- •1 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы
- •1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік
- •2. Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы
- •2.1 Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражатының кірістелу жағдайы және құжаттауы
- •2.2 Ағымдағы банктік шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының шығыстауы және құжаттауы
- •2.3 Ағымдағы банктік шоттағы қаражатының синтетикалық есебі
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
экономика, бизнес және құқық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ»
Тақырыбы: Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы
Орындаған: Игисинова А.А.
У-31қ топ студенті
Тексерген: Омирбаева З.М.
Қарағанды
2016
Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................3
1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы............................................4
Ақша қаражаттары туралы түсінік..........................................................4
1.2. Ағымдағы банктік шоттарды ашу тәртібі.............................................6
2 Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы......................................................................................................10
2.1 Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражатының кірістелу жағдайы және құжаттауы.............................................................................................10
2.2 Ағымдағы банктік шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының шығыстауы және құжаттауы..........................................11
2.3 Ағымдағы банктік шоттағы қаражатының синтетикалық есебі........12
Қорытынды...............................................................................................16
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................19
КІРІСПЕ
Ақшаның рөлін айқын түсінуден басқа нарықтың экономика қызметінің тетіктерін түсіну үшін одан маңызды ештеңе жоқ. Өйткені, ақшаны «нарықтың тілі» деп жәйдан жәй аталмаған.
Ақша жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көшті.
Ақша – бұл жалпыға ортақ эквивалент және ерекше тауар болып табылады. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметтерінен көрінеді: төлем құралы, айналым құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша және т.б.
Ақша қаражаттардың есебiн зерттеп бақылай отырып кез – келген кәсiпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететiнiн, олармен қандай қарым – қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын көрiп бiлуге болады. Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – бұл ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасын толығымен ашу, яғни ақша – қаражаты деген не, оның ағымдағы банктік шотында қозғалысы, ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражатының кірістелу мен шығысталу жағдайы, құжаттауын қарастыру және толығымен меңгеруді қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
— ақша қаражаттары туралы түсінікті толығымен ашу;
— ағымдағы банктік шоттарды ашу тәртібі;
— ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражатының кірістелу;
— ағымдағы банктік шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының шығыстауы;
— ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражатының құжатталуы;
1 Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы
1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік
Ақша қаражат деген – ол кәсіпорын кассасындағы қолма қол, ағымдағы банктік шоттардағыақша қаражаты. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.
Ақша
қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалармен
есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының
банк мекемелерінде банктік шоттарды
ашады. Банктік шот депозит қабылдаумен,
келісім — шартта қарастырылған клиентке
банктік қызмет көрсетумен байланысты
операцияларды жүзеге асыру бойынша
банк пен клиент арасындағы келісім —
шарт қатынастарын көрсету амалы. Банктік
шоттар теңге мен шетел валютасында
жүргізілуі мүмкін және есеп айырысу
(ағымдағы), жинақ, корреспонденттік
шоттар болып блінеді.
Корреспонденттік
шоттар —
(банктер мен ұйымдардың) банктік
операциялардың жеке бір түрлерін ғана
жүзеге асыратын банктік шоттары.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ
шоттары — жеке және заңды тұлғаларға,
заңды тұлғалардың ерекше бөлімшелеріне
(филиалдар мен -өкілдіктер) ашылатын
банктік шоттар.
Ағымдағы немесе
бухгалтерлік есеп шоттарын ашқан кезде
банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны
қабылдауға, клиенттің клиентке немесе
үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын
аудару (беру) туралы ұйғарымын орындауға
және банктік шот шартында қарастырылған
басқа да қызметтерді көрсетуге
міндеттенеді.
Қазақстан
Республикасының аймағында ақшаны төлеу
мен аударуды жүзеге асыруда келесі
әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды;
төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді
беруді; вексельдерді немесе олардың
индоссаменттері арқылы беруді; төлем
карточкасын пайдалануды; тікелей
дебеттік банкі шоттарына аударуды;
тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;
инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың
заң актілерімен белгіленген басқа да
әдістерін пайдаланады.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол
ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін
Қазақстан Банк Республикасының банк
мекемелері:
- ҚР Әділет министрлігінде
тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп
айырысу шоттарын;
- Шетелдік валютадағы
қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын
есепке алу үшін заңды тұлғаларға
валюталық шоттарды;
- Бюджеттік
мекемелерге, олардың бюджеттен тыс
қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға,
өндірістік, коммерциялық қызметпен
айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық
шоттарды;
- Республикалық бюджетте
тұрған мекемелерге бюджеттік
шоттарды;
Ұлттық банк мекемелеріндегі
екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік
шоттарды ашады.
