Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инвар тех отв.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.16 Кб
Скачать

1 Билет

Сұрақ 1.Технология терминіне сипаттама беріңіз

Технология - деп өнеркәсiптiң әр түрлi салаларында жүзеге асырылатын шикiзаттарды, материалдарды алу және бұйымдарды өңдеу жиынтығы түсінеді. Сонымен қатар, технология немесе технологиялық үрдіс деп - өндірістік үрдістің негізгі бөлігі болып табылатын өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жинау, сақтау операцияларының өздерін атайды.

Өндірістік операция өндірістік үрдістің құрама бөлігі болып табылады және атқарушы – жұмысшылар еңбегінің, қолданылатын жабдықтардың тұрақтылығымен сипатталады. Оларды негізгі – технологиялық, көмекші және жай атқарушы өндірістік операциялар деп бөледі.

Сұрақ 2.Технологиялық операцияларға анықтама беріңіз

Технологиялық операциялар дегеніміз – шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың, құрылымдарының күйін, пішінін, көлемін, физика-механикалық және басқа қасиеттерін әдейі өзгерту болып табылады. Олар бір немесе бірнеше бірге өңделетін бөлшектерге немесе бұйымдарға бір жұмыс орнында іске асады.

Технологиялық операциялар қолды, машиналы – қолды, машиналы, жартылай автоматты және автоматты болып түрленеді.

Технологиялық операциялар өндірісті жобалаудың, ұйымдастырудың, жоспарлаудың және жабдықтарға жұмыс тиеу мөлшерін есептеу объектісі болып табылады. Негізгі операцияларға қатысты энергияның, еңбектің, материалдардың шығын мөлшерін есептейді және орындаушылардың еңбегіне ақы төлейді, сапаға техникалық бақылау (әр операцияға) жасайды.

Көмекшi операциялар технологиялық жабдықтарды, құрал-саймандарды дайындауды, оларды жөндеудi және т.б. қарастырады.

Қызмет көрсету операциялары негiзгi және көмекшi өндiрiстiк үрдістерді материалдармен, жартылай фабрикаттармен, энергиямен қамтамасыз етедi, бақылау, зертханалық және зерттеу жұмыстарын орындауда септеседі.

Сұрақ 3.Аяқкиімнің үстіне арналған материалдардың ауданын пайдаланып пайызын есептеу жолын көрсетіңіз

Жоғарыда айтылғандар негізінде материалдың ауданын пайдалану пайызын анықтауға арналған келесі жалпы байланыстыққа келеміз.

P ═ 100 - Oм.н. - Ом.д – Ок - Ом.д.с - Ом.м (2.26)

(2.12) теңдіктен мына шығады.

═ 100 - Ом.м

Формулаға қалдықтардың мәндерін еңгізіп материалдың ауданының пайдалану пайызын есептеуге арналған теңдікті аламыз:

P ═ - (Оn + Ом.д) - Ом.д.с - Ом.м

Аяқкиім үстіне арналған былғарының ауданын пайдалану көрсеткішін есептеуге арналған келесі теңдік алынған:

Р═ - (2.27)

Бөлшектер жинағаның арналған аудан факторын жинақтың бір бөлшегінің орта өлшемді ауданына сүйене отырып мына формула бойынша анықтайды:

═ ак/n1

мұндағы ак – жинақ бөлшектерінің таза ауданы; n - жинақтағы бөлшектер саны.

Аяқкиім үсті және астарына арналған былғарылардың ауданын пайдалану көрсеткішін анықтауға Э.М. Титова және Г. А Мороходов {2} жаңа теңдікті ұсынды.

Р═УЭ - Ок (2.28)

мұндағы Уэ - аяқкиім үстінің екі жинақ бөлшектерінің эксперименталдық үйлесімдігі, %; Ок- шеттік қалдықтар ,%

Эксперименталдық үйлесімдікті анықтау үшін аяқ киім үстінің бөлшектерінің екі біріктірілген жинағының эксперименталдық модельдік шкаласын салады. Эксперименталдық модельдік шкала шеткі бөлшектер контурлары мен шектеседі. Аяқкиім үстінің бөлшектерінің екі жинағының эксперименталдық үйлесімділігін мына теңдік бойынша анықтайды.

,

мұндағы – жинақ бөлшектерінің ауданы, Мә - аяқкиім үстінің екі біріктірілген жинағының бөлшектерін қоса алған эксперименталдық модельдік шкаланың ауданы, дм2. Шеттік қалдықтарды мына теңдік бойынша анықтайды.

Ок = 11,8 - 0,105А + 7,4ам.д + 0,7ам - 0,0237А ам.д. - 2,5 ам.д.ам + 0,0004А2 + ам

мұндағы А - былғары ауданы, дм2; ам.д. - жинақтың маңыздылығы төмендеу бір бөлшегінің орта ауданы, дм2; ам - жинақтағы майда бөлшектер ауданы, дм2.

Тәжірибелік пішу кезіндегі былғарыны пайдаланудың есептік және факттік көрсеткіштерінің өзара өте жоғары келісушілігін (2.28) теңдік (2.27) теңдік пен салыстырғанда нақтылау қамтиды.