- •Кезеңдегі сабақ жоспарының үлгісі (қыркүйек-қазан). Қамтып оқу сабағы аптасына 5 рет жүреді
- •II.Т дыбысымен таныстыру. Т дыбысымен буындар мен сөздер
- •II.Сабақтың барысы
- •II. Сабақтың барысы:
- •4.Байланыстырып сөйлеу
- •1.Сөздерді дыбыстық талдау.
- •Нан, тас, лақ, дон сияқты сөздер.
- •2.Қиынды әліппемен жұмыс істеу және оқу.
- •3.Әріпті және сөзді жазу.
- •Дыбыстар мен әріптер
- •Дербес, шағын топпен оқыту сабақтарында қолданылатын жаттығулар мен ойынның түрлері
II.Сабақтың барысы
Қайталау
Қ дыбысымен таныстыру
Тақтаға қаздың суретін іліп, Мынау не? – деп сұралады. -Қаз
Осы сөздің басында қандай сөздер естіледі?
Қ дыбысы
Дұрыс
Қ –қ айтылу артикулациясы тамақпен қатаң айтылады.
Айтылуына қарай қандай дыбыспен ойлайсыңдар?
Қандай текшемен белгілейміз?
Дауыссыз дыбыс, көк түсті текшемен белгілейміз.
III. Қ әріп таңбасымен таныстыру.
IV. Кім тез шешеді ойыны
Жұмбақтардың шешуін табу, шешуінде қ дыбысы сөздің қай жерінде тұрганын анвықтау.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
( Қар)
Қар сияқты аппақ,
Өзі сондай тәтті-ақ.
( қант)
Заң жоқ еш уақытта,
Біздерді ату.
Түсімде аппақ.
Атым да.
( аққу)
Ерінбей еңбек істеген,
Онсыз тамақ ішпеген.
( қасық)
Алшақ-алшақ басады,
Бірін- бірі көрсе
Қаңқылдасады.
( Қаз)
Ж-дан бастасақ
Жыл мезгілі болады.
Қ-дан бастасақ,
Құсқа айнала қалады.
( жаз, қаз)
Шеңбер жасап өседі.
Желмен бірге көшеді.
( қаңбақ)
Көк лағым көгенде жатып семіреді.
( қарбыз)
Белсенді жауап берген балалар мадақталады.
V. Ырғақты жаттығу:
Қақпаға туралап,
Ұр допты оң аяқ.
Қақпаға туралап,
Ұр допты сол аяқ.
Оң аяқ, сол аяқ.
Жаттығу оңай-ақ.
VI. Сюжетті суретті іліп, сурет бойынша сөйлем құрап талдау:
Қоян не істеп отыр?
Қоян сәбіз жеп отыр.
Осы сөйлемде қай сөзде қ дыбысы бар?
Қоян дегенде қ дыбысы сөздің басында естіледі.
Сөйлем неше сөзден тұрады?
Сөйлем төрт сөзден құралып тұр.
VII. Қол жаттықтыру жұмысы, балалар дәптерлерәне қ,қ әріп таңбасын жазады.
VIII. « Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Қ дыбысына сөз ойлап, қ дыбысы сөздің қай жерінде тұрганын бірден айту керек. Мысалы, қоян, қаз, бақа, қағаз, қайың, лақ, қар, қола, қарға. Жақсы жауап берген балалар мадақталады.
IX. Сабақ соңында жеңіл өлең шумағын 2-3 балаға айтқызып, сабақты қорыту:
Қағып-қағып қанатын,
Қаңқылдайды қазымыз.
К, Қ дыбыстарын ажырату
І. Сабақтың мақсаты:
- к,қ дыбыстарды ажыратуға үйрету;
- балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту;
- к,қ дыбыстарын сөз ішіндегі орнын анықтау;
- сөздің бірінші дыбысын айту;
- жауапты толық беруге үйрету;
Қ әріпін жазу
Сабақтың барыс:
Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгін сабақты мынандай мақалдан бастаймыз:
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Кім айтады, не туралы мақал?
Иә, оқу, білім туралы.
Сабақтың мақсатын қою.
Ал бүгін балалар қ,к дыбыстарын ажырата білуге үйренеміз.
Қ мен к дыбысы қандай дауысты ма, дауыссыз ба?
Негедауыссыз?
III. Қайталау. « Қателеспей қайтала» ойыны.
Логопедтің артынан келесі буындарды дұрыс қайталау.
Кә-қа қы-қи қе-қо
Қу-ку қо-қо қы-кі
IV. Қ, К дыбыстары бар сөздердің суреттерін атап, екі топқа бөлу; қ,к дыбыстардың сөз ішінде орнын анықтау: қоян, қаз, тауық, көбелек, кірпі, кесіртке, қасқыр, қарбыз, шелек,қарындаш, қалам, кітап, кереует.
V. « Керемет дала» ойынын өткізу.
Балалар үстелді айнала тұрады. Үстелдің ортасына зырылдауықты ал оның айналасына ойыншықтар қойылады. Балалар кезекпен зырылдауықты бұрайды, к көрсеткіш қай ойыншыққа тірелсе сол ойыншықты атап к, қ дыбыстар орнын анықтайды. Әр түрлі ойыншықтарды алуға болады ( қоян, қасқыр, кірпі, қуыршақ, қонжық, қаз, қозы, қой, тауық, мысық, тышқан, түлкі).
