Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kursovoy_Original.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.87 Кб
Скачать

С.Сейфуллин атындағ Қазақ Агротехникалық Университеті Кафедра______________________________________________ Бекітемін Кафедра меңгерушісі________________________

Курстық жобаға(жұмысқа) тапсырма № Пән атауы: __________________________________________________________________ Студент________________________ топ___________

Жоба (жүмыс) тақырыбы ____________________________________________________________________________________________________________________________________

Тапсырма бастапқы мәліметтер

Әдебиеттер:1______________________________________________________ 2______________________________________________________ 3______________________________________________________ Тапсырма берілген күн,қорғаған күн___________________________

Жоба (жұмыс) жетекшісі_____________________________________

Тапсырма алған_____________________________________________ (студенттің қолы ,күні)

КІРІСПЕ

Алгоритмдік тіл (ағылш. algorіtmіc — алгоритмдік және language — тіл) — ЭЕМ-мен шығарылатын есептердің алгоритмін бірмәнді түрде жазуға арналған жасанды тіл. Ол белгілер (символдар) жиынтығынан (Алгоритмдік тіл алфавитінен), синтаксистік ережелер мен семантикалық анықтамалардан құралған. Алгоритмдік тілдің негізгі белгілері латын не орыс алфавиттері әріптері, қандай да бір таңбалар мен шартты белгілер болуы мүмкін. Сөздер, сөз тіркестері (фразалар, сөйлемдер) , кестелер мен кестелер жүйесі Алгоритмдік тілдің құрылымы болып табылады. Түсіндіру ережелері ЭЕМ-де аппараттармен жүзеге асырылатын Алгоритмдік тіл машиналық тіл деп аталады. Алгоритмдік тіл табиғи тілден бірмәнділігі мен айқындылығы жағынан ерекшеленеді. Есептеу машинасына Алгоритмдік тілін пайдаланғанда бағдарламалау мен машина жұмысын үйлестіретін арнайы бағдарламалаушы — процессор қолданылады. Ол бағдарламаны енгізу, машиналық, синтаксистік, семантикалық талдаулар, формальды қателерді анықтау, бағдарламаны орындау т.б. жұмыстарды атқарады. Алгоритмдік тілдің бірнеше түрі бар. Олардың кейбіреулері ғана (мыс., алгол, кобол, лисп, Пл/1, Фортран, Паскаль т.б.) кең тараған.

Жоспар

Кіріспе

1.0 Турбо Паскаль тілінің негізгі түсініктері...........

1 .1 Алгоритмдік тілдің операторларын класқа

бөлу...................................................................................

Негізгі бөлім

1.2 Меншіктеу операторы............................................

1.3 Бос оператор .............................................................

1.4 Сандық мәліметтерді еңгізу операторы...............

1.4.2 Символдық мәліметтерді еңгізу операторы.........................................................................

1.5 Мәліметтерді шығару операторы..........................

1.6 Таңдау операторы......................................................

1.7 Тармақталу операторы.............................................

1.7.1 Шартсыз көшу операторы....................................

1.7.2 Шартты операторлар.............................................

1.8 Қайталану операторлары..........................................

1.8.1. Цикл әзір...................................................................

1.8.2. Цикл дейін.................................................................

1.8.3. Параметрлік қайталау............................................

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі...............................................................

1.0    Паскаль тілінің негізгі түсініктері.

    Алфавиті 

Паскаль тілінде: латынның әріптері (Аа, ..., Zz) араб  цифрлары (0,...,9) және арнайы таңбалар қолданылады. Арнайы таңбалар:

  -арифметикалық және салыстыру амалдары (+,-,*,/,>,<,< >,<=,>=,@);

  -арифметикалық  және логикалық функциялар (DIV,MOD, NOT,AND,OR,IN,SHL,SHR).

