Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
онр текст Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93.49 Кб
Скачать

Дербес, шағын топпен оқыту сабақтарында қолданылатын жаттығулар мен ойынның түрлері

Бағдарламада берілген сабақ үлгілерінде дыбыстарды дұрыс айтып ажыратуға, дыбыстық талдау жасауға, тілдің грамматикалық жағын,сөз қорын жетілдіруге, сөйлем құрауға жаттықтыратын ойын түрлері көрсетілдеі, бұл бөлімде сабақ барысында пайдаланатынкейбір ойын түрлеріне тоқталайық.

« Тез шешуін тап » ойыны.

Ойын шарты: Логопед: Мен ауада саусақпен әріп таңбаларын жазамсендер тез қай әріп екенін айтасыңдар. Кім белсенді жауап берсе,сол бала жеңімпаз атанады.

« Сөз ойла, тез ойла »ойыны.

Ойын шарты: Логопед балаларға әріпті немесе дыбыстың артикуляциясын сипаттайды. Балалар сөз ойлап айту керек.

« Әріп тастамақ » ойыны

Ойын шарты: Логопед балаларға әріп таңбасын таратып береді. Бала сол әріпке сөз ойлап табады.

« Сөйлемді жалғастыру »ойыны

Ойын шарты: логопед сөйлемді бастайды, бала суретке қарап немесе мазмұнына байланысты сөйлемді аяқтайды.

« Өз суретіңе орын тап » ойыны

Ойын шарты: Логопед балаларға айтылуы ұқсас дыбыстары бар суреттер таратады. Мысалы: сабын, шыбын, шана, сона, мысық, пышақ және т.б. Тақтаның оң жағында С сол жағында Ш әріпі. Балалар суретін алып тақта алдына шығады да, анық айтып дыбыстың астына сәйкес суретін қояды.

Ескерту: әріп орнына сандық, пагон, қоржын суреттерін пайдалануға болады.

« Аз, көп » ойыны

Ойын шарты: Логопед балаларға сурет көрсетеді, балалар оны көпше түрінде айту керек. Мысалы: суретте бір гүл, балалар гүлдер деп жауап береді.

а) осы ойынды доп лақтыру арқылы ойнатуғада болады. Логопед допты балаға лақтырып қаз дейде, балалар қаздар деп жауап береді.

« Қарап ал да, есіңе сақта » ойыны

Ойын шарты: Тақтаға бірнеше суреттер ілінеді. Бір балаға тақтаға шығады, логопед бірнеше суреттерді атайды. Балаға тақтаға бет бұрып, логпед атаған суреттерді ретімен көрсетіп қайталайды.

а) Тақтаға ілінген суреттерді балалар хормен, жеке айтады. Сонан соң балалар көзін жұмады, сол кезде логопед суреттерді теріс қаратып қояды. Балалар жабылған суреттерді дұрыс айтуы керек.