- •Диаграмма 1- Шағын кәсіпорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері
- •Диаграмма 2 - Экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын кәсіпорындардың саны
- •Диаграмма 3- Облыс аудандары бойынша шағын кәсіпорындар саны
- •2.2 Шағын және орта бизнесте экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылғандар
- •Диаграмма 4- Экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметкерлердің тізімдік саны
- •Диаграмма 5- Аудандар бойынша қызметкерлердің тізімдік саны
- •Диаграмма 6 - Экономикалық қызмет бойынша барлық қызметкерлер саны
2 Жамбыл облысындағы шағын және орта бизнес құрылымдардың қазіргі жағдайын талдау
2.1 Облыстағы кәсіпкерлікпен шұғылданатын шағын кәсіпорындардың негігі қызмет көрсеткіштерін талдау
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі - ұжымның еңбекке ұмтылуы,жұмыс орнын сақтап қалуға тырысуы және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады.Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.
Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлін бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша. Жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттырытын маңызды сұрақтар болып табылады.Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды.
Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет.
Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
- қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береді, өркениетті бәсекеге қабілетті нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
- ассортименттің кеңеюі,тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, арындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
меншік иелері,кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
ірі кәсіпорындарға жинақталған бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
жалға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;
Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы айтылған жағдайларға сәйкес қазіргі кезде кәсіпкерлік басымды сала болып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік субьектілерге моратори жарияланғаны да бізге белгілі.Осыған орай, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыты дұрысқа қарай ауатын болады. Соның ішінде минералды тыңайтқыштар өндірісі, ауыл шаруашылық машина құрылысы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі және т.б. [1,2,3].
Кесте 1
Шағын кәсіпорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Жылдар |
Өзгеруі 2014/2013жж |
|||
2012 |
2013 |
2014 |
(+;-) |
(%) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Шағын кәсіпорындардың саны,бірлік |
2 593
|
2 939
|
2 831
|
-108 |
96,3 |
Барлық қызметкерлердің саны, адам |
20 932
|
22 917
|
22 223
|
-694 |
96,9 |
Еңбекақыға төлеуге жұмсалған шығыстар, млн.тг |
12 505,0
|
12 784,0
|
13 795,0
|
1047 |
108,2 |
Орташа айлық жалақысы ,теңге |
54 088,1
|
51 924,9
|
58 102,1
|
6117,2 |
111,8 |
Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің көлемі (ҚҚС-сыз және акцизсыз), млрд, теңге
|
109,8
|
86,8
|
109,6
|
22,8 |
126,3 |
Кесте 1 жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
||
Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс,млрд теңге. |
182,3
|
163,1
|
271,0
|
107,9 |
166,2 |
||
Салық салынғанға дейінгі пайда (+); залал (-), млн теңге |
6 916,2
|
6 875,0
|
14 772,1
|
7 897,1 |
214,8 |
||
Міндеттемелер бойынша берешек, млрд теңге
|
136,4
|
120,7
|
344,7
|
224 |
285,6 |
||
Дебиторлық берешек, млрд теңге
|
38,5 |
34,3 |
99,7 |
65,4 |
290,7 |
||
Диаграмма 1- Шағын кәсіпорындар қызметінің негізгі көрсеткіштері
Кесте 1-ден көріп отырғанымыздай Жамбыл облысында тіркелген шағын кәсіпорындар саны 2014 жылы 2831, Ол 2013 жыл мен салыстырғанда 96,3 % кеміп отыр. Осыған орай барлық қызметкерлердің саны 96,9% кеміген. Шағын кәсіпорындардың кемуінің себебі: өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің сапасының төмен болуы, капиталды тиімді пайдаланбауы, сұраныстың азаюы, қаражаттың аздығы, тұтынушының сенімінен шығуы . Осы факторларға орай 2013 жыл мен 2014 жылды салыстырғанда шағын кәсіпорындар саны 108-ге азайған.
Шағын кәсіпорындардың саны азайғанымен , еңбекақы төлеуге жұмсалған шығыстар 108,2% көбейген және де орташа айлық жалақы 111,8% көбейген. Оның басты себебі, елбасымыздың жолдауында көрсетілгендей: қызметкерлердің санын азайтып, сапасын жоғарлатуды ұсынды.Осыған орай әрбір қызметкерлердің ынталануына байланысты, өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің көлемінің 126,3 % көбейген және де өнімдерді өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс 107,9 млрд теңгеге артып отыр, яғни 166,2% өскен. Салық салынғанға дейінгі пайда мен залал 7897,1 млн теңгені құрап отыр.
Шағын кәсіпорындардың саны азайғанымен, қалған шағын кәсіпорындардың қызмет тиімділігін арттыру үшін: шағын кәсіпорынның экономикалық құрлымын дамыту, оңтайлы инвестициялық фактор, ұтымды басқару, шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік инфрақұрлымын арықарай дамыту, өнімнің сапасын аттыру, ауқымды инвестицияларды тарту , сұранысты қамтамасыз ету, нарық сұранысын қамтамасыз ету мақсатында өндіріске қажетті ресурстарды уақытылы жеткізу, техникалық деңгейін жақсарту .
Кесте 2
Экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын кәсіпорындардың саны,бірлік
Көрсеткіштер |
Жылдар |
Өзгеруі 2014/2013жж |
||||||||||
2012 |
2013 |
2014 |
(+;-) |
(%) |
||||||||
Бір лік |
Жиынтық %-бен |
Бір лік |
Жиынтық %-бен |
Бір лік |
Жиынтық %-бен |
Бір лік |
Жиынтық %-бен |
Бірлік |
Жиынтық %-бен |
|||
Облыс бойынша барлығы оның ішінде:
|
2593
|
100,0
|
2 939
|
100,0
|
2831
|
100
|
-108 |
0 |
96,3 |
100 |
||
Ауыл,орман және балық шаруашылығы |
197
|
7,6
|
197
|
6,7
|
185
|
6,5
|
-12 |
-0,2 |
93,9 |
97,0 |
||
Өнеркәсіп |
317
|
12,2
|
351
|
11,9
|
324
|
11,4
|
-27 |
-0,5 |
92,3 |
95,8 |
||
Құрылыс
|
554
|
21,4
|
660
|
22,5
|
703
|
24,8
|
43 |
2,3 |
106,5 |
110,2 |
||
Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер ді және мотоциклдерді Жөндеу
|
715
|
27,6
|
866
|
29,5
|
753
|
26,6
|
-113 |
-2,9 |
86,9 |
90,1 |
||
Басқалары |
810 |
31,2 |
758 |
29,7 |
866 |
30,7 |
108 |
1 |
103,4 |
114,2 |
||