  -әр түрлі тыныс белгілері:

{} немесе (**)-түсініктеме жазатын жақшалар;

[] – массив индекстерін және жиын элементтерін белгілеу;

() –  айнымалы тізімін белгілеу;

‘ ‘ – апостроф; := - меншіктеу белгісі;

; - операторлар мен хабарларды ажырату;

: - айнымалыны бөліп көрсету;

= - айнымалының  типін типтің сипаттамасынан  немесе тұрақтыны өз мәнінен  бөліп көрсету;

, - тізім  элементтерін ажырату;

 Программа  құрылымы

Программа келесі бөлімдерден тұруы мүмкін, бұл бөлімдер (тек соңғыдан басқасы) бір-бірінен нүктелі-үтір арқылы ажыратылады:

  • программа тақырыбы;

  • белгілер бөлімі;

  • тұрақтылар бөлімі;

  • типтерді сипаттау бөлімі;

  • процедура мен функцияларды сипаттау бөлімі;

  • программа денесі;

Программалау  барысында алдын-ала анықтауды  қажет етпейтін мәліметтердің стандартты типтері мен программалаушының  өзі анықтайтын типтерді пайдалануға  болады.

Стандартты  типтер

    • бүтін типтер-SHORTINT, INTEGER, LONGIN, BYTE,WORD;

    • нақты типтер – REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;

    • логикалық тип -BOOLEAN ; символдық тип CHAR ; жолдық тип STRING ; ASCII –жолдық- PCHAR; текстік файл TEXT;

    Басқа типтердің барлығы типтер  бөлімінде, айнымалылар немесе  тұрақтыларды сипаттау бөлімінде анықталуы қажет. Нақты типтен басқа қарапайым типтер үшін мына функциялар анықталады:

DEC(N) N-ді  азайту (қысқарту)

INC(N) N-ді  үлкейту (ұзарту)

ORD(N) N-нің  рет нөмірі

ODD(N) N-нің  жұптығын тексеру

PRED(N) N-нің  алдынғы мәні

SUCC(N) N-нің  келесі мәні

Нәтижесі  бүтін болатын мәліметтердің  бүтін типтерімен жұмыс істеу  үшін келесі арифметикалық функциялар қолданылады:

ABS(N)      N-нің абсолют шамасы

A DIV B     бүтін бөлу

A MOD B   қалдықты бөлу

+                 қосу   

*                 көбейту    

-                 азайту

TRANC(X)  Х нақты санның бүтін бөлігі;

ROUND(X) Х  нақты санды бүтінге дейін  дөңгелектеу;

 SQR(X) N санын квадраттау;

Логикалық функциялар: NOT- терістеу; OR - біріктіру  немесе логикалық қосу; AND -қиылысу  немесе логикалық көбейту; XOR - екінің модулі бойынша қосу.

Стандартты  функциялар

ABS(X)-Х-тің абсолют мәні

ARCTAN(X)- Арктангенс Х

COS(X)-Косинус Х

SIN(X)- Синус Х

EXP(X)- е2

FRAC(X)- Х-тің  бөлшек бөлігі

ARCCOS(X)=ARCTAN(SQRT(1-SQR(X))/X)

ARCSIN(X)=ARCTAN(X/SQRT(1-SQR(X)))

Тілдің  операторлары

  • BEGIN END құрама оператор;

  • IF…THEN шартты оператор;

  • CASE…OF таңдауоператоры;

  • FOR… DO параметрлі қайталау операторы;

  • REPEAT… UNTIL шартқа дейін қайталау операторы;

  • WHILE… DO әзіргі шартқа байланысты қайталау;

1.1 Алгоритмдік тілдің операторларын класқа бөлу

 

Қай тіл болмасын, әрбір іс-қимылды білдіретін тілдің қызмет сөздері болады және осы қызмет сөздер белгілі бір өзіне ғана тиісті іс-қимылды атқарады. Бағдарламада оларды операторлар деп атайды. Паскаль тілінде мынадай негізгі операторлар бар:

- Меншіктеу (Тағайындалу) операторы

- Шартсыз өту операторы

- Құрама оператор

- Таңдау (Варианттық) операторы

- Алдын-ала шартталған циклдык оператор

- Кейін шартталған циклдық оператор

- Жазулар операторы.

- және т.б операторларды қарастырамыз

1.2 Меншіктеу операторы

Айнымалы аты:= өрнек

Меншіктеу белгісі “:=”мұны теңдік белгісімен “=” шатастыруға болмайды.

