- •1.1 Алгоритмдік тілдің операторларын класқа бөлу
- •1.2 Меншіктеу операторы
- •1.3 Бос оператор
- •1.4 Сандық мәліметтерді енгізу операторы.
- •1.4.2 Символдық мәліметтерді енгізу операторы.
- •1.5 Мәліметтерді шығару операторы.
- •1.6 Таңдау операторы
- •1.7. Тармақталу операторы
- •1.7.2. Шартты операторлар
- •1.8 Қайталану операторлары.
- •1.8.1. Цикл әзір
- •1.8.2. Цикл дейін.
- •1.8.3. Параметрлік қайталау.
- •Қорытынды
1.5 Мәліметтерді шығару операторы.
Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы (процедурасы деп те айтылады) қолданылады:
WRІTE (аl, а2, ... ,an);
Мұндағы жақша ішінде жай айнымалылар немесе апострофтармен қоршалған символдар тобы болуы мүмкін. Мысалы, егер B=17.15. болып, мына команда орындалғанда:
WRlTE ('В мәні=', В);
экранда
В мәні = 1.715Е+0.l
деген сөз тіркесі көрінеді.
Шығарлатын мәндердің түрі айнымалылардың типі арқылы анықталады, олар iпteger, real, Вооlеап (true, false), char, striпg сияқты типтер түрінде беріле береді.
Шығарылатын параметрлер бір-бірімен үтір арқылы ажыратылыn, WRITE түйінді сөзінен соң жай жақша ішіне жазылады.
Шығару операторында жақша ішінде қағазға немесе экранға шығарлатын мәнінің пішімін- оның алатын орнын, яғни енін толық көрсетуге болады. Бүтін санды оның енін көрсете отырып экранға шығаруға болады, мысалы: b айнымалысының бүтін түрдегі мәнін көрсету
WRITE (b: n) немесе WRITE (b: 5)
операторы арқылы жүзеге асырылады. Мұндағы b - айнымалының атауы: n - мәні бүтін сан болып келетін тұрақты түрінде берілген орын саны, оны бірден бүтін санмен де жазуға болады. Егер b: 5 пішімі беріліп, ал b =56 ( екі немесе үш разрядты сан) болса, онда беске дейінгі толтырылмаған орындарға сол жақ шетте бос орын қалдырылады. В = 56 мәні үшін WRІTE (b: 5) операторы экранға
«56»
тіркесін шығарады.
Нақты сандар ушін оның жалпы енін, сонан соң бөлшегі алатын орынды көрсету қажет, сол себепті аралас сандарды бейнелеуде оның ені қос нүктемен бөлінген екі бүтін сан арқылы жазылады. Сонымең нақты сан үшін пішім екі саннан тұрады:
І- санға берілетін барлық орын.
ІІ- үтірден кейін алынатын бөлшек цифрлар саны.
Мынадай оператор берілсін делік: WRІTE (Ү: 5: 2)
Мұндағы 5 - нәтижеге берілген барлық орын, 2 үтіпден соңғы бөлшек бөлігіне берілетін орындар саны. Мысалы, С= - 145.7865 болғанда WRITE (С: 8: 3) операторы экранға - 145.786 мәнін шығарады, мұндағы жалпы орындар саны - 8, ал бөлшек үш санмен бейнеленетіндіктен соңғы бір цифр жазылмай қалып отыр. С айнымалысының берілген мәнін толық бейнелеу үшін WRITE (С: 9: 4) операторын жазу керек еді. Жалпы нақты санды экранда бейнелеу операторының жазылу түрі:
WRITE (С: п: т);
мұндағы n - С мәнінің барлығына берілген орын саны; m - С мәнінің бөлшек бөлігіне белгіленген орын саны. n - нің мәні таңбаны, бүтін мен бөлшекті бөлетін нүктені және бүтін сандар орнын бөлшек қосып көрсететіндіктен, ол n > m +3 болуы тиіс. Экранға шығаратын сандардың арасында қалдырылатын бос орын санын да осы жолмен көрсетуге болады. Ол үшін екі апостроф жазып, одан кейін қос нүктемен бөлінген бүтін сан арқылы қалдырылатын бос орындар санын өрнектейміз, мысалы:
WRITE (b: 8: 3,":4, с: 12: 4);
мұндағы 4 - b мен с сандарының арасындағы бос орын саны.
Егер нақты сан үшін: WRIТЕ ('Ү =', Ү: 8: 3) пішімі берілсе, ал оның мәні Ү=1.76 болса, экраннан Ү=1.760 тіркесі көрінеді.
Егер операторда пішім көрсетілмесе, онда нәтuжеде сол сан экспоненциальды түрде экранға шығады.
Паскаль тілінде параметрсіз шығару операторы WRITELN жаңа жолға өту үшін қолданылады.
Егер WRITELN (аl, а2, ...,an); операторы қолданылса, онда аl, а2, ... ,аn. мәндерін экранға шығарған соң курсор келесі жолға көшеді.
WRITE операторын түсініктеме беруге қолдануға болады. Мысалы:
WRITE (' А, В, С мәндерін енгізіндер: ');
READ (А, В, С);
Мұндайда экранға:
А, В, С мәндерін енігізіндер:
түсініктеме сөзі шығады, сонан кейін үш сандық мән енгізілуі тиіс.
Мысалы,
WRITE (' Т = ' , N: 3,": 4, ,М = ' , М: 4: 2)
болса, онда Т-ның үш орынды мәнінен соң 4 бос орын қалады да, одан соң М-нің нақты мәні жазылады.
Айталық, х= 7, ү= 15, Z= 11, ал R= 450,08 болсын, оларды экранға
шығарудың әр түрш тәсілдерін мына кестеде көрсетілген.(кесте-2)
Kесте-2
Оператордың жазылуы |
Экрандағы нәтижесі |
Write (х, у); Write (Х'_,_' ,у); Write ('Х =',Х); Write (Х, ": 3, Z); Write (Х+Ү =',Х+Ү); Write (Z,'- соңы); Write ('бітті'); Write (R); |
7 15 7_,_ 15 Х=7 7 11 Х+Ү=22 ІІ-соңы бітті 4.5008Е+02 |
