Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
онр текст Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93.49 Кб
Скачать

Түзету оқуының ең басты бағыттары.

  1. Дыбыстарды дұрыс айтылуын дұрыс қалыптастыру.

  2. Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру.

  3. Сауат ашу оқуына дайындық.

  4. Байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Арнайы топтарда логопедиялық жұмысты ұйымдастыру

Ұсынылып отырған бағдарламадағы логопедиялық түзету жұмыс жүйесі арнайы топтарда күн тәртібін мұқият сақтап, жұмыс барысын жоспарлап орындауын талап етеді. Сонымен қатар тәрбиеші мен логопедтің міндеттерін анықтап ажырата отырып байланысты жұмыс жүргізуінің де маңызы зор.

Арнайы балабақшада, топтарда логопед сағат 9-дан 13-ке дейін қызмет істейді. Оның 3,5 сағаты дербес және қамтып оқуға пайдаланды,ал 30 минут құжаттарды толтыруға арналды. Арнайы топтарда танертеңгі уақытта 2 сабақ жүргізіледі. Сабақтың мөлшері 30-35 минут. Қамтып оқыту сабағынан кейін логопед шағын топпен немесе дербес сабақ жүргізеді. Шағын топқа ақаулары ұқсас 3-4 бала топталады. Топтың құрамы жыл бойында балалардың өзіндік ерекшеліктеріне және жетістіктеріне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Оқу жылының басында балалардың дыбыс айтудағы ақауларын түзету тұрақтандырылады. Машықтандыруға көп көіл бөлінеді. Дыбысты дұрыс айтуға қалыптастыру кезінде сөз қорын молайтуға, грамматикасын жнтілдіруге арналған жаттығулар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар логопед балалардың құсас дыбыстарды ажыратуына, сөзге дыбыстық талдау жасауына көп көңіл бөледі.

Тіл кемістігі күрдеті ренолалия, дизартрияның көмескі түрі және т.б бар балалармен шағын топтық сабақтармен қатар дербес сабақтарда жүргізіледі.

Тәрбиеші логопедпен бірге тіл дамыту және қойылған дыбыстарды бекітуге арналған сабақтарды жоспарлайды.

Логопед жүргізетін сабаққа тәрбиеші қатысып отырады. Өйткені ол сабақтың кейбір элементтерін балалармен кешкі жүргізілетін жұмыс барысында қолдану қажет. Тәрбиеші өтеізетін екінші сабақтан логопед 1-2 баланы кабинетке алып дербес сабақ жүргізеді.

Тәрбиеші түстен кейін сабақ кестес бойынша сабақ жүргізеді және күнделікті сағат 15-тен 15-30 минутка шейін логопедтің тапсырмасы бойынша шағын топпен немесе дербес сабақ жүргізеді.

Күн тәртібі

Ояну , жуыну, ертеңгі дене

шынықтыру жаттығулары. 7-30 8-30

Тамаққа дайындық, ертеңгі ас 8-30 8-55

1-сабақ (логопед жүргізеді) 9-00 9-30

2-сабақ (тәрбиеші жүргізеді) 9-40 10-10

Шағын топпен және дербес

Логопедиялық сабақ. 9-30 10-30

Серуенге дайындық, серуен,

Түскі асқа дайындық. 10-12

Түскі ас. 12-45 13-15

Күндізгі ұйқыға дайындық,

ұйқы 13-15 15-00

Ояту, логопедтің тапсырмасы

бойынша жүргізілетін сабақ

(тәрбиеші жүргізеді) 15-00 16-00

Сабырлы ойын, сәске асқа

Дайындық 16-00 16-15

Тәрбиеші сабақ жүргізеді 16-30 17-00

Серуенге дайындық. Серуен 17-00 18-15

Кешкі асқа дайындық. Кешкі ас 18-45 19-10

Сабырлы ойын, ұйқыға

дайындық 19-10 20-45

Түнгі ұйқы 20-45 7-30

Логопедтің құжаттары

Логопедиялық жұмыстардың нәтежесі оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады. Дұрыс ұйымдастыру дегеніміз уақытында балалардың сөйлеу қабілеттерін тексеру, сабақ кестесін тиімді құрастыру, балалармен жүргізілетін дербес және қамтып оқу сабақтарын жоспарлау, сол сабақтарды көрнекі құралдармен жабдықтау, тәрбиеші мен логопедтің бірлесіп жұмыс жүргізуі. Аталған жұмыс бағыттары логопедтің құжаттарында орын алады. Логопедте мынандай құжаттар болуы тиіс:

  1. Сөйлеу картасы.

  2. Қамтып шағынтоппен оқыту және шағын топпен оқыту сабақтарының жоспары.

  3. Тәрбиешіге тапсырма дәптері.

  4. Логопедтің күнделікті жұмыс жоспары.

  5. Логопедтің жылдық жұмыс жоспары.

  6. Баланың дербес дәптері.

Сөйлеу тілін тексеру

Балалардың сөйлеу тілін тексеруге логопед алғашқы екі жұманы арнайды. Сабақ жүргізу кезіндегі бақылау арқылы тексеру қорытындысы толықтырылып отырады. Тексеру қорытындысы бойынша әр балаға сөйлеу картасы толтырылады. Сөйлеу картасы төменгі үлгі бойынша толтырылады.