Меншіктеу операторының жазылу түрі төмендегідей:

W: = E;

Бұл оператор екі міндет атқарады:

Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша Е- арифметикалық өрнегінің мәнін есептейді;

Есептелген мән W атауына меншіктеледі, яғни мән W- ге сәйкес жады ұяшығына орналасады. Жалпы жағдайда арифметикалық өрнек

тұрақты

айнымалы атауы

Е:= функция

өрнек

түрлерінің бірінде берілуі мүмкін. Мысалы:

R:=19.35;

M:=’завод’

Y:=SQR (SQR(x)+1);

Y1:= 3.1+SIN(x).

Мысалы: Егер Z айнымалысы

Var z: integer

Z:=11*(10*1) болса онда, есептің шешуі 121 болса, онда Z:121 ге тең болып Z оның шыққан мәнін меншіктейді. Меншіктеу операторы ”;” мына белгімен белгіленеді.

Мысалы:

Z=1. t=2;

Егер программада меншіктеу операторы мән алмаса оны “?” белгісімен белгілейміз

Program a2 (input, output);

Var

x,y,z: integer;

Begin

Z:=1

X:=3

Y:=15

X:=10

End

1.3 Бос оператор

Бос оператор ешқандай да амал орындамайды.Бос оператор қадырылып кеткен (жоқ оператор) оператордың орнын белгілеу үшін пайдаланылады.Әдетте бос оператор орнына нүктелі үтір ‘;’ қойылады

Мысалы:

S:=A;

R=5;

;

M:=19.36;

Мұнда үшінші оператор бос оператор

1.4 Сандық мәліметтерді енгізу операторы.

Берілген мәндерді айнымалыға беру ушін меншіктеу операторы пайдалануға болады. Мысалы, А:= -15; ВЕС:=16,4; тағы басқалар. Бірақ бұл жағдайда программада жалпылық қасиет болмайды, яғни ол тек көрсетілген мәндер үшін ғана есептеу жұмысын жүргізіп, қалған кез - келген мәндер үшін дұрыс нәтиже бермейді. Программаны дұрыс әрі әмбебап етіп жасay үшін айнымалылардың мәндері өзгерілетін түрде жасалып oлap пернетақтадан енгізілуі қажет, мұндайда программа айнымалының әр түрлі мәндері үшін дұрыс жұмыс атқара алады.

Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу және шығару үшін, яғни адам мен компьютер арасында мәлімет алмасу мақсатында алдын ала анықталған Input, Output файлдары қолданылады. Программа берілген мәндерді Input файлынан алады да, алынған нәтижені Output файлына орналастырады. Стандартты енгізу файлы болып пернетақта, ал шығару файлы болып дисплей экраны саналады. Ол үшін енгізу операторы пайдаланылады.

Паскаль тілінде мәлімет енгізетін READ ( READ - ағылшынша оқy )

операторының жалпы турі (пішімі) төмендегідей:

READ (а1, а2 ... аn);

READLN (а1, а2, ... , аn);

READLN;

Мұндағы а1, а2, ..., аn - айнымалы атаулары, оларды енгізу операторының параметрлері деп те атайды. Алғашқы оператор көрсетілген айнымалылардың мәндері пернелер арқылы араларына бір бос орын қалдыру арқылы енгізілген соң, курсорды келесі қатарға көшірмейді. Ал readln ( read lіnе - «қатарды оқу» деген сөздің қысқартылуы) алдыңғы оператордағыдай пернетақтадан мәндер енгізілгеннен кейін курсорды келесі қатарға көшіріп жібереді. Соңғы қатарда жазылған параметрсіз оператор ешбір мән енгізбей, тек курсорды келесі қатарға көшіруді ғана атқарады.

Енгізілетін айнымалылардың мәндері integer, reаl, char немесе stгіпg (сөз тіркесі) типтеріне жатуы мүмкін. Логикалық айнымалылардын мәндері өз типтеріне сәйкес Паскаль тілінің ережесі бойынша енгізіледі. Егер ол шарт бұзылса (мысалы, а1 типі integer болса, ал енгізгенде сhаг типтес мән терілсе), онда экранға енгізу-шығару қатесі шығады, оның пішімі мынадай болып келеді:

І/О error ХХ,

мұндағы ХХ - бүтін сан түріндегі қaтенің сипатына сәйкес коды.

