Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой Игисинова Айганым У-31к.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.86 Кб
Скачать

2.3 Ағымдағы банктік шоттағы қаражатының синтетикалық есебі

«VIP-ГТ» ЖШС өзінің бос ақша құжаттарын сақтау, есеп айырысу және кредиттік операциялардың барлық түрлерін қамтамасыз ету үшін «БанкЦентрКредит » филиалында №002467219 есеп айырысу шотын ашқан. «VIP-ГТ» ЖШС шотынан барлық төлемдер, бюджетпен еңбек ақы бойынша төлемдерді қоса, банкке келіп түскен есеп құжаттарының күнтізбелік кезегі (төлем жасау мерзімінің жетуі) бойынша тәртіппен жүзеге асырылады. «VIP-ГТ» ЖШС – де белгіленген сомада қолма – қол ақшамен жалақыға, іс сапар, шаруашылық операциялары және басқадай шығындарды беру жөніндегі бұйрығы болып табылатын ақшалай чек толтырылады. Чекте ұйымның атауы, есеп айырысу шотының нөмірі, сомасы, алушының төлқұжаттық мәліметтері, төраға мен бас бухгалтердің қолдары, ұйымның мөрі көрсетілуі тиіс. Алынған ақшаның жұмсалатын мақсаты чектің сыртқы жағында көрсетіліп, бір данада сиямен жазылады. Онда түзетулер жасауға тиым салынады. Чектер берілген күнін есептемегенде он күнге дейінгі мерзімге жазылады. «VIP-ГТ» ЖШС-і төлем тапсырмасы негізінде банк төлеушінің есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын алып, яғни есептен шығарып, алушының есеп айырысу шотына аударады. Бұл төлеушінің банкке бұйрығымен жүзеге асады. Төлем тапсырмасын ұйым қорларды, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар кезіндегі сондай – ақ тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем жасау, аванспен төлеу кезінде пайдаланылады. Төлем тапсырмасы ұйымның есеп шотында ақша қаражаттары бар болған да ғана орындалады. Ұйым орындалған жұмыс, өткізген өнім, көрсетілген қызметі үшін ақшасын алуға төлемдік талап – тапсырмасын жазып, өзінің қызмет көрсететін банкісіне инкассоға өткізеді. Бұл құжатты қызмет көрсетуші банк төлеуге тиіс ұйымның банкісіне жібереді. Төлеуші оны үш күн ішінде акцепке алуға немесе бас тартуға міндетті. Талап тапсырмасы босатылған қорлар, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысулар кезінде қолданылады. «VIP-ГТ» ЖШС – де есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі үшін 1030 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты арналған. Шоттың дебеті бойынша Ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының есеп айырысу шотына түсуі, ал кредиті бойынша есеп айырысу шотынан қаражаттардың жұмсалуы көрсетіледі. «VIP-ГТ» ЖШС-не көрсетілген банк қызметтері үшін банк аударым жасалған соманың 1 пайызы мөлшерінде комиссиондық пайыз ұстайды. Оны мемориалдық ордерде көрсетіп ұйымға ұсынады. Көшірме қағаз және есеп айырысу құжаттарының көшірмелерін алғаннан кейін ұйымның есеп айырысу шоты бойынша операциялардың заңдылығын тексеру кезінде қате тіркелген сомалар анықталса, онда бұл тіркелген сома 1030 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының дебеті және 3210 «басқадай кредиторлық қарыздар» шотының кредиті бойынша, ал қате есептен шығарылған сома 1030 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының кредиті және 1430 «Басқадай дебиторлық қарыздар» шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Кейінгі көшірме қағазда банк түзету енгізіп, ал бухгалтерлік есепте қарыз есептен шығарылады. Ұйымда есеп айырысу шоты бойынша операциялар алғашқы құжаттарда тіркеліп, 1030 шоттың кредиті бойынша жүргізілетін №2 журнал – ордерге және шоттың дебеті бойынша жүргізіліп, оған қоса тіркелетін ведомоске түсіріледі. Бұл регистрлерге жазулар банктерден көшірме қағаздардың келіп түсуіне қарай жүргізіледі. Жазу кезінде шоттар корреспонденциялары бірдей сомалар бекітіледі. Ай соңында осы регистрлердегі қалдық шығарылып, одан әрі бас кітапқа апарылады.