Сөйлеу тілінің анықтамасы

Баланың жалпы түсінігі.

Аты кім?______________________________________________

Жасың нешеде?________________________________________

Қайда тұрасың?________________________________________

Логикалық ойлау қабілеті:

а) ағаш қуыршақты жинау_______________________________

ә) кесілген суреттерді құрастыру_________________________

б) заттарды топтастыру__________________________________

в) 4-ші артық затты табу_________________________________

г) іс-қимылдардың кезегін анықтау________________________

Есептеу операциясы:

Тура-кері санау_________________________________________

Есеп шығару___________________________________________

Көп, аз ұғымдарын түсінуі________________________________

Заттың түрі, түсі, көлемі__________________________________

Геометриялық фигураларды ажырату________________________

Кеңістікте бағдарлауы_____________________________________

Уақытты айыра білу_______________________________________

Жыл мезгілдерін ажырату___________________________________

Жұмыс істеу қабілеті_______________________________________

Ынтасы__________________________________________________

Қорытынды.

Сөйлеу мүшелерінің құрылысы, қимыл қозғалысы

а) Құрылыс: ерін (көнтек, жарықшақтығы бар, мөлшерде);

тіс (қисық, сирек, алдыңғы тістері жоқ, мөлшерде);

тіл (жалпақ, қалың, жіңішке, мөлшерде);

қатты таңдай (биік, аласа, мөлшерде);

жұмсақ таңдай (шарықтық, қысқа , мөлшерде);

тіл асты сіңірі (желбезек, қысқа, мөлшерде);

астыңғы, үстіңгі жақтардың сіңірі (прогнатия, прогения,ашық тістесу, терең жабық тістесу және т.б)

б) қимыл қозғалысы:

Ерінді алға шығару_________________________________________________

Жымию___________________________________________________________

Тілді шығарып күрек тәрізді ұстау____________________________________

Жіңішке тіл_________________________________________________________

Тілді оңға-солға қозғалту_____________________________________________

Жоғарғы ерінді жалау_______________________________________________

Төменгі ерінді жалау________________________________________________

Таңдай қағу________________________________________________________

Жалпақ, жіңішке тіл_________________________________________________

Астыңғы жақ сүйегін алға қозғау______________________________________

Алдыңғы жақ сүйегін арқа қозғау______________________________________

Жақ сүйектерін қабыстыру, тістену____________________________________

Санап тұрып ауызды ашып

ұстау (1-5 дейін)__________________________________________________

А дыбысын бірнеше рет қайталау______________________________________

Қорытынды._______________________________________________________

Жалпы моториканы тексеру

Аяқ ұшымен тұру, тізерлеп отыру____________________________________

2 аяқпен артқа ,жоғары, төмен қозғау__________________________________

Қолды алға, артқа, жоғары, төмен қозғау_______________________________

Сызықпен жүріп өту______________________________________________

Қорытынды.____________________________________________________

Қолдың ұсақ моторикасы.

5-6 рет саусақты жұмып ашу_______________________________________

Қолдың барлық саусақтарын бес барсмаққа қосу________________________

Тыныс алу (сөйлегендегі ауа көлемі, жылдамдығы, ұзақтығы

_________________________________________________________________

Дауысы (қатты, шіңкілдек,жуан, мұрнынан сөйлеу)

_______________________________________________________________

Дыбыстардың айтылуы

Дыбысты айту шарты: Тексерілетін дыбыстар: С,с ,З, з,ц, ш, р, р, л,қ, ғ, х, н, м.

Жеке дыбысты_____________________________________________________

Буында___________________________________________________________

Сөзде_____________________________________________________________

Сөйлемде__________________________________________________________

Қорытынды________________________________________________________

Әр түрлі буындардан тұратын сөздерді айту

Қас мақта шегіретке құмырысқа

Қала ұстаз қарлығаш

Қуыршақ балапан велосипед

Дәрігер оқытушы

Кілт экскаватор

Фонематиткалық түсінігі

а) дыбыстарды қабылдауы, ажыратуы:

“А” дыбысын естігенде қол көтер___________________________________

“О”,“Ү”,“А”,“Ә”,“О”,“У”____________________________________________

“Д” дыбысын естігенде қол көтер_____________________________________

“М”,”Н”,“Л”,“П”,“Д”_______________________________________________

Қайтала: та-да-та __________________________________________________

Ас-аш-ас__________________________________________________________

Айдана 12-19

Ан – аң – оң ________________________________________

Қас – қаз ___________________________________________

Сана – шана ________________________________________

Қара – қала ________________________________________

Баға – бақа _________________________________________

Б) дыбыстық талдау дағдылары сөзден бірінші дыбысты табу:

Алма ________________________________________________

Қала ________________________________________________

Шана _______________________________________________

Өрік ________________________________________________

Сөзден соңғы дыбысты табу:

Мысық ______________________________________________

Әтеш _______________________________________________

Қол _________________________________________________

Бала ________________________________________________

Ортақ дыбысы бар суреттерді топтау:

Сабын, шана, сағат, шаңғы, мысық, шам және т.б. «Мал», «шана» сөзіндегі 1, 2, 3 – дыбыстарды ата _____________________________________________

Барлығы неше дыбыс?