READ операторы орындалғанда параметрлер өздеріне сәйкес мәндері қабылдайды, бұл міндет INPUT енгізу файлы арқылы жүзеге асырылады. Параметрлер жаңа мән қабылдағанда, оларда бұрын орналасқан (жазылған) ескі мән өшіріліп, орнына жаңа мәндер жазылып отырылады да, прогрaмма параметрдің жаңа мәні бойынша жұмыс атқарады.

Мысал.

var

І: real;

J: integer;

К: cҺar;

begin

Read (І, J, К);

...

Программаға мынадай бастапқы мәндер енгізіледі 212.5 38 ‘п’. Осыдан кейінгі келесі мәндер енгізілсін: 'л' 121.35 25.

Алғашқы нұсқасында мәлімет енгізу дұрыс орындалады, өйткені енгізілетін мәндер өз ретімен орналасқан айнымалылар типтеріне (І, J. К) сәйкес келіп тұр. Екінші нұсқа коды 10 болып келетін қате бар екенін айтады, себебі real типтес 1 айнымалысы үшін char типіндегі мән енгізіліп отыр.

Егер енгізу пернетақта арқылы емес, дискіден немесе файлдан жүзеге асырылса, онда жақша ішіне алдымен файл аты жазылады.

READ (FN, аl, а2 ... аn);

READLN (FN, аl, а2, ... , аn);

READLN (FN);

Мұндағы FN - енігізілетін мәндер жазылған дискідегі файлдың аты; а1- айнымалылар идентификаторлары, файлдарда да мәндер бір қатардан немесе келесі қатардан оқыла береді, сол себепті мұнда да жоғарыда көрсетілген операторлардың үш түрі қолданылады. Файлдағы мәліметтер де бір-бірінен «бос орын» немесе «енгізу» пернесін басу арқылы бөлінуі тиіс, яғни файлға енгізілгеннен кейін «_», ал енгізу соңында «Enter» пернесі басылады.

Файлдардан мәлімет енгізу мысалдары кейінірек қарастырылады.

READ операторы кез келген сандармен, символдармен және сөз тіркестерімен жұмыс атқара алады.

Сонымен, параметрлердің сандық мәндері бір - бірінен бос орын арқылы

ажыратылып жазылады. Мәндерді беріп болдық дегенді білдіру үшін Enter (енгізу) пернесі басылады. Мысалы, енгізу операторы READ (А,В,С); түрінде берілсе, парметрлерге мәндер былай беріледі: 5 _ 6.2 _ 4.5 Enter. Бұл жағдайда

А=5, В=6.2, С=4.5 мәндер қабылдайды. Осы мәндер арқылы программа орындалып болған соң, басқа мәндер үшін программаны қайталау қажет болса, онда программа басынан бастап қайта орындау қажет.

Бүтін айнымалыларға бүтін, нақты айнымалыларға нақты мәндер берілуі қажет.

Айнымалы сипатталғанда нақты ретінде көрсетілсе, оған нақты да, бүтін де мән беруге болады, себебі нақты сан құрамына бүтін сан енеді. Ал машина «өзі» бүтін санды нақты сан түріне келтіріп алады.

Мысалы:

VAR

А, В: REAL;

BEGIN

READ (А, В);

...

END.

түрінде беріліп А,В айнымалылары үшін 4 5 Enter орындалса, онда машина оларды А= 4.0, В=5.0 түрінде қабылдайды.

Сандар арасында бір немесе бірнеше бос орын қалдыруға болады, себебі сан енгізілгенде бос орын есепке алынбайды.

Мәндерді енгізгенде мән енгізілген жолдан келесі жаңа жолға өту үшін параметрсіз немесе параметрге сәйкес READLN; READLN (аl, а2, ... ,аn); операторларын пайдалану қажет. Сонымен, READ (аl, а2,...,an); READLN; операторларының орнына бір ғана READLN (аl, а2,...,an) операторын пайдалануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]