- •1 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы
- •1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік
- •2. Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы
- •2.1 Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражатының кірістелу жағдайы және құжаттауы
- •2.2 Ағымдағы банктік шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының шығыстауы және құжаттауы
- •2.3 Ағымдағы банктік шоттағы қаражатының синтетикалық есебі
2. Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы
2.1 Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражатының кірістелу жағдайы және құжаттауы
Банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде банктің алатын негізгі табыстарының түрлеріне сыйақы, қызмет көрсеткені үшін алым, комиссиондық және бағалы қағаздар операцияларының нәтижесі жатады. Табыстың әрбір түрі банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлек ашып көрсетіледі. Активтерден (міндеттемелерден) алынған нақты табысты есепке алатын уақыт арақатынасы негізінде сыйақы түріндегі табыс танылады. Қазіргі сәтте табыстардың құрамына қосылып қойылған сомаларды алу мүмкіндігіне қатысты күмәнділік пайда болса, олар табыстың бастапқы танылған сомасына түзету жүргізу арқылы танылады. Кез келген кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды мақсаты – табыс табу болып табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің ең басты қызметі – осы мақсаттарға жету жолындағы банктің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау және есептілікті көрсету. Табыс – есепті кезең аралығындағы активтер ағымы немесе өсуі немесе банк қызметінің табыс алуға бағытталған және капиталды өзгерте алатын түрлерінің нәтижесінде орын алған, жалпы қабылданған есептілік қағидаларына сәйкес өлшенген және мойындалған несиелік қарыздың азаюы нысанындағы экономикалық пайданың көбеюі. Табыс банктің өмір сүру көзі болып табылады. Банксіз табыс жоқ, табыссыз банк жоқ. Табыстың мәнін анықтау, бағалау және табысты уақытпен байланыстыру бухгалтерлік есептің негізгі мәселелері. Табыстар екі түрге бөлінеді: негізгі және негізгі емес қызмет түрлеріне байланысты. Табыстар әдетте мәміле орындалған және түсімді алу және оны өлшеу мүмкіндіктеріне қатысты қатаң сенімділік болған жағдайда мойындалады. Өнімді сатудан түскен табысты мойындаудың негізгі өлшемдерінің бірі – сатушы сатып алушыға сатылған өнімге меншік құқығынан сыйақы және елеулі тәуекелдерді беруі болып табылады. Егер сатушы оны өзінде қалдырса, онда ереже бойынша, бұл мәмілені сату ретінде тануға болмайды. Өнімді өткізу кезінде табыс танылған болса, онда табыс пен шығыстарды тану қағидаларын қолдану келесідей болуы мүмкін: - өткізгенге дейін; - өткізу кезінде; - өткізгеннен кейін.
2.2 Ағымдағы банктік шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының шығыстауы және құжаттауы
Банк өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген банктік операцияларды жүргізеді. Операцияларды жүргізуде пайыздық, пайыздық емес және басқа да шығындары банктік шоттары болады. Банк осы операцияларды жүргізуге арналған ғимараттары, құрылғылары және қызметкерлері болғандықтан оның әкімшілік және басқа да шығындары болады. Екінші денгейлі банктердің шот шығындарын формасына және есепке алу тәсіліне қарай жіктеуге болады. Формасына қарай, олар мынадай түрлерге бөлінеді: -пайыздық шығындар; -пайызсыз шығындар; -басқа да шығындар. Пайыздық шығындар — клиентердің талап ету және мерзімді депозиттері, басқа банктердің депозиттері бойынша, Ұлттық Банктен және басқа да банктерден алынған несиелік ресурстар үшін, сондай-ақ шығарған бағалы қағаздары бойынша төленген пайыздардан құралады. Пайызсыз шығындарға — жалпы банктің операциондық шығындары мен басқару аппаратын ұстау шығындары жатады. Басқа да шығындар — банктік операциялардың өзіндік құнына жататын резервтерді құру, салық төлеу шығындарын, бағалы қағаздар нарығында, валюталық нарықта алып-сатарлық опреацияларды жүзеге асыруға, банктің мүлкін сатуға және т.б. байланысты болатын зияндарды сипаттайды. Есепке алу тәсіліне қарай банктік шот шығындарды мынадай түрлерге бөледі: - Банк шотының операциондық шығындары дегеніміз – есеп беру кезінде экономикалық пайданың ағымды түрдегі, активтерді қолдану түрінде немесе меншікті капиталдың азаюына әкелетін берешектің пайда болуы. - Басқару аппаратын ұстау шығындары: жалақы, сый-ақы, ынталандыру ақысы, ғимаратты, құрал-жабдықтарды және жеңіл машиналарды ұстау, күзет, баланс, аренда, жарнама, көліктік үшін шығындар,іс-сапар және кеңес заттары үшін шығындар, яғни олар пайызсыз шығындарды білдіреді; - Банктің төлейтін айып пұлдар, пениялар және т.б. шығындары. Банк шотының шығыны ұлттық валютада негізгі әдіспен есептелінеді және мыналардан құрылады: - алынған несиелер, депозиттер, лизингтік операциялар, бағалы қағаздар операциялары б-ша төленген сыйақылар мен комиссиондық төлемдер: - кәсіпорындардың, мекемелердің, кооперативтердің және жеке тұлғалардың депозиттері мен салымдары бойынша; - басқа банктерден уақытша алынған несиелік ресурстар бойынша; - шетел валютасын, бағалы қағаздарды сату, сатып алу және қайта бағалауы бойынша шығын; - айналымға шығарылған депозиттік сертификаттар бойынша; - пошталық, телеграфтық, электрондық операциялар шығыны; - банк активтерін сатуға байланысты шығын, зияндар; - осы жылда анықталған өткен кезең шығыны; - банк қызметін қамтамасыз етудегі әртүрлі шығындар: - банк қызметкерлеріне еңбек-ақы төлеу бойынша шығындар; - кадрларды дайындауға кеткен шығын; - іс-сапар шығындары; - ғимараттар, құралдар, банктік инвентарларды жөндеу б-ша шығын; - жылу, жарық, күзет үшін төлем; - банктік құжаттар, бағалы заттарды сақтау ж/е аудару б-ша шығындар; - жарнамалық шығындар; - аудиторлық, ақпараттық қызмет және кеңес алу үшін төлем; - акция, облигация ж/е т.б. қағаздаршығару мен таратудағы шығындар; - несие, мүліктерді және т.б. тәуекелдерді сақтандыру б-ша шығындар; - төленген айыппұлдар, өсім ақылар және т.б. экономикалық санкциялар - күтпеген жағдайлар шығыны; - басқа да шығындар