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды айт _________________________________

В) Дыбысты жинақтау:

Б, а, л дыбыстарынан қандай сөз шығады? ___________________________

Ал, ма буындардан қандай сөз шығады? _____________________________

Мына дыбыстармен сөз ойла «А», «С», «Ә», «Қ», «О» және т.б.

Қорытынды.

Сөз қоры

1.Сурет бойынша заттардың атын атау:

Орындық, кесе, науа, терезе және т.б.

2.Басқа киетін бас киімді ата _______________________________

Кесетін заттың атын ата ___________________________________

3.Заттың бөліктерін атау:

Мысықтың басы

Көзі

Аяғы

Мұрты

Құйрығы

Денесі

4.Заттарды топтастыру. Бір сөзбен қалай аталады?

Тон, көйлек, шалбар ____________________________________

Қой, ешкі, сиыр ________________________________________

Кесе, қасық, шәйнек ____________________________________

Торғай, қарға, сауысқан _________________________________

5. Жануардың төлдерін атау:

Қой __________________________________________________

Сиыр _________________________________________________

Ешкі __________________________________________________

Тауық ________________________________________________

Аю ___________________________________________________

Ит ___________________________________________________

Түйе _______________________________________________

6. Іс – қимылын білдіретін сөздер

А) Бұл кім? Не істеп жатыр?

Б) Іс – әрекетін атау қайтеді?

Ұшақ ______________________________________________

Дәрігер ____________________________________________

Жылан ____________________________________________

Аспа з_____________________________________________

Құс _______________________________________________

В) Қалай дауыс шығарады?

Мысық ___________________________________________

Әтеш _____________________________________________

Жылқы ___________________________________________

Ит _______________________________________________

Сиыр _____________________________________________

Маса _____________________________________________

7. Заттың сынын білдіретін сөздер

А) Бұл не? Қандай?

Алма, тәтті, дәмді, қызыл _____________________________

Көйлек көк, қызыл, әдемі _____________________________

Пияз ащы, сары ______________________________________

Ағаш биік, жасыл _____________________________________

Б) Қарама – қарсы мағынадағы сөзді табу

Қара ________________________________________________

Жаман _________________________________________________

Ащы ___________________________________________________

Биік ____________________________________________________

Лас ____________________________________________________

Қараңғы ________________________________________________

Терең __________________________________________________

Қатты __________________________________________________

Суық ___________________________________________________

Қорытынды.

Сөздің грамматикалық құрылысы

  1. Сөйлемді құру дағдылары

Сурет бойынша сөйлем құрау _____________________________ Берілген сөздерден сөйлем құрау: _________________________

Қозы шөп жеді __________________________________________

Су гулге Жамал құйды ____________________________________

Сөйлемді аяқтау:

Балалар мектепте

Атам газет

  1. Зат есімді жекешеден көпше түрге өзгерту

Кітап __________________________________________________

Мал ___________________________________________________

Шелек _________________________________________________

Бала ___________________________________________________

Әже ___________________________________________________

Киім ___________________________________________________

  1. Септік жалғауларды қолдану

Бала қайда қойды? _____________________________________

Бала кіммен келе жатыр? ________________________________

Қыз суретті кімге береді? _________________________________

Бала қайдан келе жатыр? _________________________________

Бала кімді, нені көрді? ____________________________________

Бала неден қорықты? _____________________________________

  1. Жіктік жалғауларды қолдану

Сөйлемді аяқта.

Мен ойнаймын.

Сен _______________________________________________________

Ол ________________________________________________________

Сендер ____________________________________________________

Біз ________________________________________________________

Сіз ________________________________________________________

  1. Жаңа сөз құрастыру дағдылары

(Ұқсас сөйлемдерді атау)

Оқу – оқулық, оқушы, оқытушы, оқы ___________________________

Мал – малшы ________________________________________________

Бала – балақай, балажан, балабақша ____________________________

Қорытынды.

Сөзді тусінуі

1.Нұсқауды орындауы:

Орындықтан тұрып терезеге бар. ______________________________

Қуыршақты алып орындыққа отырғыз. ________________________

2. Жекеше, көпше турлерді түсінуі:

Суреттен балапанды көрсет. ___________________________________

Балапандарды көрсет. ________________________________________

Ойнап отырған баланы көрсет. _________________________________

3.Септік жалғауларды түсінуі:

Мектепке бара жатқан баланы көрсет. ___________________________

Әжесімен отырған баланы көрсет. _______________________________

4. Әр турлі мөлшердегі мәтіндерді түсінуі:

(Қарға мен түлкі, жеті лақ және т.б.)

Қорытынды.

Байланыстырып сөйлеуі

  1. Сурет бойынша әңгіме құрастыру _____________________________

  2. Әңгіменің мазмұнын өз сөзімен айтып беруі ___________________

  3. Берілген тақырыпқа әңгіме құрастыру ________________________

5.Қорытынды.

Жалпы сөйлеу қабілеті

Шапшаңдығы ________________________________________

Анықтығы ___________________________________________

Сөйлеу қорытындысы _________________________________

Логопедиялық жұмыстың нәтижесі

Қазан.

Желтоқсан.

  1. Сабаққа қатысуы.

  2. Тілінің түзелуі.

