша қызметкерлердің тізімдік саны
- •Диаграмма 6 - Экономикалық қызмет бойынша барлық қызметкерлер саны
Диаграмма 3- Облыс аудандары бойынша шағын кәсіпорындар саны
Жоғарыдағы кесте мәліметтеріне сүйенсек облыс аудандары бойынша шағын кәсіпорындардың саны Жамбыл облысыны бойынша 2014 жылы 2831 құраған ,оның ішінде : Тараз қаласы 61% , Байзақ 3% , Жамбыл 2% , Жуалы 1 %, Т.Рысқұлов 3 % , Меркі 5% , Мойынқұм 3%,Сарысу 4% , Талас 4% , Шу 5 % , Қордай 8% құрап отыр. Ең үлкен үлеске аудан бойынша Қордай облысы ие болып отыр. Осыған сәйкес қаржылық нәтиженің пайдасы бойынша ең жоғарғы табыс Қордай ауданына 9711,3 млн тг және облыс орталығы Тараз қаласының 4082,4 млн тг кәсіпорындары қол жеткізді.
Қордай ауданы кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелердің 10,5% -өнеркіәсіп өнімдерінің саласында, 13,2% - ауыл шаруашылығында, 30,9% -сауда да , 2,6-көлік және байлыныс шаруашылығында өңірде шағын бизнесті қолдау мақсатында көптеген бағдарламалар ұсынылуда.
«Бизнестің жол картасы 2020 » бағдарламасы бойынша ол жобаны іске асыру жоспарланған . Шағын бизнесті қолдау мақсатында , орташа айлық жалақының 107% өсіріп отыр . Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 40% артып отыр.
Ауыл шаруашылығы аудан экономикалық маңызда салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыдан көрінген болатын. Ауданның экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып , ауыл шаруашылығы және ірі резервтермен ерекшелінеді.
Қордай ауданы мемлекет бюджетіне 1 млрд. 678 млн теңге салықтар мен басқа төлемдер түсіп, өсу қарқыны 103,4 % немесе 55,3 млн теңге өскен. Оның ішінде республикалық бюджетке 553 млн тг, облыстық бюджетке 526 млн тг , аудандық бюджетке 599 млн тг түсті.
2.2 Шағын және орта бизнесте экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылғандар
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы фактордардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Кесте 4
Экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметкерлердің тізімдік саны,адам
Көрсеткіштер |
Жылдар |
Өзгеруі 2014/2013жж |
|||
2012 |
2013 |
2014 |
(+;-) |
(%) |
|
Облыс бойынша барлығы оның ішінде |
19 193
|
20 039
|
20 255
|
216 |
101 |
Ауыл,орман және балық шаруашылығы |
1 459
|
1 105
|
1 251
|
146 |
113,2 |
Өнеркәсіп
|
3 114
|
3 626
|
3 320
|
-306 |
91,5 |
Құрылыс
|
4 998 |
4 958
|
5 602
|
644 |
113 |
Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер ді және мотоциклдерді жөндеу
|
3 930
|
3 734
|
3 526
|
-208 |
94,4 |
Кәсіби және техникалық қызмет
|
1 815
|
1 668
|
1 730
|
62 |
104 |
Басқалары |
3877 |
4948 |
4826 |
-122 |
97,5 |