Ақша қаражаттарының
түсімдері мен төлемдерін жіктеу операциялық,
инвестициялықжәнеқаржылық қызметтен
түскен болып жүргізіледі.
Операциялық
қызмет–
мекеменің табыс келтіретін негізгі
қызметі және инвестициялық және қаржылық
қызметінен айырмашылығы бар басқа
қызмет.
Инвестициялық
қызмет–
мекеменің ақша қаражаттарының баламаларына
жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен
басқа да инвестицияларды сатып алу және
сату қызметі.
Қаржы
қызметі–
мекеменің меншікті капиталы мен заем
қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы
өзгерістерге әкеліп соқтыратын қызметі.
Банк субъектінің бюджетпен салықтар
мен алымдар бойынша уақтылы есеп
айырысуын, жеткізушілердің шоттарының
уақтылы төленуін бақылап, әр түрлі
мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді
және олардың қайтарылуын қадағалайды.
Банк арқылы қолма-қол ақшасыз аудару
жолымен төлем жасау есеп айырысудың
негізгі нысаны болып табылады.
Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың
және несие операцияларының бухгалтерлік
есебінің міндеттері:
- Қолма-қол
ақшасыз аудару жолымен және қолма-қол
ақшамен қажетті есеп айырысуларды
уақтылы және дұрыс жүргізу;
- Ақша
қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын
және есеп айырысу операцияларын есептік
тіркелімдерде толықтай және жедел түрде
көрсету;
- Бөлінген лимиттерге,
қорларға және сметаларға сәйкес ақша
қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың
қолданыстағы ережелерін сақтау;
-
Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары
мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді
ұйымдастыру және жүргізу;
- Мерзімі
кешігетін дебиторлық және кредиторлық
берешектердің туындауын болдырмаудың
мүмкіндіктерін іздестіру;
- Кассадағы,
есеп айырысу шотындағы және банктегі
басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы
мен сақталуына бақылау жасау.
Есеп айырысу – төлем тәртібінің
сақталуына, материалдық құндылықтар
мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы
аударылуына, сондай-ақ несие тәртібінде
алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына
бақылау жасау.
Ұлттық валютадағы
ақша қаражат есебі № 7 « Ақша қаражат
қозғалысының есебі» ХҚЕС стандартында
қарастырылған. Ақша қаражат қозғалысы
туралы есеп беруде тікелей және жанама
әдістер қолданылады.
Ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы
есептерді жасаудың негізгі мақсаты мен
қажеттілігі мекеменің ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін
пайдаланушыларға мекеменің ақша
қаражаттарын табу қабілеті мен олардың
баламаларын, сондай – ақ ақша қаражаттарына
қажеттілікті бағалау үшін негіз
беретіндігі мен пайдалылығында көрінеді.
Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық
шешімдер ақша қаражаттары мен олардың
баламаларын табу қабілетін, сондай –
ақ оларды уақытқа қарай бөлу және оларды
табу айқындылығын қажет етеді.
Ақша қаражатының баламалары – ол, қысқа
мерзімді, жоғары өтімді салымдар, жылдам
арада ақша қаражатына айналуға мүмкіндігі
бар, бірақ осының салдарынан құндылығы
шамалап өзгерістерге тәуекелденеді
(риск), ол – қазыналық вексельдер,
коммерциялық құнды қағаздар және
депозиттік, жинақ сертификаттар.
Вексель, ол кәсіпкерлік ұйымның
кредиторлық берешегін белгілі мерзімге
өтеп ала алатын бағалы қағаз.
Депозиттік сертификаттар – белгілі
мерзім өткен сон салымшы өзінің
салымдарымен пайыздарын куәләндыратын
банктің бағалы қағазы.
Ақшалай
қаражаттар ұйымға ең алдымен кредиторлармен
(жеткізушілермен мердігерлер, жұмысшылар,
мемлекеттік ұйымдар, банктер, заңды
және жеке тұлғалар) есеп айырысу қажет.