  3. Тәртібі.

  4. Мамандардың кеңесі.

  5. Ата – анасымен байланыс

Маусым

  1. Логопедиялық жұмыстың нәтижесі.

  2. Логопедтің қорытындысы.

Дыбыстардың айтылуын тексеру

Хаттама

Тексерілетін дыбыс

Буындарға

Сөзде

Логопедпен бірге

Логопедтен кейін

Қорытынды

1

2

3

4

5

6

Дауысты дыбыстар

А

Ә

Е

О

Ө

Ұ

Ү

І

И, у

Ы, э

Дауыссыз дыбыстар

С

З

Ш

Ж

Ғ

Қ

Г

К

Л

Р

М

Н

Ң

Х

Ф

В

Ц

Ч

Щ

Е

Ю

Я

Са

Ас

Аса

За

Аз

Аза

Ша

Аш

Аша

Жа

Ажа

Ға

Аға

Қа

Ақа

Ге

Еге

Ке, ек

Еке

Ла

Ал

Лал

Ра

Ар

Ара

Мо

Ом

Омо

На

Ну

Ана

Аң

Ана

Ха

Ах

Аха

Фа

Аф

Афа

Ва

Ава

Ца

Ац

Аца

Ща

Ащ

Ащы

Апа

Ата

Әжә

Әтеш

Бәкі

Өзен

Көбелек

Ұлу

Құс

Үй

Түйе

Ін

Тіс

Кісі

Ыдыс

Балық

Бұғы

Сабын

Маса

Қас

Кесе

Сәбіз

Зырылдауық

Қозы

Қаз

Шана

Аша

Оқушы

Шон

Жұлдыз

Ожау

Көжек

Ғарышкер

Сағат

Қант

Құлақ

Гүл

Шеге

Көке

Мектеп

Күрек

Лақ

Бала

Мал

Қол

Ракета

Тарақ

Бор

Дәрігер

Мысық

Алма

Кілем

Нар

Нан

Шана

Аң

Шаң

Хат

Халат

Асхана

Фабрика

Телефон

Жираф

Вокзал

Вагон

Циркуль

Станция

Чемодан

Тумбочка

Щетка

Ащы

Плащ

Елка

Аю

Ою

Ұя

Қоян

Қой

Той

Дауыссыз дыбыстардың қатар келуі

Қ П қақпақ Л Т мылтық

Р Қ бүркіт

С Қ қас Ң Б таң Р Л қарлығаш Р С Қ құмырсқа

Дыбыстардың сөйлемде айтылуы

Асқар сағат сатып алды. ____________________________________

Сауысқан ағашқа қонды. ____________________________________

Жамал жазда жайлауға барды. _______________________________

Шыңғыс пен Қарлығаш шаңғы тепті. ___________________________

Раушан Қарағандыда тұрады. _________________________________

Балалар балық аулауға көлге барды. ___________________________

Қорытынды

Сөйлеу тілін тексеріп болған соң, тіл ақауларының ерекшелігін ескере отырып, әр балаға түзету жоспары жасалады. Логопед тәрбиешілерді тексеру қорытындысымен, дербес түзету жоспарымен толық таныстырады. Тәрбиеші балалардың дыбыс айту ақауларын бірден естіп, айыра біліп, дыбысты қою тәсілдерін, машықтандырудың негізгі әдістерін білуі қажет.

Логопедтің жылдық жұмыс жоспары

Логопед жылдық жұмыс жоспарын жасайды. Жоспар құрастырғанда ескеретін бағыттары:

Тәрбиешілер үшін семинарлар ұйымдастыру.

Логопед жұмыс істейтін балабақшадағы ересек және дайындық топтың балаларының сөйлеу тілін тексеру.

Сөйлеу тілі ақауларын түзету жөнінде тәрбиешілерге кеңес беру.

Логопедиядан ашық сабақ өткізу.

Күрделі тіл кемістігі бар балалардың жағдайын мамандармен (психоневролог, невропатолог, тәрбиеші және т.б.) бірігіп талқылау.

Әр түрлі конференцияларға, педкеңеске қатысу.

Ата – аналармен жұмыс.

20-27 Акерке

Логопед міндетті түрде қамтып оқыту мен дербес сабақтарды күнделікті жоспарлап отырады. Жоспарда сабақтың тақырыбын , мақсатын, қолданатын көрнекі құралдарын, сабақтың барысын көрсетеді. Тәрбиешілер қамтып оқыту сабағынақатысып сабақтың барысын, балалардың сөйлегенде жіберген қателерін жазып отырады.

Тәрбиешіге арналған тапсырма дәптері

Логопед күнделікті тәрбиешіге кешкі уақытта балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс түрін (тапсырманы) арнайы дәптерге жазып отырады. Тәрбиеші өзі жүргізген сабақтан кейін оның нәтижесін жазып отырады.

Баланың дербес дәптері

Әр балаға дербес дәптер арналады. Логопед бұл дәптерге сабақтын мазмұнына байланысты тапсырмаларды жазады. Тапсырмаларды қайталау үшін дәптер сенбі күндері ата-аналарға беріледі. Жай күндері дәптердегі тапсырмаларды тәрбиешіге қайталайды.

