- •Кезеңдегі сабақ жоспарының үлгісі (қыркүйек-қазан). Қамтып оқу сабағы аптасына 5 рет жүреді
- •II.Т дыбысымен таныстыру. Т дыбысымен буындар мен сөздер
- •II.Сабақтың барысы
- •II. Сабақтың барысы:
- •4.Байланыстырып сөйлеу
- •1.Сөздерді дыбыстық талдау.
- •Нан, тас, лақ, дон сияқты сөздер.
- •2.Қиынды әліппемен жұмыс істеу және оқу.
- •3.Әріпті және сөзді жазу.
- •Дыбыстар мен әріптер
- •Дербес, шағын топпен оқыту сабақтарында қолданылатын жаттығулар мен ойынның түрлері
II. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатын түсіндіру. Логопед: Балалар, бүгін біз С дыбысын дұрыс айту сабағын жалғастырамыз.
III.С дыбысын дұрыс айту.Логопед балаларға С дыбысы бар суреттерді көрсетеді де жаып қояды.Сосын логопед с дыбысы сөздің басында, аяғында кездесетін суреттерді атауын өтінеді.
IV.Сан сөзіне дыбыстық талдау және жинақтау.
1.Логлпед: Балалар, қандай дауысты дыбыстарды білесіңдер? (а,о,у,е,ы,). Қанат деген сөзде қандай дауысты дыбыстар естіледі? Доп, қыз, гүл, қол. Және т.б. сөздерден дауысты дыбыстарды бөліп алу.
2.Логопед балаларға сан деген сөзді қайталап айтқызады.Содан кейін балаларға бірнеше сұрақ қояды.
Осы сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі? (с). Екінші ше? (а).Үшіншісі қандай? (н). Осы дыбыстардан қандай сөз шығады? (сан). Осы сөзде қандай дауысты дыбыс бар? (а).
Текшелерден сан сөзін құрастыру керек.
Дәл осылай сүт, қас, бас сөдеріне дыбыстық талдай жасалады.
3.Балалар, сендер қысқа сөздердегі дыбыстарды бөліп айтуды, ажыратуды үйреніңдер. Енді біз жанды дыбыстар ойын ойнай аламыз.
Логопед үш баланы ортаға шығарады да: бірінші балаға сан «с» дыбысы,екіншісі «а»,үшіншісі «н» дыбысы боласың дейді. Балалар бір қатарға тұрады. Сосын бірінші, екінші, үшінші дыбыстарды дауыстар атауын өтінеді, қандай сөз шықты? Сонымен сан сөзінде қандай дыбыстар бар? Неше дыбыс бар?
V. Са сияқты буындар мен сан сияқты сөздерді кеспе әліппеден құрастыру және оқу.
VI.Ырғақты жаттығу.
Бойды бүкпей тік ұста
Жай сол қолды сол жаққа,
Жай оң қолды оң жаққа,
Осылай бір байқа да,
Он шақты рет қайтала.
VII. Балалардың зейінін, есте сақтау, сұраққа толық жауап беру қабілеттерін дамыту. Суретке қарап балалар логопедпен бірігіп сөйлем құрайды немесе логопедтен кейін қайталайды.Мысылы: Саматта сағат бар. Сәуле сүт сатып әкелді.Сара сиыр сауды.Содан кейін балаларға мынадай сұрақтар қойылады:
Саматта не ба?
Сәуле не істеді?
Кім сиырды сауды?
VIII. Сабақты қортындылау. Бүгін сабақта қай дыбысты дұрыс айтып, ажыратуды үйрендік?
«Сөз ойла, тез ойлан» ойынын ойнайық. «С» дыбысы бар сөз ойлаңдар.
Оқыту барысының екінші кезеңі
Қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында қамтып оқыту сабағы аптасына 5 рет, дербес және шағын топтағы оқу сабағы күн сайын жүргізіледі.
Дербес және шағын топтағы сабақтар
1.Б, д, ғ, г, т, ш, ж, л, р, дыбыстарын дербес оқытудың және қамтып оқытудың жоспарына сәйкес қою және алғашқы рет тұрақтандырып бекіту.
2. Дұрыс айтылатын дыбыстардан тұратын, бірақ айтылуы қиын сөздердің кедергісін жою (құрылыс, сапырылыс, тайталас және тағы басқалар).
3.Қажеттілігіне қарай грамматикалық дұрыс сөйлеуін және сөзінің байланысын қалпына келтіру.
Қамтып оқыту.
Дыбысты айту және тілін дамыту.(аптасына 3 рет)
Дыбысты дұрыс айтуын қалыптастыру.
С (жалғасу), с, е, з, і, б, д, ғ, г, ш, е, ж, р, ү, ұ, ң, х, дыбыстарының дұрыс айтылуын тұрақтандырып бекіту.