1.2 Ағымдағы банктік шоттарды ашу тәртібі Кәсіпорындар артық ақша қаражаттарын банктік шоттарда сақтауға құқылары бар. Кез келген заңды тұлға кез – келген ІІ деңгейлі банктерден ағымдағы банктік шот аша алады. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді: - шот ашу жөнінде өтініш; - кәсіпорын ұйымдастырылуының заңдылығы туралы құжат (нотариуспен - -бекітілген құрылтайшылардың шешімі); - жарғы көшірмесінің бір данасы; - мөрдің таңбасымен қоса кәсіпорынның қаржыларын басқарушылардың - қолтаңбалары қойылған нотариуспен бекітілген екі карточка; - кәсіпорынның тіркелуі туралы статистикалық органдардан анықтама; - есепке қою туралы салық инспекциясының анықтамасы. Банктік шот ашу үшін кәсіпорын мемлекеттік органдарда , салық органдарда тіркелгеннен кейін белгіленген форма бойынша өтініш беріп аталған құжаттардың көшірмесін дайындап, одан басқа жарғысының көшірмесімен басшының, бас бухгалтердің қолымен кәсіпорын мөрін нотариальды рассталған карточкасын толтырып, бас бухгалтер жұмысқа тағайындалған бұйырығының көшірмелерін және өтініш тапсырады. Кәсіпорын бірнеше банктерден шоттар ашу құқысы бар, бірақ салық органдарға хабарландырылуы тиіс. Клиенттің есеп айырысу шоты банктік шот келісіміне немесе есеп айырысу – кассалық қызмет келісімшартына сәйкес жүргізіледі. Келісім клиенттің шот ашуға жазған өтініші негізінде жасалады. Осы келісімшартқа сәйкес банк клиентке есеп айырысу және басқа да шоттарды ашады, оған түскен қаржыны есепке алады, клиент тапсырмасы бойынша шоттан қаржы алады, клиенттен қолма – қол ақша қабылдайды, босатады, қалдықты сақтағаны үшін пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді. Банктік келісімшарттың негізгі деректемелері келесілер: келісім мәні; салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген салық қызметі органдарында есепке тұрғандығын куәландыратын құжат; банктегі ақша қаражатты қолдану тәртібі, сондай-ақ банк көрсететін қызмет пен оны төлеу тәртібі. Банктік келісімшарт екі тарап келісетін басқа да шарттарды қарастыруы мүмкін. Қазақстан Республикасының «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңына сәйкес шыққан ережелермен нұсқаулар, номативтік құжаттар қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі формалары ұсынылады: төлем-тапсырма, чек, вексель, төлемдік талап-тапсырма, аккредитив, инкассалық өнім. Егер ұйым өз еркімен берешекті төлемесе кредитор тұлға төлем-талап тапсырма арқылы ақшаны өндіріп ала алады. Төлем талап-тапсырма – төлеушінің қызмет көрсететін банкке жөнелтілген есеп айырысу және тиеу құжаттары,шарт бойынша жеткізілген өнімдердің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны негізінде жеткізушінің сатып алушыға төлеуді міндеттейтін талабы. Төлем талап-құжаты жеткізушінің банкінде реестрмен бірге 4 данада жазылып беріледі. Жеткізушінің банкі барлық деректемелердің толық толтырылғанын тексергеннен кейін, талап құжатты сатып алушының банкіне жолдайды, 2-ші данасы жеткізушіге қайтарылады. Сатып алушының банкі талап тапсырманы алғаннан кейін оны тіркейді, барлық даналарға алған күнін қойғаннан кейін, оларды акцептеу үшін төлеушіге береді. Толық немесе жартылай төлеуге келіскен жағдайда төлеуші төлем талап құжатты шотқа билік етуге уәкілетті тұлғалардың қолымен және барлық даналарға мөр басу арқылы ресімдеп,оларды қызмет етуші банкке тапсырады. Ал бюджет мекемелері (салық , кедендік органдар) инкассалық өніммен ала алады. Чек кітапшаларын банк (өтініш бойынша) өзі береді. Ағымдағы банктік шоттардағы өз шаруашылық қозғалыстарын кәсіпорын банк көшірмесі арқылы бақылап отырады. Банк көшірмесіндегі көзғалыстарды растау үшін банк орғаны тіркелім құжаттарды қоса береді.