Логопед түзету жұмысының жалпы жоспарына сүйене отырып, бір жұмаға күнделікті жұмыс жоспарын жасайды. Күнділікті жоспарда сабақтың тақырыбы, мақсаты, түзету жұмыстардың әдістемелік әдістері, сабақта қолданылатын көрнекі құралдар, сабақта қойылатын негізі сұрақтар көрсетіледі. Журналдың « жұмыс » қорытындысы деген бөлімінде әр баланың сөйлеу тілінің өз жетістіктері мен қиындықтары, тәртібі және басқа жақтары белгіленеді. Балалармен дербес жұмыс күнделікті жоспарланады.

Ата-аналармен жұмыс

Тіл кемістігі бар балалардың сөйлеу тілінің ақауларын түзету барысында логопедтің ата-аналарымен бірге жұмыс жүргізуінің маңызы зор. Ондай жұмыстың түрлері әр түрлі болады.

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

  1. а) Бірінші жиналыс ата-аналармен қыркүйек айында өткізіледі. Онда ата-аналарды балабақшаның күн тәртібін, түзету оқуының мақсаты мен мазмұнын таныстырады.

б) Екінші жиналысты әрбір логопед өз тобында қазан айында өткізеді. Ол кезде балалардың сөйлеу тілін тексеріп болады.

Жиналыстың мақсаты: ата-аналарды тексеру қорытындысымен таныстыру. Әр баланың жалпы және сөйлеу тілінің дамуы туралы мінездеме береді, жұмыс жоспарымен таныстырады.

в) Үшінші ата-аналар жиналысы қаңтарда өткізіледі. Ол жиналыста бірінші жарты жылдықта жүргізілген жұмыстың қорытындысы айтылып, балалардың сабақ барысындағы кездесетін қиындықтары мен табыстары аталып, үйде қайталайтын жұмыс түрлеріне көңіл аударады.

г) Оқу жылындағы ақырғы жиналыс мамыр айында өткізіледі. Онда ата-аналардың бір жылдық жұмыс нәтижесімен таныстырып, өткен тапсырманы қайталау жөнінде кеңес береді, комиссияның шешімімен таныстырады.

2. Әр аптаның сәрсенбі немесе сенбі күндері түстен кейін ата-аналармен

«қысқаша апталық кездесулер» өткізіліп тұрады. Бұл кездесуге жұмыс барысында қиыншылық кездескен балалар ата-аналармен шақырылады. Логопед тапсырма бойынша үйде жүргізілетін жаттығу түрлерімен таныстырып, орындау әдістерін түсіндіреді.

3 Үш айда бір рет логопед ата-аналарға арнап ашық сабақ өткізеді. Ол сабақта логопед оқытудың негізі әдістерімен, балалардың сөйлеу тіліне қойылатын талаптарымен ата-аналарды таныстырады.

4 Логопед тәрбиешімен бірігіп « ата-аналар» бұрышын дайындайды. Онда балалардың сөйлеу тілінің дамуы, ақаулары арнайы әдебиеттер туралы мағлұматтар беріледі. Сонымен қатар балалардың ауызекі сөйлеуін, дыбыс айту қабілетін машықтандыратын сөздік материалдар, ата-аналарға қатысты хабарландырулар ілінеді.

Логопедиялық кабинетті жабдықтау

Жеке және топтап оқыту сабақтары арнайы логопедиялық бөлмеде жүргізіледі. Ондай бөлме (кабинет) оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілуі қажет.

Логопедиялық кабинетте мынадай заттардың болуы қажет: арнайы әдебиеттер, оқулықтар қоятын шкаф, балалармен сабақ жүргізу үшін, ең кемінде 3-4 устел мен 4-6 орындық, логопедтің үстелі, тақта. Логопедиялық бөлмеде міндетті түрде түрлі айналар болуы керек. Топпен оқыту сабағына айнаның үлкендігі 70-100 см. Жеке балалармен жұмыс жүргізгенде кішкене 9х12 см айналар пайдаланады.

Логопедте логопедиялық зондтар, қалақшаларды ( шпатель) оларды сүртіп, тазалап отыру үшін мақта мен спирт болуы керек. Кабинетте таза орамал, қабырға сағаты, үстел шамы қажет.

Жұмыс барысында логопед балабақшада бар оқу құралдарын пайдаланады. Онымен қатар арнайы логопедиялық бөлмеде төменгі аталған заттардың болуы қажет.

Сөйлеу тілін тексеруге арналған кітапшалар. Әр түрлі дыбыстарға жинақталған суреттер, мазмұнды суреттер. Кеспе әліппе ( әр балаға жететіндей ) тақырып бойынша жинақталған ойыншықтар мен суреттер ( ыдыстар, киімдер ), түсін, көлемін, формасын анықтауға арналған заттар немесе ойыншықтар. Санауға арналған материалдар. Тіл ақаулықтарын түзету сабақтарында ойын түрлері кең қолданылады. Сондықтан арнайы оқу құралдарымен қоса жалпы балабақшаларында қолданылатын оқу құралдарын да пайдалану қажет. Оның ішінде әсіресе «домино», «лото», «жұмбақтар», геометриядық лото», «зоологиялық лото» және т.б. сияқты дайын құралдарды пайдалану өте тиімді. Ондай көрнекі құралдарды көбіне логопед өзі де дайындайды.