С-с, з-з, з-с-з, т-б-д-б, б-б-б-п-п-б, д-б-т-т-б-ғ-г-ғ, г-қ-қ-х, д-д,б.
Ш-с-ж-ш, л-л-б-р-р-б, ж-з-ш, р-л-л-б, ң-н-м, о-ү-ү-о дыбыстарын естілуінде ажырату.
3.с-с-б, з-з-б, б-п, д-т, г-к, с-ш, ж-з, ж-ш, у-ү, н-ң, с-ш, з-қ-х, ғ-г, қ-ғ, о-ө, р-р-б-л-л-б дыбыстың дұрыс айтылуын ажырату.
4.Аты аталған дыбыстардың дұрыс айтылуын тұрақтандырып бекітуіне байланысты, дыбыстық, буындық құрамы күрделі әр түрлі құрылыстағы буындардан тұратын сөздерді меңгеру (милиционер, экскаватор)
5.Сөздің дыбыстық құрамын талдау және топтау «Сауат ашу» тарауын қараңыз,
Тіл дамыту.
1.Сөздің грамматикалық тұлғасының жекеше және көпше түріне, септелуіне, етістік шақтарының қимыл-іс әрекеттеріне байланысты өзгеруіне көңіл қою жағын жетілдіру. Зат есім сөздерінің көпше түріндегі ең күрделі тұлғасын меңгеру (тамаша шағалалар). Зат есімнің ілік септігінде тұрған көпше түріндегі тұлғасын меңгеру (кітаптардың, гүлдердің). Зат есімнің септік жалғауларында тұрған түрін меңгеру (сүтті үйге әкеледі, сүттен коже пісіреді, сүтке мысық тиіп кетті, сүттен айран ұйытты,нанды сүтпен жедім,сүттің қаймағы қалың,сүтте май бар).Сын есімнің зат есімнің жекеше және көпше түрлерімен қиылысуына (сұлу қыз, сұлу қыздар) назар аудару.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлерімен сын есімді сөйлем құрамында әр түрлі септікте байланыстырып қолдану (әдемі гүл, гүлдер, әдемі гүлдердің иісі, гүлдердің сұлулығы көз тартады).Сан есімді зат есімнің жекеше және көпше түрлерімен, септіктерімен жай сөйлемдердің құрамында байланыстырып, оларды сөйлеу тілінде қолдана білуге үйрету.(Балалар беске оқиды. Әлия екі көйлек тікті. Мараттың беске оқығысы келеді.Асанға үш алма берді). Етістіктің шақтарын салыстыру және теңестіру (көлемін, келдім, келеді).
Етістіктің болымды және болымсыз түрлерін салыстыру және теңестіру (сөйле-сөйлеме, сөйлес-сөйлеспе).
2.Сөздік жұмыс
Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы (сау-сауыншы, жол-жолдас, көр-көрші, қызмет-қызметкер, он-өндіріс, өніс, өңгіш) пайда болатын сөздерге сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы (орманды алқа, өнерлі жігіт) қатыстық сын жасалатын сөздерге, біріккен сөздерге, (тасбақа, жолбарыс, саңырауқұлақ) назарын аудару, пайда болған сөздерді сөйлем құрамындағы әр түрлі септіктер тұлғасында қолдана білуге үйрету. (Менің коршімнің баласы қалаға барып келді. Мен жолдасыма қасқырдың терісін сыйға тарттым. Біз саңырауқұлаққа бардық).
Дауыссыз дыбыстары алмасатын етістіктерге назарын аудару.(сұрау-сұрады-сұратты-сұралған).
Зат есімнің және сын есімнің кішірейтіліп, еркелетіп айтылатын сөз тұлғаларының пайда болуына назарын аудару.(Балақай түлкінің күшігін үйге алып келді).
Сөйлем
Жайылма сөйлемнің құрамындағы сөздің орналасу тәртібіне және тұлғаларының түрленуіне: а) септеулік шылаусыз және үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, тәрізді, дейін, шейін, қарай, таман, бері, бүрын, бірге, соң, кейін сияқты септік шылауларының қатысуымен сөйлем құрастыру (Маған келді. Мен үшін келеді.Мен келгенде ол бар болатын.Ол менен бұрын келді. Мен оны білемін.Мен ол туралы білемін).б)Балаларға суреттер көрсету және сұрақ қою арқылы жайылма сөйлем құрастыру. (Асан тонын ілді. Асан тері тонын шешіп, ілгішке ілді.). в) Берілген сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру (Сұр қоянды. Балалар орманнан сұр қоянды көрді.). г) Сөйлемнен түсіп қалған септік шылауларын қосып жазу (ол менен .....) бұрын келген .... Ол мен.... туралы ештеңе білмейді.
Д) Қойылған сұраққа толық жауап бере білуге үйрету сияқты амалдардың түрлерін пайдалану арқылы назарын аудару.
