Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
онр текст Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93 Кб
Скачать
☆

Дыбыстар мен әріптер

Дыбыстарды айыруға дағдылануын мұнан ары жетілдіре беру. В, я, ц, ч, ф, щ дыбыстарын меңгеру ( 24-3і- апталық оқу сабағы ).

Бұдан бұрын оқып үйретілген Е, е әріптерінің жазылуы кезін пайдаланып бекіту, дағдылануын мұнан әрі жетілдіре беру, ю, я әріптерін меңгеру. Ь ( жіңішкелік белгісі ) және ъ ( айыру белгісі ) әріптерін ля-лья сияқты буындар тіркесінің айтылу және салыстыру негізінде байқату.

СӨЗ

Айтылуы мен жазылуының айырмасы болмайтын күрделілігі әртүрлі сөздедрдің дыбыстық-буындық құрамын талдауға дағдылануын тұрақтандырып бекіту. Сөздерді нобайы мен үлгісі бойынша іріктеп алу. Сөздердің дыбыстық құрамын айқындау жаттығуын ойын түрінде қызықты етіп өткізу.

Күрделілігі әр түрлі сөздердің әріптік құрамын меңгеру.

Бұдан бұрын игерілген дағдылар мен барлық біліп үйренгендерді тұрақтандырып бекіту. Я, е, и әріптері бар сөздерді жазуға дағдылануын мұнан ары меңгере беру. Ю, ь ( жіңішкелік белгісі ) әріптері бар сөздерді жаза білуге үйрету.

Сөздің әріптік құрамын айқындауға бағытталған жаттығуларды бірте-бірте қиындатып ойын түрінде ( жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. ) қызықты етіп өткізу.

СӨЙЛЕМ

Қиынды әліппенің әріптерінен алдын-ала орфографиялық және дыбыстық талдаудан өткен 3-5 сөзден шағын сөйлемді құрастырып, өздігінен жазу.

ОҚУ

Оқуға дағдылануын мұнан әрі жетілдіру. Шағын әңгіменің сөздерін буынға бөліп оқудан бастап, бірте-бірте сөзді тұтасымен оқуға көшу.

Оқығаны бойынша тиянақты жауап беруге, жеңіл әңгімеге сұрақ қоюға, оқып шыққанын әңгімелей білуге дағдылануын тұрақтандырып бекіту. Оқыған өлең жолдарын, жанылтпаштарын, жұмбақтарын жатқа айтқызып үйрету.

Жазда сөздің әріптік құрамын айқындауға дағдылануды одан әрі жетілдіру бойынша, ойын түріндегі әртүрлі жаттығуларды жүргізу. Бұған дин егерген білімдері мен дағдыларының барлығын пайдаланып қиынды әліппеден сқздер мен, сөйлемдерді жазу, көшіріп жазуға дағдылануын тұрақтандырып бекіту, дағдылануды мұнан ары жетілдіру, саналы түрде тұтас оқуға дағдылануын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

Ц дыбысы

Сабақтың мақсаты: Ц дыбысын буында,сөзде,сөйлемде дұрыс айтуға жаттықтыру, жұрнақтар арқылы зат есімнің кішірейтіп, еркелетіп айтылатын тұлғаларын айтуға дағдыландыру.

Көрнекі құралдар: суреттер, текшелер, кеспе әліппе, жолақшалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау.

Тақтаға цирктің көрінісі бар сурет ілінеді. Балалар, суретте не бейнеленген? (цирк). Осы сөздің басында қандай дыбыс естіледі? (ц). Ц дыбысын айтқанда тілдің ұшы қай жерде? Ерін қайтеі? Енді осы дыбысты кезекпен бәріміз айтып шығайық.

  1. Кім зейінді? Ойынын ойнайық. Мен әртүрлі буындар мен сөдерді айтам , ал сендер ц дыбысы бар буын мен сөзді естігенде алдарыңдағы жалаушаларыңды көтересіңдер. Мысалы: ца-цо-цу-ас-ақ және т.б. Сабын,цирк,сағат ,циркуль, қасқыр, Самат, цемент, милиционер, велосипед, мотоцикл және т.б.

  2. Енді «телефон» ойынын ойнайық, буындармен сөздерді қайталау.