Логопедтің есеп беруі

Оқу жылының аяғында логопед жұмыс қорытындысы туралы мағлұматтар дайындап аудандық, қалалық оқу бөлімдеріне өткізеді.

Ондай төмендегідей деректер болуы керек:

1 Топты ұйымдастыру мерзімі

2 Топқа алынған бала саны

3 Жыл аяғында топта сабақ бітірушілер саны:

а) оның ішінде сөйлеу кемістігі толық түзелгені

б) біршама түзелгені

в) өзгеріссіз қалғаны

4 Жалпы мектепке жіберілген балалар саны

5 Көмекші мектепке жіберілген балалар саны

6 Балабақшаға жіберілгені

7 Тіл кемістігін түзететін арнайы: мектептерге жіберілгені

8 Жыл басында әр түрлі себептермен жетіп қалған балалар саны

Ескерту:

Ескертуде баланың екінші жылға не себептен қалғандығы көрсетіледі.

Сөйлеу тілінің фонетика, фонематикасы толық дамымаған балаларды

оқыту жоспарының үлгісі

Сабақтың түрлері

Сабақтың апталық саны

Оқудың бірінші кезеңі

  1. Логопедиялық сабақ.

Дыбысты айту және тіл дамыту ( қамтып оқыту). Шағын топтық және дербес оқыту ( алғашқы екі аптаны балаларды тексеру үшін пайдаланады).

Оқудың екінші кезеңі

Қамтып оқыту: дыбыс айту және тіл дамыту.

Сауат ашу.

Шағын топтық және дербес оқыту.

Оқудың үшінші кезеңі

Қамтып оқыту: дыбыс айту және тіл дамыту.

Сауат ашу.

Шағын топтық және дербес оқыту ( маусым айында тек шағын топтық және дербес оқыту сабағын жүргізеді).

  1. Тәрбиешілердің сабағы ( жыл бойында жүргізіледі).

Қоршаған ортамен таныстыру және тіл дамыту ( аптасына бір сабақ байланыстырып сөйлеу, тілін жетілдіруге бөлінеді.

Қарапайым математикалық түсініктерін дамыту.

Жазу.

Құрастыру және ою-суреттер салу.

Сурет салу және жабыстыру.

Дене шынықтыру (қосымша) бір оқу сабағын серуендеуге бөледі.

  1. Ән-күй сабағы.

5

күнде

3

2

Күнде

3

2

3

2 1 1 1 2 2

Логопедиялық сабақтың бағдарламасы

Сабақтың алғашқы екі аптасында балаларды тексеру.

Есте сақтауын жыл бойында жетілдіру.

Ашық, анық, бір қалыпты көтеріңкі дауыспен , асықпай сөйлеп үйренуге жыл бойында тәрбиелеу.

Сабақтың бірінші кезеңі: ( қыркүйек, қазан). Қамтып оқыту сабағы; аптасына бес рет, дербес және топтық күнде.

Дербес және шағын топты оқыту сабағы:

1 Қ, к, х, й (шолақ и), ы, с, и, з, т, п, р, ш, л және басқа дыбыстарды дербес оқу жоспарының талабына сай қою және алғашқы рет тұрақтандырып бекіту.

  1. Дұрыс айтылатын дыбыстардан тұратын құрылымы күрделі сөздердің айтылуындағы қиындықтарын жою.

  2. Грамматикалық дұрыс сөйлеуін керектігіне қарай қалпына келтіру.

  3. Талдау, оқу, керектігіне қарай жазу.

Қамтып оқыту.

1 Дыбыс айту және тілін дамыту (аптасына 5 рет).

А. 1) а, о, у, е, п, т, к, қ, л, м, н, о, ә шолақ и, ы, с дыбыстарының дұрыс айтылуын тұрақтандырып бекіту ( балалардың барлығында да дыбыстардың айтылуы күні бұрын түзетілген болу керек).

2 Дыбыстарды естілуінде ажырату: баорлық дауыстыларды: ( у, ү, ұ, а, ә, и, э, ғ, о, ы, і ), дауыссыздарды п, т, к, м, д, к, қ, т, ғ, г, х, л шолақ и, р, с, с, з, т, т, ш.

3 Дыбыстардың дұрыс айтылуын ажырату.

4 Дыбыстардың дұрыс айтылуын тұрақтандырып бекітілуіне байланысты дыбыстық-буындық күрделілігі әртүрлі сөздерді меңгеру.

5 Сөздің дыбыстық құрамын талдауға дайындық ( «Сауат ашу» тарауын қараңыз ).

Б. 1) Сөздердің грамматикалық тұрғыдан өзгеруіне назар аударуға тәрбиелеу: мысалы, зат есімнің жекеше және көпше түрлерін салыстыру және теңестіру ( ат-аттар, бала-балалар), ілік септігінде тұрған зат есімнің әр түрлі көптік жалғаулары ( дәптерлеріміз, дәптерлеріңіз, дәптерлерің, дәптерлері), осы шақта тұрған етістіктердің зат есімдердің жекеше және көпше түрлерімен, есімдіктермен қиылысуы ( ит үріп тұр, иттер үріп тұр, мен отырмын, біз отырмыз, сен отырсың, сендер отырсыңдар), осы шақта тұрған етістіктердің жекеше және көпше түрлеріндегі жіктік жалғауларын салыстыру ( оқып отырмын, оқып отырмыз, оқып отырсың, оқып отырсыңдар, оқып отыр).

