Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инвар тех отв.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100 Кб
Скачать
☆

2 Билет

Сұрақ 1.Қима үлгідегі пішілетін материалдардың түрлерін сипаттаңыз

пішілетін материалдарды үш топқа бөледі:

1) изотропты – біркелкі (резеңкелер, тоқылымсыз негізді жасанды былғарылар және т.б).

2) анизотропты – біркелкі (маталар, мата негізді жасанды былғарылар және т.б);

3) анизотропты – біркелкі еместер (натуральды былғарылар).

Атаудың бірінші бөлігі әртүрлі бағыттардағы физикалық-механи-калық көрсеткіштерінің құбылмалығын (немесе тұрақтылығын), ал екіншісі аудан бойынша анықтайды.

Осыған байланысты, әр материалды пішудің өзінің ерешелігі болады. Ең күрделі болып үшінші топтың материалдарын пішу табылады.

Сұрақ 2.Материалдарды пішу кезіндегі ЭЕМ-ге анықтама беріңіз

Қазіргі кезге дейінгі былғары бұйымдарды пішуге арналған ма­териалдарды пішу әдістері бір жұмысшы орындайтын екі топ – қимаүлгілерді орналастыру және бөлшектерді шабу (пішу, қию) опе­рацияларында негізделген. Бұл кезде еңбек өнімділігі және материал­дарды тиімді пайдалану едәуір дәрежеде әр жұмысшының жеке қажеттеріне тәуелді болады.Еңбектің өнімділігін арттыру жұмыс­шы­ның физикалық мүмкіншілігі пішу әдісінің үдемелігі мен шектеледі.

Қазіргі математикалық әдістер және есептеу техникасы бөлшек­терді материалға оңтайлы орналастыру,прогрессивтік пайдалану нормаларын және шикізат қажеттілігін анықтау есептерін шығыруға мүмкіндік береді.

Сұрақ 3. Материалдарды пішу кезіндегі ЭЕМ қандай есептер қолданылады

Қазіргі математикалық әдістер және есептеу техникасы бөлшек­терді материалға оңтайлы орналастыру,прогрессивтік пайдалану нормаларын және шикізат қажеттілігін анықтау есептерін шығыруға мүмкіндік береді.

Ол үшін келесе есептерді құрастырады:

  1. оңтайлы модельдік шкалаларды салу үйлесімдік коэффи­циентін есептеу ;

  2. бөлшектерді орналастыру схемаларын құру;

  3. материалдың өлшемдерін оңтайландыру;

  4. біріктіріп пішуге арналған модельдердің оңтайлы қайысты­руларын есептеу;

  5. оңтайлы орналастыру схемаларының вариантың және бөлшек­тер­дің тапсырылған ассортименттін шығаруға қажетті материал­дарға (былғарыларға, жасанды және синтетикалық былғарыларға) тапсы­рыс­тың оңтайлы вариантын есептеу;

  6. аяқ киім астына арналған материалдардың мақсаттық пайда­лануын оңтайландыру;

  7. өндірістің дайындық кезінде материалдар қажеттілігін есептеу.

Бұл есептерді шешуге Ю.П.Зыбин, Г.П.Испирян, С.М.Сирнов, В.А.Скатерной және т.б үлкен үлес қосты.

Материалдарды пішу кезінде ЭВМ қолдануға байланысты жұ­мыс­тарда, шикізаттың қажеттілігі және пайдалану нормаларын тәуелді пішу схемаларын оңтайландыруға ерекше көңіл бөлінеді.

3 Билет

Сұрақ 1.Материалдарды тілу, кесіп өңдеу технологиясын сипаттаңыз

Кесіп өңдеу үрдістерді аяқкиiм және былғары-галантерея өнеркәсiбiнде материалдарды бөлшектерге пiшуде, оларға белгiлi бiр пiшiн, қалыңдық беруде, бөлшектер бетiн бекiтуге дайындауда кең қолданылады. Бұл операциялардың барлығы арнайы машиналарда әртүрлi кесуге арналған құралдарымен орындалады.

Өңдеу әдiсi бойынша кесіп өңдеу параллель, бір ізді және параллель-бір ізді болып түрленедi.

Материал деформация­лану түрiне байланысты, тiлу операцияларын шартты түрде үш негiзгi топқа бөлуге болады: пышақ тәсiлi \3.1 а-сурет\ - тiлушi қүрал немесе материалды тiлу бағытына қарай жылжиды \шабу, қалындықты тегiстеу, фрезерлеу, т.б\, ара тәсiлi \3.1 б-сурет\ - тiлушi құрал ара тәрiздi қозғалыс жасайды \пiшу, екi бөлiкке бөлу, бөлшектер шетiн сыдыру\; қайшы тәсiлi \3.1 в-сурет\ - тiлу бiр-бiрiне қарсы жылжитын кесу құралдарымен орындалады.

Сұрақ 2.Аяқкиім бөлшектерінің кептіру әдістеріне сипаттама беріңіз

Кептіру әдістері. Жылу беру механизміне, жылу тасығыштың түріне байланысты мынадай кептірудің түрлерін ажыратады:

Конвективті – материалға жылу қыздырылған жылу тасығыштың ауа ағынымен беріледі;

Түйістіру – материалға жылу қыздырылған бетпен тікелей түйісу арқылы беріледі;

Терморадиациялық /инфрақызыл сәулелермен/ - материал жылуды тікелей түйістірусіз қыздырылған дененің сәуле шығаруынан алады /мысалы, қыздырылған шамнан, шиыршық сымнан, т.б./;

Диэлетрлік – жылу материалдың бүкіл қалыңдығына, оған жоғары жиілікті токтың /ЖЖТ/ айнымалы алаңы әсер еткенде біркелкі таралады. Жылу материалдың полярланған молекулаларының өзгеруші өріс бағытына көп дүркін бейімделуінен түзіледі;

Вакуумдық – ылғал будың, материалдың сыртқы және ішкі газ қоспасының қысымдарының әртүрлі болуынан ұшады;

Сублимациялық – материалдағы ылғал мұздатылады, сосын жылу /түйістіру, түйістірүсіз ЖЖТ әсерімен, инфрақызыл сәулелену арқылы/ беріледі, одан кейін мұз сұйық күйіне өтпей буланады.

Қайыстырылған – конвективті-радиациялық, конвективті-түйістіру, радиациялы-вакуумды және басқа.

Кептірудің осы тәсілдерін қарастырайық. Конвективті тәсіл кезінде бұйым жылу тасығышпен қыздырылады, материалдың ылғалдылығы төмендейді. Жеткілікті кептіру кезінде, материалмен ортаның ылғалдылығы теңеседі.

Сұрақ 3.Ерітінді желімдерінің технологиялық қасиеттері