Есеп айырысу шотындағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дт

Кт

Сома

1

Сатып алушылардан жіберілген өнім, көрсетілген қызмет үшін алынуға тиісті сома есеп айырысу шотына кіріске алынды

1030

1210

512470

2

Еншілес серіктестіктерден жіберілген өнім, көрсетілген қызмет үшін алынуға тиісті сома есеп айырысу шотына кіріске алынды

1030

1220-1240

384995

3

Жолдағы деп есептелінген ақшалар есеп айырысу шотына кіріске алынды

1030

1040

112463

4

Есеп айырысу шотына ұйымның жарғылық қорын толтыру мақсатымен үлес қосушылардан келіп түскен сома

1030

5020

288797

5

Есеп айырысу шотына кассадан келіп кіріске алынған сома

1030

1010

211412

6

Басқа да берешектерден қарызын өтеу үшін келіп түскен сома

1030

1410

342155

7

Алынған банк несиесі есеп айырысу шотына кіріс етілді.

1030

3010

338744

8

Есеп айырысу шотына банктегі арнайы шотынан келіп түскен сома

1030

1070

52447

9

Есеп айырысу шотына келіп кірісітелген банктен тыс мекемелердің несиесі

1030

3020

67915

10

Бюджетке төленген салық сомасының артығы есеп айырысу шотына қайтарылды

1030

3110-3190

23378

11

Бағасы есеп айырысу шотынан төленіп сатылып алынған материалдық емес активтер

2710-2730

1030

67957

12

Бағасы есеп айырысу шотынан төленіп сатылып алынған негізгі құралдар

2410

1030

168825

13

Банк және банктен тыс мекемелерден алынған несиелер есеп айрысу шотынан қайтарылды

3010-3020

1030

199859

14

Заңды тұлғаның есептелген табыс салығы бойынша қарыз сомасы есеп айырысу шотынан бюджетке аударылды.

3110

1030

426671

15

Ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан ұсталынатын табыс салығы сомасы бюджетке аударылды

3190

1030

341121

16

Әлеуметтік салық сомасы есеп айрысу шотынан бюджетке аударылды

3150

1030

33759

17

Еңбекақы, зейнетақы және тағы басқа төлемдерді төлеу үшін есеп айырысу шотынан аударылды

1010

1030

1357954

Қорытынды

Банк— ерекше кәсіпорын. Егер кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал Банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялыққызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша рыногынан қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, т.б. жатады. Коммерциялық Банктер бұлармен қатар делдалдық және сенімдік (коммандиттік) операцияларды да жасайды. Атқаратын қызметі мен сипатына қарай — орталық эмиссиялық (Ұлттық банк, оның жергілікті филиалдары), коммерциялық, инвестициялық, салалық, ал меншік түріне қарай мемл., акцион., корпоративтік, аралас, мемлекетаралық Банктер болып бөлінеді. Банктік қызмет — бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Банктік операцияларға мыналар жатады: - заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу; - жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу; - банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын aшy және жүргізу; - заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу; - кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау; - аударым операциялары; заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау; - есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт); - заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру; - заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент – банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуоперацияларын жүргізу; - сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару; - клиринттік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза ұстанымын анықтау; - сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін керсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру; - ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру; - төлем карточкаларын шығару; - банкнот пен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту; - шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру; - төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын); - чек кітапшаларын шығару; - бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет; - аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау; - ақшалай нысанда орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру; - үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспондентгік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін керсетуді ез міндетіне алады.

Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мөліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық телеуші-шот иесінің тіркеме немірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды телеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген баска да жағдайлар карастырылуы мүмкін. Банктік есепшот шарты бойынша ағымдағы  және карт- шот ашқан кезде  банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшінші адамдарға тиісті  ақша сомасын аудару ( беру) туралы клиенттің нұсқауын орындауға және банктік есепшот шартында көзделген басқа да  қызмет көрсетуге міндеттенеді.

Банктік есепшот  шартында мыналар болуға тиісті:

- шарттың мәні; - банктік есепшот ашқан кезде тиісті құжатты көрсету керек болмайтын жағдайдан  басқа кезде салық қызметі органы берген құжатта  көрсетілген салық төлеуші клиенттің тіркеу нөмірі; - банкте жатқан ақшаны жұмсау тәртібі; - банктік қызмет көрсету шарттары және оған ақы төлеу тәртібі.

Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін банк ағымдағы есепшот ашады. Егер заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өте алмаса, Банк заңды тұлғаның құрылтайшылары тағайындаған уәкілетті жеке тұлғанының өтініші бойынша, және оған қоса қатысушының атына тиісті ақша сомаларын ауыстыру туралы тапсырма қағазы негізінде, ақшаны сол тапсырмаларға сәйкес заңды тұлғаны құрылтайшыларына (жеке және/немесе заңды тұлғаларға) қайтарады. Мына жағдайдың бірінде Клиент бір банкте бірнеше шот ашатын болса, филиал клиенттен шот ашуға тиісті құжаттарды (тек қол қою үлгісі бар құжат пен мөрлердің мөртабандарының үлгілерін; қол қою үлгісі бар құжатында аталатын жеке тұлғаны куәландыратын құжаттар, және, керек болса, қол қою үлгісі бар құжатында белгіленген тұлғаның өкілдік құқығын расстайтын құжаттарды санамағанда) қайтадан талап етпеуі тиіс: - егер клиент бірінші шотын банктің сол филиалында ашқан болса, және сол филиалдан тағы бір шот ашам десе. Мұндай жағдайда банк шоты туралы келісімшартқа қосымша шот/шоттар ашу туралы қосымша шарт жасалады; - немесе бірінші шотын ашқан Банк филилалдарының бірі банк шотын ашуға керекті Клиент құжаттарының толық тізілімі бар екенін расстайтын хат бар болса.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Әдістемелік оқулықтарды құрастыру барысында қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Қ.Р.«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі туралы» Заң №234-ІІІ 28.02.2007ж.

2.ҚР «Еңбек кодексі» №251 15.05.2007ж.

3.ҚР «Салық кодексі» 2009ж.

4.ҰҚЕС №50 31.01. 2013ж.

5.«Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі» №221 22.05.2007ж.

6. Бухгалтерлік есеп шоттардың жоспары №185 23.05.2007 ж.

7. В.Л.Назарова «Шаруашылық жұргізуші субъектілерге бухгатерлік есеп»

Алматы, Экономика 2005г.

8.Мадиева К.С. «Бухгалтерский учет и аудит» Караганда 2007г.

9.В.П.Проскурина «Бухгалтерлік есеп бойынша есептер жинағы» 2012ж.

10.Китебаева К.Ә. «Принципы бухгалтерского учета», Караганда 2010г.

11.О.М.Жакупова «Бухгалтерлік есеп принциптері» Қарағанды қ. 2003ж.

12.Д.М.Нурхалиева «Налоговый учет» Алматы 2007г.

13.«Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане», ІУтом Караганда.-2006 г.

14. Нурхалиева Д.М.,Омирбаев С.М.,Омарова Ш.А. «Налоги и налогообложение в Республике Казахстан» Астана 2007г.

15.М.Молдашева, С.Петренко «Бухгалтерлік есеп»

16. Пинкевич Т.В., Леснова Ю.В. «Сборник задач по бухгалтерскому учету» Алматы 2011г.

17. «Қаржылық есеп» оқулық Омирбаева З.М. 2012ж

19