2 Сөздік жұмыс. Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы пайда болатын жаңа сөздерге назар аудару ( ат-ата, атан, атыс, аттым, аттан, атқыш), сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы, пайда болатын сөздер ( жат, жатады, жаттатқызады, жатталады, жаттанды, қос сөздің бірігуінен пайда болатын жаңа сөздер ( белбеу, алтыбақан, Амангелді ), мағынасы кішірейтіліп, еркелетіп айтылатын сөздер ( інішек, талшық, шалшық, балақан).

3 Сөйлем жүйелі сөз. Құрамында тура толықтауышы бар жайылма сөйлемге назарын аудару. Байсал ағашты кесіп жатыр. Сөйлемнің құрамындағы сөздерді Кім? Не істейді? деген сұрақтар арқылы ажырату, бастапқы тұлғасының толық немесе жартылай мағлұматтарына сөйлем құрастыру ( апа Асет дүкен барды), берілген сұраққа қысқа және толық жауап қайтаруға дағдылануын тәрбиелеу, бейнелі сурет, қимыл іс-әрекеттер, сұрақтар бойынша сайын, кейін, дейін, соң, үшін, бірге септеулік шылауларын қатыстыра отырып, жайылма сөйлем құрастыру.

Бірнеше сөйлемдерді біріктіріп, шағын әңгіме құрастыру.

Қысқа әңгімені жаттап алу.

Сауат ашу.

1 Дыбысты дұрыс айтуға дағдылануын және естуін, түсінуін, жетілдіруін, қалпына келтіруіне байланысты сөздің дыбыстық құрамын талдауға дайындалу.

Сөздің басындағы бірінші дауысты дыбысты ажырата білу.

( Айна, Әлия, Өркен), қатар тұрған екі-үш дауыстыларды жүйелі түрде атау.

«Ат», «Ит» сияқты кері буындарды талдау және топтау, «тон»., «қар» сияқты сөздердің соңғы дауыссыз дыбыстарын айыру.

«Мал», «Тұз» сияқты сөздердегі дауыссыздан кейін буын құрап тұрған дауысты дыбысты айыру.

Сөздің басындағы бірінші дауыссыз дыбысты айыру,. «Та», «Му» сияқты тура буынды талдау және топтау.

«Лақ», «Тал» сияқты сөздерді талдау және топтау.

Дыбыстық талдауға және топтауға дайындауды меңгеруге бағытталған жаттығуды қызықты ( назарын аударатын ойын түрінде, жарыс ұйымдастырып) түрде жүргізеді.

Буынға бөліп оқуына дағдылануын қалпына келтіру.

Сөйлеуін қалпына келтіру бойынша бағдарламаға сәйкес біртіндеп машықтандырылған қатаң және ұяң дыбыстарды анық етіп айтылуы негізінде У, А, Л, Ә, Т, М, Қ, О, Ы, С, Н әріптерімен жүйелі түрде танысу.

  1. Кезеңдегі сабақ жоспарының үлгісі (қыркүйек-қазан). Қамтып оқу сабағы аптасына 5 рет жүреді

Дыбыс

Сабақ саны

Дыбыстарды ажырату

Сөзге дыбыстық талдау жасауға дайындық

Әріптер

Текшелермен, әріптермен оқу

Тіл дамыту

1

2

3

4

5

6

7

8

1

А

О

2

2

У дыбысын басқа дыбыстардан ажырату

Дауысты дыбыстарды сөз басынан бөліп айту.

У

А

Жазу

Жайылма сөйлем

2

У А

А О

1

А - - « - -

Ау сияқты буындарды талдау

О

Жазу

Құрастыру

3

Ы

А У Ә

И

1

1

2

Ә дыбысын басқа дыбыстардан ажырату п-п

Әу тіркесін талдау.

Ауә-ауа-

Ан-әуе-

Ы

У

П

Жазу

Бақылаған іс-қимылдарды әңгімелеп беру.

Т

2

Т-д-к

Дауыссыз дыбысты сөздің басынан соңына бөліп айту.

Т

Ап сияқты буындарды текшелермен белгілеу, өзгерту, жазу, оқу

Құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Қ

Қ-Қ

И

2

2

1

Қ-қ-х и дыбысын басқа дыбыстан ажырату

Ат

От

Оқ

Қ

И

Жазу

Шағын әңгімелерді жаттату

М

М

Л

А У И

1

2

2

1

М-н

М-м

Л-л

Л-и

Ін

Ұл

М

Ал сияқты буынды текшелермен белгілеу, өзгерту, оқу м іріпін жазу.

Суреттер бойынша жайылма сөйлем құрастыру.

О

И

И

И

2

1

1

1

О-а-у-ө

Ң-н-н-м

Н-н

Л-и

Дауысты дыбыстан кейінгі дауысты дыбысты ажырату. Мо сияқты буынын талдау.

О

А

М о сияқты буынды текшелермен белгілеу, өзгерту, оқу

Жеке сөздерден сөйлем құрастыр.

