4 Билет
Сұрақ 1.Технологиялық операцияларға анықтама беріңіз
Технологиялық операциялар дегеніміз – шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың, құрылымдарының күйін, пішінін, көлемін, физика-механикалық және басқа қасиеттерін әдейі өзгерту болып табылады. Олар бір немесе бірнеше бірге өңделетін бөлшектерге немесе бұйымдарға бір жұмыс орнында іске асады.
Технологиялық операциялар қолды, машиналы – қолды, машиналы, жартылай автоматты және автоматты болып түрленеді.
Технологиялық операциялар өндірісті жобалаудың, ұйымдастырудың, жоспарлаудың және жабдықтарға жұмыс тиеу мөлшерін есептеу объектісі болып табылады. Негізгі операцияларға қатысты энергияның, еңбектің, материалдардың шығын мөлшерін есептейді және орындаушылардың еңбегіне ақы төлейді, сапаға техникалық бақылау (әр операцияға) жасайды.
Көмекшi операциялар технологиялық жабдықтарды, құрал-саймандарды дайындауды, оларды жөндеудi және т.б. қарастырады.
Қызмет көрсету операциялары негiзгi және көмекшi өндiрiстiк үрдістерді материалдармен, жартылай фабрикаттармен, энергиямен қамтамасыз етедi, бақылау, зертханалық және зерттеу жұмыстарын орындауда септеседі.
Сұрақ 2.Материалдарды тілу, кесіп өңдеу технологиясын сипаттаңыз
Кесіп өңдеу үрдістерді аяқкиiм және былғары-галантерея өнеркәсiбiнде материалдарды бөлшектерге пiшуде, оларға белгiлi бiр пiшiн, қалыңдық беруде, бөлшектер бетiн бекiтуге дайындауда кең қолданылады. Бұл операциялардың барлығы арнайы машиналарда әртүрлi кесуге арналған құралдарымен орындалады.
Өңдеу әдiсi бойынша кесіп өңдеу параллель, бір ізді және параллель-бір ізді болып түрленедi.
Материал деформациялану түрiне байланысты, тiлу операцияларын шартты түрде үш негiзгi топқа бөлуге болады: пышақ тәсiлi \3.1 а-сурет\ - тiлушi қүрал немесе материалды тiлу бағытына қарай жылжиды \шабу, қалындықты тегiстеу, фрезерлеу, т.б\, ара тәсiлi \3.1 б-сурет\ - тiлушi құрал ара тәрiздi қозғалыс жасайды \пiшу, екi бөлiкке бөлу, бөлшектер шетiн сыдыру\; қайшы тәсiлi \3.1 в-сурет\ - тiлу бiр-бiрiне қарсы жылжитын кесу құралдарымен орындалады.
Сұрақ 3.Аяқкиім бөлшектері мен үстінің дайындамаларын дымқылдандыру
операцияларын сипаттаңыз
Аяқкиім материалдардың қасиетіне ылғалдың әсер етуі. Ылғалдың материалдын қасиетін өзгертетін қабілеті аяқкиімді өндіру технологиясында кең қолданылады, онда бөлшектерді дымқыл-дандыру үшін қажет 30-ға жуық операциялардың түрлері бар.
Дымқылдандырудың негізгі мақсаты – деформация кезінде мате-риалдардың тырысуын кеміту және бұйымның қалып тұрақтылығын арттыру. Қаптап-керу операциясының алдында аяқ киім үстінің дайындамасын дымқылдандыру – материалдың созылу кезіндегі көлденең қысқару коэффициентін ұлғайтады. Ю.П.Зыбиннің еңбектеріне жүгінсек, хроммен иленген былғарының көлденең қысқаруы салыстырмалы ылғалдылық 22-24 пайыз болғанша, құрғақ ауа күйімен салыстырсақ 2-3 есе артады. Бұл аяқкиім үстін қалыпқа кигізіп, қалыптауға қажет материалдың керілу күшін 10-30 пайызға кемітуге мүмкіндік береді.
Дымқылдандыру күш түскенде, былғарының созылу қабілетін арттырады. Н.Ш.Шапован және М.П.Куприяновтың мәліметтері бойынша хроммен иленген жарты былғарының және жылуға төзімді юфттің абсолют ылғалдылығын 25-30 пайызға арттырғанда, ұзару коэффициентінің артқанын, қалдық деформациясының максимал өсуін және қарқындылық бойынша кернеудің максимал кемуі байқайлады. Созылу кезінде ұзарудың артуы үсті дайындамасының керме жиегіне қажетті әдіпті кемітуге мүмкіндік береді.
Құрғақ ауа былғарыдағы кернеуді релаксациялау үрдісі өте баяу жүреді: 7 сағат ішінде кернеу не бары 17,4 пайызға ғана кемиді. Н.А.Шестакованың мәліметтері бойынша былғары ылғалдылығын 50 пайызға арттырған кезде релаксациялау үрдісі өте қарқынды жүреді.
Дымқылданған үлгідегі кернеу үш сағаттан соң 35-40 пайызға кемиді, ал қалдық деформациясы М.А.Фаибишенко мәліметтері бойынша 75% пайызға дейін жетеді. Қалдық деформациясының осы шамасы дайын аяқкиімнің қалыптұрақтылығын қамтамасыз етеді. Демек, былғарының ылғалдылығын арттыру қалдық деформациясын 2,5 есе арттырады.