Кәсіпорын бухгалтері тексеру барысында қателер кездескен жағдайда жедел 10күн ішінде банкті хабарландыруға тиіс. Бухгалтер банк көшірмесін өңдеу барысында әр соманың тұсына шот корреспонденциясын жазады. Мысалы , банк көшірмеде түскен ақша «кредит»-қа жазылады да, банктік шоттан кеткен ақша «дебет» жаққа жазылады: - «кредит» жағында сатыпалушымен тапсырыс берушілерден 70000тг., - кассадан 200000тг. деп көрсетілген; онда бухгалтер : 70000тг. жанына - 1210 шотты, ал 200000тг. тұсына 1010шоттарды қояды. Ал, егер «дебет» жағында – жеткізушілерге 800000тг., бюджетке ҚҚС -210000тг., зейнетақы қорына 220000тг. жазылса, онда бухгалтер – 800000тг. тұсына – 3310шотты, 210000тг. тұсына 3130шотты, 220000тг. тұсына -3220шоттарды көрсетеді. Ағымдағы банктік шоттардағы есебіне бухгалтерлік есеп шоттардың жоспарында 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шот қарастырылған, ақша қаражат есебі № 7 «Ақша қаражат есебі» сәйкес көзделіп отыр. Кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген өнім үшін ақшалар, аванстық төлемдер, банктің несиелері, дебиторлық қарыздар, кассадағы қолма-қол ақша және т.б. келіп түседі. Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшасыз есептер жүргізіледі, еңбекақы төлеу, іссапар, шаруашылық және өкілдік шығыстарына қолма-қол ақша беріледі. Қолма-қол ақша мәлімдемеге сәйкес босатылады. Қолма-қол ақша беруді, сондай-ақ есеп айырысу шотынан ақша аударуларын әдеттегіше, банк есеп айырысу шоты иесінің бұйрығы негізінде немесе оның келісімі (акцепті) бойынша жүргізеді. Ерекше жағдайларда банк есеп айырысу шотынан мәжбүрлі түрде ақша қаражаттарын шығыс етеді. Мысалы, салық органдарының ұйғарымы бойынша төлеу мерзімдері өтіп кеткен салықтар, жинаулар және т.б. аударылады. Одан басқа, өзінің келісімі бойынша ақша қаражаттарын шығыс етуі мүмкін, мысалы, банктің несиесін пайдаланғаны үшін (несие үшін процент), есеп айырысу мен кассалық қызмет үшін және т.б. Банктің қызметтері үшін төлем бойынша шығыстар кәсіпорынның шығындарына, ал кәсіпорынның уақытша еркін қаржыларын пайдаланғаны үшін банктің төлемдері — оның негізгі емес қызметтерінің табыстарына апарылады. Банк шотқа тиесілі төмендегідей операцияларды жүзеге асыра отырып, шотқа байланысты банктік қызметті көрсетеді: - Негізгі шотқа клиенттің басқа шоттарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттердің шоттарынан қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз келіп түскен қаражатты теңгеде және /немесе шетелдік валютада аударады; - Клиенттің нұсқауы бойынша, клиент шотынан оның басқа шоттарына, Қазақстан Республикасы резиденттері немесе бейрезиденттердің басқа шоттарына теңгеде және/немесе шетелдік валютада төлемдерді және ақша аударымын жүзеге асырады. Клиент шотынан төлемдер және ақша аударымдары тек оның тапсырмасы бойынша немесе клиенттің нотариалды расталған сенімхаты бар үшінші тұлғаның тапсырмасы бойынша жүргізіледі; - Клиенттің шотынан теңге және/немесе шет елдік валютада қолма-қол ақшаны береді. Үшінші тұлғаларға – ҚР резиденттері және бейрезиденттерге шоттан теңге және/немесе шет елдік валюта түріндегі қолма-қол ақша тек клиенттің нотариалды расталған сенімхаты болған жағдайда беріледі; - Клиенттің шоты бойынша барлық шығын операцияларды банк шотта жатқан сома аясында жүзеге асырады; - Шот туралы үзінді көшірме Клиенттің талабы бойынша беріледі; - Шотқа қатысты анықтама Клиенттің өтініші негізінде беріледі; - Қолма-қол валютаны және қолма-қол валютасыз сатып алу/сату операциялары Клиенттің өтінішіне сәйкес оның шотындағы сома аясында жүзеге асырылады. Банк банктің тарифтеріне сәйкес, банктік операцияларды жүзеге асырғаны үшін және банктік қызметтерді ұсынғаны үшін клиенттен комиссиялық сыйақыны алады. Банктер теңге және шетел валютасында шот ашуға, жүргізуге құқылы, олар: ағымды, жинақтық және байланыстырма (корреспонденттік) шоттарға бөлінеді. Ағымды және жинақтық шоттар – заңды және жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшаулпнған бөлімшелерінің банктік шоттары. Байланыстырма (корреспонденттік) шоттар – банк операцияларының жекелеген түрлерін өткізетін банктік емес мекемелермен банктердің банктік шоттары. Банктік шот ашпастан жүргізілетін қолма – қол ақшасыз төлем және ақша аударымдарына, қолма – қол жарнаға хабарландыру, хабарлама шоттар және басқа да құжаттар қолданылады. Аталған құжаттар төлем құжаттары немесе төлем хабарламалары болып табылады. Олар банкке банк бекіткен операциялық құн ағымында қабылданады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілермен бекітілген төлем хабарламасының нысаны болмаса, алушы – банк бекіткен немесе іскерлік қатынаста қалыптасқан нысанда қабылданады.
