5 Билет
Сұрақ 1. Материалдарды пішу кезіндегі қима үлгілерді орналастыруға сипаттама беріңіз
Натурал және жасанды былғарылар мен маталарды пішу кезінде материалдардың ауданын максимальды пайдалануын және бөлшектердің жоғарғы сапасын қамтитын қимаүлгілерді (шапқыштарды) орналастыру жүйесін қолдану қажет.
Пішу кезінде қолданылатын жүйенің түрін таңдауға материалдың ауданы мен қасиеттері және бөлшектерге қойылатын талаптар әсер етеді. Аяқ киім үстінінің, астының және былғары галантериялық бұйымдардың бөлшектеріне қойылатын талаптарды материалдардың қасиеттері, өндіріс үрдісінде оларға тиетін әсерлерді және тұтыну кезіндегі бөлшектер жұмысы туралы мәліметтер негізінде анықтайды. Пішу күрделілігі материалдың ауданы бойынша және әртүрлі бағыттардағы физикалық–механикалық көрсеткіштерінің өзгеріп тұра-тындығы мен түсіндіріледі
Сұрақ 2.Аяқкиім бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру
операцияларын сипаттаңыз
Аяқкиім материалдардың қасиетіне ылғалдың әсер етуі. Ылғалдың материалдын қасиетін өзгертетін қабілеті аяқкиімді өндіру технологиясында кең қолданылады, онда бөлшектерді дымқыл-дандыру үшін қажет 30-ға жуық операциялардың түрлері бар.
Дымқылдандырудың негізгі мақсаты – деформация кезінде мате-риалдардың тырысуын кеміту және бұйымның қалып тұрақтылығын арттыру. Қаптап-керу операциясының алдында аяқ киім үстінің дайындамасын дымқылдандыру – материалдың созылу кезіндегі көлденең қысқару коэффициентін ұлғайтады. Ю.П.Зыбиннің еңбектеріне жүгінсек, хроммен иленген былғарының көлденең қысқаруы салыстырмалы ылғалдылық 22-24 пайыз болғанша, құрғақ ауа күйімен салыстырсақ 2-3 есе артады. Бұл аяқкиім үстін қалыпқа кигізіп, қалыптауға қажет материалдың керілу күшін 10-30 пайызға кемітуге мүмкіндік береді.
Дымқылдандыру күш түскенде, былғарының созылу қабілетін арттырады. Н.Ш.Шапован және М.П.Куприяновтың мәліметтері бойынша хроммен иленген жарты былғарының және жылуға төзімді юфттің абсолют ылғалдылығын 25-30 пайызға арттырғанда, ұзару коэффициентінің артқанын, қалдық деформациясының максимал өсуін және қарқындылық бойынша кернеудің максимал кемуі байқайлады. Созылу кезінде ұзарудың артуы үсті дайындамасының керме жиегіне қажетті әдіпті кемітуге мүмкіндік береді.
Құрғақ ауа былғарыдағы кернеуді релаксациялау үрдісі өте баяу жүреді: 7 сағат ішінде кернеу не бары 17,4 пайызға ғана кемиді. Н.А.Шестакованың мәліметтері бойынша былғары ылғалдылығын 50 пайызға арттырған кезде релаксациялау үрдісі өте қарқынды жүреді.
Дымқылданған үлгідегі кернеу үш сағаттан соң 35-40 пайызға кемиді, ал қалдық деформациясы М.А.Фаибишенко мәліметтері бойынша 75% пайызға дейін жетеді. Қалдық деформациясының осы шамасы дайын аяқкиімнің қалыптұрақтылығын қамтамасыз етеді. Демек, былғарының ылғалдылығын арттыру қалдық деформациясын 2,5 есе арттырады.
Сұрақ 3.Аяқкиімнің үстіне арналған материалдардың ауданын пайдаланып пайызын есептеу жолын көрсетіңіз
Жоғарыда айтылғандар негізінде материалдың ауданын пайдалану пайызын анықтауға арналған келесі жалпы байланыстыққа келеміз.
P ═ 100 - Oм.н. - Ом.д – Ок - Ом.д.с - Ом.м (2.26)
(2.12) теңдіктен мына шығады.
═ 100 -
Ом.м
Формулаға қалдықтардың мәндерін еңгізіп материалдың ауданының пайдалану пайызын есептеуге арналған теңдікті аламыз:
P ═ - (Оn + Ом.д) - Ом.д.с - Ом.м
Аяқкиім үстіне арналған былғарының ауданын пайдалану көрсеткішін есептеуге арналған келесі теңдік алынған:
Р═
-
(2.27)
Бөлшектер жинағаның арналған аудан факторын жинақтың бір бөлшегінің орта өлшемді ауданына сүйене отырып мына формула бойынша анықтайды:
═ ак/n1
мұндағы ак – жинақ бөлшектерінің таза ауданы; n - жинақтағы бөлшектер саны.
Аяқкиім үсті және астарына арналған былғарылардың ауданын пайдалану көрсеткішін анықтауға Э.М. Титова және Г. А Мороходов {2} жаңа теңдікті ұсынды.
Р═УЭ
-
Ок
(2.28)
мұндағы Уэ - аяқкиім үстінің екі жинақ бөлшектерінің эксперименталдық үйлесімдігі, %; Ок- шеттік қалдықтар ,%
Эксперименталдық үйлесімдікті анықтау үшін аяқ киім үстінің бөлшектерінің екі біріктірілген жинағының эксперименталдық модельдік шкаласын салады. Эксперименталдық модельдік шкала шеткі бөлшектер контурлары мен шектеседі. Аяқкиім үстінің бөлшектерінің екі жинағының эксперименталдық үйлесімділігін мына теңдік бойынша анықтайды.
,
мұндағы
– жинақ бөлшектерінің ауданы, Мә
-
аяқкиім үстінің екі
біріктірілген жинағының бөлшектерін
қоса алған
эксперименталдық модельдік шкаланың
ауданы, дм2.
Шеттік қалдықтарды мына теңдік бойынша
анықтайды.
Ок = 11,8 - 0,105А + 7,4ам.д + 0,7ам - 0,0237А ам.д. - 2,5 ам.д.ам + 0,0004А2 + ам
мұндағы А - былғары ауданы, дм2; ам.д. - жинақтың маңыздылығы төмендеу бір бөлшегінің орта ауданы, дм2; ам - жинақтағы майда бөлшектер ауданы, дм2.
Тәжірибелік пішу кезіндегі былғарыны пайдаланудың есептік және факттік көрсеткіштерінің өзара өте жоғары келісушілігін (2.28) теңдік (2.27) теңдік пен салыстырғанда нақтылау қамтиды.