О

О-О

Ы

1

-

1

О-о-у

Ы-и-і

Ма, мы сияқты буынды талдау

Ы

Жазу

Сөйлемді мазмұнына қарай аяқтау.

С

С

Логопедтің қалауы бойынша дыбыстар

1

1

4

С-с-з

С-с-с-з-

Дағдаларымен бірліктерін машықтандыру

Нан,тас сөздерді буынға бөлу, жолақшалармен белгілеу.

С

Ашық буындардысан, нан сияқты сөздерді оқу.

Сұраққа жауап беру арқылы сөйлем құрау

Түрлі түсті шекемтастармен (фишка) және әріптерден «Ат», «Ит» кері буындарын жасап, оларды жазып және оқи білу.

«Та», «Му», «Ми», «Си» буындарын шекемтастардан және әріптерден құрастырып, дауысты дыбысты бағытқа ала отырып, қосып оқи білу.

Буындарды қайта құру. Буындарды оқу.

«Тас», «Қыс» түріндегі сөздерді қиынды әліппенің әріптерімен құрап оқи білу.

Терминдерді біртіндеп меңгеру.

Дыбыс, әріп, буын, дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс.

А дыбысы. 1-кезең.

Сабақтың мақсаты: А дыбысының артикуляциясын анықтау, дыбысты дұрыс айту «а» дыбысын басқа дауысты дыбыстардан ажырату, сөз басынан бөліп айту, «а» әріпімен танысыру.

Керекті көрнекі құралдар: суреттер, ұсақ ойыншықтар, кепе қағаз, әліппе, айна.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Логопед: Балалар дұрыстап тыныш тұрыңдар, алдымен аты аталған балалар ғана отырады. Ақырын дауыспен логопед балаларға бұйрық береді. Айша, отыр. Самат, отыр. Айдос, бірінші қатарға отыр және т.б.

II.Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Логопед: «Бүгін біз «а» дыбысын дұрыс айтуға үйреніп «а» әріпімен танысамыз».

III.А дыбысын дұрыс айту.

  1. Балалар «а» дыбысын сыбырлап, жай дыбыстап айтады. Айнаға қарап дыбыстың артикуляциясын анықтайды. Дауысты дыбыс екенін оны созып айтуға болатынын біледі.

  2. Сонан соң ашық, жабық буындарды айтуға жаттығады, ап,ат,на, ма және т.б.

IV.А дыбысын басқа дауысты дыбыстар қатарынан естіп ажырату ( ойын түрінде жүргізуге болады). Логопед дауысты дыбыстарды айтады: балалар «а» дыбысын естігенде не қолын көтеру керек, не жалаушаны көтеру керек немесе жүріп келе жатып тоқтау керек. Дыбыстарды айтқанда логопед аузын экранмен жауып тұру керек.

V.Л дыбыстары бар сөздерді айту.

А дыбысын сөз басынансөз басынан бөліп айту.

1.Логопед адамның суретін көрсетеді. Балаалр, менің қалай айтқанымды тыңдаңдар. А-а-алма (бірінші дыбысты ұзақ созып айтады). Бұл сөзде 1-дыбыс а. Бұл сөзді бәріміз бірге айтайық. Осылайша ат, асық, Арман сияқты сөздер аталады. Содан соң балалардың өздері бірінші дыбысты бөліп айтуға жаттығады.

2.«А» дыбысы сөз ортасында келетін сөздерді айту (мал, қант, қасық және т.б.)

VI.А әріпімен таныстыру.

Әр балаға кеспе әліппе әріптері беріледі. Логопед «а» дыбысын алып көрсетеді, мынау «а» дыбысының әріп таңбасы. Әріпті көзбен көреміз, оқимыз, дыбыстап айтамыз және жазамыз. Дыбысты біз естиміз, айтамыз. Енді «а» әріпін көп әріптің ішінен кім тауып көрсетеді?-деп сұрайды. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен, дауыссызды көк, жасыл текшелермен белгілейміз.

VII.Балалардың зейінін дамытуға арналған ойын. Логопед «а» дыбысына бірнеше сөздер айтады. Балалар сол ретпен суреттерді көрсету керек (алма, қасық, алмұрт, лақ).

VIII.Сабақты қорытындылау.

Т дыбысы және әріпі

Сабақтың мақсаты:

--Т дыбысын буын, сөз, сөйлем ішінде анық айтуға тәрбиелеу;

--балалардың назары мен есіне сақтау қабілетін дамыту.

--от деген сөзге талдау және синтез жасау.

--Т әріпімен танысу.

Сабақтың барысы:

  1. Өткенді қайталау.

Логопед: қазір айтылған дыбыстарды қайталаймыз. Ал ол қандай дыбыстар екенін өздерің айтасыңдар.

Логопед дыбыс шығарудағы дыбыс мүшелерінің қызметін көрсетеді. Балалар ықыласпен қарап, айтады: а, ә, у, и. Логопедтің айтуы бойынша кейбір балалар дыбыстарды анық айтады және сурет бойынша, осы дауысты дыбыстардан басталатын сөздерді табады (әтеш, ат, ит).

Логопедтің тапсырмасы бойынша балалар дыбыстарды үйлестіріп айтады. (ал, уй, уа). Әр рет айтқанда дыбыстардың саны мен жүйелігін анықтайды.