VI. Сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу. Балалардың зейінін, назарын дамыту.
Балалар логопедтің соңынан ( сурет бойынша) сөйлемдерді қайталап, есте сақтауды өтінеді. Айшаның қуыршағы бар. Ағаштың түбінде қасқыр жатыр. Қанат кітапты үстел үстіне қойды. Доп шалшыққа домалап түсті. Сосын сұрақтар қойылады, ( Айшада не бар? Қасқыр қайда жатыр? Қанат кәтапты қайда қойды? Доп домалап қайда түсті?) осы сұрақтарға балалар толық жауап берулері керек.
VII. Жазу жұмысы.
VIII. Сабақты қорытындылау.
О дыбысымен әрпі таңбасы
І. Сабақтың мақсаты
- О дыбысын анық айту.
- О дыбысын сөздің ортасынан бөлу.
- Балалардың есі мен зейінін дамыту.
- О әрпінің таңбасымен таныстыру.
І. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Логопед балаларға дауысты дыбысы бар сөздерді еске түсіруді өтінеді ( айна, есеп).
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Логопед: Бүгін біз жаңа дыбыспен танысамыз. Логопед о дыбысымен сөз айтып, о дыбысын дауыстап көрсетеді. Орман, Оспан, орындық, отау.
Кім аңғарды, бүгін қандай дыбысты оқимыз? ( о дыбысын).
ІІІ. О дыбысын айтқызады. Балалардың назарын ерніне аударады ( ерін кішкене алға қарай жиырылып, домалақ болып тұрады).
Логопедтің тапсырмасы бойынша балалар О дыбысын айтады. Логопед балалармен айтқанын байқайды. Логопед: «О» дыбысын бос айтамыз оны созып, өлеңдетіп айтуға болады. Бұл дауысты дыбыс.
IV. О дыбысын дауысты дыбыстардың арасынан табу.
Логопед әр түрлі дауысты дыбыстарды айтады ( а, у, о, ә , и).
Балалар О дыбысын естісче қолдарын көтереді ( ол жаттығуды өткізгенде логопед балалардың арт жағында тұрады немесе көздерін жұмады).
V. О дыбысымен сөз айтқызу және естіту қабілетін дамыту.
Балалар логопед артынан сурет бойынша сөздерді айтады: қоян, Оля, лимон, доп, ол, ойна, жоқ, кофе, орман.
Ойын түрінде, мысалы, « Телефон» сияқты, сөз қатарын, есте сақтауға үсыныс жасау. Мысалы, ойын, Оспан, доп, қол. Әрбір бала сөз жүйелігін бұзбай осы сөздерді қайталайды, бесінші бала ойын деген сөзден бастап айтады және әрі қарай кете береді. Қате айтқан бала, қатардың бәрән қайталайды. Сосын оған жаңа сөз қатарын (« сол, лимон, орамал, қонжық).
VI. О дыбысын сөздің ортасынан бөлу. Сосын логопед балаларға ықыласпен тыңдауды өтінеді де екпінді о, у, я, а дыбыстарымен сөз айтады. Балалар дауыстап, ішінен айтады да, о дыбысы бар ма, жоқ па анықтайды. Мысалы: қол, лимон. Танк, тауық, доп, кітап, шара, қамқор.
VII. О әріп таңбасымен танысу.
О әріпін жазу.
Орман, қонжық сөздермен сөйлем ойластыру.
Сабақты қорытндылау. Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Ө дыбысы мен әріп таңбасы
І. Сабақтың мақсаты
- Өтілген дыбыстарды қайталай отырып, жаңа ө дыбысы мн таныстыру.
- Ө дыбысын сөйлем, буын ішінде дұрыс айтқызу.-
- Ө дыбысы бар сөздерден сөйлем құрату.
- Ө әріп таңбасымен таныстыру.
ІІ. Сабақтың барысы:
Қайталау
Дауысты, дауысыз дыбыстарды қайталау.
« О» дыбысын қайталау
Жұмбақ шешу:
Өзі сары, домалақ
Ортасында дәні бар,
Жерге түссе обал-ақ,
Балдай тәтті дәмі бар
(Өрік)
Сурет көрсету
Өрік деген сөзде басында қандай дыбыс естіледі? (О дыбысы). Дұрыс, бүгін осы дыбыспен танысып, дұрыс айтуға үйретеміз. (Өдыбысының айтылу артикуляциясына мән беру).
Ө дыбысы дауысты жіңәшке дыбыс, созылып жіңішке айтылады (дыбыстардың дауысты, жуан, жіңішке болатынын еске алу).
- О мен Ө дыбыстар ма?
- Өрік сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
III. «Тез алмастыр» ойнын өткізу. Мен сендерге жуан о дыбысымен сөз айтамын, ал сендер о жіңішке дыбысқа тез алмастырып айтуларын керек.
Тор-төр соз-сөз он-өн
От-өт қол-көл жон-жөн
IV.Логопедтің артынан жаңылтпашты дұрыс айту.
Көбелек-бөдене
Бөдене-көдене не?
Бөде не? Көде не?
V.Ырғақты жаттығу.
Доп безек қағады
Секіріп еденге,
Біресе жоғары.
Секіріп сондай-ақ,
Жаттығу оңай-ақ.
VI.Ө әріпімен таныстыру.
Ө әріпінің таңбасын жазғызу.
VII. Мө буынына дыбыстық талдау жасау,текшелермен белгілеу.
VIII. Ойын «Сөз ойла, тез ойла».
Ө дыбысына сөздер ойлату. Қай бала белсенді жауап берсе, соны мадақтау.
VII. Сабақты қорту.
Тақырыбы: С дыбысы мен әріпі (2 сабақ)
I.Сабақтың мақсаты: С дыбысы сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру, сан сияқты сөздерге дыбыстық талдау жасау. Ашық буынды сөздерді оқу, сқраққа жауап беру арқылы сөйлем құрау.
Керекті құралдар: әліппе, текше, белгілер.
