Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Медеу КУРСОВОЙ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.47 Кб
Скачать

1.3 Көтерім машинасын таңдау

Көтерім машинасын таңдау барабан (үйкеліс шкиві) диаметрі мен таңдалған арқан диаметрінің қатынасының қажетті мәні бойынша атқарылады.

Шахты тереңдігі 600м-ге дейін болғанда Ц, ЦР және 2Ц тектес, цилиндр барабанды көтерім машиналарын қолданады, ал тереңдік 600-1400 м және mгр.ф. < 10-15 т болғанда бицилиндр конусты барабанды БЦК тектес көтерім машинасын қолданады.

Жоғары жүккөтергішті көтерім ыдыстарын (m>15т) пайдаланғанда және шахты тереңдігі 700 м-ден асқанда көтерімді ЦШ тектес көпарқанды үйкеліс шкивтерінің көмегімен атқарған тиімді .

Орау органының (үйкеліс шкивінің) өлшемі ҚЕ талаптарына сай, барабан немесе үйкеліс шкиві диаметрінің (Дбаршв) арқан диаметріне dк, қатынасымен келесі баланыстар бойынша анықталады:

- бірарқанды көтерім үшін

- көтерім қондырғысы жер бетінде болғанда, (12)

- көтерім қондырғысы жер астында болғанда; (13)

- көп арқанды көтерім үшін

- ауытқытушы шкивсіз жүйеде, (14)

- ауытқытушы шкивті жүйеде (15)

Есептік мәндер бойыша жуық үлкен стандартты барабанды (үйкеліс шкивті) көтерім машинасы таңдалады.

Ауытқытушы және бағыттағыш шкивтерді таңдау ұқсас талаптар бойынша атқарылады.

Таңдалған көтерім машинасын барабан енінің сәйкес келетіндігіне (бірарқанды көтерімде), арқандарды керудің рұқсат статикалық тегеурініне, (бір және көпарқанды көтерімде), арқандардың сырғанамау шартына және арқанның үйкеліс шкиві (көпарқанды) қаптамасына рұқсат қысымына тексерілуге тиісті.

Таңдалған стандарты көтерім машинасы статикалық салмаққа тексерілуі керек:

- арқандардың ең үлкен керілісі

(23)

- арқандардың статикалық керілістерінің ең үлкен айырмашылығы:

а) аударылмайтын көтерім ыдыстары үшін

(24)

мұндағы - көтерім ыдыстары салмақтарының теңсіздік коэффициенті: аударылатын скиптер үшін =0,35, ауытқитын қорапты скиптер үшін =0,15.

Тмах мен Smax есептік мәндері көтерім машинасы сипаттамасындағыдан аз болуы керек. Егер олай болмаса басқа көтерім машинасын қабылдау керек.

Арқанның қаптамамен сырғанамауын қамтамасыз ету үшін келесі шартты сақтау керек.

Көпарқанды көтерім машинасы арқанның үйкеліс шкиві қаптамасына түсірілетін үлестік қысымына тексерілуге тиісті:

(26)

Мұндағы және – оралатын және ораудан шығатын тармақтардың керілісі, Н.

(27)

Арқанның үйкеліс шкиві қаптамасына түсіруге рұқсат етілетін үлестік қысымы ( ) сағыздалған таспамен қаптағанда 1,4-1,6 МПа, пластмассамен қаптағанда – 1,6-2,0 МПа.

Арқанның қаптамамен сырғанамауын қамтамасыз ету үшін келесі шартты сақтау керек

(28)

мұндағы - арқанның үйкеліс шкиві қаптамасымен үйкеліс коэффициенті (сағыздалған таспада =0,25, пластмасса =0,3); - шкивті арқанмен қамту бұрышы, рад.

1.4 Көтерім машинасын шахты оқпанына қатысты орналастыру

Бұл бөлімде дің биіктігі, арқан ішегінің көлбеулік бұрышы және девиация бұрышы анықталады. Дің биіктігі бір арқанды көтерім қондырғылары үшін келесідей анықталады:

- дің шкивтері бір жазық осьте орналасқанда

Көпарқанды көтерімде мұнаралық діңнің биіктігі келесідей анықталады.

(33)

мұндағы - артық көтеру биіктігі, 7 м-ден кем болмауы керек, соның ішінде, еркін артық көтерілісті қамтамасыз етуге 3,0; - тығыздағышарнаның биіктігі (0,6-0,8 м); - үйкеліс және ауытқытушы шкивтер үстіндегі тұғұрдың биіктігі (3,0-5,0) м; S – шахты оқпанындағы арқандардың арақашықтығы (1,5-3,0)м.

Діңдер стандартталмаған, олардың биіктіктері есептеулер арқылы бүтін санға дейін дөңгелектеніп қабылданады.

Ц, ЦР, 2Ц, БЦК тектес көтерім машиналарын орнату орындарын жобалаған кезде келесі талаптарды басшылыққа алу керек:

- арқан ішегінің жазықтыққа көлбеулік бұрышы 30° 45° шегінде болуға тиісті;

- арқан ішегінің ұзындығы 65-70 м-ден аспауға тиісті;

- девиация бұрышы цилиндр барабанды көтерім қондырғылары үшін 1°30´ және БЦК қондырғылар үшін 20 – тан аспауға тиісті.

Бұл шарттар орындалмаған жағдайларда не дің биіктігін өсіру керек, не көтерім машинасын шахты оқпанынан алыстату керек.

Арқан ішегінің ұзындығы келесі формуламен анықталады.

м, (34)

мұндағы С – көтерім машинасы осінің жер деңгейінен көтерілуі (1-1,5 м); в – арқанның салбырау өсінен көтерім машинасының барабанына дейінгі арақашықтық м, шамамен келесідей қабылданады.

м, (35)