Мысалы: са-цо-цу

ас-ац-оц

са-ца-цу-сы

Цемент, цирк, концерт

  1. Қасық, конверт, алыс, станция деген сөздерден сөйлем құрастыру.

  2. «Керісінше» ойынын ойнайық. (Ырғақты жаттығулардың орнына ойнауға болады. Мен сендерге доп лақтырып сөз айтам, сендер сол сөзді кішірейтіп,еркелетіп айтып допы қайтара маған лақтыруларың керек. Мысалы:

Көл-көлшік,

Үй-үйшік

Кілем-кілемше,

Көрпе-көрпеше,

Бала-балақай,

Кітап-кітапша және т.б.

  1. Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  2. Тексті тыңдап, сұрақ бойынша мазмұнын айтып беру.

Концерт

Анам екеуміз концертке бардық. Онда Роза апай ән айтты. Бақыт апай домбыра тартты. Бишілер биледі. Концерт бізге ұнады.

  1. Сабақты қорытындылау. Ц дыбысы бар қандай сөзді айттық?

Ц дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Ц дыбысын сөзде, сөйлемде дұрыс айту, дыбыстық талдау, жинақтау, дағдыларын дамыту. Ц әрәпәмен таныстыру, оқу, жазуға жаттықтыру.

Көрнекі құралдар: суреттер, текшелер, кеспе әліппе, кестелер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сабақтың мақсаты мен тақырыбымен таныстыру.

  3. Ц әрпімен танысу

  4. Ц дыбысымен таныстыру

  5. Кеспе әліппеден буындар мен сөздерді құрастыру (ца, ац, оц, цирк)

  6. Сөйлемдерді оқу, кеспе әліппеден құрастыру. Мен циркке бардым, цирк қызық болды.

  7. « Ғажап сандық » ойынын ойнайық. Сандық ішінде 4-5 әріптің трафареті. Балалар қарамай Ц әріптің трафаретін қолымен сезіп табу керек.

  8. Трафаретті пайдаланып, балалар Ц әріпін дәптерлеріне жазып, бояу.

  9. Мәтінді тыңдап, мазмұнын сұрақ бойынша айтып беру.

Станция

Арман станцияда тұрады. Станцияға жүк поездары көп келеді. Вагондарға цемент тиелген. Цемент құрылысқа өте қажет.

Арман қайда тұрады?

Жүк поездары қайда келеді?

Вагондарда не бар?

Құрылысқа не қажет?

  1. Сабақты қорытындылау.

Дыбыс айту сабағына қойылатын талаптар

Логопедиялық сабақтар жалпы және арнайы педагогикалық талаптарға сәйкес төмендегідей схемамен жүргізіледі:

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

  2. Сабақтың негізгі кезеңдерін анықтау.

  3. Сөздік матеиалдар сабақтың мақсатына, тақырыбына, сабақтың кезеңіне, жалпы және сөйлеу тілінің жағдайына, дербес өзіндік ерекшеліктеріне қарай сұрыпталады.

Сабақта пайдаланатын сөздік материалдардың құрамында міндетті түрде балалардың дұрыс айта алатын дыбыстары мен үйреніп жатқан дыбыстары болуы керек.

  1. Дауысты машықтандыру кезеңінде қолданылатын сөздердің құрамында шатастырып айтылатын дыбыстардың болмағаны жөн.

  2. Сабақ барысында балалардың назарын, зейінін дамытуға бағытталған жаттығулар жүргізіледі.

  3. Әр сабақта дыбысты қабылдауға, ажыратуға бағытталған жаттғулар пайдаланылады. Логопед ондай жаттығуларды дыбысты қоюға дайындық кезінен бастап та қолдануға болады.

  4. Әр сабақта сөз қорын, тілдің грамматикалық жағын дамытуға арналған жаттығулар жүргізіледі.

  5. Сабақта балалардың белсенділігін арттырып, қызықтыру үшін әртүрлі ойын түрлдері , жарысу элементтерін пайдалана отырып жүргізілетін дидактикалық жаттығулар қолданылады.

  6. Сабақта пайдаланатын сөздік материалдар бағдарламаның талабына сәйкес болуы қажет.